ПСИХИКАЛЫҚ КҤЙДЕГІ НОМИНАНТТАРДЫҢ
САНАТТЫҚ БЕЛГІЛЕРІ
Тҥйте Е., Мажитаева Ш.М.
(Қарағанды қ., Е.А.Бӛкетов атындағы ҚарМУ)
Психологтардың айтуынша кез келген психикалық акт – бҧл психикалық
қҧбылыстардың ҥш тобы кӛрсетілген біртҧтас қҧрылым болып табылады, оның
тӛмендегідей топтары бар: ҥдерістер (сезім, қабылдау, ойлау), қасиеттер
(темперамент, мінез-қҧлық жҥйесі, қабілет) және кҥйлер.
Психикалық кҥйлерді
белгілі бір
уақытта
барлық
психикалық
компоненттердің кӛрінісі ретінде қарастыруға болады. Бҧл – салыстырмалы
тҧрақтылықпен, ерекше қҧрылымымен, мазмҧнымен сипатталатын біртҧтастық.
Психикалық кҥйлерде қарқындылық, психикалық ҥдерістердің сапасы және
олардың бағалануы білінеді.
Мамандардың айтуы бойынша кӛп әрекетті қҧбылыс ретінде кҥй
параметрлердің кең спекторымен кӛрсетіліп, бҧл параметрлердің негізі болып
табылатын тҥрлер тӛмендегідей: эмоционалды (бҧл мінездемелерді кейде
модальді деп атап, модаль деген ҧғым сапалық ерекшелікті білдіретінін
тҥсіндіреді: қорқыныш, ҧят т.б.), активациондық (психикалық ҥдерістердің
қарқындылығын бейнелейтін, қозудан бастап енжарлыққа дейін), тонус
(тҧлғаның кҥш қорын бейнелейтін, ширақтықтан бастап тҥс кӛруге дейін),
тензионды (кҥш салу дәрежесін бейнелейтін, стресс, фрустрация т.б.), мезгілді
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
160
(кҥйдің
ҧзақтығын,
тҧрақтылығын
кӛрсетеді),
жай-күйлердің
ӛрістігі
(қарастырылатын кҥй белгілері жайлы, оң немесе қолайсыз теріс) /1/.
Адам практикалық және теориялық іс-әрекеттің субъектісі ретінде
табиғатта және заттық дҥниесінде кез келген ӛзгеріс жасап, басқа адамдарға әсер
етіп қана коймай, қоршаған ортаның әсерін сезіп, онда не болғаны жайлы
уайымдайды. Қоршаған орта жайлы уайымдау адамның сезімі және эмоция
саласын қарастырады. Сезім негіздері ақыл-ойдың тҧйықталған ішкі дҥниесінде
емес, олар сананың шегінен тыс тҧлғаның дҥниеге деген қарым-қатынасында, бҧл
қарым-қатынастар дәлдік пен толықтырудың әр тҥрлі ӛлшемімен сезінеді.
Эмоция міндетті тҥрде тҧлғаның қҧрылымына кіреді. Әрбір тҧлғаның ӛзінің
негізгі сезім палитрасы болады, осы сезімдер арқылы ол дҥниені ӛзінше
қабылдайды. Адам сезімдерінің жиынтығы – бҧл адамның дҥниеге және ең
алдымен басқа адамдарға деген ӛзіндік уайымдауының тҥрі және тікелей формасы
тҥріндегі жиынтығы болып табылады. Жалпы психикалық уайымдау –
субъективті уайымдау және оның жҥріс-тҧрысы, психикалық әрекеттің себебі
тҥріндегі сыртқы дҥниетанымы болып табылады. Сезім – адамның ӛмірінде
болып жатқан қҧбылыстарға, танымдарына деген әр тҥрлі ішкі қарым-қатынасы.
Сезім уайымы – субъектінің ерекше сезетін психикалық кҥйі, бҧл
психикалық кҥйде белгілі бір танымдық тҥсінік белгілі және белгісіздік, танымға,
қабылдауға деген ӛзіндік қарым-қатынасымен қатар жҥріп отырады. Жаңа
айтылған барлық жағдайларда сезім уайымы адамның ерекше эмоционалдық
жағдайы ретінде қарастырылады. Индивидтің қатысатын әрекет ара қатынасымен,
оның қажеттіліктерімен анықталып, сезім тҧлғаның қҧрылысын кӛрсетіп, оның
бағыттарын және белгілерін анықтайды, бҧл адамның сезімдеріне әсерін тигізеді,
қуантады, ренжітеді оның нақты тіршлігін нақты кӛрсетеді.
Сезім – шындық бейненің спецификалық формаларының бірі болып
есептеледі. Танымдық ҥдерістерде шындықтың заттары мен қҧбылыстары
кӛрсетілсе, сезімде субъектінің ӛзіне қатысты танымдық заттар мен қҧбылыстарға
деген қарым-қатынасы кӛрсетіледі.
Қажеттілік «сана экранында» эмоция тҥрінде кӛрсетіледі. Сезім субъективті
тҥрде қажеттіліктерінің қанағаттандыру ҥдерісі қалай ӛтетіндігін бейнелейтін
кӛрсететкіштің қызметін атқарады. Іс-әрекет және қарым-қатынас ҥдерісінде
пайда болған оң эмоционалдық кҥй (қуаныш, рақат, т.б) қажеттіліктерін
қанағаттандыру ҥдерісінің жақсы ӛтетіндігін куәландырады. Қанағаттандырмаған
қажеттіліктер теріс эмоциялармен қабаттас болады (ҧят, қайғы, ӛкініш т.б).
Эмоционалдық ҥдерістерде жеке адамның қажеттіліктеріне сай немесе кері
жҥріп отырған оқиғалар барысы арасында байланыс қалыптасады, осының
нәтижесінде адам кез-келген әрекетке немесе қарсылыққа икемделеді. Эмоциялар
адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған адам қызметі барысында
қалыптасады, сондай-ақ жеке адам қызметіндегі эмоция кҥйінде уайымдалатын
эмоциялар немесе қажеттіліктер қызметке икемдеу болып табылады. Бірнеше
жылдар бойы ғылымда эмоция және сезім ҧғымдары бӛлініп, жеке
қарастырылады. Осының негізінде таза адамға тән эмоциялар (этикалық,
эстетикалық, тану сезімдері) мен адам мен жануарларға қатысты эмоционалдық
реакциялардың (қорқыныш, ашу т.б) бӛлінуі анықталды.
Адам психикасын жалпы ҥдеріс ретінде тҥсіну ҥшін эмоцияларды білу ӛте
маңызды, ӛйткені олар психикалық қызметтерінің қҧрылымын ҧйымдастырғанда
ағза реакцияларының спецификалық, психикалық заңдылықтарының сыртқы
әсерлеріне орнықтыруында бас қызметін атқарады. Т.Павловтың айтуынша
танымның субъективті жағы және оның қҧрылымы бір қҧбылыс болып табылады
/2/.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
161
Жалпы психикалық қызмет ҥшін эмоциялар мен сезімдердің ерекше
маңызды мағынасы таным және жігерлі қызметтерінің арасында орын алып,
оларды бір-бірімен байланыстырып, адам санасының белсенділігі деп аталатын
қҧбылысқа жататындығымен анықталады.
Кезінде Гегель жеке тҧлға мен қоғам ӛміріндегі атқаратын функцияларына
байланысты эмоциялар мен сезімдердің арасындағы айырмашылықты кӛрсетуге
тырысқан. Оның пікірінше «ішкі сезімдер» екі тҥрлі бола алады. Бірінішіден, кез
келген ерекше кҥйде немесе қатынаста болып, жеке (ашу, кек, қызғаныш, ҧят,
ӛкініш), екіншіден қҧқыққа, әдептілікке, дінге керемет ақиқатқа жататындар /3/.
Сезім ӛзінің эмоциялы кӛрінісінен тыс тіршілік ете алмайды, бірақ оның
мазмҧны қоғамдық болып табылады. Мысалы, біз Отанды сҥю арқылы оның
жауларына жеккӛрушілік, ӛшпенділік сияқты сезімімізді білдіре аламыз, ал
халықтың жетістіктерін кӛріп қанағаттанып, қуаныш сезіміне ие боламыз. Осы
барлық эмоциялы реакциялардан Отанға деген сҥйіспеншілік байқалады. Демек,
сезім пайда болу ҥшін эмоциялық реакция, уайымдау сияқты таным элементтері
де қажет.
Психикалық акт сияқты эмоциялар тек ақыл-ойда кез-келген тҧлғаның
қарамағындағы кҥшімен кӛрінеді. Адам психикасының деңгейінде олар жаңа
сапалық ерекшеліктерге ие болып, сол ерекшеліктерінің кӛмегімен адам
эмоциялары жануарлардың эмоцияларынан ерекшеленеді.
Ғалымдар тӛменгі (биологиялық) және жоғарғы (әлеуметтік) деп аталатын
эмоциялар топтарының бар екендігін айтып, қорытынды жасап, эмоциялар мен
сезімдерді бір-бірінен айырады. Эмоциялардың сипаттамалық белгілері:
эмоциялар субъектінің кҥйін кӛрсетіп, оның объектіге деген кӛзқарасын білдіреді,
бҧл белгісінен оны қабылдаудан айыруға болады; эмоциялардың оң және теріс
белгісі болады: ҧнамды - ҧнамсыз, қуаныш – қайғы. т.б.
Адам уайымының ерекшеліктері келесі негізгі сәттерге жатады:
сананың бір бӛлігі сияқты қарапайым эмоциялар уайымның қызметін
атқарады;
сезінудің кӛмегімен эмоциялар жеке және қоғам ӛміріндегі адамның
қарым-қатынастарын реттеуде спецификалық қызмет атқарады;
адам қажеттіліктерінің кӛрінісі ретінде, эмоциялар мен сезім мінез-
қҧлықтың себебі мен реттеуінде маңызды қызмет атқарады.
Уайымдау – жеке санадағы психикалық тіршіліктің тҥрі. Кез келген
психикалық ҥдеріс тҧлғаның санасында орын алып, сол тҧлғаның болмысында
уайым тҥрінде кӛрінеді. Адамның пайда болған кез келген сезімі қоғамдық
сипатқа ие. Осы тҧрғыдан адам мен жануарлардың сезімдерінің басты
ерекшеліктерін келесідегідей етіп кӛрсетуге болады: бірінішіден, адамның сезімі
жануарларға қарағанда ӛте кҥрделі (ашу, қорқыныш, қайғы, қуаныш), екіншіден,
адамдарға тән сезімдердің кӛбі жануарларда болмайды (жеккӛрушілік,
мақтаншақтық, қызғаныш) бҧл сезімдердің әрқайсысының ӛзіндік спецификалық
кӛріну жолдары бар (сӛйлеу интонациясы, мимика, пантомимика, кҥлкі, кӛз
жасы), ҥшіншіден, адам жағымсыз сезімдеріне кедергілер жасап тоқтатып, әр
уақытта ӛз сезімдеріне ие бола алады (ашу, ренжу, ыза болу, кӛңілі қалу т.б).
Қазіргі кезде психология ғылымында эмоциялық кҥй индивид қажеттілігінің
сапасымен, қарқындылығымен және сол қажеттіліктердің қанағаттандыру
мҥмкіндігіне қоятын бағасымен анықталады. Бҧл кӛзқарас эмоциялардың
табиғаты мен олардың пайда болуында эмоциялардың ақпараттық
тұжырымдамасы деген атқа ие болды /4/.
Пайда болуына байланысты бҧл жҥйеге эмоциялардың барлық тҥрлері
жатпайды. Мысалы, таңқалу эмоциясын не жағымды не жағымсыз эмоциялық
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
162
кҥйге жатқыза алмаймыз. Бҧлар қарама-қарсылық бірлікті тҥзеді, мысалы,
қызғаныш = махаббат + жеккӛрушілік.
Аффекті – эмоциялы саланың маңызды сапасы ҧнамды және ҧнамсыз,
сонымен қатар эмоциялық жағдайда бір-біріне қарсы шиеленіс, ыдырау, қозу
және басылым болып табылады. Қажеттіліктерінің қанағаттануы немесе
қанағаттанбауы адамда әр тҥрлі спецификалық уайымдардың пайда болуына әсер
етеді: олар эмоциялар, аффектілер, кӛңіл-кҥй, стресс және сезімдер. Бҧлардың
бәрі тҧлғаның эмоциялық санасын қҧрайды, бҧл сана адамның мінез-қҧлқының
реттеуші, танымның тірі кӛзі, адамдар арасындағы кҥрделі және әр тҥрлі қарым-
қатынас кӛрсеткіші болып табылады.
Эмоциялар. Кӛп жағдайда эмоция және сезім ҧғымдары синонимдер
тҥрінде қолданылады. Тар мағынасында эмоция – кез келген тҧрақты сезімнің
уақытша уайымдауы. Эмоция – бҧл жанның толқуы, қозғалысы, мысалы эмоция
музыкаға деген сҥйіспеншілікті білдірмейді, ол таңдану, рақаттану кҥйін
танытады. Кейбір жағдайларда эмоциялар әрекеттігімен ерекшеленеді. Олардың
бірі адамның кҥш қуатын жоғарлатып, сӛйлеуге т.б. деген қҧштарлығын
арттыратын стеникалық эмоциялар да, екіншісі уайымдау, қайғы т.б. сияқты
ҧнамсыз әрекеттердің жағдайын кӛрсететін, адамның кҥш-қуатын тӛмендететін
астеникалық эмоциялар болып табылады /5/.
Аффектілер. Адамды тез игеріп алып, қарқынды жҥріп отыратын
ҥдерістерді аффектілер деп атайды. Олар сананың маңызды ӛзгерістерімен,
әрекетті бақылауының бҧзылуымен, ӛзін-ӛзі ҧстай алмауымен және жалпы ағза
тіршілігінің ӛзгеруімен сипатталады. Оның кӛрінісіне кернеген ашу, елірген
қуаныш жатады. Аффектілер қысқа мерзімді болып келеді, ӛйткені олар кӛптеген
кҥшті қажет етеді. Мысалы, қазақша жай эмоцияны жанның «толқуы» десек,
аффектіні «дауыл немесе сезімнің кенеттен жарқ етуі» деп те айтуға болады.
Аффект - бҧл жанның кҥшті толқуы, ол еркін және қарқынды ӛтетін
жарылыс сияқты эмоциялық ҥдеріс. Сол себепті аффект табиғаты тҧрғысынан
шокпен байланысты. Осындай жағдайда адам ҧстамдылықтан айрылып, не айтып,
не қылғанын білмей қалады.
Құштарлық (құмарлық) - адамды игеретін кҥшті, тҧрақты, ҧзақ сезім.
Қҧштарлық әрқашан да белгілі бір мақсатқа бағытталған кҥш, ол ойдың
жинақтылығымен, зейінмен ерекшеленеді. Қҧштарлық – бҧл эмоционалды, еркін,
таным ҥдерістерінің жиынтығы. Мҧнда сезімнен гӛрі талап (стремление) басым
болады. Гегельдің айтуынша қҧштарлықсыз ешқашан ҧлы істер жасалмаған еді,
жасалуы да мҥмкін емес /3/. Тҧлғаның санасында эмоциялар басым болғандықтан,
қҧштарлыққа берілген адамның мінез-қҧлқы белгілі бір мӛлшерде аффектілі
болады. Қҧштарлыққа берілген адам пассивті, жапа шеккіш, белгілі бір кҥштің
билігінде болады. Қанағаттанбаған қҧштарлық кҥшті эмоциялар мен аффектілі
жарылыстарды туғызады (ашулану, қайғыру, ренжу).
Кӛңіл-күй деп тҧлғаның барлық тҥрлерінде кӛрінетін, барлық толғаныстары
мен тебіреністеріне ӛң беретін жалпы эмоциялық кҥйді айтады.
Стрестік жағдайлар бҧл психологиялық сипаты тҧрғысынан аффектіге
ҧқсас, бірақ ҧзақтығымен кӛңіл-кҥйге жақын сезім уайымының ерекше тҥрі.
Сезім – бҧл адамның қоршаған болмыс заттар және қҧбылыстармен қатынас
жасауынан әрқилы формада кӛрініс беретін толғаныс, кҥйзелістері. Сезім
мазмҧны жеке тҧлғаның таныған, істеген нәрсесіне деген тҧрақты кӛзқарастарын
қҧрайды, яғни ол даралық сипатқа ие. Сондықтан сезім ҥдерісі тҧрақты
ҧзақтығымен сипатталады.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
163
Модальдік бойынша эмоциялардың жіктелуі
Оң (жағымды)
Теріс
(ыңғайсыздық
туғызатын)
Амбивалентті
(жағымды және
ыңғайсыздық туғызатын)
Қуаныш
Рахат
Шаттық
Мақтаныш
Махаббат
Алаңдау
Қайғы
Ҥмітсіздік
Мҧң
Кӛңілі толмау
Ӛшпенділік
Қызғаныш
Ыңғайсыздық
Стресс
Фрустрация
Мазасыздық
Махаббат
Рақымдылық
Стресс
Қорқыныш
Мақтаныш
Моральдік сезімдер: бҧлардың басты ерекшелігі - әлеуметтік сипаты,
әлеуметтік мәні болса, екінші ерекшелігі – олардың кӛріністерінің кҥрделілігі мен
сан қырлылығы. Бҧл сезімдер ерлік, қаһармандық әрекеттер мен қылықтардың
ішкі қозғаушы кҥші болып саналады.
Интеллектуалдық сезімдер: бҧл тану, ақыл-ой әрекеті ҥдерісінде пайда
болатын тебіреністерді кӛрсетеді. Бҧл сезімнің тҥрлеріне білуге қҧмарлық,
кҥдіктену, сенімділік, интуиция ықтималдық, жаңашылдық, болжау т.б. жатады.
Эстетикалық сезімдер: бҧл сезімдер заттар мен қҧбылыстарды
қабылдаудағы әсемдікті, сҧлулықты тамашалап сҥйсіну /6/.
Қорыта келгенде, психикалық жай-кҥйлер лингвистикалық нысан ретінде
біріншіден, психикалық қҧбылыстарды тілдік тҧрғыдан толық меңгеруге,
екіншіден, олардың грамматикалық, тілдік емес белгілерін жан-жақты тануда
маңызы зор.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Куликов Л.В. Проблемы описания психических состояний. // Психическое
состояние. –Санкт-Петербург: Питер, 2000.
2.
Павлов Т. Избранные философские произведения. Т. III. –М.: Наука, 1962.
3.
Гегель. Сочинения. Т. III. –М., 1956.
4.
Симонов П.В. Информационная теория эмоции. // Хрестоматия по
психологии. –М.: Просвещение, 1987.
5.
Жарықбаев Қ. Жалпы психология. –Алматы: Эверо, 2004.
6.
Итбаев Н.М. Жалпы психология. –Ақмола, 1992.
ТҤЙІНДЕМЕ
Мақала
адамның
психикалық
жай-кҥйін
танытатын
танымдық-
психологиялық белгілерді анықтап, олардың лингвопрагматикалық және
ономасиологиялық қызметін қарастыруға арналған зерттеулерге қысқаша шолу
жасалынады.
РЕЗЮМЕ
В
статье
определяются
познавательно-психологические
признаки
психических состояний человека, дается краткий обзор исследований,
посвященных их лингвопрагматическим и ономасиологическим функциям.
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
164
КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУДЫҢ КЕПІЛІ
Хасанҧлы Б. - ф.ғ.д., академик (Алматы қ., Қазмемқызпу)
Мемлекет басшысының ҧсынысымен, елімізде конституциялық заңдарға
тҥбірлі ӛзгерістер енгізу - кезек кҥттірмейтін мәселе. Байыбына барсақ,
Конституция тіл мәселесіне ерекше мән берілгенін, соның дәлелі ретінде алты
бапта тіл туралы кағида айқындалғанын айтпақ керек. «Қазақстан
Республикасындағы тілдер туралы заңы» (1997ж.) қабылдануы Конституциялық
талап болды (93-бап).
Әлбетте, Тіл заңын қҧрастырудың әлем мойындаған бірыңғай ҥлгі не
ережесі жоқ. Алайда бҧл ретте әлемдік социолингвистиканың кейбір зерттеу
нәтижелері мен қорытындыларын пайдалануға әбден болады. Міне, осы тҧрғыдан
келгенде, Қазақстанның Тіл заңы, жалпы алғанда, халықаралық ҥлгіге әбден
сәйкес келеді. Бҧл заң Қазақстанда бҧрын-соңды (1921 жылдан бері) қабылданған
сан алуан декрет, заң, конституциялық қағидалардың бәрінен кӛш ілгері. Осылай
дей отырып, бҧл Заңды ҥкіметтің қолдануы, халықтың жҥзеге асыруы ҥшін, біздің
ойымызша, оның тҧла бойын тҧтып, алға бастырмай тҧрған бес тҥйткілдің
тӛңірегінде пікір алысқан жӛн деп білеміз. Алдымен Тіл заңын жҥзеге асыру ісін
білікті басқару мәселесі, мемлекеттік тілді білу қажеттілігі туралы, орыс тілі
орайында, мемлекеттік тілді білуді қажет ететін мамандық маңайында және
мемлекеттік тілді бҧқаралық ақпарат қҧралдарында колдану хақында пәтуаласқан
жӛн болса керек.
Тіл туралы конституциялық заңды жҥзеге асырудың әлем жҧртшылығы
мойындаған нақты ҥлгісі болмағандықтан, мына алты ҧстанымды басшылыққа
алуды ҧсынамын:
1.
Тіл туралы конституциялық қағидаларды біліктілікпен жҥзеге асыру
ҥшін Тіл заңы табиғатын, тіл заңының ӛзге заңнан ерекшелігін ескеру
шарт;
2.
Тілдің конституция белгілеген мемлекеттік мәртебесін жҥзеге асыру
ҥшін
Республиканың
жергілікті
тілдік
жағдаятын
(ситуация)
социолингвистикалық тҧрғыдан жаппай зерттеу жҥргізіп, анықтау қажет;
3.
Жҥртшылықтың, қазағы бар, орысы бар, ӛзгесі бар, мемлекеттік тілге
деген бағдарын психолингвистикалық тҧрғыдан зерттеп, мемлекеттік
тілді психолингвистикалық ҧсынымдар негізінде дамыту ҧстанымын
жҥзеге асырмақ керек;
4.
Халықаралық тәжірибені зерттей отырып, озығын нақты басшылыққа алу
қажет;
5.
Отандық тәжірибенің ҥздік ҥлгілерін дамыту керек;
6.
Мемлекеттік тілді заң кҥшімен дамьпуда тілдің даму зандақтарына арқа
сҥйеу абзал.
Алдымен айта кетейін, осы алты қағида Қазақстанда Конституциялық тіл
қағидаларын тҥзу ҥстінде басшылыққа алынды.
Қазақстан ҧстанған тіл саясатының сипаты кандай? Бҧл ретте мынаны айту
керек: Қазақстанның тіл саясаты, ҧстанған бағытына қарай, игілікті, мазмҧнына
карай, демократиялық, этникалық тҧрғыдан кҥллі тілге қамқор болуды кӛздеген
деп сипаттаған абзал. Бҧлай дейтін себебіміз мынау:
Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заң «Қазақстан Респубикасындағы
тілдердің қолданылуының қҧқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-ҥйрену
мен дамыту ҥшін жағдай жасау жӛніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
165
Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей кҧрметпен қарауды
қамтамасыз етеді».
Тіл Заңы бойынша, «Қазақстан Республикасында тілдік белгісі бойынша
азаматтардың қҧқықтарын кемітуге жол берілмейді» (7-бап). Азаматтардың «ана
тілін қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін
таңдауына қҧқығы бар» (6-бап).
Айта кеткеннің артығы жоқ, қазақ тілін кӛп қазақ білмейді деседі,
әлеуметтік лингвистика мен психолингвистика маманы ретінде айтарым сол -
әдеби тілді кҥллі халық білмейді, білуі міндетті де емес, практикалық қажеттілік
емес, барша жҧрт тілдің әр тҥрлі формасын қолданады.
Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ ҧлтының тілі. Әлемдік лингвистикада
ҧлт тілі - ҧлтты туғызушы, қалыптастырып, дамытушы қҧрал. Қазақ тілінің қазақ
ҧлтын туғызғаны, қалыптастырғаны даусыз. Алайда, шынын айту керек, ол ҧлтты
дамытушы бірден-бір қҧрал бола алмай отыр. Аяулы ана тілін білу және оны
қызмет бабында қолдану - бойында қазақ қаны бар әр адамның мҧраты.
Қазақ тілінің дамуы, қҧқықтық тҧрғыдан қамтамасыз етілгенмен,
қанағаттанғысыз кҥй кешуде. Сол себепті Қазақстанның тілдік ахуалы барған
сайын кҥрделене тҥсуде. Тілдік ахуал деген - тіл не тілдер қолданылуының нақты
кӛрінісі. Ол тілдік және тілден тыс жағдайлардың (әлеуметтік, саяси,
экономикалық, тарихи, географиялық т.б.) жағдайлардың ӛзара байланысынан
туындайды.
Тілдік ахуал кӛбінесе мемлекеттік тілдің жағдайымен байланысты
кҥрделенуде.
Қазақстанның заңнамасы Республикадағы тілдер қызметінің қҧқықтық
негіздерін анықтап, оларды зерттеп және дамытуға мемлекеттің жағдай жасау
міндетін белгілеп, еліміздегі тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау
жасаудың тәртібін реттегендей /1/ Айталық, Қазақстан Республикасындағы тіл
туралы Қазақстан Республикасының заңы (1997 ж. 11 шілде, №151) бойынша:
«Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бҥкіл аумағында қоғамдық катынастардың
барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін
жҥргізу және іс қағаздарын жҥргізу тілі». Әңгімені нақты жҥргізейік:
1) мемлекеттік тілдің ахуалын білу ҥшін, алдымен заңдағы «Мемлекеттің
бҥкіл аумағында»;
2) заңдағы «Қоғамдық қатынастардың барлық саласында» қолданылуы
қалай? Әңгіме, міне, осында.
Ашығын айту керек, орыстілді қазақтардың бастауымен әкімшілік
органдары мемлекеттік тілдің тамырына балта шауып отыр.
Тіл заңында: «Қазақстан халқын топтастырудың маңызды факторы болып
табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір
азаматының парызы» (4-бап).
Мемлекетгік тілді білу - Қазақстандық патриотизмнің қҧрамдас бӛлігі (Тіл
саясаты жӛніндегі тҧжырымдама).
Заң кҥшін пайдалану - тіл дамытудың әлемдік ҥлгісі. Бірақ Қазақстанда Тіл
заңы ӛз дәрежесінде жҥзеге асар емес. Оның ӛзі, әрине, себепсіз емес. Соның бір
себебі - ҧзақ уақыт тоталитаризм қоғамы торында болған қазақтың ӛз қҧқын
айқындау орнына сары ауыз балапандай мемлекетке қарай аузын ашқан кҥйі
(патерналистік қатынаста) қалып қоюы.
Әдетте, тіл біткен бҧл жалғанда екі тҥрлі жолмен дамиды: бірі - ӛз бетімен
дамуы да, екіншісі - саналы тҥрде, адам реттеуі арқылы дамуы. Бҧл ҥшін
мемлекет тіл саясатын белгілейді. Соның бір кӛрінісі - Конституцияның тіл
жӛніндегі қағидалары.
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
166
Конституция, сондай-ақ заң мен қҧқық, ӛзінен-ӛзі пайда болмаған. Заңды
адам туғызған және тіл арқылы ғана ӛркениеттің ғажайып қҧбылысына
айналдырған. Тіл мен қҧқық екі жақты байланыста: бірі - қҧқықтың тілге
тәуелділігі, тілсіз қҧқық бҧл жалғанда болмақ емес; екіншісі - тілдің қҧруына да,
адамның кҥллі қарым-қатынасының аса бір қуатты қҧралына айналуына да
қҧқықтың қолма-қол кӛмегі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |