Жоспар: Инклюзивті білім берудің модельдері


Ой өресінде кемістіктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама беру



бет17/20
Дата06.02.2023
өлшемі197,61 Kb.
#65673
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
лекция инклюзивт б.б. (1)

2. Ой өресінде кемістіктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама беру
Патогенезге сүйене отырып, М.С.Певзнер олигофренияның келесі формаларын бөліп шығарған. Олардың ішінде 4-еуі негізгі болып табылады:

  1. Негізгі форма ми қабы астындағы қабаттары зақымдалмай, бас миының үстіңгі бетінің диффузиялық жарақаттануымен сипатталады. Сезім мүшелерінің қызметі аса бұзылмаған, эмоциялық-ерік аясында , қозалу аясында, сөзінде өрескел бұзылыстары жоқ. Бұл ерекшеліктер барлық танымдық қызметтерінің толық дамымағандығымен үйлеседі.

  2. Нейросерпінді бұзылыстар айқын білінеді. Бала тез ашуланады, жұмыс қабілеті күрт төмендейді. Жүйке жүйесіндегі қозу және тежеу процестерінің арасындағы тепе-теңдік бұзылған.

  3. Бас миы қабының диффузиялық зақымдануы сол жақ жарты шарының самай-желке жағындағы жергілікті зақымдануымен үйлесіп жүреді. Ойлау және кеңістікті қабылдау қабілеті бұзылған.

  4. Танымдық қызметтің толық дамымауы аясында адамның өзі толық дамымаған. Патологиялық әдеттері байқалады.

Сонымен қатар олигофренияның мынадай түрлері дер бар:

  1. Жыныс хромосомалары нормадан ауытқып дамыған жағдайда. Физикалық және психикалық салаларда ерекшеліктері бар.

  2. Клайнфельтр синдромы кезінде. Бұл синдром тек қана ер адамдарда кездеседі. Мұндай аурулардың кариотипі қосымша Х-хромосомасының арқасында 47 хромосомадан құралады. Сыртқы кескіні әйел тәріздес болуы мүмкін.

  3. Жыныс (қосымша) хромосомаларының полисомиясы кезінде. Х-хромосомалар саны өскен сайын ой өресінің бұзылу дәрежесі жоғарылайды. Соның нәтижесінде есалаңдық немесе имбецильдік аурулары асқына береді.

  4. Шерешевский-Тернер синдромы кезінде. Бұл аномалия тек әйелдерде ғана кездеседі, және бір жыныс хромосомасы жоқ болады.

  5. Гидроцефалияның себебінен асқыну.

  6. Туа біткен мерезбен ауырған жағдайда. Анасының жүктілік кезінде мерезбен ауыруының нәтижесі.

  7. Фенилкетонурия кезінде. Аминқышқыл алмасу бұзылған. Дегенераттық өзгерістер байқалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет