К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Жоғары кәсіби білім беру мазмұны



бет50/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   171
2.3 Жоғары кәсіби білім беру мазмұны


«Білім беру мазмұны» түсінігінің мәні. Жоғары білім беру мазмұнына қойылатын талаптар. Жоғары білім беру мазмұнына әсер ететін факторлар
Оқу процесін ұйымдастыруға нормативтік негіз боларлық жаңа формалардың бірі – стандарттар. «Стандарт» деген ұғымның өзі білім саласына алғаш рет 80-ші жылдардың соңында енді. Американың математика мұғалімдерінің ұлттық кеңесінің ұсынысымен алғаш рет мектепте берілетін математикалық білімнің стандарты дайындалған.
Содан бастап білім стандарттары көптеген елдердің білім беру жүйесіндегі негізгі құжатқа айналды. Айталық, 80-ші жылдардың соңында АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды, Шотландия, Щвеция, т.б. елдер білім стандарттарын дайындады.
ТМД елдерінде бұл 90-шы жылдардың басында педагогика ғылымында жаңа мәселе ретінде қарастырыла бастады. Әрине, алғашқы кезде "стандарт" ұғымын түсіну, оның білім саласында қолдануының мәні, оның басты идеялары қызу талқыланды. Бұл мәселе 1995 ж. Мәскеуде өткен халықаралық конференцияның негізгі тақырыбына айналды. Онда тек ТМД еддеріндегі білім стандартының мәселелерін қарап қоймай, алыс шет елдердің стандарттарын салыстыру арқылы олардың ерекшеліктері мен ортақ мәселелерін анықтауға бағытталған ұмтылыстар болды.
Ғылыми тұрғыдан талқыланған басты мәселе – білім саласындағы стандартталатын объектілер. Айталық, Ресей ғалымы С.Г.Молчанов білім стандарттарының негізгі объектілері ретінде білім мазмұнына, оқу процесінің мазмұнына білімдарлық мән берсе, В.С.Леднев бастаған бір топ ғалымдар білім мазмұнына, дайындық деңгейіне, оқу жүктеменің көлеміне назар аударады.
Көптеген ТМД елдерінде Білім стандарттарының негізгі объектілері бүгінгі таңда нақтыланып тиісті құжаттар мектеп практикасына енгізілді. Айталық, Өзбекстанда 1993 қабылданған мемлекеттік білім стандартында берілетін білім мазмұны, оқушының дайындығына қойылатын минималдық талаптар және оқу жүктеменің шектеулі көлемі нақтыланған.
Кей ТМД елдерінің (Ресей, Өзбекстан, Қазақстан) Білім стандарттарының негізгі объектісін нақтылаудағы ұстанымдары бірдей болып, оны іс жүзіне асыруда біршама шешім қабылдағанымен, әлі де ғылыми ізденістерді қажет ететін мәселелер бар. Мысалы, оқу нәтижелерін анықтайтын өлшемдерді айқындау, басқаша айтсақ, оқушының білім алу барысындағы жеткен жетістіктерін «Немен өлшейміз?», «Қалай өлшейміз?» деген сұрақтарға жауап іздеу.
ХХ ғасырдың 80-жылдардың соңында, 90 жылдың басында көптеген елдерде (Англия, Голландия, Норвегия, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, т.б.) білім беру жүйесінің реформасы басталды. Соның басты көрінісі – білім стандартының ұсынылуы болды.
Білім берудің қазіргі жүріп жатқан дүниежүзілік реформасы алғашқы рет Батыс Еуропа елдерінде басталды. Голландияда 1987 жылы «Базалық білім беру туралы Биль (ереже)» қабылданса, оны 1988 жылы Англия қолдап, «Білім беруді реформалау туралы акт» ұсынды. Бұл құжаттардың бәрі де шәкіртке берілетін білімнің сапасын көтеру мақсатын көздейді. Олар білім мазмұны мен оқытудың нәтижесін бірге қарау керектігін алға тартады. Дұрысында да білімнің кілті осы екі мәселеге тірелетінін педагогика ғылымы бұрыннан анықтап берген. Алдымен, шәкіртке нені оқыту керектігін біле отырып, оның соған сай алып шығатын білім деңгейін, яғни оқушының міндетті білімін күні бұрын анықтай алмасақ жалпы білімнің сапасы туралы айту мүмкін болмай қалады. Сондықтан, АҚШ-та ұсынылып отырған білім стандарты 3 параметрді камтиды, олар: білім мазмұны, оқушының білім сапасы, мектептерді материалды жабдықтау.
Мемлекеттік білім стаңдартын жалпы білім беру жүйесіне енгізу – оқу процесін белгілі бір қалыпқа салып қою емес, керісінше, әрбір пәннің базалық білім мазмұнын басшылыққа ала отырып, әртүрлі вариативті бағдарламалар дайындап ұсынуға, соған сай сан алуан оқыту технологиясын колдануға және оқу әдістемелік құралдарын жасап шығаруға негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет