Жоспар: І қ. Жұбанов тұңғыш лингвист



бет13/15
Дата13.05.2022
өлшемі164,17 Kb.
#34286
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Қосалқы сөз. Қайсыбір сөздер түбірше, оңаша жұмсала алмай, басқа бір түбір сөз, үстеулі сөз, жалғаулы сөздердің біріне қосалқы болып ғана жүре алады. Ондай сөздерге көбінесе жаңадан үстеу де, жалғау да жалғанбайды. Осындай сөздерді қосалқы сөз дейміз. Шейін, сайын, менен, да, қой, ақ, тым, әрең, бек, қас, өте, ең, тап дегендер осы қосалқы сөздер.

Қосалқы сөзі бар түбір сөз бен қосымшалы сөзді қосалқылы сөз дейміз.

Қосалқы сөздердің тұратын орны екі түрлі:

Бірінде сөз түбірінің алдында тұрады. Ондайларын дәйек қосалқы дейміз. Дәйек қосалқылар: тым (ауыр), әрең (бітірдім), бек (жақсы), қас (батыр) т.б. сияқтылар;

Бірінде – түбір сөз, үстеулі сөз, жалғаулы сөздердің соңынан келеді. Ондайын аяқ қосарлы дейміз. Аяқ қосалқы болатын: - (жазға) шейін, (ай) сайын, (қой) мен (сиыр), (оқу) да, (жазу) да, (сен) ақ, (көрдім) ғой сияқтылар.

Бір сөздің өз мағынасын ғана үстейтін қосалқыларды, үстеуге ұқсағандықтан, үстеуіш қосалқы дейміз.

Бір сөзді бір сөзбен, я бір сөйлемді бір сөйлеммен қиындастыру үшін тұратын қосалқыларды, жалғауға ұқсағандықтан, жалғауыш қосалқы дейміз.

Сөз мүшелері. Бір мүшелі сөз бен көп мүшелі сөз. Сөйлем бір мүшелі де, көп мүшелі де болатын еді. Мәселен: Қыс. Жердің үстін қар жапқан деген екі сөйлемнің әуелгісінде бір-ақ сөз бар. Ол бір мүшелі сөйлем. Екіншісінде үш сөз бар. Бұл көп мүшелі сөйлем.

Сөздің құрылысы да сөйлемнің құрылысы сияқты. Жоғарғы екі сөйлемдегі, қыс, қар деген екі сөз бөлшектеуге келмейді. Ондай сөзді бір мүшелі сөз дейміз. Ал, жердің, үстін, Жапқан деген үш сөзді бөлшектеп, түбірі мен қосымшаларына айыруға келеді. Мұндағы жер-дің деген сөзде екі бөлшек, үст-і-н дегенде үш бөлшек, жапқан дегенде екі бөлшек бар. Бұлар көп мүшелі сөздер.

Сөз тұлғаларының қандайы болса да, бәрі де түбір, қосымша, қосалқы – үшеуінен құралады. Сондықтан, бұл үшеуін сөз мүшелері дейміз. Сөз тек түбір сөздің өзі болса, бір мүшелі болады. Кіріккен сөз, қиюлы сөз, қосар сөз, қосымшалы сөз, қосалқылы сөздердің бірі болса, көп мүшелі болады.

Түп мүше мен жамау мүше. Сөздің түп мағынасын беретін – түбір. Түбірсіз жерже сөз болмайды. Түбір бір өзі тұрып та, басқа мүшелерді ертіп алып та сөз бола береді. Түбірден басқа мүшелер өздігінен сөз бола алмайды, тек түбірге жамалып тұрып, түбір сөзді толықтыруға жарайды. Сондықтан түбірді түп мүше дейміз де, қосымша мен қосалқыны жамау мүше дейміз.

Жамау мүшелердің түр-түрі. Жамау мүше болатын – қосымша мен қосалқы. Қосымша мен қосалқының бір-бірінен айырмасы сол: 1) қосымша түбір сөзге тығызырақ байланысқан. Сондықтан, қосалқымен қабат келсе, түбір жағында қосымша тұрады да, қосалқы аяққа кетеді. Мысалы: жылқының да, сиырдың да дегенде –ның, -дың деген қосымшалары түбір жағында тұр да, да қосалқысы олардан соң келіп тұр. 2) Қосымшаның бәрі де түбірден соң ғана келеді; қосалқының ішінде түбірден бұрын келетіні де бар.

Мысалы: нақ осының да қате, десек, осы деген түбірден нақ деген дәйек қосалқы бұрын келген; -нық деген қосымша түбірден соң келген; да деген енді бір қосалқы одан да соң келген.



Синтаксис саласы. Енді ғалымның қазақ тілі грамматикасы, синтаксис жайындағы зерттеулеріне тоқталсақ.

Профессор Қ.Жұбанов грамматика жайындағы ілімін сөз қылғанымызда, ең алдымен оның осы мәселедегі көзқарасын, түсінігін айқындап алу міндеті тұрады. Бұған оның өз еңбектері жауап береді. Ғалымның түсіндіруінше, тіліміздегі қарым-қатынасқа түскен сөздердің мағыналық көрінісін танып қою жеткіліксіз, сол мағына қалайша туындап тұр, қандай формалардың әсері болды, қысқасы, мағына мен форманың аралық тығыз қарым-қатынасын ескеріп отыру қажеттігіне ол барынша назар аударттырады. Бұл жайт әсіресе автордың «Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан» атты еңбегінде жақсы тұжырымдалған. Осында ғалым грамматиканың алдына қойған мақсатын былайша айқындайды: «Грамматиканың мақсаты жалғыз-ақ сөздің қандай мағыналары болатындығын баяндау ғана емес, қандай формаларға қандай мағыналар сәйкес келетінін баяндап, дұрысы, қандай мағына шығу үшін сөзді қалайша құрастыру керек екендігін баяндау. Сондықтан құрастыру, құрылыс жағын елемейтін грамматика грамматика болмақ емес» [14].

Профессор Қ.Жұбанов грамматиканың мәнін осылайша аша отырып, оның бір үлкен саласы синтаксисті «құрастыру, құрылыс» деп түсіндіреді. Осы жағына айрықша көңіл бөледі.

Қазақ тіл білімінде 50 жылдары сөз тіркесі синтаксисі өз алдына жеке ғылым болып қалыптасты.

Бұған профессор М.Балақаев зерттеулерінің әсері болды. Міне, осы маңызды мәселе де 30 жылдары профессор Қ.Жұбановтың назарынан тыс қалған жоқ. Ол осыған арнап «О формах сочетания слов в казахском языке» атты мақала жазса, сондай-ақ оқулық ретіндегі «Қазақ тілінің грамматикасында» (1936) да бұған арнайы тарау беріп («сөз қиыны»), тоқтала кетеді. Автордың «сөз қиыны деп отырғаны – біздіңше, қазіргі ұғымымыздағы сөз тіркесі. Бұл жайында ғалым былай деп жазады: «Сөйлемде бір сөз болмай, бірнеше сөз болса, бұл сөздер бір-бірімен қиындасып тұруы керек. Қиынын келтірмей құрастырған сөйлем не тіпті сөз болмай шығады да, немесе айтайын деген сөзің болмай, басқа бірдеме болып шығады». Сөз қиыны дұрыс болу үшін екі шартты атайды: «...бір сөзді екінші сөзге байлап беретін жалғаулар бар; соны дұрыс жалғау керек» [14].

Сөз тіркесіне байланысты тағы бір мәселе – автордың айтатынындай, «жетек сөз бен жетекші сөз». Бұл – тілімізде қазіргі баяндалып жүрген меңгерілуші сөз бен меңгеруші сөз. Бұларды ғалым былайша түсіндіреді: «Сөйлем ішінде сөздер бірін-бірі ерте де, біріне-бірі ере де байланысады. Еруші сөзді жетек сөз, ертуші сөзді жетекші сөз дейміз». Осылайша сөздердің бір-біріне бағына байланысудағы заңдылығы ашылады. Мұның бәрі, жоғарыдағыдай, автор өзі айтқан синтаксистің «құрастыру, құрылыс» табиғатымен тығыз байланысып жатады. Профессор Қ.Жұбановтың қатты көңіл бөлген мәселелерінің бірі – күрделі сөздер мен атаулардың синтаксисі. Бұлар әсіресе автордың «Из истории порядка слов в казахском предложении» атты еңбегінде кеңінен сөз болады.

Сөйтіп, проф. Қ.Жұбановтың сөз тіркесі, күрделі сөздерге байланысты жазғандары кейіннен оның жалпы сөйлем синтаксисіне арналған талдамаларында нақтылана түседі. Бұл оның жоғарыда аталған «Қазақ тілінің грамматикасында» айқын көрініс тапқан. Ғалым жалпы «сөйлем» деген ұғымды өте кең дәрежеде, тіпті синтаксистік ұғыммен пара-пара қарастырады. Сөйлемнің жеке түрлері мен бөлшектері болатындығын айта отырып, оларды қарастыратын арнайы бөлімді «сөйлем жүйесі немесе синтаксис» деп атайды.

Ғалымның өзіндік айрықша ілімі, әсіресе оның сөйлем мүшелері жайындағы ілімінен анық байқалады. Сөйлемнің бастауышын ол бас мүше деп те атайды. Ал бастауыш пен баяндауышты негізгі мүшелер деп қарастырады. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін айқындауыш деп жіктейді. Осы жерден келіп автор іліміндегі ерекшелік айқын байқалады. Ол тұрлаусыз мүшелерді өзара саралауда жоғарыда сөз болған мағына мен формалардың өзіндік қызметін басшылыққа алған. Осы ретпен тұрлаусыз мүшелер әуелі мағыналық белгісі жағынан айқындауыш деп аталады. Мұны автор былайша дәлелдейді: «Сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұрғанына қарай баяндауыш деп атағанымыз сияқты, басқа мүшелерді айқындап тұрғанына қарай айқындауыш деп атау дұрыс болады». Енді осы айқындауыш мүшелер формасына қарай екі түрге сараланады. Жалғаусыз түрі анықтауыш болып аталады да, жалғаулы түрі толықтауыш делінеді. Байқайсыз ба, анықтауыш, толықтауыш мүшелер, бұрынғыдай, сұрау арқылы емес, тек формалық жағынан ажыратылады. Бұл турасында автордың өзі талдаған сөйлемін келтіре кетуді жөн көрдік:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет