Ілеспе аудармадағы лексикалық трансформациялар
Т. К. Байсакалов
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТ-дың магистранты, Алматы, Қазақстан
Аннотация. «Ілеспе аудармадағы лексикалық трансформациялар» атты мақалада, ілеспе
аударманың даму тарихы және лексикалық трансформациялардың түрлері қарастырылған.
ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарының
аяғына дейін халықаралық съездерде, конфе-
ренцияларда, жиналыстарда ізбе-із аударма
қолданылып келді. Сөйлеушінің сөзі басқа жұ-
мыс тілдеріне оның сөзі аяқталған соң, түрлі
тілде сөйлейтін делегаттар үшін ретімен ау-
дарылды. Демек, форумда қанша жұмыс тілі
болса, сөйлеушінің сөзі сонша рет мінберде
қайталанып аударылды. Бұл процесс жиында
көп уақыттың жоғалуына алып келді. Тек
жиырмасыншы жылдардың соңына қарай қазір
ілеспе аударма деп аталып жүрген, сөйлеушінің
сөзін тыңдай отырып сол мезетте аудару тәжі-
рибеде бірте-бірте қолданыла бастады.
Ілеспе аударма арнайы техникалық қондыр-
ғылардың арқасында мүмкін болды. Бұл жүйе-
де сөйлеушінің микрофоны сым арқылы аудар-
машыларға жалғанады. Ал аудармашы арнайы
жабдықталған, оқшауланған кабинада тың-
дауышпен микрофонды қолдана отырып сөй-
леушінің сөзін аударады. Форумға қатысушы-
лар өздеріне тиісті аудармашылар кабинасына
ұлану арқылы сөйлеуші сөзінің аудармасын
оның сөзімен бір мезетте тыңдау мүмкіндігіне
Л. В. Фот
237
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012
ие болды. Ілеспе аударма жиындарда уақытты
айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік туғызды.
Әсіресе, бірнеше жұмыс тілі қолданылатын
халықаралық кездесулерде ілеспе аударма өте
тиімді аударма түріне айналды.
Ілеспе аударма терминінің мағынасын кеңі-
рек түсіну үшін біз аударма ісінің классифи-
кациясына көз жіүгіртуіміз қажет.
Аударма түрлерін классификация жасауда
олардың айырмашылықтары басты назарға
алынады. 1) Аударма тіліндегі мәтіндердің
формалары (ауызша немесе жазбаша). 2) Түп-
нұсқа тілдегі мәтін формалары (ауызша немесе
жазбаша материалдар). Бірінші критерии бар-
лық аударма түрлерін екі топқа бөлуге мүм-
кіндік береді. Ал екінші критерии аударманың
негізгі төрт түрін анықтайды. (1-сурет) Ауызша
айтылған сөздің ауызша аудармасы; жазбаша
материалдың ауызша аудармасы (алдын ала
дайындықпен немесе дайындықсыз қағазға қа-
рап аударару); ауызша айтылған сөздің жаз-
баша аудармасы (магнитофон таспасындағы
материалдар, айтып тұру арқылы аудару) және
жазбаша материалдың жазбаша аудармасы.
Ілеспе аударманың екінші нұсқасы – ол қа-
ғазға қарап алдын ала дайындықпен немесе
дайындықсыз ілеспе аударма жасау: аудар-
машы сөйлеушінің сөзін ол сөйлегенге дейін
біраз уақыт бұрын қолына алып, сол мәтінге
сүйене отырып ілеспе аударма жасайды. Егер
сөйлеуші алғашқы мәтіннен ауытқып жатса,
оның сөз алысына қарай түзету жасап отырады.
Қағазға қарап ілеспе аударма жасауды даусыз
жазбаша материалдың ауызша аудармасы қата-
рына жатқызуға болмайды. Себебі, аудармашы
қағаздағы мәтінге ғана емес, сөйлеушінің ауыз-
ша сөйлеген сөзіне де сүйенеді. Демек, ілеспе
аударманың бұл нұсқасын ауызша айтылған
сөздің ауызша аудармасы және жазбаша мате-
риалдың ауызша аудармасы түрлерінің арасын-
дағы нұсқа деп айтуға болады.
Ілеспе аударманың үшінші нұсқасы - ол
алдын ала аударылған мәтінді сөйлеушінің
сөзіне ілесіп оқып шығу: аудармашы сөйлеуші
сөзін бастағанда дайын жазбаша мәтінді оны-
мен ілесіп оқып шығады. Мұнда да аудармашы
егер сөйлеуші алғашқы мәтіннен ауытқып жат-
са тиісті өзгертулер жасап отырады. Алдын ала
дайындалған мәтінді ілесіп оқу нұсқасында
ауызша айтылған сөздің ауызша аудармасы
және жазбаша материалдың ауызша аудармасы
элементтері кездеседі [9, C. 3-5].
Шет тілін еркін меңгерген кез келген адам
ілеспе аударманы сәтті жүзеге асыратын дағды-
лармен шеберлікті игере алады деу қиын.
(Швейцер А. Д. 1969 138 бет). Ілеспе аударма
сәтті шығуы үшін оны орындаушы тек қана
қостілді маман емес, екі халықтың мәдениетін,
тарихын, дүниетанымын, ұлттық психология-
сын жақсы білетін, дикциясы анық, дауысы
тартымды, сөйлеу ырғағын мағынамен тікелей
байланыстырып өзіне бағындыратын, сөзге
шешен болуы міндетті. Сонымен қатар ілеспе
аудармашының зор жауапкершілігі мен тап-
қырлығы, екі тілді бірдей меңгеріп, еркін қол-
дана білуі, көзқарасының жан-жақты болуы,
әңгімелеп отырған тақырыпты терең білуі осы
салада қойылатын талаптардың бірқатары. Бі-
рақ осы қасиеттердің бәрі де бола тұрып, ой-
дың жүйріктігі болмаса, ілеспе аудармашы
болу әлдеқалай. Себебі, ілеспенің ең басыңқы
ерекшелігі - осы жүйріктікте. Сөйлеу іс-әрекеті
көптеген басқа психофизиологиялық әрекеттер-
мен байланысып, соларға негізделгендіктен,
сөйлеп отырған адамға ілесіп, жаңа ғана ды-
бысталып сөйлем болып шыққан мәліметті дәл
сол кезде екінші тілге аударып шығу аудар-
машыдан зор қабілеттілікті талап етеді. Әрине,
бұл ілеспе аудармашыға қойылатын ерекше
талаптар. Олар көптеген арнайы дайындық,
жаттығулар арқылы пайда болып, дағдыға ай-
налады.
Зерттеушілер (Л. Виссон, А.Ф. Ширяев,
А.Д. Швейцер) ілеспе аударманы сипаттағанда
оның басты ерекшелігі ретінде сөз сөйлеу мен
аударма тілінде сөз тудырудың параллельді
түрде жүзеге асырылуын атап көрсетеді. Бұл –
дұрыс пікір. Бірақ, біздің ойымызша ілеспе
аударма бұдан әлдеқайда күрделірек процесс.
Ол аудармашының сөз сөйленетін тіл мен ау-
дарма жасалатын тілдегі жеткілікті тілдік құзы-
ретіне сүйенетін аудармасын ғана емес, аудар-
ма жасау барысында қолданылатын амал-тәсіл-
дерді, аудармашының жиын барысында туын-
дауы мүмкін экстремалдық жағдайларға психо-
логиялық тұрғыдан әзірлігін, ілеспе аударма-
шының бойында болуы керек қабілеттер мен
қасиеттер жиынтығын қамтиды.
Көбінесе сөйлеушілер өз сөзінің экспрес-
сивті бояуын қанықтырып, тыңдарманға әсерін
көбейте түсу үшін фразеологизмдерді көп пай-
даланады. Аударма тілінде ол фразеологизмге
мағыналық жағынан сәйкес келетін баламасы
бар болғанымен, ол аударма жасау барысында
еске түспей қалуы әбден мүмкін. Мұндай кез-
дерде ілеспе аудармашының тәжірибесіне қа-
рай калька аударма жасау, жолма-жол аудар-
ма, мағыналық аударма жасау қолданылады.
Ілеспе аудармадағы лексикалық трансформациялар
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012
238
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
Ілеспе аударма барысында аудармашы сөз
сөйленген тілдегі синтаксистік құрылымды же-
дел қабылдап, аударылатын тілдегі синтактис-
тік құрылыммен тыңдаушыларға жеткізуі ке-
рек. Бұл ретте аудармашы лексикалық транс-
формация жасауға, яғни аударылатын тілдегі
лексикалық баламаларды іздейді. Мұндайда ау-
дармашы түпнұсқа тілдегі сөйлемнің мағына-
сын өзгертпей жеткізу үшін, өзінде дайын ба-
лаламаларды қолданады. Ал грамматикалық
трансформацияда түпнұсқа тілдегі сөйлемді
аударылатын тілдің заңдылықтарына сәйкес
құбылтып жеткізеді. Бұл аударма тілінде сөй-
лемді барынша қысқартып, буындық көлемін
азайтып жеткізуге көмектеседі.
Лексикалық және грамматикалық трансфор-
мация негізінде ақпаратты нығыздау (коом-
прессия) амалы жасалып аударылады. Коом-
прессия амалына: ақпаратты неғұрлым аз лек-
сикалық бірліктермен аудару, егер сөйлеуші
нақтылаушы, түсіндіруші мағынасы бар қо-
салқы сөздерді көп пайдаланатын болса, мұн-
дай семантикалық тұрғыдан алғанда басы ар-
тық сөздерді қысқарта аудару жатады.
Күту амалы – қазақ тілінен ағылшын тіліне
аударма жасау барысында міндетті түрде қол-
данылатын амал. Әлемдік аударма жасау тәжі-
рибесінде етістік сөйлемнің соңында тұратын
тілдерден, соның ішінде қазақ тілінен ағылшын
тіліне ілеспе аударма жасау барысында да осы
күту амалы көбірек қолданылады. Күту амалы
– сөйлемді сауатты құру үшін пайдаланатын
амалдардың бірі. Сөз сөйлеушіден қалыспай
аударма жасауға ұмтылатын аудармашының
сауатты сөйлем құруға мұршасы болмайды.
Болжамдау – негізінен тәжірибесі мол ілес-
пе аудармашылар пайдаланатын амал. Бұл түп-
нұсқа тілдегі дискурста айтылмай жатып-ақ ау-
дармашының мәтінде қандай етістіктің қолда-
нылатынын болжамдауын білдіреді. Мұндайда
аудармашыға оның сөз сөйлеушіні, ол көтеріп
жүрген мәселелер туралы жақсы білуі, жиын-
ның қорытынды құжаттарымен алдын ала та-
ныс болуы көмектеседі.
Мәтінді бөліп аудару амалы – сөйлем тым
ұзақ болған кезде, сөз сөйленетін тіл мен аудар-
ма жасалатын тілдің арасында синтаксистік
немесе стилистикалық айырмашылықтар көп
болған кезде қолданылатын амал.
Сөйлемнің мол коммуникативтік жүктемесі
бар рема бөлігін аудармашы сөйленген тілден
аударма тіліне шағын бөліктермен бөліп береді
[2, 20-бет].
Ілеспе аударма аудару іс-әрекетіне жата-
тындықтан ондағы тәсілдер аударма түрінің
бәріне ортақ болып келеді. Ілеспе аударманың
ерекшелігі сол-тәсілдерді жылдам қолдануда,
шешімді тез қабылдауда болып табылады.
1) Сөзді қалдыру тәсілі (прием опущения)
лексикалық қосымшалар тәсіліне қарама қар-
сы: контекстен мағынасы анықталатын, немесе
мағынасы орынсыз қайталана беретін ұқсас
сөздердің бірін аудармаға қоспай қалдыру
аударма мәтініне нұқсан келтірмей, қайта қа-
жетсіз қайталана беріп шұбатылудан сақтайды.
Және осы тәсіл аударманың неше түрлі лекси-
калық қосымшалар пайдаланғаннан көлемін
өсірмеу үшін қолданылады. Мысалы:
Оратор: The proposal was rejected and repu-
diated.
Аудармашы: Ұсыныс қолдауын таппады.
Ағылшын тіліндегі қолданылып отырған
сөздер бір синонимдік қатарғы жатады, және
олардың мағынасы бір. Сондықтан аудармашы
уақыт тапшылығына байланысты екі синоним-
дік сөзді бір сөзбен аударды.
2) Әрбір сөзді жеке аудару тәсілі (прием
пословного перевода) аударманың соңғы нұс-
қасында емес, аударма процесінің барысында,
яғни аралық кезеңде, көбірек қолданылады.
Оған себеп түпнұсқадағы мағынаны дәл жет-
кізу жолында аудармашы шешімге келу үшін
неше түрлі варианттарды қарастырады. Әрине,
әуелі сөзбе-сөз аудару болады, кейін соның не-
гізінде контекске сай тілдік бірліктер таңда-
лады.
3) Түпнұсқа тілі мен аударма тілінде мағы-
насы тең, эквивалентті болып келген сөздер
болмаған кезде мағынасы кеңірек (жалпы) сөз-
дерді мағынасы нақты сөзге ауыстыру тәсілі
(прием конкретизации) және оған қарама-қарсы
мағынасы нақты сөзді мағынасы кеңірек (жал-
пы) сөзге ауыстыру тәсілі қолданылады [7, 80-
82 бет]. Мысалы:
The participating States intend to further the
development of contacts and exchanges among
young people by encouraging…the further devel-
opment of youth tourism and the provision to this
end of appropriate facilities.
Серіктес мемлекеттер жастар арасын бірік-
тірп, алмастырып қана қоймай жастар туризін
ары қарай дамытып, жастарға осыған байла-
нысты жеңілдіктер дайындап отыр.
Бұл сөйлемде ағылшын мәтінінде facilities
сөзін сөздікте бірілген баламсымен аударуға
болмайды, сондықтан аударма арысында аудар-
Т. К. Байсакалов
239
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012
машы сөйлемнің мағынасына қарай осы сөзді
нақтылау арқылы жеткізіп отыр.
So far 65 people have died in floods in Dacca
Province, East Pakistan.
Сонғы ақпараттарғы айтылғандай Шығыс
Пакистанның Дакка аймағында 65 адам су тас-
қынынан қаза тапты.
Ағылшын мәтініндегі қолданып оытған die
қазақ тіліне қарағанда ағылшын тілінде бала-
масы көп, сондықтан аударма үдерісінде нақ-
тылау қажет.
Сөйлеу арқылы қатынас жасау (речевая ком-
муникация), соның ішінде тіларалық қатынас,
сөйлеушінің айтқан сөзі – мәтіннен тұрады.
Мәтін болса, мазмұны ортақ бірқатар сөйлем-
дерден тұратын сөйлеу іс-әрекетінің нәтижесі
деп білеміз. Мәтінде қолданылған тілдік бір-
ліктердің – сөз, сөз тіркестері, идиома, сөйлем –
мағыналары өзгеріп, бір-бірімен байланысып
кең мағынада контекст туғызады. Жеке сөйлем-
дерді аударғанда, осы жайтты ескеріп, олардың
мәтіндегі орны, басқа тілдік бірліктермен қа-
тынасына мән берген жөн. Аударма барысында
аудармашы мәтінді біртіндеп, жеке сөйлемдер
арқылы аударатыны анық, сонымен аударма
процесінің бірлігі болып жеке сөйлем сана-
лады. Бірақ, әрине, аудармашы жеке сөйлемді
екінші тілде құрастырып отырып, жадында
басқа сөйлемдердің мағынасымен байланыс-
тырады, кейде тіпті екі сөйлемді біріктіріп жі-
береді. Ілеспе аударма кезінде, мысалы орыс
тілінен аударса аудармашы сөйлемнің мағы-
налы бөлшегін ести салып екінші тілге ау-
даруға тырысады. Қазақшадан аударғанда бұл
тәсіл қолднауға келмейді, себебі сөйлемнің ең
маңызды мүшесі – баяндауыш – қазақша сөй-
лемде соңғы орында.
Әдебиеттер:
1. Р.К. Миньяр-Белоручев. Теория и методы
перевода. – Мәскеу, 1996.
2. Комисаров В.Н. Общая теория перевода. –
Мәскеу, 1999.
3. А. В. Федоров. Основы общей теории пере-
вода,
4. Әлпейісова К.Ә. Ілеспе аударма жасаудың
теориялық және практикалық негіздері. –
Астана, 2007.
5. Жетесова Ж.А. Аударма негіздері. – Ақтөбе,
2008.
* * *
В статье «Лексические трансформации в синхронном
переводе» излагается общая история развития син-
хронного перевода и виды лексических трансформаций.
* * *
This article “Lexical transformations in simultaneous
interpretation” investigates the history of development of
simultaneous interpretation and the types of lexical trans-
formations.
Бөлтіріктің «Ел жарыла көшкенде» дастаны
Г. Әзікен
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың II курс магистранты, Алматы, Қазақстан
Аннотация. Мақала қазақтың танымал ақыны Бөлтірік Атығанұлының шығармашылығына
арналған. Автор «Ел жарыла көшкенде» өлеңіне талдау жасайды. Мақалада бұл шығарманың
мәселелер мен өзіндік шығармашылық бейнесі көрсетілген.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт азат-
тық көтерілісі туралы өлең, жырлар сол
көтерілістің барлық уақиғаларын егжей-
тегжейлі, саяси әлеуметтік мәнін, сипат-
тарын оны бастаған бұқараның жайларын,
көңіл күйлерін, бейне қабілеттерін, халық-
тың ерлігін бәрін бастан аяқ әрі толық, әрі
дәл айқын суреттейді. Сонымен бірге олар
үстем тап өкілдерінің, бай феодалдардың,
би болыстардың халыққа істеген опасыз-
дық әрекеттерін ашық әшкерелеп отырады.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт азат-
тық көтерілісі туралы өлең, жырлар қазақ
халқының ХХ ғасыр басындағы әдебиеті-
нің бір мол саласы, аса құнды қазынасы.
Қазақтың тарихи істерінің тарихи, көркем
шежіресі деп айтар болсақ бүгінгі таңда
бұл біздің тарихымыздан үлкен орын алып
Ілеспе аудармадағы лексикалық трансформациялар
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012
240
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
сол бір өткен өмірдің куәсі ретінде әде-
биетіміз тарихынан өшпес із қалдырып
отыр.
Ғалым Бейсенбай Кенжебаев бұл тұс-
тағы шығармаларды тарихи шындығы мен
заңдылығы терең ашылғаны үшін реалистік
поэзия десе, онымен қоса 1916 жылғы
көтеріліс туралы поэзия қазақ халқының
ауыз әдебиетінде ежелден дамып келе
жатқан реалистік тұрмыс-салт жырларымен
тарихи жырлар дәуіріндегі, жаңа уақиғаға
байланысты жасалған жаңа поэзия дейді.
/2
,
18-б./ Айтса айтқандай ақ бұл тұстағы
шығармалар мысалға Бөлтірік ақынның
«Ел жарыла көшкенде» дастаны Көдектің
«1916 жыл» дастаны Исаның «Бекболат»
дастанын дәлел деп айтуға болады. Бөлтірік
ақынның «Ел жарыла көшкенде» деп атала-
тын дастанын алып қарайтын болсақ. Бұл
дастан ақынның жанынан шығарылған ха-
лықтың күйзелісін көрсетсе онда толып
жатқан астарлы уақиғалар бар бір жағы
халықты аяусыз қанаған патша өкіметінің
жағымсыз әрекеті, бір жағы елімен жерінен
бөлініп қоныс аударып бара жатқан халық-
тың жұтаңқы күйі, енді бір жағынан хал-
қымды қорғап қалсам деп алға тартқан
Жәмеңке, Ұзақ сияқты батырдың бейнесін
көрсетеді. Осындай шытырман уақиғаны
ақын шығармасында нақты да дәл, түсінікті
етіп жеткізіп отырса енді бір тұсынан
нақты уақиғаны баяндап қана емес қазақ
тілінің негізгі сөздік қорындағы бір қатар
сөздерге екінші түрлі жаңа мағына беріп
қолданса бірде әр түрлі көркемдеу амал-
дарын қолданып отырады тіптен шығар-
мада мақалды да кезіктіруге болады. Ақын-
ның тілдік ерекшелігі бүл ғана емес ойын
жинақы бейнелеуінен де көрінеді. Шы-
ғарманы толықтай оқымай жатқан күннің
өзінде бірнеше шумақтардан ақ болған
уақиғаның мән жәйін көре аласыз.
Мысал:
Тұнды құлақ шуылдап ,
Ұшты жүрек зуылдап.
Ауған, азған сорлы елге,
Патшаның қолы ойнақ сап,
Бидайықтай қуырған.
Үпті талап үйді алды.
Қараны құртып қойды алды. /1, 35-б./
Айрылдық тырна бурылдан деп жыр-
лайтын жолдарда бір ғана халықтың сүрең-
сіз күйі, қоныс аударған мұңлы жағдайы
емес зұмыгер патшаның аяусыз әрекеті
бірге көрініс табады немесе бір уақиғаның
ішінен келесі бір уақиғаның көрініс алуы
десек жанырлық жақтан шығарманың дас-
тан екенін дәлелдеп көрсете түседі. Көлемі
шағын туратын осы шығарма тұтастай бір
уақиғаның болмысын толық ашып оты-
рады, шағын сюжет пен бірге дамытып
жеткізеді әрине шығарманың жанырын біз
дастан деп танимыз. Шығарманың көркем-
дік тұстарымен халық ауыз әдебиетінің үл-
гілеріне келетін болсақ: мысалы
Патшаның қолы ойнақ сап,
Бидайықтай қуырған.
Қолқасын қойдай суырған,
деп келетін жолдардан көркемдеу амалда-
рының теңеу, эпитет формаларын көреміз
бұл тұста ақын патшаның зұлымда жауыз
әрекетін бірден анықта айқын ашып көрсе-
теді.
Құландай қунап семірдік,
Ен далада елірдік.(теңеу )
Құлан таза боп қалдық. (тұрақты сөз тіркесі)
бұл жолдардағы тіркестер арқылы халық-
тың мал мүлкінен айрылып құлан таза боп
қалғанын айқын көрсетіп түр.
Көк түтінді түтетіп
Ойнатқан оқты мылтықтан, (Ауыстыру)
Қаптаған мың сан қазақты
Бөріктіріп бөкендей
Көрінеу көрге бір тыққан (теңеу)
Безек қағып бастары
Сүңгіді қанға тұмсықтан (эпитет)
Қояндай қорқып қорғалап (теңеу)
Құрдан бетер жорғалап (эпитет)
Сүйтіп еңіреп жүргенде
«Асқанға бір тосқан» боп,
Болыпты зауал ұлыққа бұл арада ақын
мақалды орынды қолданған, бір жағы айтар
ойын анық жеткізсе енді бір жағы халыққа
түсінікті етіп жеткізген.
Оқпен бізді ұшықтап
Шошытқан елді қырсыққан. Бұл жерде
ауыз әдебиетінің үлгісі кезігеді, ұшықтау
Г. Әзікен
241
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012
бұл тұрмыс салтқа тән қасиет деп айтуға
болады. Міне осындай шеберде өткір тілі-
мен ақын өз ойын ашықта айқын жеткізеді
және түрлі көркемдеу амалдарымен көркем
сөз тіркестерін ұтымды да шебер қолданып
отырған. Бұл дастан 1916жылғы ұлт азат-
тық көтерілісінің көркем шежіресі дастан-
ды оқып отырғанда көтерілістің шығу
себебі патша өкіметінің отарлық саясаты
елі үшін басын бәйгеге тіккен батырлар
образы шынайы көрініс тауып отырады.
Сондай ақ ата мекенді тастап кету себебі де
осы дастанда шындыққа лайық көрініс
тапқан.
Ақын аз сөзге көп мағына сиғызып қазақ
халқының белгілі кезеңдегі трагедиясын
нақты көрсетіп көркем жырлай білген. 16
жылғы көтеріліс басшылары Жәмеңке,
Ұзақ сияқты халық батырларының қиын
шақтағы іс әрекеті, ерен ерлігі, көрініс
тауып нағыз батырлар образы сомдалған.
Тарихи дастанның мән маңызы жоғары
туынды ретінде қазақ әдебиетінде өшпес
орын алды. Аласапран жағдайды бастан ке-
шірген қазақ халқы өзінің қайсар да қайт-
пас, ержүрек мінезімен батырда, өр тұлғалы
ұлдарының арқасында ұзақ жылдар бойы
күресіп ақыры азаттықтың ақ таңын қолға
алды. Бұл күрес талай жылды бастан
кешіріп, сан мыңдаған ұрпақтың қарулы
күресінің жемісі болды. Сол қан төккен
батырларымыз бүгінде біздің ортамызда
онан ары жарқын, көрініп күрескерлік
рухымызды азаттығымызды одан ары ны-
ғайта берері анық. Соның куәсі өткен та-
рихты өрнектеп кеткен дастандардан табы-
лады. 1916 жылғы майдан өмірін суреттей-
тін бүл дастан нағыз көркем шындықтан
құрылған. 1916 жылғы көтеріліс қазақ хал-
қының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалы-
сының тарихында аса көрнекті орын алады.
Шындығында да, өз тәуелсіздігі үшін ұзақ
жылдар бойы жүргізген ерлік-күресінің
дәстүрінде тәрбиеленген қазақ халқы 1916
жылы ұлттық және саяси бостандық алу
мақсатымен Россия империясының езгісіне
қарсы жойқын күреске шықты. Жаңа та-
рихи кезеңде, империализм мен бірінші
дүниежүзілік соғыс жағдайында Амангелді
Иманов, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Сауры-
қов, Жәмеңке Мәмбетов және басқа халық
батырлары кезінде, Сырым Датов, Исатай
Тайманов, Махамбет Өтемісов, Кенесары
мен Наурызбай Қасымовтар көтерген бос-
тандық үшін күрес туын қайтадан өз қол-
дарына алды. 1837-1847 жылдардағы Кене-
сары бастаған ұлт-азаттық қозғалысынан
кейін 1916 жылғы көтеріліс бүкіл Қазақ-
стандық сипатқа ие болып, ұлан-ғайыр
Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыды.
Осын тарих бетіне өрнектеп халқының
азаттығы үшін күрескен ұлт жанды батыр-
лар түлғасын бейнелеп сыр щертетін бұл
біздің ақын бабаларымыздың көзбен көріп
жазып қалдарған шығармаларынан табы-
лып отыр. Әрине бабаларымыздың жыры
мәңгі жырлана береді.
Достарыңызбен бөлісу: |