Жоспар: Инклюзивті білім берудің модельдері



бет16/20
Дата06.02.2023
өлшемі197,61 Kb.
#65673
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
лекция инклюзивт б.б. (1)

Дәріс 9
Тақырыбы: Ақыл ойы бұзылған балаларға педагогикалық-психологиялық сипаттамасы
Жоспар:
«Ақыл ой өресіндегі кемістік» ұғымы
Ақыл ой өресінде кемістігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама беру.
Ақыл ой өресінің төмендеуінің білін дәрежесі


1. «Ой өресіндегі кемістік» ұғымы
Ой өресі – (лат. таным) кең мағынада жеке тұлғаның барлық танымдық қызметтерінің жиынтығы болып табылады.
Ақылы кем балалар – бас миы (әсіресе ми қабы) органикалық зақым алуының нәтижесінде психикалық, әсіресе жоғарғы танымдық процестерінің (белсенді қабылдау, ауызша-қисынды ойлау, сөйлеу, есте сақтау) бұзылуына шалдыққан балалар. Ақылы кем балаларда мынадай белгілер байқалады: танымдық қызметінің (бірінші кезекте абстрактілі ойлаудың, талдап қорыту және назарын аудару процестерінің) бастаушы кемістігі және жүйке процестері серпінінің бұзылуы (психиканың енжарлығы), сондай-ақ қайталама ауытқулар – сөйлеу қабілетінің, эмоциялық-ерік аясының толық дамымауы, физикалық дамуы мен мінез-құлқындағы ауытқулар.
Олигофрения (грек тіл. ақылдың аздығы) – психикалық қызметтің күрделі формаларының ұрықтың құрсақ ішіндегі дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі немесе баланың ең алғашқы даму кезеңіндегі орталық жүйке жүйесінің зақымдануы нәтижесінде пайда болатын толық дамымаушылық. Көбінесе О. пайда болуына құрсақ ішіндегі ісіп қызару процестері себеп болады. Сыртқы факторлардың ішінен анасының жүктілік кезінде немесе баланың өмірінің алғашқы жылдарында (тұмау, қызамық және т.б.) ауырған жұқпалы ауруларды айта кеткен жөн. Әдетте О. кезінде бірқатар анатомиялық өзгерістер пайда болады – мидың толық дамымауы және басқа да аномалиялар. Көбінесе О. ауыру барысында жоғарғы жүйке қызметі, жүйке процестерінің қозғалмалылығы бұзылып, белсенді ішкі тежеу әлсірейді.
Деменция (лат. ессіздік) – жарыместік, танымдық қызметтің тұрақты әлсіреуі, сыншылдық пен еске сақтау қабілетінің төмендеуі, эмоциялардың дөрекіленуі. Бала шағында шизофрения, эпилепсия, мидың ісіп қызуы, мидық зақымдануы кезінде мидық органикалық ауруларының нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Олигофренияға қарағанда, деменция кезінде ми қызметі баланың қалыпты даму кезеңінен кейін бұзылады. Деменция кезінде ой өресінің мүкістігін қалпына келтіру мүмкін емес. Алайда негізгі ауруды сәтті емдеген жағдайда психикалық қызметтерді жартылай қалпына келтіруге болады. 8 түрлі мектепте оқытылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет