Қызығушылықты ояту. Халық даналығы
Өзгеге жасаған ізетің, өзіңе жасаған құрметің.
Обалды біліп өссең – сауапқа кенелесің.
Мағынаны танып, мазмұнын ашуға үйрете отырып, бүгінгі тақырыпты хабарлау.
Сергіту сәті.
Біз өнерлі баламыз. (Өзін көрсетеді)
Шырқап әнге саламыз. (Екі қолды жанына созады)
Би билейміз бұралып, (Би қимылдарын көрсетеді)
Доспыз, тату боламыз. (Барлығы қол ұстасып, жоғары көтереді)
Жазу дәптерімен жұмыс жүргізу. Саусақтарды жазуға дайындау.
1 – тапсырма. Үлгіде көрсетілген Хх әрпінің өрнектерін жазу барысында, әріптер арасындағы байланысты сақтауға үйрету.
Хасен ата сендерді жұмбақтардың шешімін табуға шақырады.
2 – тапсырма. Жұмбақтың шешуін тауып, көшіріп жазуға ұсыну.
Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, жолдарды.
Ауылды, қаланы, халықты,
Ойлан тап, көтерген алыптыБетін жазу басады,
Алыстан хабар шашады.
Пошташы алып келгенде,
Қуанышың тасады.
3 – тапсырма. Мәтінді оқып, көшіріп жазуға ұсыну. Хх әрпінің байланысын есте сақтауға үйретіп, жазу жылдамдықтарын дамыту.
Хамит пен Халел ауруханаға келді. Олар бір үйдің балалары. Дәрігер оларды қарап, дәрі жазып берді. Хамит пен Халел үйіне қайтты.
4 – тапсырма. Суретті сөзжұмбақты шешіп, мағынасын ашу. Шешуін көркем етіп астына жазуға ұсынылады. Суретті сөзжұмбақ
------------------------------------------------------
Тапқырлықтарыңа Хасен атай өте риза. Өз кестесін ұсынып, жеке баланың білімін, қызығушылығын, белсенділігін тексермекші.
Сабақты қорытындылау: Кесте арқылы оқушылардың пікірлерін анықтап, қосымша түсініктермен қорыту.
Үйге 5 – тапсырма. Өлеңді оқып, Хх әрпі бар сөздерді теріп жазу.
Бағалау:.
25 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Һ әрпінің элементтерін жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |