Сабақтың түрі: Аралас түрдегі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жүйелеу. Дамыта оқыту.
Сабақтың көргізбелігі: Фф әрпінің баспа, жазба кестесі, сюжетті суреттер,
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау.
Психологиялық серпіліс жасату. Әуенді сәт Қоңырау соғылып тыныштық орнайды.
Бастаймыз сабақты үнсіздік болмайды.
Партаға отырып сәттілік тілейміз,
Әр қашан осылай көңілді жүреміз.
Үйге тапсырманы сұрау. Сынып топтарға бөлінеді.
І – топ. Рр дыбысына сипаттама береді.
ІІ – топ. Рр әрпінің ережесіне түсініктеме береді.
ІІІ – топ. Рақым атаның өсиетін еске түсіреді.
Жаңа білімді меңгерту.
Қызығушылықты ояту. «Бұзық телефон» ойыны арқылы тақырыпты ашу.
Құпия сөз «фокус» сөзі. Оқушының құлағына сыбырлап айтылып, бүкіл сыныпты аралайды. Кез келген оқушыны тұрғызып, бастапқы сөздің не екені сұралады.
Дұрыс айтса мадақталып, алғысқа ие болады. Қателік жіберсе, сынып шешімі бойынша жазаланады. (Өлең, жұмбақ, жаңылтпаш айтады).
«Фокус» сөзіне түсінік беріліп, сөздік жұмысы жүргізіледі.
Бүгін Фф әрпінің элементтерін жазып үйренеміз.
Сергіту сәті Достығы жарасқан, (Оң қолды оң жаққа созады)
Сыйлы біз баламыз. (Оң қолды түсірмей, сол қолын сол жаққа созады)
Келісіп бәрімен, (Бір- бірін көрсетеді)
Татулық табамыз, (Өзін көрсетеді)
Бәріміз бір болсақ, (Барлығы қол ұстасады)
Бәрінде жеңеміз. (Барлығы ырғалады)
Күндей боп күлімдеп, (Қолдарын жоғары көтереді.)
Таудай боп өсеміз. (Қолдарын жоғары ұстаған күйінде біріктіреді)
Дәптермен жұмыс жүргізу