К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет51/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Білім стандартымемлекеттің әрбір азаматы алдындағы, өз кезегінде азаматтың мемлекет алдындағы жауапкершіліктерінің басын біріктіретін басты құжат. Мемлекет әрбір жас азаматынан стандарт бойынша анықталған білім деңгейін игеруді талап етеді, ал өзі соған қажетті мүмкіндіктердің бәрін жасауды мойнына алады.
ТМД елдерінің білім кеңістігіндегі білімді стандарттау сияқты жаңа бастамалар біздің елдегі оқу процесіне әсерін тигізбей қоймады. Мектеп құрылымын жаңартып, оған сай жаңа білім мазмұнын айқындауға бағытталған ізденістер отандық білім стандартын дайындау проблемаларымен ұштасады. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің тапсырмасы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім проблемалары институтының ұжымы осы өзекті мәселе төңірегіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастады. Нәтижесіңде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім стандарты туралы ереже дайындалып, көпшілік талдауынан кейін министрлік тарапынан 1996 жылы бекітілді.
Бұл жаңа құжатта «білім стандарты» деген ұғым мемлекет тарапынан жалпы білім беруге қойылатын талаптар жүйесі деген кең мағынада қарастырылған. Сондықтан, мемлекеттік білім стандарты бір-біріне сабақтас үш құрамдас бөліктен тұратындығы алғаш рет нақтыланды. Олар:
тұжырымдамалық; нормативтік; әдістемелік бөліктер.
Бірінші бөлікке бұған дейін дайындалған мектептің дамуы мен ондағы білім мазмұны жөніндегі екі тұжырымдама ендірілген. Екінші бөлікке нормативтік қызмет атқаратын жаңа құжат - базистік оқу пәндері бойынша дайындалатын білім стандарттары кіргізілген. Ал үшінші бөлікті оқу-әдістемелік кешен құрайтындығы нақтыланған.
Бұл жұмыстардың заңды жалғасы ретінде оқу процесін жаңа мотивациялық идеяда құрудың ғылыми-теориялық және оқу-әдістемелік негіздерін ойластыратын уақыт келді. Басқаша айтқанда мектептегі оқу процесін мемлекеттік білім стандартынан туындайтын жаңа талаптарға сай келетіндей етіп ұйымастыруды жан-жақты қарастыру проблемасы тұр. Бұл түптеп келгенде дәстүрлі оқыту теориясының басты сұрақтары мен оған үндес келетін ғылыми-әдістемелік проблемаларды түгелдей қайтадан қарап, көптеген жаңалықтар енгізуді қажет етеді.
20-кестеде ғалым М.Жадрина ұсынған білім беру стандартына байланысты оқытудың ғылыми-әдістемелік проблемалары берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет