Жолдасбекова Б. А. «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері мен гигиенасы»


Орта және жоғары биіктіктің спорттық жұмысқа қабілеттілікке әсері



бет23/46
Дата22.02.2023
өлшемі0,53 Mb.
#69947
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46
Орта және жоғары биіктіктің спорттық жұмысқа қабілеттілікке әсері.
Орта жөне жоғары биіктіктің спорттық жұмысқа қабілеттіқке өсері.
Орта және жоғары биіктік деңгейі бойынша үш түрге? бөлінеді:

  1. төменгі биіктік - 750 м-ден 1000 м-ге дейін;

  1. орташа биіктік — 1000 м-ден 3000 м-ге дейін;

  1. жоғары биіктік — 3000 м-ден жоғары.

Барлық спорттық жаттығулар 2500 м биіктік деңгейінде жүргізіледі.
Таулы жағдайда (1500-3000 м биіктікте) адам ағзасына бірқатар факторлар әсер етеді:
1) Атмосфералык, ауа тығыздығының төмеңдеуі. Адам ағзасына атмосфералық қысымның сынап бағанының деңгейі 760 мм-ге жеткендегі қысым әсер етеді. Егер сынап бағаны жоғары көтерілсе қысым төмендейді де, тығыздық кемиді. Мысалы 1500м биіктікте атмосфералық қысым 680 мм сынап бағанына тең болады. 2) Оттегінің өзіндік кысымы төмендейді. Тыныс алған кездегі ауаның кұрамындағы оттегінің қысымы төмендеуінің әсері физиологиялык тұрғыдан алғанда біршама маңызды болып келеді, өйткені бұл кезде өкпе көпіршіктеріндегі (альвеолдардағы ауаның құрамындағы оттегінің қысымы (2000-3000 м биіктікте 80-60 мм с/б/) және қандағы оксигемоглобиннің пайыздық мөлшері азаяды. Бұл кандағы оттегінің мөлшерінің азаюына (гипоксемия) және ұлпалардағы оттегігің азаюына (гипоксияға) әкеп соғады. Тауға көтерілген кездегі ағзаның қызметі төмендегідей өзгереді: гипоксемия қан тамырларының рефлексі аймақтарының хеморецепторларын қоздырады; олар ми бағанының тыныс алуын, қан тамырларын қозғалысқа келтіретін орталықтарды қоздырады; өкпенің желденуін, ҚМК-ін, АҚҚ-ын айналымдағы кан көлемін және қан айналымын арттыратын орталықтардың шамадан тыс қозуы жүреді. Бұл қанға келіп түсетін оттегінің көлемінің төмендеуінің орнын толтырады, бірақ, тыныс алу және жүрек-тамыр жүйелерінің орнын толтыратын мүмкіндіктері шектеулі. Оттегі біршама жетіспегенде адам ағзасында тау ауыруы деп аталатын патологиялық күй туындайды. Тау ауруының субъективті белгілеріне - адамның басының ауруы, басының айналуы жатады, бұл кезде мұрыннан қан кетіп, адамның тынысы тарылып, жүрегі айнып, құсып есінен танып қалуы мүмкін. Гипоксияның адам ағзасына әсерінің физиологиялық механизмі оттегі жетіспеуін жеңуге бағытталған бейімделулі сипатты болып келеді.
Дені сау адамдардағы газдық гомеостаздың бұзылуы орта биіктіктің өзінде-ақ байқалады. Гипокапния өкпе гипержелденуін тудыра отырып, артериялық қандағы көмір қышқыл газының концентрациясының азаюын туындатады, бұл гинокапния бұлшық ет сығылуларын дамытады, кан тамырларының кең көлемінің тарылуын тудыруы мүмкін, ең қауіптісі — ми тамырларының сығылуы. Оттегінің жетіспеуіне әсіресе ОЖЖ-нің сезімталдығы жоғары. Тауда жоғары жүйке жүйесінің өзгеру белгілері тез байқалады. Кейбіреулер күш-куаты артқан сияқты жалған сезімде болады, екінші біреулер себепсізден-себепсіз көңілденеді, үшінші біреулер секемшіл, ашуланшақ болып кетеді.
Гипокапнияның әсер етуінің механизмінің мәні ми қабықшасьшдағы қозу және тежелу процестерінің қалыпты ара- қатынасының бұзылуында. Орта биіктіктерде бір уақыттағы ішкі тежелудің әлсіреуі кезінде қозудың күшеюі жүреді. Жоғары биіктікте тежелу және қозу процестерінің әлсіреуі нәтижесінде ми кабықшасы жасушаларының жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі жүреді. Талдағыштар жүйесінің, әсіресе көру талдағышының қызметі де төмендейді. Атап айтканда: көру өткірлігі, түсті ажырату және қараңғыға бейімделу төмендейді. Сонымен қатар, гипокапния иіс сезу өткірлігін иісті сезбей қалғанға дейін томендетеді. Жанасу сезімталдығы төмендеп, ауырсыну сезімталдығы артады. Дәмді сезіну өзгереді, қышқылды сезіну басымырақ байқалады. Гипокапния әсерінен ас қорыту бездерінің қызметі нашарлап, асқазан және ішек жиырылулары төмендеп, ас қорьггылуы бұзылады. Гипоксемия әсерінен зат алмасу бұзылады, көмірсулардың жұмсалуы күшті жүреді, майлар алмасуы кезінде қанда және ұлпа сүйықтығында толық тотықпаған май өнімдері артады, атап айтқанда: аутосірке қышқылы, бета тотыққан май қышқылдары түзіледі. Гипоксемия ұлғайған сайын бұл өнімдер де көбейе түседі. Белок алмасуында белоктардыц ыдырауы күшейеді және бауыр белоктарының дезаминделуі бұзылады. Су алмасуының ерекшелігі сол — шығарылатын ауамен бірге судың бөлінуі күшейеді. Жоғары биіктікте (5000 м-ден жоғары) несеп түзілуі күрт азаяды. Минералды заттар алмасуының өзіндік ерекшеліктері бар: көп қуат жүмсалғандықган ағзаның фосфорға, натрийге, хлорға деген сұранысы артады.
3) Жылу реттелуінің де ерекшеліктері болады, атап айтқанда: дене қызуы оптималдіге жуық (10-18°С) ауа температурасының өзінде төмендейді. Бұл процесс жылу өнімдер, түзілуінің артуына қарамай жүреді және алмасу процестерінің қарқындылығының салдары болып табылады. Дене қызуының төмендеуі - өкпе вентиляциясымен, гипоксемия әсері күшеюімен және тері қан тамырларының кеңеюімен байланысты Нәтижесінде жылу бөлінуі артады. Күндізгі және түнгі ауа температурасы арасындағы күрт айырмашылық байқалады.

  1. Ультракүлгін радиациясы күшейеді, ауаның жоғары иондары артады, ауа - райының күрт өзгеруі байқалады.

  1. 7000 м-ден жоғары биіктікте жылу реттелу кызмет толық бұзьлады, дене қызуы тікелей ауа температурасына тәуеді болып қалады.

  1. Тауда ең алғаш болған адамға 2000 м биіктіктің өзі-ақ әсер етеді. Дененің жұмысқа кабілеттілігі

3000 м биіктікте - 10%-ға;
4000 м биіктікте - 20%-ға;
6000 м биіктікте - 50%-ға төмендейді.

  1. Сонымен қатар, логикалық ойлау, назардың жинақталуы бұзылады, шабыт және қызығушылық төмендейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет