Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Һ әрпінің элементін жазуға үйрету.
Дамытушылығы: Графикалық қырағылыққа үйрету барысында, жазу, жазу мәдениеті ұғымдары бойынша, білімдерін дамыту.
Тәрбиелігі: Қосымша тапсырмаларды орындау арқылы оқушыларда қызығушылықты оятып, өз- өзіне сенімді тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас түрдегі сабақ.
Сабақтың әдістері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жүйелеу, дамыта оқыту.
Сабақтың көрнекіліктері: Һ әрпінің баспа, жазба кестесі, сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық серпіліс жасату.
Үйге тапсырманы тексеру. Сыныпты топтарға бөлу.
І- топ. Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын ашу.
ІІ- топ. Өлең ішіндегі Х әрпіне байланысты теріп жазған сөздерін тақтада орындау.
ІІІ- топ. Кейіпкерлерді атап, сипаттама беру.
Жаңа білімді меңгерту.
Қызығушылықты ояту.
Болсадағы жаралы,
Ерлік жасап саналы,
Қаһарман атам атағы,
Жер- жаһанға тарады.
Қаһарман, жаһан сөздеріне дыбыстық талдау жасату арқылы жаңа тақырыпты ашу. Һ әрпінің элементтерін жазу.
Һ дыбысы, қатаң
дауыссыз дыбыс
Айдаһар Гауһар
Қаһарман Жиһаз
Сергіту сәті
Ал, балалар тұрайық, (Орындарынан тұрады)
Қолды жоғары созайық.( Қолдарын жоғары созады)
Оңға қарай иіліп, (Оңға қарай иілу)
Солға қарай иіліп. (Солға қарай иілу)
Бір отырып, бір тұрып, (Төменге отырып, тұрады)
Билеп- билеп алайық. (Барлығы қол ұстасып, қозғалады)
Дәптермен жұмыс жүргізу.
Қолды жазуға бейімдеу жаттығуларын орындату.
1 – тапсырма. Жұмыс дәптеріндегі үлгі бойынша, өрнектерді орындау, сөздердің байланысына назар аудару.
2 – тапсырма. «Ішіне- сыртын» әдісі бойынша аралас сөздердің ішінен, қажетсіз сөздерді сыртқа шығарып жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |