1. Швецова С.В. Лингвистический анализ способов
терминообразования в современной английской офталь-
мологической терминосистеме. Дис. КФН. – Иркутск, 2004.
- 153 с.
2. Даниленко В.П. Русская терминология. Опыт лин-
гвистического описания. – М., 1977. - 246 с.
3. Айтбаев Ө. Қазақ тіл білімінің мəселелері. –Ал-
маты: Арыс, 2007. - 624 б.
4. Қазақ грамматикасы. –Астана, 2002. - 784 б.
5. Русская грамматика. –М.,1982.
6. Современный русский литературный язык. – М.,
1988, - 670 с.
7. Лопатин В.В. Нулевая аффиксация в системе
русского слово образования. //Вопросы языкознания. М.,
1966. №1, - С.76-78.
8. Омарова А. Қазіргі қазақ тіліндегі нөлдік
морфема. –Алматы, 2004. - 253 б.
9. Фердинанд де Соссюр. Курс общей лингвистики.
1933. Перевод А.М.Сухотина. – История языкознания ХІХ-
ХХ веков в очерках... Часть І, 1961.
10. Оралбаева Н. Проблемы нулевой формы и
нулевого слова в грамматическом строе тюркских языков.
– Советская тюркология и развитие тюркских языков в
СССР. Тезисы докладов и сообщений. – Алма-Ата, 1976, -
358 б.
11. Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көз-
дері мен терминжасам тəсілдері. –Алматы: Сөздік – Сло-
варь, 2005. - 240 б.
12. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Ал-
маты: Ғылым, 1999. - 581 б.
13. Кеңесбаев І., Жиенбаев С. Қазақ тілі граммати-
касы. 1-бөлім. Фонетика мен морфология. Орталау жəне
орта мектептердің V-VІ кластарына арналған. –Алматы,
1942. - 164 б.
14. Сауранбаев Н.Г. Қазақ тілі. Педучилищелерге
арналған. –Алматы, 1953. – 219 б.
15. Əбуханов Ғ. Қазақ тілі. –Алматы, 1960. - 366 б.
16. Аханов. Қазақ тілі оқулығы (5-6). –Алматы, 1971.
- 242 б.
* * *
В работе описывается семантический способ тер-
минообразования, характеризуется нулевая аффиксация
при образовании специальних терминов в различных
отраслях науки.
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010
71
Г. А. Машинбаева
ТЕЛЕДИДАР ТІЛІНДЕГІ ДЫБЫСТЫҚ ҚАЙТАЛАМАЛАР
Телеарналарда ақпарат беру хабарларымен
бірге ұдайы бірге жүретін хабарлардың бірі –
спорт хабарлары. Себебі спорт - бүгінгі күні
халықтың қоғамдық, саяси өмірімен бірге біте
қайнасып жатқан құбылыс. Қазіргі кезде теле-
арналарда тəулік бойғы ақпарат хабарларының
барлығы дерлік ауа райы болжамымен жəне
спорт жаңалықтарымен аяқталады. Телеэкран-
дағы əрбір арна əр күнгі спорт жаңалықтарына
спорттың түрлеріне қатысты толық шолу
жасауға тырысады. Осы тəулік бойына спорт
жаңалықтарын таратушы хабарлардың өзіндік
тілдік ерекшеліктері бар. Бұл жанрда тіл ерек-
шелігінің қалыптасуының бірнеше себептері
болады. Ең алдымен, спорт жаңалықтарын
таратушы хабарлардың уақыты тым қысқа
екендігі белгілі. Себебі көбінесе олар жалпы
өмірдегі жаңалықтың құрамдас бөлігі ретінде
ғана беріледі. Спорт шолушысының мақсаты –
тым қысқа уақыт ішінде көрерменіне түсінікті,
жан-жақты мəлімет беру.
Спорт хабарлары көпсөзділікті көтермейді.
Бұған себеп - теледидардың басқа газет жəне
визуалды ақпарат құралдарынан ерекшелігінде,
яғни теледидарда, радиода толық сипаттап
берілетін ойын немесе басқа спорт түрлерінен
болатын жарыс барысындағы қимылдардың
көпшілігі бейнеленіп көрсетіле алады.
БАҚ тіліне қойылатын негізгі талаптар:
мəнерлілік, айқындылық, нақтылық. Əйтсе де,
спорттың жарыс рухы көріністік, көпшілік
сияқты ерекшеліктерін ескерген жөн. Күрес
драматизмі спорттық материал тіліне, көрер-
меніне əсер етпеуі мүмкін емес. Ғалым спорттық
материал тілінің экспрессивтік, эмоциялық
мазмұн жылдамдығы, полифониялық сияқты
маңызды ерекшеліктерін белгілей отырып,
осыдан спорт тіліне əсер ететін мынадай бел-
гілерді ұсынады:
– бəсекелестік, жарыс рухы;
– шығармашылық (резерв, жоғары нəти-
жеге жетудің жаңа тəсілдерін іздеу);
– күрес драматизмі, қиындықтарды жеңу
(дене, психологиялық);
– бұқаралық, танымалдылық, тартымды-
лық;
– эстетикалық, көрініс, сұлулық, эмоция
ерекшелігі [1, 190 б.].
Спорттың осы аталған ерекшелігі теледи-
дарлық спорт хабарларының тіліне де тəн.
Спорт танымал сала болғандықтан спорт
материалдарына ерекше талап қойылады. БАҚ
қызметінің
жаңа
принциптері,
қоғамдағы
күрделі өзгерістер, мемлекеттің спортқа деген
көзқарасы теледидар тілінен өз орнын тапты.
Бүгінгі журналистер өз шығармашылығын
дамытуға аса жауапкершілікпен қарайды. Олар
спорт хабарларын дайындау барысында тілдің
экспрессивті құралдарын тиімді пайдалануды
қолға алды. Сөзбен терең ойды білдіру, халыққа
тікелей əсер ететін сөздерді ұтымды қолдану –
спорт
хабарларын
дайындаудағы
тиімді
тəсілдерді таңдау критерийі болып саналады.
Спорт шолушылары сөздерін құлаққа
жағымды, əуезді етіп жеткізуді дəстүрге айнал-
дырған. Соңғы кездері лингвостилистикада көр-
кем шығарманың бейнелілігі мен тілдік эле-
менттердің семантикасы арасындағы байланыс-
қа да, тілдік пішім мен сөз мағынасының ара-
қатынасы мəселесіне де ерекше назар ау-
дарылып жүр. Мұның өзі – тілдік бірліктің
мағынасы мен функционалдық қызметі бірігіп
келіп, үлкен стилистикалық жүйе құрайтынын
толық мақұлдау деген сөз.
Шығарманың эвфониялық əсері мен эсте-
тикалық көркемдігі арасындағы жан-жақты
байланыстың қажеттілігі жəне ол байланыстың
үнемі болатындығы туралы ежелгі грек фило-
софтары Пифагор, Платон, Гергомен, Цицерон
жəне тағы басқалар жазды
[2, 101-102 б.]. Көне
грек философтарының осы пікірі орыс ғалымы
М.В. Ломоносов тарапынан жалғасын тапты. Ол
«Краткое введение в красноречию» атты ең-
бегінде сөздің əдемі жəне əсерлі болып келуі
оның құрамындағы жеке дыбыстардың гар-
мониялық үндесуіне байланысты болатындығын
айтады. М.В. Ломоносов кейбір дыбыстардың
сөздің көркемдік бояуына тигізетін əсерін
сипаттап, бұл үрдіске дыбыстық қайталамалар-
дың ерекше қызмет атқаратынын көрсетті
[3, 15
б.]. Осындай пікірлер ХХ ғасырда фониканың
қалыптасуына себепші болды.
ХХ ғасыр – дыбыс пен мағына арасындағы
байланыстың жан-жақты зерттелген кезеңі.
Дыбыс пен мағына бұл кезеңде лингвистикалық
поэтиканың зерттеу нысанына айналды. Бірте-
бірте сөз құрамындағы дыбыстардың сол сөздің
көркемдік əсерін беруде белгілі дəрежеде қыз-
мет атқаратындығы, дыбыстардың стилистика-
лық қызметке ие болатындығы дəлелденіп, бұл
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
72
мəселе көптеген ғалымдарды қызықтыра бас-
тады. Көркем шығармадағы дыбыстардың
маңызын В.М. Жирмунский: «Звуки языка не
безразличны для поэта. Это не пустые места в
художественном произведении, не беспорядоч-
ные шумы, сопроваждающие течение поэти-
ческих образов, а существенные средства худо-
жественной выразительности», - деп бағалайды
[4, 28 б.].
Кез келген көркем шығарма дыбыс арқылы
жасалған сөздерден тұратындықтан, ең алды-
мен, фонетикалық тұрғыдан сипатталуы тиіс.
Бірақ осы кезге дейін көркем шығарманың
стилистикалық табиғатын тануда оның дыбыс-
тық жағына жеткілікті дəрежеде назар ау-
дарылып жүрген жоқ. Бұл мəселенің осы кезге
дейін зерттелмегені соншалық – кейбір, фоно-
стилистикалық айшықтар толығымен əдебиет-
тану ғылымының үлесіне тиіп, олардың лин-
гвостилистикалық табиғаты ғалымдар назары-
нан тыс қалып отыр. Əдебиет жанрларының
дыбыстық сипаты, соның ішінде көркем əдебиет
түрлерінің
фоностилистикалық
тұрғыдан
ерекшеленуі, көркем əдебиеттің бейнелілігіндегі
дыбыстардың атқаратын қызметтері сияқты
өзекті сұрақтар да бүгінгі стилистика ғылы-
мында өз шешімін таппай отыр. Ал көркем
шығармадағы
дыбыстардың
стилистикалық
сипаты, олардың атқаратын қызметіне сəйкес
түрленуі – көркем мəтіннің оқырманға түсінікті,
қабылдауына жеңіл болуы оның фонетикалық
құрылымына байланысты. Сондықтан мəтін
стилистикасы мəселесіне тоқталған кезде оның
дыбыстық жағына да ерекше назар аударылады.
Мəтіннің фонетикалық жүйесі неғұрлым жетік
болса, оның қабылдану деңгейі де соғұрлым
жоғары болмақ.
Поэзиялық мəтіндердегі дыбыстардың бір-
бірімен жарасып, үндесіп келуі «Əдебиеттану
терминдерінің сөздігінде» дыбыс үйлесімі деген
терминмен
белгіленеді. «Дыбыс
үйлесімі
(инструментовка) – поэзияда дыбыс үндестігін
пайдалану тəсілі. Фонетикалық жəне стилисти-
калық мəн-мағынасына сай, əрбір сөз өлеңге
жағымды тембр, эмоциялық бояу, нəр қосады», -
деп түсіндіріледі
[5, 83 б.].
«Əдеби тілге дауыс ырғағы емес-ау, тіпті
дыбыс қайталаулар арқылы да əжептəуір ажар
бітіруге болады», - деп бағалайды дыбыстық
қайталамалардың
көркем
мəтіндегі
рөлін
академик З. Қабдолов
[6]. Сөз мағына мен ды-
бысталудың бірлігінен тұратыны белгілі. Осы
бірлік тек бір затты белгілеу үшін ғана қажет
болып қоймайды. Мағына, дыбысталудың үй-
лесімділігі сөздің стильдік қызметінің қалып-
тасуына да негіз болады. Тілдік бірліктердің
мағынасы мен функционалдық қызметінің
тоғысуының нəтижесінде стилистикалық жүйе
қалыптасады. Дыбыстың стилистикалық қыз-
метінің ерекшеліктері осы кезге дейін поэзия-
лық шығармалар тілі арқылы зерттеліп келді:
дыбыстардың стильдік қызметін, дыбыстық
қайталамалардың табиғатын, ерекшеліктерін
белгілеуде поэтикалық шығармалардың орны
ерекше болып келеді. «Именно через двух,
точнее говоря, через особое звучание стиха,
выявляются его смысловые и содержательные
особенности. Поэтому в стихе звук – в его
стилистической функции – неотделим от
смысловой выразительности», - дейді бұл
туралы Б.П. Гончаров
[7]. Алайда, бұл жерде
ескерілмеген бір нəрсе бар. Дыбыс үйлесімділігі
прозалық шығармалардың мəтінінде де болады.
Ал публицистикалық шешендік өнерге жақын
жанрлары дыбыс үйлесімділігінсіз өзінің функ-
ционалдық мəнін жоғалтады. Сондықтан мəтін
стилистикасындағы фоностилистика мен фони-
каның əдебиет мəтіндерін жанрлық ерекше-
ліктеріне қарамастан зерттелуі шарт.
Көркем шығарманың дыбыстық құрылымын
қарастырған кезде ерекше сипатталуға тиісті
құбылыс – дыбыстық қайталамалар. «Дыбыстық
қайталама» терминін ең алғаш О.М. Брик
ұсынған болатын, бірақ ол бұл терминнің аясын
өте тар қолданды. О.М. Бриктің «дыбыстық
қайталама» термині дауыссыз дыбыстардың
қайталау үрдісін сипаттады. Автордың өзі бұл
туралы былай дейді: «Сущность повтора
заключается в том, что некоторые группы
согласных повторяются один или несколько раз
в той или иной последовательности, с раз-
личным составом сопутствующих гласных»
[8,
12 б.].
Дыбыстық қайталамалар - поэзия мен про-
заны бір-бірінен ажырататын басты белгілердің
бірі. Ол мəтіннің жалпы фонетикалық бояуы
қатарлас орналасқан дыбыстық қайталамалар
арқылы ажарлана түседі. Дыбыстық қай-
таламаларды Ю.Н. Тынянов та қарастырды.
Бірақ ол «дыбыстық қайталама» терминін қол-
данбай, бұл құбылысты «дыбысқа еліктеу»,
«дыбыстық метафора», - деп таныды
[9, 114 б.].
Дыбыстық қайталамалардың поэзиялық
шығармаларындағы стилистикалық қызметінің
ерекшеліктерін Ю.М. Лотман төмендегіше
сипаттайды: «Повторяемость фонем в стихе
имеют определенную художественную функ-
цию: фонема дается читателю лишь в составе
лексических единиц. Упорядоченность отно-
сительно фонем переносятся на слова, которые
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010
73
оказываются сгруппированными некоторым
образом, организующим язык, добавляется
«сверхорганизация, соединяющая между собой в
языке слова в новые смысловые группы»
[10, 64
б.]
. Бұл сала бойынша ерекше жетістіктер
қатарына Абай өлеңдерінің эвфониялық си-
патын қарастырған Р. Сыздықованың моногра-
фиясын
[11] жатқызуға болады .
Дыбыс əуезділігі («Благозвучие») – көркем
мəтінге стилистикалық тұрғыдан қойылатын
қатаң талаптардың бірі. Мəтіннің дыбыстық
деңгейі, онда қолданылатын фонетикалық
материалдардың үйлесімділігі – ғалымдар
назарын бағзы замандардан бері өзіне аударып
келе жатқан тақырып. «Əрбір жазылған дүние
айтылуға да, оқылуға да ыңғайлы болып келуі
шарт», - деп есептеген Аристотель
[12, 180 б.].
Дыбыстық қайталамалардың негізгі стилистика-
лық мақсаты шығарманың құлаққа жағымды
естілуімен ғана шектелмейді. Дыбыстық қай-
таламалар ұқсас дыбысты сөздер арқылы
поэтикалық мəтіннің эмоционалды бояуын
əрлендіріп, өлең өрімінің мəнерлілігін арт-
тырады. Мəтінде дыбыстардың қайталануын
зерттеген ғалымдар дыбыстық қайталамалардың
экспрессивтік қызмет атқара алатындығын
көрсетеді де, олардың мəтінде ырғақ инерция-
сын қалыптастыру үшін қажетті тəсіл екендігін
ескере бермейді. Өлеңнің ырғағын келтіруде
ұқсас немесе бірдей дыбыстардың белгілі бір
өлшемде қайталанып берілуінің маңызы зор.
Дыбыстардың өлең өрімінде қайталану себебі-
нің негізін іздеген зерттеушілер бұл құбылысты
мəтін адаптациясы жəне афазия құбылыста-
рымен байланыстырады
[13, 69-64 бб.]. Афазия
– адамның тіліндегі кемістікті белгілейтін
психологиялық термин. Ал мəтін адаптация-
сы ұғымы да психология ғылымына белгілі
дəрежеде қатысты келеді. Адамның ақпаратты
қабылдауы (түйсік жəне ой) – психологияның
қарастыратын нысаны. Мұның өзі - қайталама
категориясының психологиялық сипатқа да ие
болатынының ашық көрінісі.
Күндес лиганың кезекті турында Армения-
дан ұтылған «Шульгат кеше ағылшындардан
айласын асыра алмады («Хабар», А. Сейітханов,
17.02.06).
Бұл жарыста орыс қыздар озып шықты
(«Хабар», А. Сейітханов, 15.02.06).
Бокстан Ресей мен Қазақстан əлем бойын-
ша екінші, үшінші орындарға таласқанда еш
елге есе бермей келеді («Қазақстан», Н. Аманов,
Б. Тұрмашев, 29.03.05).
Айласын айға асырған реалдықтар бұл
жолы да қарсыласына есе жібермеді.
Айдын алаңында аққудай өнер көрсеткен
И. Слуцкая көрермендер көңілінен шықты.
Украиндық ойыншылар ойсырай ұтылды.
Өз салмақтарында шымкенттік өрендер
өрледі.
Біздің спортшылар бұл жарыста ұлы
жеңістерге ұмтылғанымен, ұтылыс тапты.
В. Жировтың ірі ісін көрермендер ілгері
бағалады.
Бұл жолғы ойында Ақжановтың арыны
жақсы («Хабар», А. Сейітханов, «Спорт»).
Шынын айту керек, орталық стадиондағы
жекпе-жекте алаң иелері жаяу жүріп жеңіске
жетеді деп топшыладық (А. Сейітханов, «Ха-
бар», 25.10.05).
Ол өзі баптаған балаң жігітті Баптиса-
ның орнына жіберді («Хабар», А. Сейітханов,
19.12.05).
Бұл дүбірлі доданы Елбасымыз арнайы келіп
тамашалады.
Қамал бұзуға бел буған балаң жігіт
қарсыласын əп-сəтте алып жықты («Хабар»,
Ж. Айтбай, 12.05.05).
Өткен ойында қақпаға қара құлып салған
жігіт бұл жолы да өз орнын тапқан («Хабар»,
А. Сейітханов, 14.08.06).
Валенция сұрмергені мүмкіндікті мүлт
жіберген жоқ («Хабар», А. Сейітханов, «Спорт»,
13. 02.06).
Оныншы болып тіркелген Радик туралы сөз
саптағанда Жаппаров жақсы секіреді екен
десті («Хабар», А. Сейітханов, 16.11.05).
Қара шалбардағы Балқаш барысы В. Жиров
алдыңғы қатарда келеді («Хабар», Ж. Айтбай,
30.11.05).
Алайда үзілістен кейін Макси Родригес
котлондықтар қақпасына екінші голды енгізіп,
жергілікті жанкүйерлердің жүйкесін жұқарта
түсті («31 арна», «Информбюро», Б. Əсіреңкеев,
17.02.06).
Бұл су қоймасын жөндеуден өткізу үшін
таңдайдан талай маржан төгілуі керек
(«Хабар», А. Сейітханов, 26.02.06).
Екінші жиырма минутта жерлестері-
міз жігерлік танытты («Хабар», Ж. Айтбай,
17.02.06).
Көп сайыс қорытындысы бойынша Павло-
дардан келген үміткерлер үздік атанды («Ха-
бар», А. Сейітханов, 19.12.05).
Біз айтсақ деген ой мынау – осындай алғы
шептің алғыр футболшыларына жалақы
төлесе де, əлгі альбиондар аяқ доп – ұжымдық
ойын екенін үнемі дəлелдеп жүреді. Ауылдағы
жігіттерге осы үлгі болса дейміз-дағы («Ха-
бар», А. Сейітханов, 19.12.05).
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
74
«Ақ Жайықтың» арыны жақсы. Универ-
салдық ойын көрмеген Батыс Қазақстан бенди-
шілері алғашқы матчта 3:2 есебімен басым түсті.
Үзілістен кейін де алаң иелері ойын тізгінін
уыстан шығармады («Хабар», Ж. Айтбай,
01.11.05).
Бірін бірі жақсы түсінген ойыншылар
қонақтар қорғанысының берекесін қашырды
(«Хабар», Ж. Айтбай, 12.11.06).
Қорғаушы Стюарт Порнаби де қарсылас
команда қақпасынан саңылау тапты («Хабар»,
Ж. Айтбай, 17.02.06).
Сөйтсек екінші таймда таразы Шри
Ланкаға ауып, қонақтар 19:15 есебімен алға
шықты («Хабар», А. Сейітханов, 25.10.05).
Бұл жолғы ойынға айдарынан жел есіп кел-
ген котлондық топ ойламаған жерде атлети-
када 1:3 болып, тізе бүкті («Хабар»,
А. Сейітханов, 06.02.05).
Сексен бес килоға дейінгі салмақта өнер
көрсеткен қызылордалық 17 жасар қыз Илья
Ильина 86 килоны бағындырып, əлем чемпионы
атанды («31 арна», Е. Көшкінбай, 15.11.05).
_________________
1. Юрковский Н. Активные процессы в русской
спортивной игровой лексике. – М.: Наука, 1988. – 28 с.
2. Античные риторики: Сб. ст. – М.: Изд-во МГУ,
1978. – 352 с.
3. Ломоносов М.В. Краткое руководство к красноре-
чию // Сочинение Ломоносова: В 6-и т. – СПб., 1850. – Т. 3.
– 719 с.
4. Жирмунский В.М. Теория литературы. Поэтика.
Стилистика. – Л.: Наука, 1977. – 405 с.
5. Əдебиеттану терминдерінің сөздігі / Ред. басқ.
З. Ахметов. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – 230 б.
6. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Жазушы, 1983.
– 456 б.
7. Гончаров Б.П. Звуковая организация стиха и проб-
лемы рифмы. – М.: Наука, 1973
. – 155 с.
8. Брик О. Звуковые повторы: Анализ звуковой
структуры стиха // Образные слова А. Блока: Сб. ст. – М.:
Наука, 1980
. – С. 45-47.
9. Тынянов Ю.Н. Поэтика. История литературы.
Кино. – М.: Наука, 1977. – 574 с
.
10. Лотман Ю.Т. Структура художественного текста.
– М.: Искусство, 1970. – 384 с.
11. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. – Алматы:
Санат, 1995. – 208 б.
12. Античные теории языка и стиля: Сб. ст. – М.-Л.,
1936. – 341 с.
13. Мартынцев А.Е. Звуковой повтор в турецком
стихе // Советская тюркология. – 1974. – № 6. – С. 63-67
* * *
В статье рассматриваются звуковые повторы как
вспомогательное средство при восприятии информа-
ции.
А. Н. Мұратова
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰПИЯ ТҮСІНІС ТƏСІЛІНІҢ
ШАРТТЫ ТІЛДЕР АРҚЫЛЫ БЕРІЛУІ
Тілдің пассив лексикасының бір тобы
саналатын арго мен жаргондар белгілі бір шағын
əлеуметтік топтың қарым-қатынасын реттейтін
қатынас құралы қызметін атқарады. Шағын
топтың коммуникативтік қызметін жүзеге
асыратын арго, жаргондардың жасырын мəнді
беруде де жұмсалатынын зерттеу барысында
байқадық. Мəселен, Ғ.Қалиев пен Ш.Сарыбаев
еңбектерінде «шағын ғана əлеуметтік топтарға
қызмет ететін, сол топтардың ұнатуына сай
келетін арнаулы сөздер мен сөйлемшелер»[1,65]
деген ортақ анықтама беріліп, «жаргон көбінесе
дворяндық аристократия мен буржуазияның
жоғарғы топтары арасында қолданылады. Ал
«арго тілі төменгі тап өкілдеріне тəн. Арго
жасырын əрекетті, құпия сырды бүркеме-
леу мақсатынан туған»[2,8] деп көрсетілсе,
А.Махмұтов: «Жаргон үстем топтың жоғарғы
топтарының тіл ерекшелігі болса, арго -
əлеуметтік төменгі топтарға тəн ерекшелік. Арго
жасырын əрекетті, құпия сырды сөйлескенде
оны басқаларға білдірмеу мақсатынан келіп
туған. Арго халыққа түсінікті сөздер негізгі
мағынадан ауытқып, аз ғана топтың шартты
белгісіне айналады. Арго элементтері қазақ
тілінде де кездесіп отырады. Мысалы, апсар-
жапсар (нəрсе жапсарда тұр), ылдым-жылдым
(нəрсені тез ал) т.б. [3,139], - деп жазады. Ал
І.Кеңесбаев, Т.Жанұзақов еңбектерінде «Арго»
өзінің сөйлеу нормасы арқылы ерекшеленген
белгілі бір əлеуметтік топтың шартты тілі ,
жаргон сөзі, ал жаргон - шағын ғана əлеуметтік
топқа қызмет ететін, өзіне тəн грамматикалық
құрылысы мен сөздік қоры жоқ, жалпы халыққа
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010
75
түсініксіз жасанды тіл. Бұл арго деп те аталады»
[4, 20] деген сипаттама беріледі. Орыс тіл білімі
ғалымдары Д.Э.Розенталь жəне М.А.Теленкова-
лар бұлар туралы: « Арго - французша argot -
жаргон. Язык отдельных социальных групп,
сообществ, искусственно создаваемый с целью
языкового обособления (иногда «потайной»
язык), отличающийся главным образом нали-
чием слов, непонятных людям непосвященным.
Школьное арго. Студенческое арго. Спортивное
арго. Арго картежников. Воровское арго» [5,20]
деп, ал «жаргон (франц, jargon) то же, что арго,
но с оттенком уничижения) [5,75], - дейді.
Мысалы: - Мыналар үйіме пугай жіберіпті, - деп
қолымен жоғары қабатты нұсқады. «Пугайына»
сəл түсінбегендік сыңай білдіріп едім, - Əне,
қызыл кепкілер жүр ғой, əне, - деп баспалдақ
жақты көрсетті. Осындағы «пугай» жаргон сөз.
Ресейдің
Б.А.Ларин,
Е.Д.Поливанов,
Д.С.Лихачев, В.М.Жирмунский, Л.П.Якубин-
ский секілді ғалымдар арго мəселесін зерттеуге
ерекше көңіл бөлді. Сөйтіп, 50-інші жылдардан
бастап түрлі оқулықтарда жаргон, арго мəселесі
кеңірек сөз етіліп, зерттеле бастады. Мысалы,
А.И.Поповтың 1957 жылы шыққан «Из истории
лексики языков, восточный Европы» еңбегінде:
«Шартты-профессионалдық арго жайлы сөз
етіп, мұндай сөздердің тілімізде көп еместігін,
олардың басты қасиеті - құпиялылығы мен
тұйықтығы екендігі [5,101] айтылады. Бұл
пікірден арго сөздердің белгілі бір нəрсені
құпиялау мақсатында қолданғандықтан, таралу
шегі тұйық сөздер екендігі ап-айқын аңғарылып
тұр. „Арго белгілі бір мамандық иелеріне ғана
түсінікті болып, сөздің астарын құпиялан-
дырады [5, 88], - деген пікірді В.И.Кодухов
еңбегінен кездестіреміз.
Осы сияқты тұжырымды Ф.П.Сорокалетов-
тің «Словарь русских народных говоров»
кітабынан да кездестіруге болады. Мұнда: «арго
құпия жасырын хабарларды жеткізу амалы
болғандықтан, күнделікті ауызекі сөйлесу тіліне
кең түрде ене алмайды» [6,34]- деп көрсетеді.
Ауызекі сөйлеу тіліне кең түрде ене алмау
себебі, бұл сөздердің көпшілік жағдайда аргоны
ойлап тапқан топтар арасында ғана белгілі
болып, сол топтардың құпия коды ретінде
қызмет атқаруына байланысты екені сөзсіз. Ал
А.С.Бархударов: «Жаргон мен арго - шағын
əлеуметтік топтың жалпыхалықтық тіл лек-
сикасынан өзгеше жəне жеке грамматикалық
жүйесі жоқ шартты тілдер» [7,45], - деп біршама
толық анықтама береді. Мысалы, аквариум
қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: қолда балық
өсіру үшін əдейі жасалған, су құйылған шыны
ыдыс болып түсіндірілсе, аквариумның ішкіш-
тер арасында арақ ішетін ыдыс мағынасында
жұмсалып, шағын топтың ойлап тапқан жар-
гондық нұсқасы болып тұр.
Ядринцевтің «Лингвистический энцикло-
педический словарь» кітабында: «арго - бір не-
месе бірнеше табиғи тіл элементтерінің мағы-
насын өзгертіп, жеке қарым-қатынас құралына
айналдыру. Қоғамның басқа мүшелері түсін-
бейтіндей қолданылатыны айтылған. Өйткені
бұлар, біздің түсінуімізше, жалпыхалықтық
қарым-қатынас мұқтаждықтарына емес, қандай
да бір ахуалға байланысты не сөз ойнатым
ыңғайында пайда болғандар сияқты. Демек,
бұлар əр кезеңде, əр халықта болған жаңалық.
Сондықтан да олар ерекшелену мақсатында
қолданған таптанған ортаның, яғни, қылмыс-
тылар əлемінің тілі. Арго басқа тілден енген
сөздер негізінде жасалады. Жаргон адамдардың
қоғамдағы жағдайына, қызығушылығына, жасы-
на, мамандығына қарай жинақтайтын, ауызекі
сөйлеу кезінде əлеуметтік топ тілінің əрқи-
лылығын көрсететін шартты тіл» [8,43], - деген
анықтама береді. Мəселен, шуба аргосы қауіп-
қатердің таянғаны жөніндегі хабарды білдірсе,
степуха, пенсия деп степендияны атау жастарға
тəн. Бұл мысалдардың біріншісінің бойында
құпиялылық мəн бар, демек, ұрылар арасында
қауіп-қатердің таянғаны шуба сөзі арқылы
жеткізіледі екен. Бұдан аргоға айналған сөз
жалпыхалықтық қолданыстағы мағынасынан
толығымен айрылып, екінші бір мағынада
қолданылатынын көреміз. Ал екінші мысалдағы
степендия сөзінде жоғарыдағыдай атауды
көпшілік жастарға тəн деп қарауға болады.
Ұрылар тілін зерттеген, саралаған, белгілі ғалым
Д.С.Лихачев ұрылар жаргоны немесе қыл-
мыскерлер тілі кездейсоқтықтан туған емес;
«Бұл қылмыскерлерге берген табиғаттың сыйы»
[8,7], - деп тұжырым жасады. Шынында да, осы
арго сияқты жасырын, шартты тілдердің кө-
мегімен алдарына қойған мақсаттарын іске
асырып отырған.
Шартты аргоның синхрондық құпиялылығы
тым өзгермелі болып келеді. Мəселен, қыл-
мыспен күресушілер бұл тілді жақсы меңгерген,
ал қылмыскердің қылмыс құрбаны алдында арго
тілінде қарым-қатынас жасау тым қарапайым
құбылыс болып келеді. Ол үшін нақты қыл-
мыстық қауымдастықтарда арнайы код-сөздер
жасалады. Мұндай сөздерді кинофильмдерді
қарап отырсақ, ашық түрде хат алмасуда жау
агенттері мен совет тыңшылары пайдаланады.
Ал бұл жағдайда қарапайым сөздерге ерекше
құпиялық мəн үстетіліп, күдік тумас үшін,
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
76
мұндай сөздердің қалыпты нормативті лек-
сикалық мағыналары алыстатылмайды. Қыл-
мыскерлер тілінің құпиялылығы көп жағдайда
алданбалы, əдейі көтеріңкі болып келеді де, бұл
жағдайда, көбіне «өзіміз жəне өзгелер» деген
қарама - қайшы топқа бөлінуі көзделеді. Мы-
салы: жүгіру - ұрлық жасау. Жүгіру жалпы-
халықтық лексикада бар сөз. Егер жүр жүгірейік
десе, бұл таза ауада жүгіріп қайту емес, ол осы
сөз арқылы өздерінің ұрлық жасауға аттана-
тындықтарын білдіреді.
Д. С. Лихачев аргоның пайда болуы мен
өмір сүруінің тағы бір маңызды себебін
көрсетеді. Ол былай дейді: «Ұрылар ойлауының
ерекшелігі олардың қоғамға деген көзқарас-
тарында магиялық элементтердің ұшырасуында
алғашқы қауымдық - магиялық қабылдау тілде
де көрініс тауып отырады. Мəселен, уақытында
сəтсіз аяқталған сөз сəтсіздікке ұшыратып,
барлық істі тоқтатып тастауы мүмкін. Мысалы:
«хаза» - алғашында ұрылардың жасырынатын
жерлерін білдірсе, кейін бұл сөздің мағынасы
ашылып жастар милиция қызметкерлерінің
арасында көрініс табады. Осыған орай,
қылмыстық əлемде қарапайым сөздер арго
сөзі мен алмастырылады жəне олардың өмір
сүру кезеңі өте қысқа болады. Д. С. Лихачев:
„плодвитость воровской речи - напоминает
плодовитость рыб-чем больше они несут икры,
тем больше погибает„ [8,8] - деп жазды. Яғни
арго сөздер мағынасы жағынан өте тұрақсыз
болып келеді. Мысалы: ұрылар тілі (батя)
түрмедегі аспазшы мағынасын білдіреді. Базар
даулы əңгіме т.б. сияқты сөз қолданыстары
кездеседі. Бұл айтылғандардан аргоны қыл-
мыстылардың құпия тілі деп, жаргонды жеке-
леген топтың тілдерінде бар сөздер сөзойнатым
ыңғайында əдейі өзгеріске түсіріп қолданған
сөздердің жиынтығы деп түсіну жөн сияқты.
Аталған анықтамаларға мазмұны жағынан
ұқсас тұжырымдар Э.Д.Сүлейменова, Ю.С.Маслов,
Н.В.Васильева, В.И.Беликов еңбектерінде де
берілген.
Ал қазақ тілі білімінде жастар жаргоны
жайлы Ə. Хасеновтың «Тіл білімі» кітабында
қысқа түрде сөз етілді, ал газет - журнал
беттерінде бұл мəселе жайлы сөз етілген жоқ.
Себебі, қазақ тіл білімінің лексикалық қабатын-
да мұндай сөз қолданыстары кездескенімен,
олардың ара-жігі ажыратылған емес. Тіпті
кейбір тілші-ғалымдар бұларды əдеби тілдің
нормасына кері əсер ететін, тіл мəдениетіне
зиянын тигізетін сөздер ретінде қарап, олардың
қолданысын мүлде құптамайды. Дегенмен,
белгілі бір мамандық иелерінің, жас мөлшері
шамалас адамдар мен мүддесі бірлердің қарым-
қатынас кезінде қолданылатыны белгілі.
Алайда, көптеген студент, оқушы жастар
ауызекі сөйлеу тілінде жаргон сөздерді қол-
данатындықтары байқалады.
Жастар жаргонын дөрекі, ерекше бір кө-
теріңкі леппен айтылатын сөздер деп екі топқа
бөліп қарауға да болады. Бұл туралы Шарль
Баллидің: «Люди обычно придают арго некое
символическое значение; арго непроизвольно
вызывает в нашем сознании представление об
определенной среде, которой своиственна вуль-
гарность, низкая культура [9, 28] – дегенінен
шартты сөздердің астарында дөрекілік мəннің
бар екенін байқаймыз.
1. Мұғалімдерді сындыру (зачетка, көндіру),
шеге қылу (жұмыс бітіру), таракан болмашы
(қыстырылма), мешок (күреске икемсіз адам),
тақалып кет (жолық), қашып кетші - былай
тұршы. Мысалы, сен осы жерден қашып кетші
деген дөрекі естіледі. Асан сен маған тақалып
кетші. Сен маған жолығып кетші дегенге
қарағанда дөрекі. Сен өзің бір барып тұрған
мешок екенсің деген сөйлемде «икемсіз адам
екенсің» дегеннен гөрі экспресивтік мəнге ие. -
«Асқар таракан болмай кетші». - «Асқар бұл
жерге қыстырылмасаңшы» дегенге қарағанда
дөрекі естіледі.
2. Мысалы, стешка, античка, мастер
экспресивті мəнге ие. Жастар жаргоны заттың
атын алмастырып өзгерту үшін; ауа, капуста,
тиын, уақыт деп ақшаны атаса, алтын көпір, қыл
көпір - емтиханды атаса, стрелка - кездесетін
жер, бармақ - үй күйсіз қаңғырған бұзық,
қышыма - конфет.
3. Іс-əрекетке байланысты: тема қозғау
(əңгімелесу), құстар ұшты (қыздар келді),
мұғалімді сындыру (зачетка көндіру), зачет
сындыру, мұз қылу (зачет алу); шеге қылу
(жұмыс бітіру), бұтақтарын қағып тастау (ұру),
құлаққа теппеші, құлаққа лапша ілмеші, əңгіме
айтпа, ұйықтатып кеттім, өтірік айтпашы.
Лақтырып кетті - тастап кетті, тиын көтеру -
біреудің ақшасын алып қою. Мысалы: «Əдеке,
кəрі сүйегім сырқыраған жоқ па? «жаңбыр
жауам дей ме қайтеді?» - деп əзіл тастаған.
- Құдай сақтасын, өкшем таза – деді Есентай
сенімнен шығып қалдым ба деп қапалақтап. Осы
мысалда «өкшем таза» тіркесі арқылы «соңыма
түскен ешкім жоқ» деген ақпаратты жеткізіп
тұр. Бұл тіркес жалпыхалықтық қолданыста да
бар, бірақ дəл осы тұста қоғамның өзге топ-
тарына түсініксіз, тек адамдардың келісімі-
нен туындап барып, жасырын хабарды жеткізіп
тұр.
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010
77
4. Көңіл күйге байланысты: бес болмашы -
өзіңше болмашы, ауа тар болып кетті (ұнатпау),
жанып кету (ұялу) т.б.
Қарап отырсақ, жастар жаргон сөздерді
нəрсенің атын өзгерту үшін ғана емес, кейбір іс-
əрекеттің өту барысына байланысты қолда-
нылатыны көрсетіледі.
Деректерге қарасақ, жастар арасында ақша -
ауа, капуста, уақыт жаргондармен аталады екен.
Бұларды жасырын хабарды жеткізу үшін
қолданған. Бір мысал:
Айша мен Сəуле кейде өздері бұлардың бір
бөлмелі пəтерлеріне келетін. Сондай кездерде
Тойжан мен Қасымжан бір-бірінен:
-Уақытың бар ма? - деп сұраушы еді.
Қыздар екеуі бір-бірінен «қыдыруға уақытың
бар ма?» деп сұрап тұрған шығар деп аса мəн
бермеуші еді. Ал шын мəнінде бұл сұрақтың
астарын екі жігіт қана білетін. Олар бір-бірінен
«ақшаң бар ма?» деп сұрап жатпас үшін алдын
ала осылай келісіп алған. Осы үзіндідегі уақыт
сөзі жаргон. Екі жігіт алдын ала ақшаны осылай
атауға келісіп, керек сəтінде қолданған. Бұл
жерде уақыт сөзінің құпиялық мəні бар. Себебі,
екі бала өздерінің құрбы қыздарынан ұялып,
бір-бірінен қыздарды қыдыртуға ақшаның
бар-жоғын уақыт сөзі арқылы біліп тұрған
(С.Мұратбеков).
Кейбір жастардың арасында қолданылатын
«сүпен» сөзі «сүйкімсіз» деген мағынаға ие. Осы
сөздің өзін жастар көбінесе бір адамды ұнатпай
тұрған уақыттарында қолданады.
Əңгіме айту - өтірік айту, əңгіме айтпашы -
деген сияқты сөз тіркесін күнделікті тұрмыста
кездестіруге болады. Бұл секілді «базар жоқ»
жаргоны -келісу сөзі арқылы берілсе, «тақалып
кет» - жолығып кет. Мəселен, Асқар маған
жолығып кетші дегенді. Асқар маған тақалып
кет деп айтады. «Феня» -жақсы адам. Бұл өзі
феня екен, яғни, бұл өзі жақсы адам екен
дегенде жақсы адам сөзінің орнына «феня»
жаргонын қолданғандарын байқауға болады.
Студент жастар арасында оқу барысымен
байланысты жаргон сөздер қолданылады.
Мəселен, шпор - шпоргалка бұл жаргон «шпор-
галка» сөзінің қысқартылуы арқылы жасалады.
Осы сияқты «гос» - «мемлекеттік емтихан»,
зарубежка - зарубежная литература, «античка» -
«античная литература», автомат - емтихан
тапсырмай-ақ алынатын баға, құйыршық -
уақытында тапсырылмаған емтихан, зачет
«алтын көпір» - емтихан, «танк», «крыша» -бұл
жоғарыда танысы бар студент; «степуха»,
«пенсия», «стешка» деп степендияны айтады.
Сонымен қатар жастар арасында басқа
тілден енген сөздерді (ағылшын, француз,
ұйғыр, молдова, орыс т.б.) қолдану кездеседі.
Мəселен, ұйғыр тілінен енген сарац жаргонын
«жынды» сөзінің орнына қолданса, яқ -
болмайды, ұғыл-ұл, яқ - жоқ. Молдова тілінен
енген фуш сөзі – «кет» деген сөздің орнына
қолданғандары байқалады. Ағылшын тілінен
енген супер сөзін «керемет», «күшті» сөздерінің
орнына қолданады. Жалпы тіліміздегі жаргон,
арголардың көбіне орысша қолданылатыны
немесе калька түрінде пайда болатыны анық
байқалады. Айталық, рэкитшілер тіліндегі
Достарыңызбен бөлісу: |