Казахский национальный педагогический



Pdf көрінісі
бет11/24
Дата24.02.2017
өлшемі3,31 Mb.
#4781
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

Kaynaklar: 
1 Tural, Sadık K. ―Nekre Ve Nükte Kavramlarının Kültür İçindeki Yeri Ve  
Fonksiyonları‖,  Fikrî  Ve  Felsefî  Yönüyle  Nasreddin  Hoca  Sempozyumu  Bildirileri, 
Konya Valiliği İl Kültür Müdürlüğü, Akşehir.1990 
2 Aktaş, Tahsin ―Yabancı Dil Öğretiminde İletişimsel Yeti‖ Selçuk Üniversitesi Sosyal 
Bilimler Enstitüsü Dergisi.2004 

3 Barın, Erol ―Yabancılara Türkçe Öğretiminde İlkeler‖ Hacettepe Üniversitesi Türkiyat 
Araştırmaları Dergisi, S. 1,2004. 
4  Barın,  Erol.  ―Türkçenin  Yabancılara  Öğretiminde  Motivasyon‖,  1.Uluslararası  Türk 
Dili  Ve  Edebiyatı  Sempozyumu(23-26  Ekim  2007)  Bildirileri,  Süleyman  Demirel 
Üniversitesi, Isparta.2008 
5 Demirel, Özcan. Öğretme Sanatı, PegemA Yay., 12.Baskı, Ankara.2007. 
 
        Тҥйін 
Шетелдіктерге  Түрік  тілін  үйрету  барысында,  тіл  дағдыларын  оның  ішінде  сӛйлеу 
дағдысын дамытуда мультфильмдердің маңызы ӛте зор. Түрік халқының мәдениетін, ӛмір 
сүру  салтын  танытатын  Түрік  халқының  мультфильмдері  тіл  үйренушілерге  де  сӛйлеу 
дағдысын дамытатын бейнелі және кӛрнекілік құралдарының бірі болып табылады.  
 
Resume 
The basic language skills in teaching Turkish to foreigners, especially the importance of cartoons 
in developing the ability to speak is too large.
 
In the tradition of the Turkish people, culture, life, 
introducing  the  Turkish  people  will  develop  the  ability  to  speak  in  a  way  cartoons  visual  and 
audio is one of the tools.
  
 
 
ӘОЖ 82:81 255.2 (17.07.61) 
 
Омар Б.М., Баетов Е.К. 
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан 
ЗАҢ ТЕРМИНДЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ ДҦРЫС АУДАРУДЫ 
ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Мақалада егеменді еліміздің құқыққорғау жүйесін жетілдіру мәселелерімен қатар, 
құқыққорғау  жүйесіндегі  іс  жүргізу  және  билік  ету,  шешім  шығарудағы 
терминологиялық  атауларды  дұрыс  аударуды  жетілдіру  мәселелері,  сондай-ақ 
терминологиялық атаулардың қазақи түпнұсқасына үңілу мәселесі қарастырылады. 
Тірек  сөздер:  Заң  терминологиясы,  термин,  қазылар,  алқабилер,  сот.  норма, 
аударма ісі, мемлекет, нормативтік құқықтық актілер, заңнама, балама сӛз, түсіндірме 
сӛздік.  
 
Бүгінгі  таңда  мемлекетіміздің  заң  терминологиясы  қайта  түлеу  үстінде 
деуге болады. Бірақ бұл мәселе жиырма екі жылдан бері бір жолға қойылмай 
келеді.  Себебі  біз  заң  терминдерін  аударуға  келгенде  олқылықтар  танытып 
келеміз. Сол себептен, затына аты сай келмейтін терминдер қалыптастырған 
біздер келер ұрпақ алдында айыптымыз деп, айтсақ қателеспейтін шығармыз.   
Бүгінгі  күні  еліміздегі  біршама  заңдарымыз  бен  басқа  да  кӛптеген 
құқықтық  нормалар  аударма  түрінде  қолданылып  келеді.  Егерде  заңдар  тек 
мемлекеттік  тілде  жазылып,  қолданылса,  сондай-ақ  кең  ӛріс  алса,  оның 
қайшылықтары  бірден  байқалар  еді.  Сол  себептен  біз  бірінші  аударма 
мәселесіне  кӛп  кӛңіл  бӛле  отырып,  мемлекетіміздегі  заң  тілін  жӛнге 
қойуымыз қажет. Заңды түзеу үшін, алдымен, заңды сол мемлекеттің тілінде 
жазуымыз  керек.  Біздің  мемлекетіміздің  тілі  –  қазақ  тілі. Орыс  тілі  – ресми 
тіл.  Оған  ешкімнің  қарсылығы  жоқ,  дау  туғызып  жатқан  жоқ.  Бірақ,  біздің 

заңдарымыз  Парламентте  ресми  тілде  жазылады  да,  мемлекеттік  тілге 
аударылады. Аударылғаннан кейін заңның мәні кетеді [1, 1б]. 
Жалпы  заң  ғылымында  аударылатын  терминдер  бар,  сондай-ақ, 
аударылмайтын халықаралық терминдер бар. Соны анықтап алуымыз қажет. 
Әйтпесе,  аудармашылар  әрқайсысы  ӛзінше  жеке  аударып,  пайдаланып, 
сӛздің мәнін кетіруде. Алдымен, мемлекеттік ономастикалық комиссияда бұл 
мәселе қаралуы керек. Ӛкінішке қарай, бұлай жұмыс істеп жатқан ешкім жоқ. 
Ӛздеріңіз білесіздер, бізде «Тіл туралы» заң бар. Осыны бетке ұстаймыз. Заң 
болуы үшін, біріншіден, оның диспозициясы болуы керек. Екіншіден, ол заң 
орындалмаса,  оған  қолданылатын  санкция  болуы  тиіс.  Біздің  «Тіл  туралы» 
заңымыз тек диспозициядан тұрады. Санкция жоқ. Яғни, «Тіл туралы» заңды 
орындамағанға  жауапкершілік  қарастырылмаған.  Содан  кейін  де  ешкім 
заңды  орындамайды,  ол  күнделікті  заң  жүзінде  қалады.  Бізде  мемлекеттік 
тілді орнықтыруда қиыншылықтың болғаны рас. Халқымыздың 40 пайызы ӛз 
тілін  білмейді,  басқа  ұлттардың  ӛкілдері  ресми  тілде  сӛйледі.  Ал,  қазіргі 
жағдайымызда  Қазақстанның  60  пайызға  жуығы  қазақ  ұлтынан  тұратыны 
жӛнінде  статистикалық  кӛрсеткіштер  бар.  Соған  қарағанда,  тіл  де  дамуы 
керек.  
Біздің тіліміздің негізі Ата заңда болуы керек. Конституция заңдардың 
негізі болғандықтан, қайбір термин де соған сәйкес болғаны жӛн. Сол заңды 
аударғанда  да  «мынау  термин  қалай  екен?»  деп  Конституцияға  қарауымыз 
қажет. Жоқ, Конституцияда бір бӛлек, кодекстерде бір бӛлек болып жүреді. 
Осындай  алшақтықтарды  байқаймыз.  Қылмыстық  кодексте  аударуға 
жатпайтын  халықаралық  терминдер  бар.  Осы  секілді  аударуға  келмейтін 
терминдерді  сол  күйінде  қалдыра  отырып,  пайдалануымыз  керек.  Ол  біздің 
тілімізді  байытпаса  кемітпейді.  Мысалы,  «амнистия»  деген  халықаралық 
термин  ғой?  Оны  «рақымшылық»  дедік.  Ал,  рақымшылық  деген  – 
«помилование»  дегенге  жақын.  Рақым  деген  сӛз  –  жақсылық  жасау  дегенге 
келеді.  Ал,  амнистия  дегеннің  мағынасы  кең  ғой.  Сол  сияқты  «коррупция» 
деп  айтып  жүрміз.  Оны  «жемқорлық»  дедік.  Түпкі  сӛзі  «жемді»  мал  жейді 
ғой,  сонда  адамды  малға  айналдырғанымыз  ба?  Коррупция  –  халықаралық 
термин,  ол  сол  қалпында  қалуы  керек.  Ӛйткені,  барлық  елдерде  бұл  атау 
коррупция  күйінде қолданылады.  Ал,  біз  келіп оны  аударамыз.  «Сыбайлас» 
дегеннің  ӛзінің  екінші  мағынасы  бар,  ол  «соучастие»  деген  сӛз.  Сыбайлас 
дегенмен жалғыз адам қылмыс жасамайды, ол бірнеше адамның тобы деген 
сӛз.  Ал,  коррупцияны  бір  адам  да  жасай  береді.  Оның  мағынасы  да, 
қолданылуы да алшақтап кетіп отыр. Сосын Қылмыстық кодексте «рецидив» 
деген  термин  бар.  Біздің  бұрынғы  Қылмыстық  кодексімізде  «аса  қауіпті 
рецидивист»  деген  термин  болды.  Бұл  да  халықаралық  термин.  Бұрын 
сотталып,  ол  соттылығы  жойылмай  жатып  тағы  қылмыс  жасаса,  оны 
рецидивист деп атайды. Ал, біз мұны «қылмысты қайталау» деп аударамыз. 
«Қайталаудың»  орысшасы  –  «повторность»  қой.  Кез  келген  қайта  жасалған 
қылмыс  рецидивист  болмайды.  Міне,  мағынасы  қалай  бұзылып  тұр.  Осы 
күнге дейін «деяние» – «іс-әрекет» деген ұғымды білдіреді деп оқып келдік. 
Бұл  іс-әрекет  дегеніңіз  –  «действие»,  «бездействие».  Ал,  бізде  «деяниены» 

«әрекет»  деп  аударған.  Жарты  сӛзін  кесіп  тастаған.  Сӛйтіп,  сӛздің  ӛрісі 
тарылып  қалған.  «Виновность»  –  «кінәлі»  екенін  білесіздер.  Оны  біреу 
«айыпты» деп аударады. Ал, айыпты, кінәлі деген бір-бірінен мүлдем бӛлек 
сӛздер. Мені осы күнге дейін абыржытатын бір термин бар, ол – «хищение». 
Біздер  оны  «жасырын  түрде  ұрлау»  деп  аудардық.  «Хищениены»  Кеңес 
ӛкіметі  кезіндегі  кодекстерде  «талан-тараж»  деп  аударған.  Осындай  жақсы 
сӛзіміз  бар  еді  ғой?  Оны  біреулер  «заңсыз  иемдену»  десе,  енді  біреулер 
«ұрлық»,  «пайдаға  асыру»  дейді.  Бір  терминді  заңға  әртүрлі  етіп  жазады. 
Оны оқыған адам да, сот та түсінбей, бір сӛзді осылай қорлап жүрміз [1, 1б]. 
«Сот»  деген  сӛз  –  орыстардың  «судь»  деген  сӛзі.  Яғни,  бізде  соттау, 
сотталушы  дейді.  Қазақстан  Республикасының  Жоғарғы  соты.  Сол  сияқты, 
Алматы  қаласының  соты.  Егер  орыстармен  сӛйлессеңіз,  олар:  «Сонда 
сіздерде осы күнге дейін мүлдем сот болмағаны ма, біздіңше «суд» дегенді ӛз 
тілдеріңізге  аударып  алатындай?»  –  деп  сұрайды.  Мен  ештеңе  айта  алмай 
қиналамын.  Егер  Махмұд  Қашқаридың  кітабын  оқып  отырсаңыз,  Шыңғыс 
ханның  заманында  түркітілдес  халықтардың,  біздің  қазақтың,  ӛзбектің  тілі 
болған.  Сол  кезде  тарихта  қаншама  белгілі  мемлекеттер  болды.  Мемлекет 
құрылған жерде ӛздерінің сот билігі болады. Ӛйткені, сот билігінсіз мемлекет 
жоқ.  Біз  филолог  емеспіз,  заңгерміз.  Дегенмен,  «сот»  деген  атауға 
намыстанып,  зерттеп  қарадық.  Қазақтарда  «қазы»  деген  сӛз  бар.  Мысалы, 
«әділқазы», «қазылық жасау» деп айтып жатамыз. Сосын, қазақтарда «билік» 
деген  де  сӛз  бар.  «Биліктің»  мағынасы  кеңдеу.  Ӛйткені,  билік  құрған 
адамның  қолында  соттау,  әкімшілік  билігі  болған.  Сонымен  қатар,  қазақ 
халқында «Билер», «қазылар», - деген сӛз бар. Олар халық тӛрелігін айтқан. 
Мәселен, біздің белгілі үш бидің қолында осындай билік болды. «Присяжный 
заседатель»  деген  сӛз  бар.  Оны  «алқабилер»  деп  айтып  жүрміз.  «Присяга» 
деген «ант» деген сӛз. Сонда «ант қабылдаған заседательдер» болып шықпай 
ма?  Егер  «алқабилер»  дейтін  болсақ,  судьяларды  «билер»  деп  ӛзгертейік. 
Сонда  «алқабилердің  қатысуымен  қаралатын  іс»  болады.  Мұның  бәрі  – 
заңдардағы 
терминдерді 
талқылағанда 
заңгерлердің, 
тәжірибелі 
мамандардың  пікірлерін  тыңдамағандық.  Әрине,  аудармашыларды  да 
кінәлауға болмайды. Олар филологтар, кейде журналистер, оның мағынасын 
білмеуі  мүмкін.  Сондықтан,  мұндай  заңды  аударар  алдында  мамандармен 
терминдерді  талқылап  алу  керек.  Жалпы,  заң  терминдері  туралы  алдын  ала 
республикалық  конференция  ұйымдастыру  керек.  Заң  терминдерінің,  оның 
нұсқасының  сот,  тергеу  процесі  барысында  қолданылуы  жӛнінде  жиын 
ӛткізіп, бұл атауларды түзеуіміз керек [1, 1б]. 
Қазір  еліміздің  тәуелсіздігіне  21  жыл  толып  отыр.  Соның  қарсаңында 
«сот» деген сӛзді ӛзгерту керек деп есептеймін. Ресейліктер «милиция» деген 
сӛзді ӛзгертіп еді, біз де бұл сӛзді ӛзгерттік. «Сот» біздің сӛз емес. Сондай-ақ, 
«соты» деп жазғанымыз тағы дұрыс емес. Сондықтан, менің айтарым, «сот» 
деген сӛзді «қазы» деп ауыстырсақ, одан ұтатынымыз кӛп. Осы арқылы «сот» 
деген  келеңсіз  қалыптасып  қалған  сӛзді  ұмыттырып,  «қазы»  деген  атауды 
жаңадан  сӛздік  қорымызға  қосамыз.  Екінші  бір  айта  кететін  нәрсе, 
«юстиция» – латын сӛзі және ол халықаралық термин. Дүниежүзі «юстиция» 

деп  айтады.  Оны  біздер  «әділет»  деп  ӛзгерттік.  «Әділет»  дегеніміз  – 
«справедливость»  қой.  Оның  әділеттен  де  басқа  халыққа  қызмет  ететін 
салалары  кӛп.    Түріктер  сотты  «әділет  үйі»  деп  атайды.  Расында,  адам 
әділеттік  іздеп  сотқа  келеді  ғой?  Ал,  біз  тек  заңды  тіркеуге  алып  отыратын 
орынды  «әділет  үйі»  деп  ӛзгертеміз  де,  ал,  шынындағы  әділет  үйі  –  сотты 
орысша  жазамыз.  Сондықтан,  сотты,  керісінше,  «әділет  үйі»  деп  ӛзгерту 
керек сияқты. Ал, ондағы судьялар – қазылар. Егер тӛраға болса, ол «Әділет 
үйінің тӛрағасы» дейміз. Біздікі тек ұсыныс. Тіл мамандары баршылық. Оны 
ӛздері шеше жатар. Бірақ, сот деген сӛзге қазақтың балама сӛздері кӛп. 
Сонымен,  заңды  сӛзбе-сӛз  емес,  мағыналық  тұрғыдан  аудару  керек 
дедік.  Бұл  бергі  жағы.  Екінші  жағы,  мағыналық  аударудың  жӛні  осы  деп 
заңға  артық  ауыз  сӛз  қоса  беруге,  не  қазан-ошақ  тілімен  баяндауға  тағы  да 
болмайды.  Юриспруденцияда  «грамматикалық  талқылау»  деген  ұғым  бар. 
Алда-жалда  заң  тілінен  дау  туса,  әр  сӛзді,  үтірді  әр  қырынан  талдауға  тура 
келеді.  Сайып  елгенде,  осындай  олқылықтар  орын  алмас  үшін  заң  шығару 
процесінде бірден казақша жоба ұсыну үрдісін қалыптастыру абзал. Тағы бір 
айта  кететін  жәйт,  бір  терминді  бір  түрлі  ғана  баламалап,  оны  тура  сол 
мағынасында  ӛзгеше  түрлеңдіруге  жол  бермеу  қажет.  Дей  тұрғанмен  бұдан 
калыс  қалатын  жәйттер  де  бар.  Ол  түрлендіруге  жол  бермейміз  деп,  бір 
терминнің  баламасын  кез-келген  жерде,  кез  келген  мағынасында  бір-ақ 
сӛзбен беру [2, 1б]. 
Заң  терминдерінің  дұрыс  аударылуы,  мінсіз  қолданылуы    – 
мемлекетіміздегі заңдылық пен құқық тәртібін нығайтудың кепілі [3, 1б]. 
Қандайда  бір  мемлекеттің  ең  негізгі  белгісі  –  тілі.  Мәселен,  кӛршіміз 
Ӛзбекстан Кеңес ӛкіметі кезінде тілін жоғалтпаған ел еді. Қазір «ӛзбектер тек 
ӛз тілдерінде сӛйлейді» деп мақтаймыз. Сол сияқты тілін сыйлаған халықты 
басқа  ұлт  та  сыйлайды.  Кейбір  шетелдерден  келген  заңдық,  құқықтық 
саладағы терминдердің қазақша баламалары бар. Оны іздесек табамыз. Бірақ, 
олар  архаизмге  айналып  кеткен.  Яғни,  пайдаланудан  түсіп  қалған.  Содан 
намыстанбай,  қысылмай,  архаизмге  айналып  кеткен  сӛздерді,  атауларды 
тірілтсек қалай болар еді? 
Сондықтан  заң  терминографиясындағы  осы  істі,  қанша  қиын  болса  да, 
тез  арада    қолға  алу  керек.  Заман  ағымына  ілесіп  отыру  үшін  және  кӛштен 
қалып  қоймау  үшін  бұл  –  аса  қажет  іс  деп,-  ойлаймыз.  Ұлттық  заңнама 
тілінің  ӛзекті  проблемалары  деуге  болатын  жоғарыдағы  мәселелер  жӛнінде 
әлі  де  талай  әңгіме  айтуға  болады.  Алайда  оның  бәрі  бір  іс  тындырғанға 
жетпес еді. Сол себепті алдағы уақытта, яғни Қазақстан Республикасы латын 
әліпбиіне толық кӛшпей тұрып, бұл мәселені шешіп алған жӛн деп ойлаймыз.  
 
Әдебиеттер тізімі: 
1  Ағыбаев  А.  Терминді  дұрыстау  үшін  қазақи  сана  қалыптастыру  керек  Алматы, 
2011ж. -1бет. 
2 Қылмыстық заңдардағы қателер (1 – 6)... www.namys.kz/?p=9095.-1 б. 
3  Қылмыстық  заң  терминдерінің  бірізділігі  –  заңдылық  пен  құқық  тәртібін 
нығайтудың негізі .-1 б. 

Резюме 
В статье наряду с вопросом о развитии правоохранительных  систем нашей независимой 
страны,  изыскаются  вопросы  о  развитии  правильного  перевода  терминологических 
названий в делопроизводстве, в управлении и вынесении решения в правоохранительной 
системе,  а также вопрос углубления в казахский оригинал терминологических названий. 
 
Resume 
The  article,  along  with  the  question  of  the  development  of  law  enforcement  systems  of  our 
independent  country,  refined  questions  about  the  development  of  a  correct  translation  of 
terminology names in proceedings, in the management and decision making in law enforcement, 
as well as the issue of deepening the original terminology in Kazakh names. 
 
 
ОӘК 37.013.14.07.07 [04.51.53] 
 
Садвакасова Ж.К. 
Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, Қазақстан 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНТТЕЛЛЕКТУЛДЫ ҦЛТ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӚЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі  - білім. Білім - 
ғылымның  іргетасы  және  мемлекет  дамуының  алтын  арқауы.  Мемлекет  басшысы 
биылғы  халыққа  Жолдауында  XXІ  ғасырдың  алғашқы  онжылдығындағы  әлеуметтік-
экономикалық  белестерімізге  қорытынды  жасап,  2020  жылға  дейінгі  дамуымыздың 
бағдарын айқындап бергенде де білімге кӛп назар аударды. 
Жаhандану  заманында  интеллектуалды  ұлт  қалыптастыру,  мемлекет  басшысы 
нұсқағандай,  қатал  бәсекеге  қабілетті  мамандарды  даярлауға  ғана  қатысты  емес, 
оларды  ел  экономикасын  алға  тартатын  күш  ретінде  орнықтыруға  да  байланысты. 
Отандық  білім  жүйесі  ӛз  қызметін  «Білім  беруге  салынған  бүгінгі  инвестиция  - 
мемлекеттің  ертеңіне  жасалған  қамқорлық»  деген  қағидатқа  сүйене  отырып  жүзеге 
асыруы керек. 
Елімізде 
ұлттың 
интеллектуалдық 
әлеуетін 
арттыруа 
бағытталған 
мемлекеттік  шаралардың   іске  асырылуы  мәселені  күн  тәртібіне  қойып  отырғанының 
дәлелі.  «Интеллектуалды  ұлт  –  2020»  Ұлттық  жобасының  басты  мақсаты   елдің 
интеллектуалдық әлеуетін арттыру. 
Тірек  сөздер:  интеллектуалды  ұлт,  инновациялық  технологиялар,  білім  беруді 
дамыту, жаңа әдістемелер, тұлғаны қалыптастыру. 
 
ХХІ  ғасыр  ұлттық  бәсеке,  ақпараттық  сайыс  инновациялық 
технологиялар,  күрделі  экономикалық  реформалар  сияқты  кӛріністермен 
ерекшеленеді. 
Сол  кезеңге  сай  интеллектуалды,  дені-сау,  ой-ӛрісі  жоғары  дамыған 
әлемдік  деңгейдегі  жоғары  білімі  бар  азаматтарды  тәрбиелеу  –  мемлекеттік 
ең маңызды стратегиясы. 
Әлемдік  ӛркениетте  ӛз  орнын  тауып,  жаһандану  ағысына  енген 
еліміздің алдында миятты міндеттер мен бұлтартпас бағыттар тұр. Солардың 
бірегейі – білім беру жүйесін жетілдіру. 

Елімізде  білім  мемлекеттің  экономикалық  ресурсы,  ӛндіріс  факторы 
ретінде қарастырылуда. 
Соңғы үш жыл бойына Қазақстан ЮНЕСКО-ның Білім беруді дамыту 
индексі бойынша әлемнің 129 елі ішінде кӛшбасшылардың тӛрттігінде тұр. 
ХХІ ғасырда Қазақстанда білім беру жүйесінде инновациялық серпіліс 
жасалынды.  Жаңа  мыңжылдық  білім  беру  үдерісін  мүмкіндігінше  кеңірек 
қарауды талап етеді. Әр адамды жаңа әлемде жұмыс істеуге, білім алуға, ӛмір 
сүре  алуға,  бірлесіп  ӛмір  сүре  білуге  үйрету  қажет.  Бұл  ЮНЕСКО 
қалыптастырған білім берудің тӛрт тағаны. 
Әлемнің  кӛптеген  алдыңғы  қатарлы  елдерінің  білім беру  жүйесі  білім 
берудің  құрылымын,  мақсатын,  мазмұны  мен  технологиясын  ӛзгертті. 
Білімді,  білікті,  дағдыларды  бұрынғыдай  механикалық  түрде  беру  емес, 
ақпараттық-зияткерлік ресурстарды ӛз бетінше тауып, талдап және пайдалана 
білетін,  инновациялық  идеялардың  қуат  кӛзі  болатын,  жедел  ӛзгеріп 
отыратын  әлем  жағдайында  дамитын  және  ӛзін-ӛзі  ашып  кӛрсете  алатын 
болашақ маман тұлғасын қалыптастыру басымдылық болып табылады. 
Осыған  сәйкес  білім  беру  жүйесін  жетілдірудегі  маңызды  міндеттер 
қойылып отыр: 
-  педагогикалық білімнің мазмұны мен әдістерін жаңарту; 
-  педагогикалық  кадрларды  кәсіби  даярлауда  теориялық  және 
практикалық инновациялық бағыттарды анықтау; 
-  оқу-тәрбие  процесіне  инновациялық  ақпараттық-коммуникациялық 
білім беру технологияларын енгізу
-  кез келген жағдайда ӛз бетімен оң шешім қабылдай алатын, ӛзіндік 
білім алу траекториясын құрастыра білетін және  оны тиімді жүзеге 
асыру  жолдарын  анықтай  алатын,  ӛзіндік  білім  алу  траекториясын 
құрастыра алатын, оны тиімді жүзеге асыра білетін интеллектуалды 
тұлғаны тәрбиелеу, яғни адами капиталды қалыптастыру. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаев  «Әлеуметтік-
экономикалық  жаңғырту  -  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты 
Қазақстан  халқына Жолдауында  «Білім    беру  жүйесін  жаңғырту  барысында 
біз  үшін  келесі  іс-шараларды  жүзеге  асырудың  маңызы  зор.  Біріншіден, 
оқыту  үдерісіне  қазіргі  заманғы  әдістемелер  мен  технологияларды  енгізу. 
Екіншіден,  педагогтар  құрамының  сапасын  арттырудың  маңызы  зор»  -  деп 
атап кӛрсеткеніндей,  жаңа дәуірдегі жаһандану  үдерісіне тӛтеп  бере  алатын 
болашақтың  зиялы  ұрпақтарын  тәрбиелеу  ӛркениетке  бағыт  алған  әрбір 
мемлекеттің ӛзекті мұраты [1]. 
ХХІ  ғасырда  Қазақстан  Республикасындағы  білім  беру  жүйесін 
реформалаудағы  стратегиялық  міндеті-экономиканың  орнықты  дамуы  үшін 
сапалы  білімнің  қолжетімділігін  қамтамасыз  ету  арқылы  адами  капиталды 
дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. 
Қазақстан  Республикасында  ел  басшылығының  адами  капиталды 
дамытудың  қажеттілігі  мен    маңыздылығын  түсініп,  білім  беру  жүйесін 
реформалауды  бастауға  және  жүргізуге  жан-жақты  қолдау  кӛрсетуінің 

нәтижесінде  білім  беруді  қарқынды  дамыту  мен  жаңғырту  мүмкін  болып 
отыр. 
2005  жылдан  бастап  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді 
дамытудың тӛмендегідей ресми құжаттары қабылданды: 
-  Қазақстан  Республикасынды  білім  беруді  дамытудың  2005-2010 
жылдарға арналған мемлекетік бағдарламасы; 
-  Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді 
дамыту тұжырымдамасы; 
-  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; 
-  Қазақстан Республикасында  техникалық және кәсіптік білім беруді 
дамытудың 
2008-2012 
жылдарға 
арналған 
мемлекеттік 
бағдарламасы; 
-  Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз 
ету жӛніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» мемлекеттік 
бағдарламасы; 
-  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;   
-  Қазақстан  Республикасының  дарынды  жастарына  арналған 
«Болашақ» халықаралық бағдарламасы және т.б. 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  білім  беру  жүйесін 
жаңғыртудың басым бағыттары айрықша сараланды: 
-  электронды  оқыту жүйесін құру; 
-  оқытудың 12 жылдық моделіне ӛту; 
-  ұлттық біліктілік жүйесінің негізін жасақтау; 
-  білім беруге мемлекеттік-жеке меншік  әріптестікті енгізу
-  еңбек  нарығының  талаптарына  сай  келетін,  азаматтардың  кәсіптік, 
мансаптық  және    жеке  тұлға  болып  ӛсуіне  ықпал  ететін  үздіксіз 
кәсіптік білім берудің икемді жүйесін  қалыптастыру; 
-  заманауи  ғылыми-білікке ие және еліміздің инновациялық дамуына  
үлесін қоса алатын ғылыми-педагог кадрларды даярлау [2]. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаев  «Қазақстан  білім 
қоғамы  жолында»  атты  «Назарбаев  Университетінде»  оқыған  лекциясында: 
«Мектеп  жасына  дейінгі  білім  беруді  жаңғырту  одан  әрі  жалғасуы  тиіс, 
болашақта кӛп қырлы  тұлға қалыптастыру үшін негіз де дәл сонда қаланады. 
Бірінші.  Озық  халықаралық  тәжірибе  негізінде  мектеп  жасына  дейінгі 
тәрбие  мен  білім  беруге  оқытудың  қазіргі  заманғы  әдістемелерін  енгізу  
қажет. Олар инновациялық, ал білім беру технологиясы креативті болуы тиіс. 
Екінші.  Балаларды  мектепке  дейінгі  білім  берумен  қамту  мәселесіне 
қатысып жүйелі ұсыныстарды әзірлеу қажет. 
Үшінші. Мектеп жасына дейінгі білім беру деңгейінде үш тілді оқытуды 
жаппай  енгізуді  қамтамасыз  ету  қажет»  –  деп  мектепке  дейінгі  білім  беру 
жүйесін жетілдіру қажеттілігіне тоқталды [3]. 
Мектепке  дейінгі  білім  беру  саласында  «Балапан»  мемлекеттік 
бағдарламасы ырғақты жүзеге асуда. Мектеп жасына дейінгі мекемелер саны 

3,5 мыңнан астамға артты. Екі жыл ішінде мектеп жасына дейінгі балаларды 
мектепке  дейінгі  тәрбие  және  оқытумен  қамту  36  пайыздан  65  пайызға 
ұлғайды. 
 «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде мектепке дейінгі  білім 
беру  ұйымдарының  саны  3528  бірлікке  (831  балабақша  мен  2697  шағын  
орталықтар), олардағы орындар  саны 198,1 мыңға артты.  
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың жаңа формасы – 
99,7  мың  орны  бар  2697  шағын  орталықтар  ашылды.  Жеке  меншік  балалар 
бақшасының желісі даму  үстінде - 26,4 мың орындық  289 балалар бақшасы 
ашылды. 2011 жылы республикада 8096 мектепке дейінгі ұйым (2748 балалар 
бақшасы  мен  5348  шағын  орталық)  жұмыс  істеді.  Егер  бағдарлама  жүзеге 
асырудың  бастапқы  сәтінде  356  мың  бала  немесе  барлық  балалардың  36 
пайызы,  мектепке  дейінгі  тәрбиемен  қамтылса,  қазіргі  күні  бұл  кӛрсеткіш 
65,4 пайызға жетті. 
2012 жылдың бірінші жартыжылдығында 8524 мектепке дейінгі ұйым – 
2908 балалар бақшасы мен 5616 шағын орталық жұмыс істеп, оларда 605790 
бала  тәрбиеленді. 
Қазақстан жалпы экономикалық та, әлеуметтік және ғылыми білім беру 
тұрғысында да алға озған ел. Онда ТМД елдерінде, кӛбіне-кӛп әлемде де енуі 
ғана талқыланып  жатқан кӛптеген жобалар жүзеге асырылуда. 
Мәселен,  Қазақстан  ТМД  мемлекеттері  ішінде  бірінші  болып  жоғары 
білімде  үш  деңгейлі  «бакалавр  –  магистр  –  философия  докторы»  оқу 
жүйесіне толықтай кӛшті. 
Шын мәнінде, қазіргі кезеңде қоғамның ӛркендеп - ӛсуі білім жүйесінің  
сапасын  жақсартуды,  жаңа  технологияларды    кеңінен  қолдануды,  жаңа 
формациядағы  педагогтар  дайындау  арқылы  еліміздің  білім  жүйесін 
халықаралық  стандарт  деңгейіне  жеткізуді,  нарық  экономикасына  
бейімделген  бәсекеге  қабілетті  білімді  де  білікті  мамандар  дайындауды 
негізгі  стратегиялық  межеге  жатқызады.  Бұл  мерейлі  мақсаттар  еліміздегі 
білім  беру  жүйесінің  алдына  инновациялық  технологияларды  іздестіру, 
оқытудың жаңа технологияларын қолдану және оны үнемі жетілдіріп отыру 
міндеттерін күн тәртібіне қоюда. 
2010  жылы  Қазақстанда  оқытудың  қағидатты  жаңа  сапасына  қол 
жеткізуге  бағытталған  білім  беруді  дамытудың  айрықша  жаңа  мемлекттік 
бағдарламасы  қолдалылады.  Бұл  бағдарламаны  бүгінде  әлемнің  кӛптеген 
елдері  үлгі ретінде қарастыруда. 
ОсылайшР,  Қазақстан  ТМД-да  бірінші    болып  2  11  жылдан  бастал 
педагогикалық  білім  беруді  жаңғыртуды  бастады.  Педагогтар  даярлайтын  
ЖОО-лар  саны  күрт  қысқарды,  оларды  даярлау  бағдарламалары  түбегейлі 
қайта  қаралуда.  Мәрелен,  Кембридж  университетімен  ықпалдастықта 
мұғалімдерді қайта даярлаудың қағидатты жаңа бағдарламасы іске қосылды. 
Бағдарламаның  басты  бағыты  –  оқушыны  іс-әрекет  арқылы  зерттеу, 
нәтижесінде    ӛз  ойын  нақты  жеткізе  алатын,  ойға  жүйрік,  тілге  шешен, 
бәсекеге  қабілетті,  жан-жақты  жетілген,  болашаққа  сенімді,  ынталы,  сыни 
пікір,  кӛзқарастары  жүйелі  дамыған,  қазіргі  тез  ӛзгермелі  бүгінгі  ӛмірде  ӛз 

білімін  қалыптап  тыс  жағдайда  еркін  әрі  терең  пайдалана  алатын 
интеллектуалы жоғары креативті тұлға қалыптастыру. 
Қазақстанда жалпы әлемдік табысты тәжірибені сорғышша сора отырып,  
қағидатты жаңа кӛзқарастарды қалыптастыратын даңғыл жол ұстануда. 
Бүгінде  орта  білім  беру  жүйесінде  Н.Назарбаевтың  интеллектуалдық 
мектептері,  кәсіптік-техникалық  оқытуда  «Кәсіпкер»  Холдингі,  жоғары 
мектепте  –  Назарбаев  Университеті  пайда  болды.  Олардың    бәрі  де  білім 
берудегі әлемдік  тәжірибені пайдалануға бағыт ұстанған. 
Қазіргі таңда Назарбаев Интеллектуалдық мектептері тәжірибесін бүкіл 
қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелеріне 
жеткізу, инновациялық озық  іс-тәжірибені үйрену, тарату, насихаттау, енгізу 
мақсатында  Астана  қаласында  2011  жылы  Педагогикалық  шеберлік 
орталығы құрылды. 
Қазіргі  таңда  Республикада  6  интеллектуалдық  мектеп  жұмыс  істесе, 
2020 жылы олардың саны 20-ға жетпекші [4]. 
Экономиканың  ӛркендеуі,  әлеуметтік  саланың  әлеуеті  болуы,  рухани 
дүниеміздің  тазалығы  мен  дініміздің  қуаттылығы  мемлекеттің  білім  беру 
саясатының сындарлылығына байланысты. 
Жаңа  ғасыр  тәуелсіз  еліміздің  жаңа  бастауы  болды.  Бүгін  әлем    түгел 
танып  мойындаған  егеменді  ел  болып,  тӛрт  құбыласын  түгендеп,  ӛсіп-ӛніп, 
халқымыздың  әл-ауқаты  жақсарып,  ӛтпелі  кезеңнің  бар  қиыншылықтарын 
жеңіп  ӛркениетті  елдер  қатарынан  орын  алды.  Сондықтан  қазіргі  кезеңде 
әлемдік  бәсекеге  тӛтеп  бере  алатын  мамандар  тәрбиелеуге  баса  назар 
аударуға  тиіспіз. 
Бүгінгі  таңда  да  елімізде  интеллектуалды  ұлт  қалыптастыруда    педагог 
мамандарды  дайындау  ерекше  орын  алып  отыр.  Республика  бойынша 
педагог  мамандарды  даярлау  саласында  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық 
Педагогикалық Университетінің алдыңғы қатарларда келе жатқаны белгілі. 
Осы  бағыттағы  мемлекеттің  бағдарламаларды  іске  асыру  барысында 
Филология  және  кӛптілді  білім  беру  институтының  директоры,  ф.ғ.д., 
профессор  Т.Т.  Аяпованың  басшылық  етуімен  үш  жылдың  ішінде 
университет 
қызметкерлерінен 
құралған 
профессорлық-оқытушылық 
құрамды  басқарудың  жаңа  жүйесі  енгізіліп,  кафедра  меңгерушілері  мен 
шетелдік  профессорлармен  оқу  үдерісінің  жаңа  бағыттары  ауқымды  түрде 
зерттеліп, бүгінгі күні тәжірибиеге енгізілуде. 
Сонымен  қатар,  институт  деңгейінде  білім  мен  ғылымның 
интеграциялануы,  академиялық  ұтқырлықтың,  оқу  үдерісі  бойынша  шешім 
қабылдаудың  бірлескен  түрі,  белсенді  студенттерден  құралған  кӛптілді 
топтарды  құру,  оқытушылардың  білім  беру  барысында  ғылым  мен 
техниканың  жаңашыл  бағыттарын  пайдалану  секілді  жаңалықтар  кең  етек 
алуда. 
 Ендеше,  бүгінгі  таңда  бүкіл  адамзат  қоғамының  ХХІ  ғасырдың  алғы  
шебіне, яғни ғылыми-техникалық прогресс пен ӛркениетті даму дәуіріне бет 
бұру  кезеңінде  жаңа  қоғамға  лайықты  саналы,  білімді,  зияткер  тұлғаны  
қалыптастыру – жаңа Қазақстанның алдына  тұрған басты міндет. 

Үшінші мыңжылдықта елімізде стратегиялық бағыттар белгіленіп, 2020 
жылға  қарай  білімді  ел,  парасатты  экономика,  әлемдік  бәсекеге  тӛтеп  бере 
алатын жоғары білікті мамандар даярлау кӛзделіп отыр. Ал бұл ӛз кезегінде 
білім беру жүйесін түбегейлі жетілдіруді қажет етеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет