К. Ж изтилеуова А. Б. Жағынан құрастырылған. Оқу құралы оқушылар бойында төмендегідей білім, білік, дағдыларды қалыптастырады: 2 сынып оқушыларына арналған «Көркем жазу» курсы 34 сағатқа есептелген. Әрбір сабақ



бет11/54
Дата15.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#123673
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54
Байланысты:
қызықты грам қмж

Қызығушылықты ояту
«Ізетті бала» өлеңін мәнерлеп оқу арқылы есте сақтау қабілетін дамытып, жаттап алуына көмек беру.
Трамвай, автобус сөздеріне буындық талдау жасау арқылы, бүгінгі жазылатын әріпті таныстыру. Вв дыбысының бізге көрші Ресей елінен қонаққа келгенін, қонақты жарқын жүзбен қарсы алып, қонақ кәде жасау қажеттігін ұғындыру.
Өз құрметімізді Вв әрпін сауатты, әдемі жазуымыз арқылы білдіреміз дей келе, жазу сызықтары мен әріптің орналасу ерекшелігін үлгіден көрсету. Үлкен В дыбысының емлесін жазуға дайындық үшін, үлгідегі сызықтардың үстін қаламсаппен жүргізе отырып, қолды үйрету жаттығулары орындалады.
Сергіту сәті
Достығы жарасқан (Оң қолды жоғары көтереді),
Сыйлы біз баламыз (Сол қолын жоғары көтереді).
Келісіп бәрімен (Бір – бірін көрсетеді),
Татулық табамыз (Өзін көрсетеді).
Бәріміз бір болсақ (Барлығы қол ұстасады),
Бәрін де жеңеміз (Би екпінімен қозғалады).
Күндей боп күлімдеп (Күн шапағын қолдарымен бейнелейді),
Таудай боп өсеміз (Қолдарын жоғарыға ұстаған күйінде біріктіреді).
Жазу дәптерімен жұмыс жүргізу
1 – тапсырма үлгідегі өрнекті орындауға Вв әрпінің емлесін жазуға ұсыну. Әріптер арасындағы ара қашықтықты сақтауға, өзара байланыстырып жазуға дағдыландыру.
2-тапсырма. «Мақалшы болсаң тауып көр» ойыны арқылы жалғасын тауып, мақалдарды көшіріп жазуға ұсыну. Оқушының сөздік қоры, сөйлеу мәдениеті қалыптастырылады.
Байлықтың атасы – еңбек, өнер көкке жеткізер.
Ақыл көпке жеткізер, тұлпар биеден туады.
Алып анадан туады, анасы жер.
3 – тапсырма. «Вова досқа көмек» ойыны арқылы нүктелердің орнына, әріптердің тиістісін қойып, көшіріп жазуға ұсынылады. Алған білімдерін орында қолдануға мүмкіндік береді.
Ди...ан, ар...а, а...то...ус, ...агон, ...алық, трам...ай, А...ай.
4 – тапсырма. Венн диаграммасы арқылы Вв, Бб дыбыстарына сипаттама беріп жазуға ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет