Катон-Верстка-01. indd


ТҮЙЕТАЙЛЫ – үсті еңіске қарай кертпеш – кертпеш болып,  тепкішектеніп біткен тау бетінің бедері.  ҮҢГІР



Pdf көрінісі
бет304/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ТҮЙЕТАЙЛЫ – үсті еңіске қарай кертпеш – кертпеш болып, 
тепкішектеніп біткен тау бетінің бедері. 
ҮҢГІР – жер астында немесе таулы аймақтардағы тастар арасында 
табиғи түрде пайда болған, сондай – ақ қолмен қазылып та істелетін 
түп жағы бітеу қуыс орын. 


333
ШАҒЫЛ – қуаң далада табиғат құбылыстарының әсерінен төбе – 
төбе болып үйіліп, бірімен – бірі қиыр – шиыр жалғасып, үсті иірімденіп 
жататын белес – белес, сырғымалы майда құм. 
ШАТ – қарама – қарсы екі тау беткейінің созылып барып түйісетін 
аралығында жататын кеңістік. 
ШАТҚАЛ – серек тастары мен құлама беттері қолымен қойылғандай 
боп біткен, екі тау жотасының аралығында табанымен өзен ағып 
жататын жарғабақты терең сай. 
ШОҚЫ – тау жонының, сондай – ақ ауқымды төбенің шошайып 
сүйірленген ең биік жері. 
ШОШАҚ – ұш жақ төбесі сүйірленіп шығып, шошайып тұратын 
жер бедері. 
ШЫҢ – таусілемдеріндегі жондардың сүйірленіп тұратын 
ең биік жері, құз басы. (Ә.Т. Қайдар. Қазақтар ана тілі әлемінде. 2т.)
Физика-географиялық ерекшелік – өңірдегі жердің климаты, 
флорасы мен фаунасы, жер бедерінің сыртқы пішіндерінен белгі беретін 
табиғи ерекшеліктер.
Физикалық еркшелік – топырақтың түсі, түрі мен оның астындағы 
тау жыныстарын сипаттайтын белгілер.
Геоморфологиялық термин – жердің бедерін сипаттайтын сөздер 
(бел, төбе, сай, шат, шөл және т.б.).
Даба // даваа – моңғол тілінен аударғанда асу, өткел мағынасын 
беретін сөз.
Гол - моңғол тілінен аударғанда өзен мағынасын беретін сөз.
Бур – моңғол тілінен аударғанда саз, балшық (болото) мағынасын 
беретін сөз.
Ула – моңғол тілінен аударғанда тау мағынасын беретін сөз.
Улан – моңғол тілінен аударғанда «қызыл» түс мағынасын беретін 
сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет