141
Сонымен қатар, ірімшіктің минералды қҧрамы қҧнды,
кӛбінесе ол кальцийге (120 ... 164 мг%) және фосфорға
(189...220 мг%) бай, олардың арасындағы теңдік оңтайлыға
жақын. Ірімшікте сондай-ақ В тобының, ал майлы ірімшікте –
А және Е дәрумендері бар.
12.5.2. Ірімшік тағамдарының технологиясы
Ірімшіктен ыстық және суық тағамдар әзірлейді. Суық
тҥрінде сҥтті, кілегейлі, қаймақты, қантты ірімшік, ірімшік
кремдерін, сондай-ақ ӛнеркәсіптік ӛндірістегі тәтті және тҧзды
ірімшік массасының тағамдарын әзірлейді. Ыстық тамақты
қуырып (ірімшік пісірмесі, ірімшік домалатпалары), пісіріп
(тез пісірілген қайнақшалар), пісірілген етіп (пісірме, пудинг)
әзірлейді. Жартылай майлы ірімшікті (9 % май, 70,3 % ылғал)
табиғи тҥрде де, ыстық тағамдар әзірлеу ҥшін де пайдалануға
болады. Майлы (18 % май, 63,2 % ылғал) суық тағамдарға, ал
майлы емес (6 % май, 77,2 % ылғал) — ыстық тағамдарға
пайдалану мақсатқа сай.
Табиғи тҥрде беру ҥшін тек қана пастерленген сҥттен
жасалған ірімшікті пайдаланады. Осы жағдайда оны ҥгітпеуге
болады.
Ірімшікті
мӛлшерлейді,
суытылған
немесе
пастерленген сҥт немесе кілегей қҧяды, болмаса қаймақ
қҧйып, ҥстіне ҧнтақталған қант себеді. Сонымен қатар,
ірімшікті ҥгілген ірімшікпен, жаңа ҧсақ туралған ақжелкен
кӛгімен, аскӛкпен немесе салаттың туралған жапырақтарымен
ҧсынуға болады. Екі жағдайда да ҥстіне қаймақ қҧяды, бірақ
екінші жағдайда – қосымша қант қосады.
Тәтті ірімшік массасын қаймақпен ҧсынады; мейіз, цукат,
ҧнтақталған какао, бал, жаңа піскен немесе консервіленген
жеміс-жидектер, жаңғақтар қосып әзірлегендерді тосаппен
және кӛпіршіген қаймақпен ҧсынады. Мейізді алдын ала
жылы суда жуады, ыстық суда ванилинді 1 : 20 қатынаста
ерітеді.
Тҧздалған ірімшік массасын қаймақпен жібереді немесе
ҧсақталып туралған жасыл пиязбен және қаймақтың бір
бӛлігімен араластырады, ҧсыну ыдысына тӛмпешіктеп салады,
қалғанын ойық жасап ішіне толтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |