Казахский национальный



Pdf көрінісі
бет21/52
Дата03.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#5592
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52

 
 
 
 
 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010 
 
142
А. С. Шыныбекова 
 
ДРАМАЛЫҚ СӨЙЛЕУ ТІЛІ 
 
 
Қазіргі  лингвистика  үшін,  еш  қоспасыз, 
революциялық  болып  танылатын,  өйткені 
орталығында  адамның  өзі  тұратын,  тілді  əрекет 
тұрғысынан    қарастыратын,  тілді  жəне  тілдік 
процестерді  зерттеудің  бағытын  түбегейлі 
өзгерткен  антропоөзектік  деп  аталатын  адамға 
қарай  бұрылу  тəн  болып  отыр.  Өмірге  деген 
мұндай көзқарасты түсіндіру қуатын күшейтетін  
жəне  қолдану  саласын  кеңейтетуге  мүмкіндік 
жасайтын  аралық  ғылымдар – психология, 
əлеуметтану,  логика,  семиотика  жəне  т.б.  мен 
лингвистика  зерттеулерінің  əдістері  мен  тəсіл- 
дерін  оңтайлы  біріктірген  біршама  жаңа 
бағыттар  əкелді.  Осыдан  барып  əлеуметтік 
лингвистика,  психолингвистика,  когнитивтік 
лингвистика,  коммуникативтік  лингвистика, 
прагматика  жəне  т.б.  сияқты  бағыттардың  
қажеттілігі  келіп  туындады.  Тілді  əрекет  жəне 
оның  нəтижелері  ретінде  зерттеуге  көп  назар 
аударатын  жаңа  лингвистикалық  парадигмада 
мəтін 
коммуникацияның 
жоғары 
бірлігі 
танылды.  Жəне  мұндағы  зерттеушілік  мүдде 
мəтінтүзуші  дəстүрлі  механизмдерден  мағына- 
түзуші  (мəтінді  түсіну)  механизмдеріне  қарай 
ауысқаны байқалады[1,130].  
Сөздіктер  мен  анықтамалықтарда  берілген 
қатал  нормалық  белгі  этнос  пен  мемлекеттің 
біте қайнасуына мүмкіндік жасайтын, яғни тілге 
орталық  жүйеленген  күштерді  жатқызатын 
негізгі  тілдік  белгіні  көрсетеді.  Соның  арқа- 
сында тілдің ұрпақпен сабақтастығы қамтамасыз 
етіледі.  Сөйлеу  тілі,  ережеге  сай,  əдеби  тіл 
нормасының деңгейінде болады, бірақ та сөйлеу 
тілінің  жекелік  сипатына,оның  дамуы  мен  өсу 
қарқындығына  байланысты  импровизациялау, 
нормативтік емес лексиканы қолдану жəне тағы 
басқа  тілдік  норманың  бұзылуының  арқасында, 
нақты  бір  қатынас  жағдайларында  кері  кетіп  те 
жатады. Бұл тілдегі əдеби, кодталған түрлерімен 
қатар 
жаргон, 
арго, 
профессионализм, 
диалектілік  жəне  жекелік  ерекшеліктердің 
болуына  əкеліп  соғады  жəне  сөйлеу  тіліне  тəн 
орталық
 
тенденциялар  туралы  дəлел  болады 
[2,12].  Кейіпкерлердің  сөйлеу  тіліндегі  осы 
түрлер – диалектизм,  жаргонизм  сандары, 
сөйлесім,  грамматикалық  жəне  басқа  да  ерекше 
айқын  байқалатын  əдеби  тіл  нормаларынан 
ауытқулардың функционалдық мəні зор жəне де 
оларды қолданушылардың əлеуметтік статусын,  
 
 
 
білімі  мен  мəдениеті  тұрғысынан  сипаттап 
береді. 
Сөйлеудің  тілді қолдану заңдары бойынша, 
тіл негізінде құрылатыны өте маңызды, сонымен 
қатар тіл сөйлеу арқылы баииды, сөйлеуде жаңа 
сөздер,  бұрыннан  бар,  белгілі  сөздердің  жаңа 
мəндері,  жаңа  сөз  қолданыстары  жасалынады. 
Тілдегі  барлық  жаңа  мəндер  алдымен  сөйлеуде 
қалыптасады,  окказионализм  түрінде  қалуы 
мүмкін  (немесе  тіл  құралына  айналады).Осы 
жағдай  көркем  сөйлеудің  творчестволық  си- 
патымен  бірге  əртүрлі  неологизмдер,  окказио- 
налдық  сөз  қолданыстары  жиі  туындайтын 
ерекшеліктерін  де  білдіреді.  Осы  мəселе 
тұрғысынан драмалық шығарманың сөйлеу тілін 
зерттеу  өзекті  болып  отыр.  Ең  ақырына  келсек, 
сөйлеу материалдық əрекет, ол сезім органдары- 
мен – есту  қабілеті,  көру  қабілеті  жəне 
соқырларға  арналған  мəтінге  қатысты  сезіну 
қабілетімен  де  қабылданады.  Тіл  ақылмен 
жетіледі,  бұл – категориялар  мен  қатынастар 
сөйлеуден алынады, оны басқарады, бірақ сезім 
органдарына тікелей əсер етпейді. 
Драмадағы  сөйлеу  тілі  тағы  да  бірқатар 
арнайы  ерекшеліктерге  ие.  Қарапайым  сөйлеу 
тілінің құймасы бола отырып, драмадағы сөйлеу 
тілі  мезірет,  ишара,  тұрыс,  жүріс  тұрысымен 
жəне вербалды сөйлеуді сүйемелдейтін басқа да 
вербалсыз  құралдармен  берілетін  коммуникант- 
тардың  көңіл-күй  бейнесін,  жан  дүниесін, 
психикалық  жағдайын  береді.  Қарапайым  сөй- 
леу коммуникациясының шартында көрсетілген- 
дей,  визуалды,  тікелей  сөйлесу  телефон, 
электрондық  почта  жəне  т.б.  арқылы  сөйлесуге 
қарағанда 
үлкен 
коммуникативтік 
табыс 
(зерттеушілердің  бақылаулары  бойынша 30 дан 
50%-ға  дейін)  əкеледі,  сол  сияқты  кейіпкерлер- 
дің вербалды қатынасын сөйлеушілердің сөйлеу 
процесінің  эмоциялық  құраушылары – тұрыс, 
мезірет,  ишара  арқылы  (дескриптивті,  суреттеу 
арқылы)  қабылдануын  қамтамасыз  ету  драма- 
лық  сөйлеу  шығармасында  маңызды  болып 
табылады.  Сол  үшін  де  бірінші  кезекте,  сөйлеу 
кезеңіне  қатыспайтын 3-ші  адам  сипаттамасын 
немесе  əңгімелесуші  адамның  сипаттамасын, 
өзін-өзі  сипаттауы  үшін  қызмет  ететін  ремар- 
калар,  сол  сияқты  репликалар  қолданылады. 
Бейвербалды  қатынас  құралдары    вербалды  
құралдармен   бірге сөйлесімнің  жасырын мағы- 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
143
насын  жасаушы,  əзіл,  емеурін  білдіру  сияқты 
белгілердің қолдныстарына мүмкіндік жасайды. 
Сонымен,  драмалық  сөйлеу  шығармасын- 
дағы тіл мен сөйлеу түсініктеріне дифференциа- 
циялау жүргізе отырып, олардың бірлігі мен бір-
бірімен  ажырмайтын  қабілетін  танып  білеміз. 
Тіл жүйені көрсетсе, онда сөйлеу – осы жүйенің 
қызмет етуі, жүзеге асуы болып есептеледі деген 
қорытынды  жасау  дұрыс  деп  ойлаймыз.  Драма 
тілін жанр ерекшелігіне байланысты, өз кезегін- 
де,  кейіпкерлердің  сөйлеу  тіліне  құрылатын, 
сөйлеу шығармасы ретінде зерттеу міндетін қоя 
отырып,  қарастыратын  обьекті  ретінде  сөйлеу- 
ді  алып,  сөйлеуге  ғана  тəн  маңызды  сөй- 
леу  қабілеттерін  көрсетеміз.  Оларға  мыналар 
жатады: 
1.  Сөйлеу  шығармасы  (мəтін)  автор  мен 
оқырман  арасындағы  көркем  коммуникацияны 
көрсететіндіктен,  драмалық  сөйлеу  шығармасы- 
на  қатысты  оны  жасайтын  сөйлеуді  жіберуші – 
драматургтің  анықтаушылық  мəні  болады. 
Онсыз  сөйлеу  шығармасы  болып  саналатын 
драма  мəтіні  мүмкін  болмайды.  Бұл  сөйлеудің 
қасиеті  дербестелгендік  (эгоцентрикалық)  деп 
аталады [3,13]. 
2.  Сөйлеу,  ережеге  сай,  тыңдаушыға  ар- 
налған сөйлеушінің нені ойлайтынын, нені сезі- 
нетінін  беру  мақсатында  жасалады. «Сөйлеудің 
екінші  маңызды  ерекшелігі  сол,  оның  тікелей 
сөйлеу  актісімен  байланыстылығы,  яғни    –сөй- 
леудің  адрестілігі» –  деп  жазады  Г.Я.Солганик 
[3, 14]. 
3.  Сөйлеудің  жалпы  психотүрмен,  темпера- 
ментімен,  сол  сияқты  сөйлеушінің  эмоциялық 
жағдайымен,  оның  сөйлеу  пəні  мен  адресатына 
қатынастарымен  өтетін  жағдаятпен  тығыз 
байланысы  экспрессивтілік  деп  аталатын  сапа- 
сын  жасайды.  Оның  тілдік  құралдары  эмоция- 
лық  айшықталған  жəне  образдық  лексика, 
эмфатикалық  жəне  одағайлық  сипат  лексикасы, 
күшейтілген  грамматикалық  конструкциялар, 
лепті  сөйлемдер  жəне  қайталамалар  болып 
табылады.  Аталған  сөйлеудің  сапасы  сөйлеу 
актісінің табиғатымен түсіндіріледі жəне сөйлеу 
субьектісі/жасаушымен де оның адресатымен де 
байланысты  болып  келеді,  өйткені  «менсіз 
сөйлеу  мүмкін  болмайды,  сенсіз  сөйлеудің 
мазмұны  кетеді», – деп  айтқан  болатын  ғалым 
А.Р.Бейсенбаев[4,16].  Егер  сөйлеудің  аталмыш 
сапалары  көркем  драматургиялық  коммуника- 
цияның  екі – 1) жіберуші/автор  жəне  оқырман/ 
адресат  арасындағы 2) пьеса  кейіпкерлері 
арасындағы деңгейін сипаттаса, байланыстылық 
пен  кесіп  айту,  біздің  ойымызша,  коммуни- 
кацияның  екінші  деңгейіне  тəн  болады  жəне 
кейіпкерледің  сөйлеу  сипаттамасында  маңызы 
зор.  Сөйлеудің  байланыстық    белгілері  көркем 
шығармадағы  кейіпкерлер  сөйлеу  тілінің  мас- 
кулиндік  немесе  феминдік  белгілері  болатыны 
жайында  дəлелдеген  арнайы  зерттеулердің 
нəтижелері  осы  тұжырымдамаға  негіз  болды 
(Нерознак, Антинескул).  
Байланыстылық  «коммуникацияның  үздік- 
сіз  ағынына,  сөйлеу  қатынасын  іштей  ұйым- 
дастыруға  икемдейтін  сөйлеу  актісінің  құры- 
лымдық  компоненті»  ретінде  анықталады. 
Мұндағы  «сөйлеу  контактісін  механикалық 
қосылған байланыспен немесе коммуниканттар- 
дың  шығуымен  теңестіруге  болмайды.  Сөйлеу 
контактісін  орнату  сөйлеушінің  интенциясына 
кіреді» [5, 19]. Кесіп айтпау «абайлау, қандай да 
бір  қашықтықта  ұстаудың    қатаң    сипаттамала- 
рын  жұмсартудан...  шығады.  Басқа  жағынан 
алсақ,  субьектінің  турашылдық,  айтқан  сөзінде 
тұрудан  қашуға  тырысуы  кесіп  айтудың  себебі 
бола  алады» [6,64]. Кесіп  айтпау  түсінігі 
сұрақтар  жəне  т.б.  жұмсарту  сипатындағы 
лексиканың  көмегі  арқылы  бүркемеленеді.  Ол 
авторлық  сөйлеу  тілін  шынайы  дискурс  ретінде 
жəне  кейіпкерлердің  сөйлеу  тілін  фикционалды 
дискурс ретінде қарастырады. О.Л. Антинескул- 
дің  ойынша, «бұл  асимметрияның  ерекшелігі 
автордың  гендерлік  тілдік  тұлғасымен  белгі- 
ленеді: 
əйел-авторлардың 
шығармаларында 
көрсетілген ось бойынша ауытқу  немесе  тиісті 
прагматикалық  «зарядтар»  арасындағы    айыр- 
машылық  ер-авторлар  шығармаларына  қара- 
ғанда жоғары болып келеді» [6,64]. 
Сонымен,  қоршаған  ортаның  сөйлеушінің 
(жазушының)  тұлғасы  туралы,  түсінігі  қалып- 
тасатын,  тілдік  тұлғаны  сипаттайтын  ерекше 
экспонат болатын сөйлеу обьективті жəне айқын 
көрсеткіштер  болып  табылады.  Белгілі  болған- 
дай, «сөйлеу  əдебі  тұлғаның  негізгі  сипатта- 
масын құрайды» [7, 414]. Сөйлеудің мағыналық  
жағы,  оның  формалық  құрылымы,  сол  сияқты 
«қарым-қатынас  жəне  хабарлау  (əдептен  озу, 
ресми,  құрметтеу,  немқұрайды  қарау,  тура, 
жанама жəне т.б.) .) – осының барлығы сөйлеуші 
индивидтің əлеуметтік жағдайын, жасын, жыны- 
сын  білімін,  ақыл-ойын,  мəдениетін,  рухани  
құндылығымен    қоса  оның    мінезін,  психоло- 
гиялық  түрін,  сол  сияқты  сөйлеу  кезіндегі 
сабырлы,  қуанышты,  алаңдаулы,  үрейлі,  қай- 
ғылы жəне т.б.  психологиялық жағдайын əсерлі 
сипаттап бере алады» [7,414]. Біздің ойымызша, 
драма  кейікерлерінің  сөйлеу  тілі  вербалды 
«виртуалды  шындығы» – кейіпкердің    фикцио- 
нальді    дискурсы    болғандықтан,  зерттеулік 
мəнін  жоя  алмайды,  өйткені  драмалық  сөйлеу 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010 
 
144
тілінде  өзінің  жанрлық  ерекшелігіне  қарай  
лингвомəдени  қоғамдастықта  айтылған  сөйлеу 
қатынасы,  оның  ережелері  мен  нормаларының 
үлгілері  бар.  Драмадағы  сахна  тілінің  кейіп- 
керлердің  болып  жатқан  оқиғаға  өзінің  қаты- 
насын,  эмоциялық  жағдайын,  өзінің  мүддесін, 
сол  сияқты  өзін  тұлға  ретінде  көрсететуін 
білдіретін  диалог,  монолог  пен  репликалар 
арқылы  білдіретін  формалары  бар.  Сондықтан  
да  драмадағы  сөйлеу  тілі  сол  арқылы  автордың 
қандай  да  бір  образ  жасайтын  жəне  дра- 
матургиялық  шығармаға,  оның  əрекет  етуші 
адамдарына  талдау  жасайтын,  оның  идеялары 
олардың  сөйлеу  тілін  қарастырмаусыз  мүмкін 
болмайтын,  қол  жетпейтін  құрал  болып 
табылады. 
Драмалық  сөйлеу  шығармасының  адресаты 
оқырман/  көрермен  болып  табылады.  Драманы 
жазу  кезінде  оның  адресаты  болып  көбінесе 
автордың  өзі  өкіл  немесе  оның  қандай  да  бір 
бөлшегі  (мысалы,  жастар,  əскери  қызметкер 
жəне  т.б.)  адресат  болатын    лингвомəдени  
қоғамдастық болады. Уақыт өткен соң автордың 
өзі  қатысты  сол  лингвомəдени  қоғамдастықтың 
басқа  ұрпағы  адресат  болады.  Адресат  факторы 
(Н.Д.Арутюнованың 
термині) 
сөйлеудің 
мазмұнына ғана емес, сонымен бірге формасына 
да  əсерін  тигізеді.  Бірінші    сапасы – сөйлеудің  
дербестелгендігі  – сөйлеуге қайталанбастық пен 
жекелік  береді,  екінші – сөйлеудің  адрестілігі – 
сөйлеуші  мен  тыңдаушы  үшін  ортақ  ойды 
беруге  арналған  осы  құралдары  қолдануға 
ұмтылу  əрекеті  олардың  адресатының  сөйлеу 
тілін  түсінуін  қамтамасыз  ету  үшін  қолданы- 
латын    тілдік    құралдар  мен  формалардың 
тұрақтылығын  қамтамасыз  етеді.  Басқаша 
айтқанда,  коммуникация  бойынша  серіктестер 
адресаттың  да  адресанттың  да  сөйлеу  тəжіри- 
бесінде  кездесетін,  көптеген  нұсқаларының 
ішінен адресат түсінетін сөйлем түрлерін таңдап 
алуға  шақырады.  Үшінші  сапасы – экспрес- 
сивтілігімен – динамизм  мен  икемділікті 
қамтамасыз  ететін,  коммуникативтік  жағдаят- 
тағы  сөйлеуді  туғызу  процесімен  байланысты 
болып келеді. Мұнда сөйлеушінің тілдік құзіреті 
айқындалады.  Сөйлеудің  байланыстылық  пен 
кесіп  айту сияқты сапалары сөйлеушінің  тілдік 
құзіретінен  басқа,  оның  интенциясы  мен 
дискурстың  гендерлік  аспектісін  бейнелейді. 
Жоғарыда  айтылғандар  осы  жұмысымыздағы 
драмалық  сөйлеу  тілін  талдау  барысында 
лингвистикалық,  психолингвистикалық,  əлеу- 
меттік  лингвистикалық,  коммуникативтік,  ког- 
нитивтік, 
прагмалингвистикалық, 
гендерлік 
тəсілдерді  қолдануға  негіздеді,  ал  ол  болса 
қазіргі  тіл  білімінің  мультилингвистикалық 
немесе  интеграцияланған  парадигмасын  көр- 
сетеді.  
Драмалық  сөйлеу  шығармасының  кейіп- 
керлер  тіліне,  олардың  сөйлеу  тіліне  құрылған 
сипаты  диалог  барысындағы  кейіпкер  репли- 
касының  адресаты  сахнада  тұрған  басқа 
кейіпкер  жəне  онымен  бір  уақытта  кездесе- 
тін    –  көрермен/оқырманның  (оқуға  арналған 
Lesedrama  түпнұсқасындағы    үш  субъектілік 
қатынас) болуы сияқты жанрлық ерекшеліктерге 
негізделген. Сондықтан да сөйлеу қатынасының 
субьектілері  бұрынғыдай  екеу  емес, (сөйлеуді 
жіберуші – қабылдаушы/сөйлеу  адресаты),  
үшеу:  сөйлеуді  жіберуші – қабылдаушы/ 1-сөй- 
леу  адресаты  (басқа  кейіпкер)  жəне  қабыл- 
даушы/2-сөйлеу адресаты (оқырман/көрермен).  
Драма  көрсетілген  ұстанымдар  тұрғысынан 
əлеуметтік  лингвистикалық  талдаудың тамаша 
үлгісін береді. Мысалы, Ə.Тəжібаевтың «Гүлден 
дала»  пьесасында  кеңес  дəуіріндегі  ауылдың 
қызу  тіршілігі,  ондағы  əлеуметтік  топтар  өкіл- 
дерінің  конфликтілері  туралы  сөз  болады. 
Ауылдың  басшысы  мен  жаңа  заман  өкілі – жас 
маман – партия  ұйымының  хатшысы  ара- 
сындағы  келіспеушілік – ескі  мен  жаңашыл- 
дықтың,  жас  пен  кəрінің  таласы  олардың  өзара 
репликаларынан  айқын  байқалады.  Мұнда  тек 
екі  кейіпкердің  ғана  келіспеушілігі  емес, 
жаңашылдыққа ұмтылған жастар мен кертартпа 
ескі көзқарас иелерінің тартысын да байқаймыз: 
Арман. Анығырақ айтуға бола ма, жауыңыз 
кім, Телеке? 
Телғара.  Көзіңе  шұқып  көрсетуге  болады. 
(Саусағын шұқшитып.) Сенсің, Арман Абзалов. 
Арман.  Қате  айтасыз,  жолдас  председа- 
тель! Мен партия ұйымының секретарымын! 
Телғара.  Ұйымнан  садаға  кет!  Келгеніңе 
айдан  асқан  жоқ,  туыспен  туысты  атыстыр- 
дың,  ортамызға  от  тастадың  сонда  жауым 
емей кімімсің? 
Арман.  Сіздің  көзіңізбен  көріп,  сіздің 
ұғымыңызбен ұғыну маған қиын. Сондықтан да 
сізше сөйлеу де маған оңай болмас-ты. Жалғыз-
ақ ескертерім бар: қыйсық отырсаңыз да түзу 
сөйлеуге  тырысыңыз.  Айтқан  сөз – атқан  оқ; 
ауыздан  шықса  қайтпайды.  Артық  сілтеп  кем 
өкінсеңіз кешірілмейді. Оны да ұмытпаңыз. 
Телғара  (кекете  мырс  етеді).  Я  тағы  нең 
бар? Өзің соқтығып, мені кіналауға да əзірсің-ау 
деймін,  жолдас  секретарь! (Дірілдеп.)  Ендеше 
саған  да  ескертейін:  менің  атым  Телғара, 
фамилиям - Темірбеков!  Жыйырма  жылдың 
суығын  да,  жылуын  да  көріппін,  жыйырма 
жылдың  ащысын  да,  тəттісін  де  татыппын. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
145
Содан  бері  бір  өкінген  емеспін.  Тауың  болса 
құлата  бер  төбеме?  Телғара  бұдан  былай  да 
өкінбейді! 
Жанас. (Арманға).  Менің  фамилиям  қалай 
еді осы? 
Арман (күліп). Ұмытпасам Темірбеков болу 
керек, Жəке. 
Жанас  (Телғараға).  Есіттің  бе,  ме  де 
Темірбеков  екем.  Əке  мен  шеше  екеумізге  тең 
ортақ. «Темірбеков» атану асқан қасиет болса, 
маған  да  қалдыр  сол  қасиеттің  біразын...  Сен 
айтқан  жиырма  жылға  көбіміз  де  ортақпыз
[Ə.Тəжібаев – Гүлден дала,419 бет.]  
Бұл  үзінді  полилогқа  қатысушылардың 
əлеуметтік  статусы  мен  əлеуметтік  рөлін 
көрсетеді:  өзінің  ауыл  басшысы  екенін, 
əлеуметтік  статусын  нақтылап  тұрған – ауыл 
председателі, (1), оның көзқарастарымен мүлдем 
келіспейтін,  қарсылығын  ашық  айтып  тұрған – 
саяси өкіл, партия ұйымының хатшысы (2), жас 
хатшыны  қостап  тұрған,  председательдің  бірге 
туған жақыны, ағайыны болса да ойы, көзқарасы 
бөлек,  сол  ауылдың  атқамінер  қызметкері – 
Жанас(3).  «Жыйырма  жылдың  суығын  да, 
жылуын да көрген, жыйырма жылдың ащысын 
да, тəттісін де татқан» ауылдың председателі 
мен «Сіздің көзіңізбен көріп, сіздің ұғымыңызбен 
ұғыну  маған  қиын», «Артық  сілтеп  кем 
өкінсеңіз  кешірілмейді»  деп    жасқанбай  үкім 
айтқан    –  партия  ұйымының  хатшысы,  оған 
қарсы  «Тауың  болса  құлата  бер  төбеме? 
Телғара  бұдан  былай  да  өкінбейді!»  деген  ауыл 
председателінің  негативтік  қарсы  жауап  репли- 
касынан,  əлеуметтік  топ  өкілдері  арасындағы 
келіспеушілік – дискурс жағдаяты белгілі болып 
отыр. 
Жазушы-драматург тартысқа құрылған оқи- 
ғаны  дəл  жеткізу  мақсатында  кейіпкерлердің 
психологиялық  көңіл-күйін  беретін  экспрес- 
сивтік  тілдік    құралдарды,  қанатты  сөздерді, 
мақал-мəтелдерді  де  ұтымды  қолданған.  Кейіп- 
керлердің  сөйлеу  тілінде  иллокутивтік  күші 
басым,  прагматикалық  ықпалға  тола  сөйлеу 
актілерінің  барлық  түрлері  де  кездеседі.  Қос 
мақсатты сөйлеу актілері де бар. Кейіпкерлердің 
осы  диалогтық  тұтастығындағы  жауап  репли- 
каларынан  біз  олардың  ашу-ызасын,  бір-
бірлерін  кінəлауды,  жазғыру,  бұйыру,  кекесінді 
де  байқаймыз.  Даулы  мəселе  төңірегінде 
реплика  алмасқан  кейіпкерлердің  көзқарастары 
қанша  қарама-қайшы  болса  да  əлеуметтік 
статусы  жоғары,  жасы  жағынан  кіші  Арман 
қоғамда  қабылданған  сөйлеу  этикетін  барынша 
сақтауға  тырысқан.  Бұл  коммуникативтік 
қатынас  сəтсіз  аяқталды,  себебі  қатынасқа 
қатысушылардың  ешқайсысы  өз  интенция- 
ларына  қолдары  жетпеді.  Осы  полилогта:  ком- 
муниканттардың  жасы  кіші  болса  да  (статусы 
мен  сөздеріне  қарағанда  ең  үлкені – партия 
ұйымының  хатшысы, ауылдың  председателі  де 
одан  статустық  жағынан  теңесіп  тұрғанымен, 
жасы,  өмірлік  тəжірибесі  жағынан  үлкен  адам), 
олардың   ұлттық   тегі, туыстық белгілері, əлеу- 
меттік  көзқарастары,  иллокутивтік  интенция- 
лары,  психологиялық  көңіл-күйлері  мен  əлеу- 
меттік көзқарастары анық байқалады.  
–  коммуниканттардың  статусы  мен  рөлінен 
белгілі  бір  əлеуметтік  құндылықтар  мен  нор- 
маларға  деген  олардың  əлеуметтік  анықтама- 
лары, бағыттары келіп шығады  
  Хаймстің  айтуы  бойынша  қатынас  болып 
жатқан  жағдай  мен  сөйлеу  актісінің  «сахнасы», 
яғни  «психологиялық  жағдай»,  дəл  осы  жағ- 
дайда міндетті емес, бірақ председателдь, хатшы 
қатысқандықтан,  ресмилік  белгі  бар  коммуни- 
кативтік жағдаяттан тұрады; 
–  Хаймстің  енгізген  «негізгі  белгісі»,  яғни 
сөйлеу  актісінің  экпрессивтік-стилистикалық 
айшығы. Барлық полилог фамильярлық-сыпайы- 
лықтың  негізгі  белгісінде  өтеді,  ол  туралы 
олардың  сөйлеу  тілінің  экспрессиясы  белгі 
береді... Мысалы, «Қате айтасыз, жолдас пред- 
седатель!  Мен  партия  ұйымының  секретары- 
мын! (1)», оған берген адресанттың жауабы нық, 
зілді:  көңілі  толмағандығын    көрсеткен  екіші 
адресант  риторикалық  сұрақтар  пайдаланады: 
«Ұйымнан  садаға  кет!  Келгеніңе  айдан  асқан 
жоқ,  туыспен  туысты  атыстырдың,  орта- 
мызға  от  тастадың  сонда  жауым  емей  кімім- 
сің?»; ашу-ызасын да бар қарсылығын білдіреді. 
Көріп  отырғанымыздай,  сөйлеу  шығармасы 
құрылған  əрбір  полилогқа  қатысушылардың 
«белгісі»  əлеуметтік  жағдаяттың – коммуни- 
канттардың  арасындағы рөлдік қатынастардың, 
олардың  статусы  мен  барлық  жағдайлардың 
бейнесі болады. 
 А.Д.Швейцер мен Л.Б.Никольскидің: «Сөй- 
леу  əрекетін  бақылау  əлеуметтік-коммуника- 
тивтік  жүйе  мен  сөйлеу  тілі  ұжымдарының 
ерекшеліктерін  терең  анықтауға  мүмкіндік 
береді» [8,154] деген  белгілі  тезистерінің 
драмаға  қатысты  кері  мағынасы  да  бар.Сөйлеу 
əдебін  əлеуметтік  лингвистикалық  тұрғыдан 
талдаған  кезде  кейіпкерлердің  сөйлеуі,  сөйлеу 
əдебінің  əлеуметтік  қыры  жағынан  оның 
субьектісі  туралы  ауқымды  сипаттама  береді. 
Драма  кейіпкерлерінің  сөйлеу  тілдері  аяқ  асты- 
нан  болмайтынын,  керісінше,  оны  драматугтің 
арнайы  жасайтындығын  ескерсек, «эксперссив- 
тік  қолданыс  деп  атауға  болатын  əлеуметтік 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010 
 
146
белгіленген тілдік белгілер» қолданылады,  олар 
бойынша драманың əрекет етуші  тұлғаларының  
жəне  кеңірек алсақ, нақты драмалық шығармада  
өзінің  бейнесін  тапқан  сол  тарихи  кезеңнің 
барлық  əлеуеті  мен  этнолингвомəдени  қоғам- 
дастықтың əлеуметтік портретін құрауға болады 
[8,161].  Əлеуметтік  лингвистикалық  талдау 
мұнда  əлеуметтік  лингвистика  сөйлеу  əдебін 
қандай да бір əлеуметтік тиімді нұсқасын таңдау 
процесі  ретінде  қарастырылатындықтан,  сөйлеу 
коммуникациясы  процесіндегі  əлеуметтік  түзе- 
тілген нұсқасының барлық жиынтығын ескеруге 
бағытталады.  
Осыдан    барып    «əлеуметтік    тиімді  нұсқа- 
ларды  анықтайтын  жəне  оларды  қолданудың 
əлеуметтік  жағдайын  нақтылайтын  ережелер 
жиынтығы»  деп  түсінілетін  əлеуметтік  лин- 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет