Казахский государственный женский педагогический



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата17.01.2017
өлшемі1,41 Mb.
#2102
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
I. Құқықты  құқық  ететін  - тіл.  Мемлекет тіл мәселесін тҥбегейлі  шешуді 
коғамға  жҥктеуі  немесе  ӛзі  әкімшілік,  қҥқықтық  тҧрғыдан  жҥзеге  асыруы  да 
мҥмкін. 
Тіл  мен  қҧқық  -  адамзат  мәдениетінің  ҧлы  қҧндылықтары,  адам  болмысы 
ҥшін  екеуі  де  мәңгі  іргелі  мәселе.  Тіл  адамды  тіршілік  иесі  ретіндс  сипаттаса, 
қҧқық  болса,  ол  қоғамдық  қатынасқа  тҥсушілердің  бәрінің  тең  еркіндігін 
қамтамасыз  ететін  бірынғай  әділетті  тәртіпті  қорғау  және  бекіту,  қҧқықтың 
қоғамды  басқарудың  саналы  қҧралы  ретіндегі  кҥллі  кӛрінісі  тілдік  тҥрде  ӛмір 
сҥреді. Зандық ҧйғарымдар мемлекеттік органдар басқан ресми жазба мәтіндерде 
белгіленгеннен  кейін  ғана  нормативтік  қҧқықтық  реттеуіш  сапасына  ие  болады. 
Қҧқықтық  реттеуші  идеялар  да  тіл  арқылы  білінеді,  олар  сӛз  арқылы 
белгіленгенде  ғана  қабылданылуы  мҥмкін.  Сондай-ақ  заңдық  тҧрғыдан  алғанда, 
мәнді,  әлеуметтік  байланысты  ҥйлестіру  және  әр  тҥрлі  қҧқықтық  қатынасқа 
тҥсушілер мҥдделерінің қиысуы ҥшін де сӛз керек /2/. 
Заңгердің ӛзіне тән кәсіби тілі қалыптасқан. Мысалы, орыс заңгерінің кәсіби 
тілі бойынша зерттеулер мен оқу қҧралдары жариялану ҥстінде /2, 3, 4, 5/.  
ІІ.  Тіл  тағдырын  реттеуші  құқықтық  тұғыр  -  заң  мен  құқық.  Тіл  заңы 
қандай  болса  -  оның  қҧқықтык  тҧғыры  сол.  Қазіргі  жағдайда  кәсіби  заңгерлер 
қауымдастығы  қоғамды  рухани  басқару  мҥмкіндігі  іс  жҥзінде  шектелмеген 
символдық элитаға жатады. Қҧқық қорғау жӛніндегі кӛпшілік алдындағы қызметі 
барысыңда  заңгерлер  әр  тҥрлі  назар  аударатын  жағдайларда  ҥнемі  ауызша  және 
жазбаша  сӛзді  пайдаланады.  Сол  арқылы  қоғамдық  және  жеке  қҧқықтық  сана 
пайда болу мҥмкіндігі ғана емес, кҥллі дҥниетаным қалыптасады, білім, кӛзқарас, 
сенім мен қҧндылық жҥйесіне ықпал ете алады. 
Кәсіби  тҥрғыдан  кажетті  тілдік  дағдының  әлсіз  дамуы,  абстрактылы  ойлай 
алмау  және  ойды  тиісті  дәрежеде,  әлі  жеткізе  алмау  адамдардың  қҧқығы  мен 
заңды  мҥддесіне  нҥқсан  келтіруі  мҥмкін.  Ендеше,  юрисдикцияның  кез  келген 
саласындағы мҧндай жағдай жеке адамның тағдырына ғана емес, кҥллі қоғамның 
қҧқықтық мәдениетіне теріс әсер етеді /2/. 
Қатынас 
(коммуникация) 
теориясының 
нысаны 
мәдениетаралық 
қатынасымның (коммуникацияның) тілдік қырының халықаралық келелі кеңеске 
арқау  болуы  -  кеңестік  ҥйретінді  менталитет  емес,  Қазақстан  мен  Ресей 
халықтары  мҥддесіне,  казіргі  әлемдік  ҥрдіске  де  сайма-сай  келеді.  Олай  дейтін 
себебіміз  сол  -    ғасырлар  ауысымы  тҧсында  «Адам»  деп  аталатын  қҧндылық 
ӛзекті болып табылды. Біріккен Ҧлттар Ҧйымы XXI ғасырдың алғашқы жылдары 
әлем  мәдениетіне  назар  аударуда.  Қазақстан  болса,  мәдени  қор  қҧру  арқылы 
әлемдік ҥрдіске ҥн қосуда. 
Жҧмыр басты пенде болған соң, ол тілсіз болмақ емес, тілі болғандықтан да 
адам - мәдениеттің басты тҧлғасы. Адамды ҧлығлау деген - мәдениетті, адам тілін 
дамытудың  басты  шарты.  Тілден тыс,  сӛйлесімсіз  мәдениет  атаулы  болған  емес. 
Ендеше, тіл мен мәдениет ӛзара - тығыз байланысты. 
Адам  болып  дҥниеге  келген  соң,  ол  жеке  адамнан  (индивидтен)  тҧлғаға 
(личность)  айналуы  шарт.  Ал  тҧлға  нақты  бір  этникалық  қауымдастық  (ҧлт) 
қҧрамына енуі тиіс, ӛзін ӛзі анықтау барысында ол ӛзінін мемлекеттің қҧрады. Ал 
мемлекеттің қоғамдағы тіл мәселесін шешуі - орындалмай қоймайтын қажеттілік. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №5 2008. 
 
167 
Ендеше,  Қазақстан  мемлекетінің  тіл  мәселесін  шешуі  -  ӛтелмей  қоймайтын 
ҧлттық, ҧлтаралық сҧраныс. 
Сҧранысты  ӛтеу  ҥшін  алдымен  Қазақстан  мемлекетінің  ӛмірінде  тілдің 
атқарар  қызметі  қандай?  деген  заңды  сҧраққа  жауап  беру  қажет.  Бҧған  тек  қана 
«ӛсу  ҥстінде»  деп  жауап  бермек  керек.  Сҧраныс  қоғамның  әлеуметтік 
ҧйымдарының  кҥрделенуі,  оқудың  кҥрделенуі,  БАҚ-тың  дамуы,  әр  адамның 
тҧлғалық  ерекшелігінің  тереңдей  тҥсуі  ретінде  кӛрініс  беруде.  Осылардың 
негізінде  әр  адамның  «тілдік  ӛмірінің»,  далірек  айтсақ,  тілдік  ӛмір  сҥруінің 
ҧзаруы - сӛйлеу, тыңдау, оқу, жазу, ойлау уақытының ӛсуі байқалады. 
Әлемдік  деңгейге  кӛз  тастасақ,  бҧл  ретте  де  адам  ӛміріндегі  тілдің  атқарар 
қызметіне деген сҧраныс ӛсіп, әлеумет (социум) қатынасымының тілдік кырының 
ҥйлестіру мҥмкіндігі артуда /6/. 
Әлемдік деңгейге кӛз тастасақ, бҧл ретте де ана тілін дамуының ата салтын 
қалпына  келтіріп,  оны  мемлекеттік  тілге  деген  ӛмірлік  қажеттілік  тудырумен 
ҧштастыру  керек.  Мемлекеттік  тілге  деген  ӛмірде  орын  алып  отырған  бар 
қажеттілікті ӛтеу керек. Ӛтеудің бірден-бір шарты сол - оны орыс тіліңде ӛтеуді 
доғарып, қажеттілік етіліп отырырған тілдің ӛзіңде ӛтеу міңдеттелмек керек. 
Шынын  айту  керек,  қазақ  тілі  Кеңес  дәуірінде  белгілі  дәрежеде  қоғамдық 
қызметін  дамытты.  Бірақ  кейбір  ӛмір  салаларында  оның  қызметін  орыс  тілі 
атқарып,  шектеуге  тҥскені  де  анық.  Қазақ  тілі  -  қолданыста  жасанды  тҥрде 
шектелгенмен,  тоталитаризмге  қарсы  тҧра  білді,  жалпы  алғанда,  әлеуметтік 
лингвистикалық  қҧнсыздануға  ҧшырамаған  тіл.  Бҧл  кҥндері  оның  болашағы 
бҧлыңғыр  емес,  жоспарлы  дамудың  қҥқықтық  жолына  тҥсті,  мемлекеттік 
мәртебесінің жҥзеге асуына толық негіз бар. 
Алдымен  айту  керек,  Мемлекеттік  мәртебелі  қазақ  тілінің  дамуына  негіз 
болатын  жағдайлар  санатында  еліміздің  экономикалық  хал-ахуалын  тҧрақты 
жақсарту  ҥрдісінің  орын  алуы,  халық  санын  2015  жылға  қарай  20  миллионға 
жеткізу  кӛзделуі.  Әзіргі  аяқ  алысымыз  оң  бағыт  алуда.  Статистика  агенттігінің 
мәліметіне  қарағанда,  еліміздің  халқы  дәл  қазір  15  миллион  адамды  қҧрайды. 
Алайда  қазақ  тіліне  демография  аспанынан  қҧймақ  жаумайды,  сол 
миллиондардың  тілі  қай  тіл  болатынын  алдын  ала  ойластыру  шарт.  Ӛйткені 
қандай  да  тіл  болмасын,  ол  ата-анадан  балаға  шаштың  тҥсі,  бет  әлпеті  сияқты 
тҧқым қуаламайды. Бірақ оның ҧрпақтан-ҧрпаққа ҧласуы шарт. Алайда белгілі бір 
кезде ҧрпақтарға ҧласпауы да ғажап емес. Демек, әңгіме алдымен тілдің атқарар 
қызметі жӛнінде болмақ керек. Қазақ тілі бҥгінгі қазақы баланың ана тілі болмаса, 
ертеңгі студенттің тілі бола алмайды. Ана тіліне «баланы бастан» десек, қазақ тілі 
ҥшін  керегі:  қазақы  жанҧяда  бала  тууға  жағдай  жасау,  жас  анаға  материалдық 
кӛмек  кӛрсету,  оралманға  тіл  игеруге  жағдай  жасау,  қазақ  қоғамын  «тастанды 
бала» деген ҧғымнан аластату, шет елге бала сатуға тыйым салу, баланы бесіктен 
белі шықпастан тілге баулитын ежелгі дәстҥрді жандаңдыру, т.с.с. 
Қазақ  тілі  маманның  тілі  болу  ҥшін  мынаны  ескеру  керек:  тіл  -  әлеуметтік 
қызметімен  тіл.  Бір  тіл  атқарар  қызметтер  арасында  да,  тіларалық  қатынаста  да 
ӛзіндік бәсекелестік бой кӛрсетуде. Сондықтан да кӛпҧлтты қоғамда тілге белгілі 
дәрежеде бақылау қоймақ керек. Бақылау тҥбі бір тілдің қоғамдық ӛмірдің кҥллі 
саласында  атқарар  қоғамдық  қызметін  реттеу,  әр  тілдің  кӛпҧлты  қоғамда 
қолданылу ҥрдісін белгілеу болмақ. 
Тіларалық  қатынасқа  (тілге)  қойылар  бақылау  мен  бәсекелестікті  реттеу 
деңгейі  әлеуметтің біліктілік дәрежесін танытады. Тілді дамытуды ҧйымдастыру 
ел-елде әдетке айналған. 
Тілдік  ӛмірді  басқаруға  болатыны  даусыз.  Сондықтан  әлемдік  әлеуметтік 
лингвистикада  тіл  саясаты  -  ерекше  мәселе.  Ал  тіл  саясаты  деген  -  мемлекеттің 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008. 
 
168 
аумағындағы  тілдерді  дамыту  немесе  тҧқыртуға  байланысты  белгіленген 
ҧстанымдары мен басшылыққа алған басым бағыттар жҥйесі. 
Тіл саясаты - бҧл қоғамның тілдік ҥдеріске ҥйымдасқан тҥрде араласуы және 
ол - заңды, объективті қҧбылыс. 
Тіл саясаты деген, шын мәнінде, мемлекеттің тіл саласында орнатқан саяси 
ӛмірі.  Тіл  саясаты  -  тілді  қолданушылар  мен  мемлекеттік  биліктің  ӛзара 
байланысының жемісі. Мемлекеттің тіл саясаты заңмен бекітіледі. 
Тіл  заңын  жҥзеге  асыру  ҥдерісінде  адамда  ҥш  мҥдде  -  кәсіби,  саяси,  тілдік 
мҥдде тоқайласады. Біздің елде кез келген кәсіп иесі ана тілінің қамын ойлайды. 
Ана тілінің қамын жеген адам атаулы саясаттан тыс бола алмайды. 
Қазақстанның  тіл  саясатын  алайық.  Ол  игіліктілігімен  сипатталады  және 
оның Конституциялық тҧжырымдамалық негізі тӛрт бағытта дамуда: мемлекеттік 
тілдің  қолданылуы,  орыс  тілінің  қолданылуы,  жергілікті  жҧртшылық  тілдерін 
қолдану, шет ел тілдерін ҥйрену. 
Бағыттардың  ішіндегі  басыңқы  бағыт  -  мемлекеттік  тілдің  қоғамдық 
қызметін дамыту. Сондықтан да Мемлекеттік тіл мәселесі тӛңірегінде пікір алысу 
-  ӛзекті  мәселе.  Алдымен  айтпақ  керек,  мемлекеттік  мәртебедегі  қазақ  тілі  -  ӛне 
бойында  жетілу  белгісі  бар,  болашағы  зор,  ӛскелең  тіл.  Мҧндай  тілдің,  Ноам 
Хомскийдің  сӛзімен  айтқанда,  ең  маңызды  сапасы  сол  -  шексіз  ойды  бейнелей 
алатындығы,  сондай-ақ  шексіз  жаңа  жағдаяттарға  сезімтал  қҧрал  екендігі  /7/.  
Қазақ  тілі  -  бай,  әлемдегі  қазақ  кӛрген  қҧбылысты  да,  кӛрмеген  қҧбылысты  да 
білдіре алады, абстрактылы ойдың кҥллі тҥрін бейнелей алатын тіл. 
Мемлекеттік  тілді  білу,  білдіру  -  Консипуциялық  арнаулы  баптың  (93-бап) 
талаптары.  Талап  орындалмақ  керек.  Сонымен  катар  Мемлекеттік  бағдарламаны 
жҥзеге асыру мемлекеттік тілді білумен тікелей байланысты. 
Президент пен мәжіліс, сенат тӛрағаларының мемлекеттік тілді еркін білуін 
талап  ететін  конституциялық  қағида  халқымыздың  қалаулысы  атанған 
депутаттардың  мемлекеттік  тілді  білуді  қажетсінбеуі  -  мемлекеттік  тілді 
мойындамау болса керек. 
Кӛптілді  Қазақстан  қоғамына  керегі  әлеуметтік  лингвистикалық  білікті 
басқару.  Бҧл  ҥшін  қазіргідей  Мәдениет,  ақпарат  және  спорт  министрлігіне 
қарайтын  Тіл  комитеті  емес,  Президентке  немесе  Ҥкіметке  тікелей  бағынатын, 
министрлік  деңгейіндегі  ғалымдардан  тҧратын  Тіл  комитетін  қҧру  керек.  Бҧдан 
басқа жолдың бәрі ӛзін ақтамады. Атқарушы орган ретінде ол кҥллі тіл мәселесін, 
әсіресе мемлекеттік тіл мәселесін, қолма-қол шешер еді, мемлекеттік тілді жолын 
тауып мойындатар еді. 
Комитет тіл кҧрылысына тікелей басшылық ете отырып, мемлекеттік тілдің 
мемлекеттің  кҥллі  аумағында,  барлық  саласында  еркін  де  кеңінен  қолданылуын 
қамтамасыз етіп, қолданыста тӛл ерекшелігі мен әдеби нормасын сақтап, шет ел 
тілі элементтеріне бой алдырмауына мҧрыңдық болар еді. 
Тіл  комитеті  әлемдік  тіл  заңын  қолдану  тәжірибесін  зерттесе,  тіл  заңын 
қалай  болса  солай  жасау  қате  екенін,  оны  әлеуметтік  лингвистикалық, 
психолингвистикалық,  когнитивтік  лингвистикалык  тҧрғыдан  жан-жақты 
сараптау  қажеттігін  бірден  тҥсінер  еді.  Сараптау  барысында  комитет  мынаны 
байқар еді: 

 
қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін жҥзеге асыру әлеуметтік қажеттілік. 
Қажеттілікті  ӛтеу  ҥшін  мәселеге  кҥдікпен  емес,  ҥмітпен    қарау 
керектігіне, нақты шаралар белгілеу кажеттігіне кӛз жеткізер еді; 

 
тіл  саясатының  жҥзеге  асуы  ҥшін  декларация  керек  емес,  қҧр  сӛзді 
қойып,  биліктің  әкімшілік  әдісті  қолданудан  басқа  жол  жоқ  екенін 
анықтай тҥсер еді. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №5 2008. 
 
169 
Әкімшілік  әдіс  тілдің  жҧмсалуында  ғана  емес,  ішкі  қҧрылысын  жақсарту 
барысында  да  қолданылуы  тиіс.  Мысалы,  мемлекеттік  тілді  қолданыста  шектеу 
мен орынсыз қолданылған шет ел тілі элементінен сақтау ҥшін әркім бір айтқан 
сынның берері мҥлде аз. 
Бҧрын,  кеңес  дәуірінде,  қазақ  тіліне,  негізінен,  орыс  тілі  әсер  еткен  болса, 
қазіргі  кезде  ықпалды  тілдер  қатарына  ағылшын  тілі  де  қосылды.  Қазақ  тілі 
халінің  мҥшкіл  болуының  басты  себебі  оның  екі  халықаралық  тіл  кыспағында 
қалғаны. Мҧндай жағдайда шет елдерде екі бағытта шара қолданылады: Мысалы, 
бірі  -  шет  ел  тілі  элементгерінің  кӛптеп  енуіне  (қҧйылып  кетуіне)  әкімшілік 
жолмен тыйым салу  (мысалы, генерал де Голь англицизмдердің француз тілінде 
кӛптеп  енуіне  әкімшілік  жолмен  тыйым  салды.  Қазір  Францияда  баламасы  бола 
тҧрып  ағылшын  сӛзін  қолданған  француз,  заң  бойынша,  айыпталады).  Екінші 
бағыт  - халық  арасында шамадан тыс шеттен сӛз алудың тіл  ҥшін зияндылығын 
тҥсіндіру  жҥмысын  жҥргізу,  бҧл  істе  тіл  мамандары  мен  ақын-жазушыларды, 
журналистерді  кең  қамту.  Қазақстанда  әкімшілік  пен  кірме  сӛздер  бейбіт  қатар 
ӛмір  сҥруде.  Ескі  сӛзді  жаңғыртып  қолданбай,  орынсыз  тықпалаушылар, 
қисынсыз  жаңа  сӛз  жасаушылықпен  (айналысушылар  кӛбеюде,  олардың  пайда, 
зиянын  сарапқа  салу  керек.  Бҧл  аталған  істер  орайында  жазушылар  тыныштық 
сақтауда, анда-анда тілшілер мен журналистер дауысы ғана естіледі. Шетелдік тіл 
тәжірибесінен ҥлгі аларлық реттер баршылық. 
Ашығын  айту  керек,  кейбір  билік  адамдары  Қазақстанның  тіл  саясатын 
жалпылама,  декларация  тҥрінде  тҥзуге  мәжбҥр  етті.  Сол  себепті  тіл  саясатын 
бейнелейтін  қҧжаттардың  мәтінінде  саясатты  жҥзеге  асыратын  тетіктер 
кӛрсетілмеген.  Біздің  ҧсынысымыз  мынау:  Конституциямыздың  тіл  туралы 
баптарының мәтінін қайта қарау қажет, соның негізінде Қазақстанның тілі туралы 
арнайы заңның қабылдануы. Бҧл ҥшін ақылы Уақытша еңбек ҧжымын қҧру керек 
және оның міндеті нақтылануы тиіс. Кезек кҥттірмейтін нәрсе ҥшеу.  
Б  і  р  і  н  ш  і  д  е  н,  заңдағы  мемлекеттік  мәртебелі  тілді  мәртебесіз  тілмен 
теңгеруді  заң  мәтініндегі  заңсыздық  ретінде  алып  тастамай,  мемлекеттік  тілдің 
кҥні қараң болып қала береді. Бҧған біз - кепіл. Е к і н ш і д е н, мемлекеттік тіл 
қолданылатын ӛмір саласының санын, шамамен болса да, анықтау керек. Ӛйткені 
кҥні  бҥгінге  дейін  мемлекеттік  тіл  ӛмірдің  он  саласында  қолданылады  деген 
жаңсақ пікір кездесіп қала береді. Ҥ ш і н ш і д е н, мемлекеттік тілдің кҥллі ӛмір 
саласындағы  атқарып  келе  жатқан  және  атқарар  кӛлемін  анықтамақ  керек.  Егер 
заң  мәтіні  қайта  қаралмаса,  оңда  әрбір  ӛмір  саласындағы  мекемелер  тиісті  заң 
актілерін қабылдауын міндеттеу керек. Бҧл ретте Әділет министрлігінің тілдік заң 
актілері кез келген мекемеге ҥлгі болар еді. 
Әлбетте,  Қазақстан  конституциясы  -  еліміздің  саяси  актісінің  негізі.  Басқа 
заң актілері соған сәйкес жасалуы шарт. Ал бҧл кҥллі заңнама жҥйесінің бірлігін 
тіл  заңының  жалпыға  ортақтығын  қамтамасыз  етеді.  Қазақстанның  тіл 
саясатының тәуелсіздік кӛрпесі кӛлемінде кӛсілер кезі келді. 
Әлеуметтанушылар  тіл  қолданылатын  ӛмір  салалары  мен  ішкі  салалық 
тарамдарының  кӛптігі  сонша  -  санап  шығу  мҥмкін  емес  деп  есептейді.  Бірақ  біз 
қазақ  тілінің  жҥзден  аса  ӛмір  саласы  мен  сала  тармақтарында  азды-кӛпті 
қолданылатынын жаздық /8/. 
Ашығын  айту  керек,  «Тілдердің  табиғи  тҥрде  дамуына  қажетті  50  шақты 
функциясынан  қазақ  тілі  қазіргі  кезде  тек  оншақтысын  ғана  атқарады  екен», 
сондай-ақ  қазақтың  40  пайызы  ана  тілін  білмейді  не  нашар  біледі  деген  сӛзді 
қоятын  кез  жетті  деп  ойлаймыз.  Қазақ  тілінің  қоғамдық  қызметінің  кӛлемін 
анықтау ҥшін әлеуметтік лингвистикалық, психолингвистикалық біліктілік керек. 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008. 
 
170 
Қазақ  тілінің  кызметін  ӛмірдің  кҥллі  саласы  бойынша  әр  аймақта  саралап, 
қазақ тілінің мәртебесін даралау керек. 
Аймақ  сӛзінің  мағынасы  -  ӛлке,  ӛңір.  Ғылыми  тҧрғыдан  алғанда,  аймақ  - 
елдің  табиғи  және  тарихи  калыптасқан  экономикалық,  әлеуметтік,  мәдени 
ерекшелік жиынтығымен дараланатын бӛлігі немесе бӛліктері. 
Әлеуметтік  лингвистика  тҧрғысынан  алғанда,  тілдік  аямақ  (аймақ  тілдері) 
деген  -  тілдік  жағдаяты  (ситуация),  жалпы  алғанда,  ҧқсас  болып  келген,  елдің 
жақын  орналасқан  әкімшілік-аумақтық  кҧрылыстағы  буындарға  (облыс,  аудан, 
ауылдык,  селолык,  округ)  қоғамдық  қызмет  атқаратын  тілдер  тобы  орналасқан 
аумақ.  Тілдік  аймақ  -  тілдер  қолданысынан  туындайтын  іштей  тілдік  ахуал 
ортақтығына негізделген, мӛлшері жағынан ауқымды кеңістік. 
Қазақстан  Конституция  бойынша,  «Республика  егемеңдігі  оның  бҥкіл 
аумағын  қамтиды»  /9,  2-бап,  2-тармак/.  Олай  болса,  тілдік  егемендік 
Қазақстанның  кҥллі  аймағыңда  басшылыққа  алынуы  тиіс.  Кез  келген  аймақта 
мемлекеттік тіл ӛзінің тӛл қызметін атқаруы шарт. 
Тіл  саясатының  жҥзеге  аспауының  тағы  бір  себебі  онда  аймақтық  тілдік 
жағдаяттар арасындағы айырмашылықтар ескерілмеген. Әлбетте, тілдік жағдаяты 
кҥрделі  солтҥстік  аймақ  пен  тілдік  жағдаяты  әлдеқайда  жеңіл  болып  келетін 
батыс,  оңтҥстік  аймақтарға  Қазақстанның  тіл  саясаты  ортақ,  бірақ  сол  саясатты 
жасаудың  ӛзінде  кҥллі  аймақтың  тілдік  жағдаяты  ескерілуі  шарт.  Қазіргі  кезде 
социолингвистикалық,  психолингвистикалық  зерттеу  жҥргізіп,  ортақ  тіл  саясаты 
негізінде сол жергілікті  тілдік жағдаят ерекшелігін ескере отырып, қосымша заң 
актілері қабылданғаны абзал. 
Ӛмірдің  кейбір  бірді-екілі  саласы  бойынша  мемлекеттік  тілдің  ӛзекті 
мәселелерінен туындаған ойларымызды ортаға салып, пікір алысқан абзал болар. 
1.  Отбасы,  тұрмыс  саласы.  Адам  болған  соң,  оның  жанҧясы  (отбасы) 
болмақ керек. Ал әлемдік саясат атаулы, жанҧя саясатынан басталады. Демек, тіл 
саясаты  жанҧяның  тіл  саясатынан  бастау  алмақ  керек.  Олай  болса,  тіл  саясаты 
баладан басталады. Қадыр ақын дҧрыс айтады: 
Елдің кӛркі тіл десек
Тілдің кӛркі сәби ме деп қаласың. 
Бала тілі бола алмаса ана тіл,  
Ана тілі бола алмайды ешқашан /10/. 
(Қазақстанның  жанҧялық  тіл  саясатын  жасау  керек.  Оның  қҧрамы 
мыналарды қамтуы тиіс: 

 
ата-ана  ӛздерінің  тілін  білуі  міндет,  балаларын  ҥй  ішіндегі  еркін  қарым-
қатынастан бастап ӛз тілін шығармашылықпен айналыса алатындай дәрежеде 
білетіндей етіп лингвистикалық тәрбие беруге міндеттеу

 
балалардың шет ел тілін, ҥштілділікті ҥйымдасқан тҥрде оқытуды 13 жастан 
кейін, ана тілін толық меңгергеннен соң бастау

 
қазақ жанҧясында қазақы жанҧялық тіл саясатын қайта тҥлетпесе болмайды. 
Әже  мен  немере,  ата-ана  мен  бала  арасындағы,  әке,  шеше  арасындағы  ана 
тілін білмеуден туындайтын тілдік қайшылықты (әже тілін немеренің білмеуі, 
арада  ата-ананың  тілмаштық  қызмет  атқаруы,  ата-ана  тілін  баласының 
тҥсінбеуі, 
ата-ананың тӛл тілін білмеуі) жоюдың нақіы шараларын белгілеу т.б. 
2.  Заң  саласы. Бҧл сала бойынша алда тҧрған міңдеттер: 
1)  Қазақстанның  орыс  тілін  қазақ  тілімен  теңгертпе  саясаты  уақыт  сынынан 
ӛте  алмады.  Қазақтың  орыстілді,  қазақтілді  болып  екіге  жарылу  ҥрдісін 
тоқтату ҥшін тенгермешіліктен қҧтылу; 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №5 2008. 
 
171 
2)  Қазақ  тілінде  бҧрыннан  қалыптасқан  сӛздерді  заңдандырып  бҧрмалауды 
(мысалы,  «хақым  бар»,  «хақың  жоқ»  деудің  орнына»  қҧқығым  бар», 
«қҧқығың жоқ» деген сияқтыны) тоқтату, тіл бҧзарлықтан арылу; 
3. Ғылым,білім саласы 
Мемлекеттік  тіл  ғылым  саласының  кӛптеген  тарауларында  ӛз  дәрежесінде 
колданылмайды.  Бҧл  -  бір;  Екіншіден,  тілді  дамытуды  зерттеу  ойдағыдай  емес. 
Тілді  дамыту  ҥшін  оны  толық  меңгеру  шарт.  Қҧдайберген  Жҧбановтың 
пайымдауынша, тіл тарихын білу - жалаң мақсат емес, тілді меңгеру мен ӛзгерту 
ҥшін керек. «Тілдің тарихын білу деген сӛз  - оның еніп-ӛскен жолын білу деген. 
Әлбетте, тіліміздің сонау ҧзақ жолда қандай ӛзгерістерге ҧшырағанын білу керек. 
Бҧрынғыны  білу  жай,  әшейін  мақсат  емес,  тілді  меңгерудің  амалы»  /11/,  -  дейді 
ғалым. Қҧдекеңнің ойынша: «Біз тілді меңгерсек қана оиы дҧрыс бағьпта ӛзгерте 
аламыз» /11/. 
Қазіргі қазақ тілін, әсіресе оның корпусын, яғни ішкі  кҧрылысын (мысалы, 
термин  қоры  мен  жҥйесін),  тиісті  дәрежеде  дамыта  алмай  келе  жатқанымыздың 
бір белгісі - оны, әлеуметтік қажеттілікке сай, толық меңгере алмағанымыз. Қазақ 
тілі жҥйесін ғылыми тҧрғыда толық меңгере алмауымыз мектеп пен жоғары оқу 
орындарының  казақ  тілін  оқыту  ісін  жетілдіруді  кажет  ететінін  андатады.  Бҧл 
ҥшін  тілді  білу  шарт.  Алайда  Қазақстанда  казақ  тілі  мамандарының  әлеуметгік 
лингвистика  мен  психолингвистака,  әдіснама  мен  әдістемеден  біліктілігін 
арттыратын  бірде  бір  орталық  жоқ.  Осы  бір  олқылықтың  орнын  толтыру 
мақсатында  білім  және  ғылым  министрлігі  қҧрамында  (не  жанынан)  әлемдегі 
казақ  тілі  мамандары  ҥшін  «Мемлекеттік  тілді  дамыту  тетіктері  мен  оқыту 
ғылыми-зерттеу орталығын» (қысқаша «Мемлекеттік тіл орталығы») ашпақ керек. 
Мемлекеттік  тіл  орталығының  мақсаты  кең:  мемлекеттік  тілді  дамытудың 
әдіснамалық  негізін  қалау;  білім  беру  жҥйесіндегі  қазақ  тілінің  әлеуметтік 
кызметін  талдай  отырып,  салаға  акпараттандыру  технологиясын  енгізу; 
мемлекеттік  тілді  оқытып,  ҥйретудің  тиімді  жолдарын  қарастыра  отырып, 
оқытып-ҥйрету  әдістемесін  жетілдіру,  озық  тәжірибелерді  тарату;  қазақ  тілі 
маманының  кәсіби-әдістемелік  даярлығын  жоғары  сапаға  кӛтеруге  атсалысу, 
қолма-қол кӛмек беру; т.с.с. 
Мемлекеттік тіл орталығына Қыздар институтының Тіл теориясы мен оқыту 
әдістемесі  және  Қазақстан  тілдері  кафедрасының  социолингвисі  мен 
психолингвисі,  әдіскерлерін  және  ӛзге  оқу  орындарындағы,  шет  елдердегі 
тандаулы  мамандарды  тартса,  оның  халықаралық  деңгейге  кӛтерілу  мҥмкіндігі 
молаяр еді. 
Министрлік  қаражатының  негізінде  іргесін  кӛтергеннен  кейін  Мемлекеттік 
орталық  болашақта  арнайы  курстар  мен  дәрістер  оқу  арқылы,  конференция, 
кӛрмелер  ҥйымдастыра  отырып,  одан  тҥскен  қаржы  негізінде  ӛзін-ӛзі 
каржыландырып, материалдық-техникалық база жинақтау жҥйесіне кӛше алады. 
Білім тҧжырымдамасында мемлекеттік тілге дҧрыс кӛңіл бӛлінбеген. 
Қысқасы, қазақ тілінің тауы шағылып, тауаны қайтпауының бір шарты оны 
окытуды оңтайлау. Бҧл ретте баланы тым жас кезден шет ел тіліне оқыту дҧрыс 
еместігі  психолингвистикада  дәлелденілген.  Елімізде  ғаламдандыру  тілі  балып 
танылған ағылшын тіліне оқыту дҧрыс ҥйымдастырылмайтын тҥрі байқалады. Бір 
сӛзбен айтқанда, білім саласында шет ел тілін оқыту саясаты жасалуы керек және 
ол жан-жақты ойластырылып жасалуы тиіс. 
Мемлекетгік  тілді  дамытудың  басты  кепілі  -  билікті  басқару.  Әлемдік 
игілікті  іс  біткеннің  кҥллісі  әлеуметтік  ҥш  алыпқа  сҥйене  отырып  жҥргізіледі. 
Даму  теориясының  ҥш  негізгі  ҧғымының  бірі  -басқару,  екіншісі  -  ҧйымдастыру, 
ҥшіншісі - ақпарат. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет