124
тҧздық әзірлейді. Етті талшығына кӛлденең етіп турап, тҧздық
қҧйып, гарнирге макарон, картоп, ботқа және т.б. ҧсынады.
Сыра қосылған шошқа еті (украин тағамы). Шошқа
етін қуырып,
тамырсабақтар мен пияз қосып, қоңыр сыра
қҧйып, бҧқтырады. Бҧқтыру
соңында ащы және хош иісті
бҧрыш пен жалбыз қосады.
Дайын шошқа етін 1 ҥлеске 2 — 3 кесектен турап, кӛкӛніс
немесе жарма гарнирлерімен, бҧқтыру
кезінде алынған
сҧйықтықты қҧйып ҧсынады.
11.2.3.
Ҥлестеп бӛлшектелген және ҧсақ
кесектермен бҧқтырылған ет
тағамдары
Духовкада
пісірілген
ет.
Ҥлестеп
бӛлшектелген
кесектерді сиыр етінің жамбас бӛлігінің бҥйір және сыртқы
бӛліктерінен, шошқа етінің жауырын және мойын бӛлігінен,
қой етінің жауырын бӛлігінен кеседі. Дайын етке тҧз, бҧрыш
сеуіп, аздаған маймен екі жағында да қабықша пайда болғанға
дейін қуырып, тайпақ табаққа салады. Ет
қуырылған табаға
сҥйек сорпасын қҧйып, қайнатып, ет салынған ыдысқа қҧяды.
Сол ыдысқа томат езбесін қосып, бір сағат кӛлемінде
бҧқтырады.
Кӛкӛністер – картоп, шалқан, сәбіз, ақжелкен (тамыры),
пиязды бӛлшектеп турап, жеке-жеке қуырады (шалқанды
алдын ала бланширлейді). Етті бҧқтырған
сорпаны шала
қуырылған ҧнмен қосып, әзірленген тҧздықты етке қҧяды,
қуырылған кӛкӛністерді салып, дәмдеуіштер мен хош иісті кӛк
сеуіп, 10 минут бҧқтырады. Бҧдан соң картоп қосып,
кӛкӛністер дайын болғанша бҧқтырады,
кейін дәмдеуіштер
мен кӛкті алып тастайды.
Табаққа алдымен кӛкӛністерді, кейін ҥстіне ет салып,
тҧздық қҧяды.
Достарыңызбен бөлісу: