Казахский национальный



Pdf көрінісі
бет42/43
Дата03.03.2017
өлшемі3,12 Mb.
#5534
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43

Литература
 
1.  Гумбольдт  В.  Избранные  труды  по  языко-
знанию. – М.: Прогресс, 2000. 
2.  Аклаев  А.Р.  Язык  в  системе  национальных 
ценностей и интересов // Духовная культура 
и этническое самосознание наций. – Вып. 1. 
– М., 1990. – С. 12-38. 
3.  Аренов  М.М.,  Калмыков  С.К.  Современная 
языковая ситуация в Казахстане // Социолог. 
иссл. – 1995. – № 12. – С. 76-81. 
4.  Губогло  М.Н.  Современные  этноязыковые 
процессы (Опыт, уроки и задачи этносоцио-
логического  изучения) // Расы  и  народы. – 
Вып. 3. – М., 1979. – С. 9-31. 
5. Дробижева Л.М. Этническое и историческое 
самосознание  народов  СССР  на  рубеже  по-
следнего  десятилетия XX века  (в  конце 80-
х–начале 90-х  гг.) // Духовная  культура  и 
этническое  самосознание. – Вып. 2. – М., 
1991. – С. 65-82. 
* * * 
«Тілдік  сәйкестік  және  БАҚ  тілі:  мәселенiң  қойы-
луына»  атты  мақала  қазiргi  социолингвистиканың  кө-
кейкестi  мәселесiне  арналған - тiлдiк  ұқсастық  масс-
медиамен өзара келiсiлгендiгi жайында. 
* * * 
The article "Language identity and media language: to the 
question" is devoted to the urgent problem of modern 
sociolinguistics - the interdependence of language identity by 
media language. 
 
 
 
 
 
 
Языковая идентичность и язык СМИ: к постановке вопроса
 

253 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012 
 
 
Масс-медианың мемлекеттік тілді дамытудағы рөлі 
 
А. Назарова 
 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың I курс магистранты, Алматы, Қазақстан 
 
Аннотация.
 
Бұқаралық  ақпарат  құралдарының  мемлекеттік  тілді  дамытудағы  рөлі  өте  жоғары 
екендігіне  соңғы  жылдары  көзіміз  жетіп  жүр.  Себебі,  БАҚ  халыққа  ең  тез  таралатын  бірден-бір 
мағлұмат  көзі.  Мақала  «Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасын» алға тарта отырып жазылды. 
 
Қазақстандағы  бұқаралық  ақпарат  құралда-
рының қызмет ете бастағанына аз уақыт болған 
жоқ.  Сонау  жиырмасыншы  ғасырдың  басында 
елдің сауатын ашу үшін негізі қаланған  «Қазақ» 
пен  «Айқап»  газеттерінің  қазақ  қоғамы  үшін 
маңызы зор болғаны тарихтан белгілі. Сол уақыт-
тан бері ақпарат құралдарының қаншамасы ашы-
лып, кейбіреулері цензураның нәтижесінде  жабы-
лып қалды. Оның ішінде партиялық, қоғамдық-
саяси, экономикалық, білім мәселелері, денсау-
лық пен өнер жөнінде, тіпті, әйелдер мен бала-
ларға арналған басылымдар да болды.  
Соңғы  жиырма  жылда  бұқаралық  ақпарат 
құралдарының  рөлі  күннен-күнге  күшейіп  ке-
леді.  Олардың  көтерген  мәселелері  халық  өмі-
ріне  өз  әсерін  тигізері  сөзсіз.  Өйткені  баспа-
сөздің,  теледидардың,  радионың  қызметі  оның 
санымен емес, ұлттық мүддеге негізделген қыз-
метімен өлшенеді.  
Елімізде    масс-медианың  рөліне  және  оның 
тіліне  байланысты  көптеген  ой-пікірлер  айты-
лып  жүр.  БАҚ  туралы  қазіргі  түсінік  қандай? 
Оның  қызметінде  қандай  бағыттар  басымдық 
етуде? Бұқаралық ақпараттық құралы (БАҚ не-
месе бұқаралық-медиа) дегеніміз: а) бұқараның 
мінез-құлқы  үлгілерін  іріктейтін  және  шектей-
тін, соған иландыратын күш; ә) сөздік, бейнелік 
және  музыкалық  информацияны  жаппай  кө-
бейтетін,  әрдайым  тарататын,  ақпаратқа  жал-
пылама  бұқаралық  сипат  енгізетін  ұйымдық-
техникалық комплекс  [1]. 
Қазақстан  өзінің  жиырма  жылдық  тәуелсіз-
дігін  артқа  тастаған  зайырлы  мемлекет.  Елба-
сымыздың  жыл  сайынғы  Қазақстан  халқына 
жолдауларында  еліміздің  экономикасымен  қа-
тар,  мемлекетттік  тілге  де  аса  тоқталып  өтеді. 
Тілдің  бүгіні  мен  ертеңіне  байланысты  Прези-
дентіміздің  Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың 
2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағ-
дарламасы  қабылданғанын  белгілі.  Тәуелсіздік 
алған  кезеңнен  бері  тілдің  мұңын  мұңдап  келе 
жатқан ақпарат құралдарының болашағына қа-
тысты  қабылданған  заңның  әсері  күшті  болды 
деуге  болады.  Дегенмен  де    масс-медиа  (бұқа- 
ралық ақпарат құралы) халыққа ең қол жетімді  
 
құрал  болғандықтан,  оның  мемлекеттік  тілді 
дамытуда  рөлі  өте  жоғары.  Тілге  байланысты 
бағдарламада  осы  БАҚ-тың  атқарар  қызметі 
жайлы: «Мемлекеттік  тілдің  коммуникативтік 
қызметі нығаюда. Мемлекеттік БАҚ контентін-
де қазақ тіліндегі хабарлардың көлемі 70%-дан 
астам, 2750 БАҚ  басылымдарының 68%-ы  то-
лық  немесе  ішінара  қазақ  тілінде  шығады»,-
делінген [2]. Сонымен  қатар  қойылған  мақсат-
қа қол жеткізудің екінші бағыты – мемлекеттік 
тілді қолданудың аясын кеңейту, қоғамдық өмір-
дің барлық саласына кіріктіру болып табылады. 
Осы бағытта мемлекеттік тілде хабар тарататын 
теле-радиоарналарын  құру  арқылы  тілдік  ор-
таны қалыптастырудағы БАҚ рөлін күшейтуге, 
балалар мен жастарға арналған қазақ тілді кон-
тентті  кеңейтуге,  мемлекеттік  тілді  оқыту  үде-
рісін ұйымдастыруда медиалық саланың әлеуе-
тін  белсенді  пайдалануға  негізгі  және  шешуші 
екпін түсіріледі. Сондай-ақ, онлайн нұсқаларын 
орналастыру арқылы қазақ тілді БАҚ-тарға жүйелі 
қолдау  көрсету  және  қазақ  тіліндегі  интернет-
ресурстарды  мемлекеттік  қолдау  жүйесін  құру 
да  маңызды  аспектілер  қатарына  жатады.  Қо-
ғамдағы  тіл  мәдениетінің  қалыптасуына  тіке-
лей ықпал ететін адамдар ретінде, БАҚ қызмет-
керлеріне  ана  тілінің  бүкіл  талаптарын  білуге 
ерекше  мән  беріледі.  Қазақстанда 8248 тіркел-
ген бұқаралық ақпарат құралдары (соның ішін-
де  белсенділері 2513) жұмыс  істеуде,  олардың 
212-сі  электронды  БАҚ  [3]. Масс-медиа  негі-
зінен ірі қалаларда – Астанада, Алматыда және 
облыс  орталықтарында  шоғырланған.  Әрі  бұ-
рынғысынша  аудандық  аз  тиражды  газеттерді 
шығару  ісі  де  жалғасып  келеді.  Бір  өкініштісі, 
еліміздегі  басылымдардың  негізгі  бөлігі (85%) 
мемлекеттік  емес  болып  табылады.  Ал  мемле-
кеттік  басылымдар  жергілікті  әкімшіліктердің 
қолдауымен (билік органдарының өкілдері) ел-
дің  барлық  аймақтарында  жұмыс  істеуде.  Ас-
тана мен Алматыда бірнеше республикалық га-
зет-журналдар  шығарылады.  Республиканың 
барлық  аймақтарына  мемлекеттік  телевизия 
мен радиостанциялар хабар таратады. Еліміздің 
түкпір-түкпіріне мемлекеттік және жекеменшік 
А. Назарова 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012
 

254 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
тарату  жүйелері  арқылы  жетіп  отырады.  Ал 
электронды  БАҚ-тар  мемлекеттік  эфир  жүйе-
лерін  пайдаланады.  Сонымен  қатар  хабарды 
кабелдік  жүйе  немесе  спутник  арқылы  тарату 
жүйесі  де  жақсы  жолға  қойылған.  Қазақстан 
телеарналарының  бірқатары  республика  тұр-
ғындарының  жартысынан  астамын  қамтып, 
хабар  таратады.  Атап  айтар  болсақ, «Хабар», 
«Қазақстан», «Ел арна» - мемлекеттік телеарна-
лар, жекеменшік - КТК, НТК, «Рахат», «Жетін-
ші арна», «Астана», «31 арна» және т.б. телеар-
налар. Ал аймақтық масс-медиаға келер болсақ, 
Қазақстанның  барлық  жерінде  мемлекеттік 
және  жекеменшік  бұқаралық  ақпарат  құрал-
дары жұмыс істейді. Кейбір облыстардағы мер-
зімді және электронды БАҚ-тың саны басқа бір 
облыстардан едәуір артық. Аймақтардағы БАҚ 
саны  тұрғындардың  санына  және  сол  аймақ-
тағы ықпалды топтарға байланысты (ірі қаржы-
лық  топтар,  өндіріс  орындары,  бизнес).  БАҚ-
тың  санына  қарай  көшбасшы  аймақтар  қата-
рына  Қарағанды, Павлодар,  Ақтөбе, Оңтүстік 
Қазақстан,  Шығыс  Қазақстан  және  Атырау 
облыстары жатады. Бұл облыстарда өзінің кәсі-
билігі  және  оқырмандарының  көптігіне  байла-
нысты  басылымдарының саны да артық. БАҚ-
тың  саны  жағынан  Қызылорда  және  Солтүстік 
Қазақстан облыстары артта қалып келеді. Басқа 
жерлерге  қарағанда  бұл  облыстарда  тұрғындар 
санының  азырақ  болуына  байланысты  масс-
медиа саны да едәуір аз.  
Соңғы  кезде  халық  үшін  өте  тиімді  болған 
ақпарат құралы – Интернет-медиа. Республика-
да  соңғы  мәлімет  бойынша  халықтың 6,5 мил-
лионы интернет пайдаланады. Интернет-пайда-
ланушылардың  өсуіне  байланысты  интернет 
басылымдарының  саны  да  артып  келеді.  Олар-
дың  көпшілігі  қоғамдық-саяси  бағыттан  гөрі, 
ақпараттық, ойын-сауықтық бағытты ұстанады. 
Оны  интернет  пайдаланушылардың  негізгі 
бөлігінің жастар болуымен түсіндіруге болады.  
Сол  сияқты  мерзімді  басылымдардың  интер-
нет-нұсқалары  кең  таралған.  Көп  жыл  бойы 
Қазақстан  мен  одан  тысқары  жерлердегі  жағ-
дай туралы талдамалық материалдар мен жаңа-
лықтарды  жинап,  таратумен  айналысатын  ин-
тернет-ресурстардың  танымалдылығы  да  арта 
түсті.  Кейінгі    жылдары  блоггерлер  (блог  ав-
торлары), жүйелік күнделік авторларының саны 
өсіп отыр. 
Негізінде,  БАҚ-тың  қоғамға  қажетті  көп-
жақты идеологиялық міндетін атқарудағы және 
рухы жоғары идеяны уағыздаудағы рөлі көптеп 
жетілуде.  Әлеуметтік-психологиялық  сипаты 
күннен-күнге еселеніп барады. Оның қоғамдық 
қарым-қатынаста  атқаратын  саяси-әлеуметтік 
рөлі де алуан түрлі. Бүгінде БАҚ ағартушылық, 
насихаттық,  ұйымдастырушылық,  топтастыру 
жұмыстарын  атқарып  келеді.  Осыған  байла-
нысты  С.  Шаймағанбетов: «Ежелден  БАҚ, 
оның  ішінде  баспасөз  құралдары,  қазақ  тілінің 
жазылу  емлелерін  сақтап,  синтаксистік,  грам-
матикалық  барлық  ережелерін  бұзбай  жазуға 
қатты  мән  береді.  Керісінше  радио  мен  теле-
дидарлар  оның  айтылу,  оқылу  ережелері  мен 
сөз  сөйлеу  ырғағына  дейін  көрші  елдерге  үлгі 
(эталон  деуге  болады)  болып  келгені,  сонау 
кеңестік  дәуірден  жазылмаған  қағида  сияқты. 
Сол  үрдісті  ешкім  осы  күнге  дейін  ешқандай 
қаулы-қарармен  жоққа  шығармағаны  хақ.  Шын-
дығында да, құжаттар дайындағанда қандай да 
бір сөйлем, сөз тіркесінің жазылу дұрыстығына 
көз жеткізу үшін апталық баспа беттеріне жүгі-
нетінбіз», - дейді
   
[4, 4б.]. 
Соңғы  жылдары  республикада  аймақтарды 
және  онда  басылып  шығатын  БАҚ-ты  тілдік 
ұстаным  бойынша  бөлу  байқалады.  Оңтүстік 
және  батыс  аймақтарда  қазақ  тілінде  шығатын 
газеттер  едәуір  көбірек  болса,  солтүстік,  орта-
лық және шығыс аймақтарда орыс тілінде шы-
ғатын  басылымдар  қаптап  кеткен.  Кейбір  ай-
мақтарда  (Қызылорда,  ОҚО,  Жамбыл  облысы) 
телехабарлар  тұрғындар  (негізінен  этникалық 
қазақтар)  қажеттілігіне  сәйкес  көбінесе  қазақ 
тілінде  таратылады.  Республикалық  деңгейде 
мерзімді  басылымдар  арасында  орыс  тілді  ба-
сылымдар  алдыңғы  орында  тұр,  саны  жағынан 
да  қазақ  тілінде  шығатын  газет-журналдар  са-
нынан  асып  түсіп  отырғанын  жоғарыда  айтқан 
болатынбыз. Әйтсе де 2000-шы жылдар ортасы-
нан бастап мемлекеттік тілде сөйлейтін азамат-
тардың  көбеюіне  байланысты,  қазақ  тіліндегі 
басылымдар санының өсіп, орыс тіліндегі басы-
лымдардың қысқара басталғандығы байқалады. 
Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Те-
лерадиобағдарламалар таралуы туралы» Заңна-
масында 2012 жылдың 1 қаңтарынан  бастап 
масс-медианың 25 %-ы қазақша таралуға көшуі 
керек  деген  болатын,  ал 2015 жылға 50%-дан 
кем  болмауы  тиіс  делінген.  Сонымен  бірге 
мемлекеттік  бағдарламаның  екінші  бағытында: 
«Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту. Қол 
жеткізу  жолдары  және  шаралар  жүйесі:  Тілдік 
ортаны  қалыптастырудағы  БАҚ-тың  рөлін 
күшейту  керек», - деген  бөлім  бар
 
 [1]. Одан 
бөлек  цифрлық  телерадиохабарларын  енгізу 
шеңберінде  әртүрлі  (балаларға,  жасөспірімдер-
ге арналған, спорттық, ғылыми-танымдық және 
Масс-медианың мемлекеттік тілді дамытудағы рөлі 

255 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012 
 
 
т.б.)  телерадиоарналарын  құру  жайына  да  аса 
мән берген. Осы саясаттың негізінде «Балапан» 
және  «Мәдениет»  телеарналары  тек  қазақ  ті-
лінде таралатын болды. Елбасымыз да бұл тұр-
ғыда журналистерге берген кезекті сұхбатында 
былай деген болатын: 
-  Тілдерді  дамытуда  БАҚ-тың  рөлі  өте  ма-
ңызды  деп  есептеймін.  Мысалы, «Балапан» 
телеарнасы  толығымен  қазақ  тілінде  көпші-
лікке таралады [5]. 
Қорыта айтқанда, алдағы уақытта қазақ бас-
пасөзінің  болашағы  зор.  Қабылданған  заңның 
аясында қазақ тілінің мәртебесі де арта түспек. 
Сондықтан да қазақ елінің азаматы (оның ішін-
де өзге ұлт өкілдері де бар)   мемлекеттік тілдің 
қадірін түсіне білгені
 
жөн. «Тілдің болашағы – 
ұлттың болашағы» екенін аңғаратын уақыт жетті. 
 
Әдебиеттер: 
 
1.
 
Молдабеков  Ж.  Ақпараттық  ресурс  ұлттық 
құндылық. // www.
 
Kazgazeta.kz. 
2.  Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 
жылдарға  арналған  Мемлекеттік  бағдарла-
масы. // 
www.аkorda.kz
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.  Средства  массовой  информации // www. 
akorda.kz 
4.  Шаймағанбетов C. БАҚтағы  тіл  тазалығы. //
 
Егемен Қазақстан. 31.08.2011. – №401-404. – 
4б.
 
 
5.  Назарбаев  указал,  что  к 2020 году  в  Казах-
стане  «немцев» (безъязыких)  в  республике 
практически  быть  не  должно. // 
www.rus-
sianskz.info
 
* * * 
В статье рассматривается роль СМИ в развитии госу-
дарственного языка. 
В последнее время мы убедились в том, что роль масс-
медиа в развитии государственного языка велика. Так как 
средство  массовой  информации – это  самый  доступный 
вид сведений для народа. Статья была написана на основе 
«Государственной  программы  функционирования  и 
развития языков на 2011-2020 годы». 
 * * * 
This article discusses the role of media in the development 
of state language.  
Recently, we were convinced that the role of mass media 
in the development of the state language is great. Since the 
mass media - is the most affordable form of intelligence for 
the people. The article was written based on the "State 
program of functioning and development of languages for 
2011-2020». 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А. Назарова
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012
 

256 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
ҚазҰУ хабаршысында басылатын қолжазбаларға қойылатын талаптар 
 
«ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы» журналына жариялау үшін қазақ, орыс және ағылшын 
тіліндегі,  бұрын  жарияланбаған,  іргелі  және  қолданбалы  зерттеу  нәтижелері  мазмұндалған 
проблемалық, шолу, пікірталастық материалдар қабылданады. Сонымен қатар рецензиялар, ғылыми 
және мәдени өмір хабарлары жарияланады. 
 
Редакция алқасы авторлардан материалдарды жариялау үшін төмендегі ережелерді талап етеді: 
Мақала  көлемі  әдебиеттер  тізімін,  кестелер  мен  суреттерді,  олардың  астындағы  жазуларды, 
аннотация  мен  резюмені  қосқанда 10 беттен  аспауы  тиіс.  Мақаланың  минималды  көлемі – 5 бет. 
Редакцияға  басып  шығарылған  бетпен  толық  сәйкес  келетін  мақаланың  электронды  нұсқасын 
тапсыру  керек.  Файлдың  аты  латын  қарпіндегі  бірінші  автордың  тегінен  басталуы  керек  (мысалы, 
Ivanov.doc(rtf)). Мақаланың беттері нөмірленуі тиіс. УДК бойынша код көрсетілуі керек.  
 
Мәтін Word бағдарламасының кез келген нұсқасында басылып, CD немесе басқа тасымалдаушы 
арқылы немесе электронды пошта арқылы берілуі керек. Мәтін шрифті – Times New Roman, формат 
А4, кегль — 12 пт. Жол аралығы – бірлік. Тегістеу көлденеңінен. Азат жол шегінісі – 0,8 см. Жоғарғы 
алаң – 2,  төменгі – 2, сол жақтағы – 3, оң жақтағы – 1,5. Гарнитура қалыпты. 
 
Кестелерде, суреттерде, формулаларда символдар, белгілер біркелкі болуы керек. Суреттер анық, 
таза болуы керек. Мәтінде суреттер мен кестелерге сілтеме берілу керек. 
 
Кестелерге  атау  беріліп,  бос  графалар  қалмауы  керек.  Шартты  қысқартулар  мен  белгілер 
ескертпеде түсіндірілуі керек.  
Көрнекі  материалдар  келесі  форматтарда  берілуі  керек:  фото,  суреттер  үшін – -  tiff немесе jepg 
(ақ-қара және түсті үшін  dpi 300); графиктер, диаграммалар, сызбанұсқалар және т.б. үшін – exls, cdr. 
Суреттің  сырт  жағына  немесе  оның  астына  автордың  тегі,  мақаланың  аты  және  сурет  нөмірі 
көрсетілуі  керек.  Көрнекіліктер  мәтін  бойынша  орналастырыла  алады,  бірақ  кейін  беттегенде 
пайдаланылатындай жеке файлдар түрінде міндетті түрде берілуі керек. Суреттің астындағы жазулар 
жеке тізіммен мақаланың соңында беріледі. 
 
Әдебиеттер тізімі 20 атаудан аспауы және ГОСТ 7.1–2003 сәйкес рәсімделуі тиіс. Дереккөздерге 
сілтемелер  мақала  мәтінінде  тек  төртбұрыш  жақшамен  (сілтемесіз [12], сілтеме  берілгенде  немесе 
автор  мәтінін  мазмұндағанда [12,  29 б.])  берілуі  керек.  Мақаладағы  сілтемелердің  нөмірленуі 
мақалаға қосымша берілген әдебиеттер тізіміндегі дереккөздің реттік нөмірімен жүргізіледі. Мұрағат 
материалдары тізімге қосылмайды, оларға сілтемелер мәтінде дөңгелек жақшамен беріледі. Мақалада 
электронды  қорларды  немесе  Интернет  желісін  пайдаланған  жағдайда  әдебиеттер  тізімінде 
дереккөзінің  библиографиялық  жазбасы  және  Интернеттегі  толық  желілік  адресімен  желілік  қорға 
сілтеме келтіріледі. Қорды пайдалану мерзімін көрсеткен дұрыс.  
 
Аннотация  түпнұсқа  тілінде  беріледі;  мақала  тақырыбы  мен  екі  резюме – екінші  және  ағылшын 
тілдерінде.  Аннотацияда  мәселелер  мен  қорытындылар  ақпараттылық,  мазмұндылық  және  аударма 
сапасы талаптарына сай көрсетіледі (7-8 жол). Рецензиялар, конференциялар туралы есептер мен сол 
сияқты ақпараттық материалдарды жариялағанда аннотация мен резюме қажет емес.  
 
Қолжазбаға қосымша авторлар туралы мәліметтер қажет:  
1) әр автор туралы тегі, аты, әкесінің аты; ғылыми дәрежесі; ғылыми атағы; негізгі жұмыс орны, 
қызметі; ұялы телефон нөмірі; электронды мекен-жай; 
2)  магистранттар  мен PHD докторанттар  үшін — деканат  және  тақырып  жетекшісі  бекіткен 
кафедра мәжілісі хаттамасынан үзінді;  
3) мақалалардың барлығы міндетті түрде ішкі рецензиямен тіркеледі. 
 
  Қолжазбалар  автордың  редакциясымен  беріледі.  Редакцияға  келіп  түскен  барлық  мақала-
ларға  пікір  жазылады.  Қажет  болған  жағдайда  мақала  авторға  түзету  үшін  қайтарылуы 
ҚазҰУ хабаршысында басылатын қолжазбаларға қойылатын талаптар 

257 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012 
 
 
мүмкін.  Редакция  алқасы  қолжазбаны  жариялауға  не  алып  тастауға  құқылы.  Қолжазба  қай-
тарылмайды.  Мақаланың  келіп  түскен  мерзімі  болып  редакцияға  оның  соңғы  нұсқасы  қа-
былданған мерзімі болып  саналады.  Редакция мақаланың  мағынасын  бұрмаламайтын  редак-
торлық түзетулер енгізуге құқылы.  
 
  Жариялау ақысы 5000 теңгені құрайды. Қосымша беттер үшін қосымша 700 теңге төленеді.  
 
Мақаланы рәсімдеу мысалы 
 
 
Ортада келтірілетін мәліметтер:  
 
Мақаланың атауы (қаралау етіп жазылады) мақала жазылған тілде басылады. 
 
Авторлардың тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері (мыс.: Иванов И.В., Крылов С.П.)  
 
Автор  өкілі  болып  табылатын  мекеменің  толық  аты  (қаланы  көрсету  керек).  Авторлар  әртүрлі 
мекемелерден болса, автор мен мекеме арасындағы сәйкестік жол үсті индекстерімен орнатылады, 
электронды мекен-жай.  
Ескерту:  
Иванов И.В.
1
, Крылов С.П.

1
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; 
2
Жану мәселелері институты 
 
Аннотация  
 
Мақала 
 
Әдебиеттер 
 
Мақаланың  соңында  қалған  екі  тілде  (кезек  бойынша)  атауы,  авторлардың  аты-жөні  және 
аннотация келтіріледі (шрифт мөлшері негізгіден 2 кегльге кіші). 
 
Көрнекіліктер (суреттер, диаграммалар, кестелер және т.б.) жазуларымен жеке беттерде беріледі.  
 
Авторлар жайлы мәліметтер 
 
  
МЫСАЛЫ (библиографиялық мәліметтер шартты түрде алынған): 
 
Кітаптар үшін: Авторлардың тегі және аты-жөні. Тақырып. – Қайта басылуы туралы мәліметтер. 
– Басылған жері: Баспа, басылған жылы. – Беттер саны. 
Мысалы: Ильин В.А., Позняк Э.Г. Линейная алгебра. — 3-е изд. — М.: Наука, 1984. — 294 с. 
Журнал мақалалары үшін: Авторлардың тегі және аты-жөні. Мақаланың аты // Басылым атауы. 
(Серия). – Басылған жылы. – Том. – Нөмірі. – Беті. 
Мысалы:  
Панчук  Д.А.,  Садакбаева  Ж.К.,  Пуклина  Е.А.  и  др.  О  структуре  межфазного  слоя  на  границе 
металлическое покрытие–полимерная подложка // Российские нанотехнологии. — 2009. — Т. 4. — 
№ 5–6. — С. 114–120. 
Шамбилова Г.К.  Влияние  деформирования  на  скорость  отверждения  олигомеров // Вестн. 
Карагандинского ун-та. Сер. Химия. — 2010. — № 2(58). — С. 17–20. 
Конференция  материалдары,  шығармалар  жинағы  және  т.б.  үшін:  Авторлардың  тегі  және 
аты-жөні.  Мақаланың  аты // Басылым  атауы.  Басылым  түрі. –  Басылған  орны,  жылы. – Том. – 
Нөмірі. – Беті. 
Мысалы:  
Бакиров  Ж.Б.  Исследование  закритического  прогиба  пластин  с  учетом  случайных  факторов // 
Строительство: Тр. КарГТУ. — Вып. 1. — Караганда: Изд. КарГТУ, 1996. — С. 171–174. 
Касенов  Б.К.,  Ашляева  И.В.  О  термодинамических  свойствах  арсенатов  щелочноземельных 
металлов // Физико-химические исследования строения и реакционной способности вещества. — 
Караганда, 1988. — С. 124–131. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысында басылатын қолжазбаларға қойылатын талаптар
 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012
 

258 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет