Кәсіпорынның сапа аймағындағы басшылығының саясаты


Дайын өнімдерді сорттау, қораптау және сақтау



бет11/21
Дата01.05.2023
өлшемі91,57 Kb.
#88706
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
stud.kz-26208

2.3 Дайын өнімдерді сорттау, қораптау және сақтау

Макарон өнімдерін сорттау кезінде толық кеппеген, шытынаған, деформацияланған, көгерген, бір-біріне жабысып қалған өнімдерді алып тастайды. Стандарт талабына сай келмейтін макарон өнімдері көбінесе кассеталарда кептірілген ұзын және конвейрлі бу кептіргішінде кептірілген қысқа өнімдерде көп кездеседі. Себебі мұндай өнімдерде бір-біріне жабысып қалған макарон өнімдері жиі кездеседі.


Қораптау алдында макарон өнімдерін магниттік бақылаудан өткізеді, яғни металломагниттік қоспаларды бөліп алады.
Сорттау нәтижесінде жиналған жарамсыз өнімдер мен дүмбілдер(дымқыл түйірлер, жабысқан өнімдер, пресстен соңғы өнім ұштары, кептіргіш пен қораптау столынан түсіп қалған өнімдер, т.б.) әлі тағамдық қасиеттерін жоғалтпаған, яғни кірлемеген, дәмі мен иісі өзгермеген, сондықтан мұндай өнімдерді қайта өңдеуге жібереді.
Құрғақ қалдықтарды өлшем 1мм-ден төмен бөлшектерге ұнтақтап, ұн силостарына 10% -ке дейінгі мөлшерде қосады.
Дымқыл өнімдерді қамыр илеу камерасына ұн массасының 15% -не дейінгі мөлшерде салады. Бұл жағдайда пресс өнімділігі мен дайын өнімдердің сапасы төмендейді. Макарон өнімдерін пакеттер мен қағаз қрапшаларға немесе бос күйінде картон жәшіктерге салады. Өнімдерді қораптау автоматтар мен жартылай автоматтарда орындалады.
Тұтынушылық тараларға қалыңдығы 0,4-0,5мм картоннан немесе тығыз қағаздан жасалған және поливинилацеттатық эмульсиямен желімденген қорапшалар, қалыңдығы 0,05-0,07мм полиэтилен пакеттері т.б. жатады.
Макарон өнімдерінің ылғалдылығы өсіп кетпес үшін қораптардың ылғалдылығы келесі шамалардан аспауы керек:
Фанерден жасалған жәшіктер 15 %
Картоннан жасалған жәшіктер 12%
Целофан 12%
Қағаз қаптар 9 %
Макарон өнімдері салынған жәшіктер, қораптар және қаптар дайын өнім қоймасындағы стеллаждарда немесе поддондарда сақталады. Қойма таза, құрғақ, жақсы желдетілетін, қойма зиянкестері жоқ, жауын-шашыннан қорғанған. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70% -тен төмен, ал темпеаратурасы 30°С-тан аспау керек.
Өнімді айрықша иісі бар бұйымдармен (мысалы, сабын, балық. т.б.) қатар сақтауға болмайды, себебі олардың иісін макарон өнімдері өзіне тез сіңіреді. Макарон өнімдері суықтан қорықпайды, сондықтан оларды құрғақ, жылжымайтын бөлмеде сақтауға болады.
Жоғарыда айтылған шарттар орындалса, макарон өнімдерін бір жылға дейін сақтауға болады, ал қолайсыз жағдайда сақталса, олар бұзылып кетуі мүмкін: ылғалдылығы өсіп, көгеріп кетеді; қойма зиянкестері жеп қояды, т.б.
Ең жиі кездесетін себеп – макарон өнімдерінің ылғалдылығы өсуі әсерінен көгеруі, себебі олар ылғал ортаға түскенде, оны өзіне тез тартады. Өнім ылғалдылығы 16 %-ке дейін өссе, ол тез көгеріп кетеді. Сондықтан қойма ауасының параметрлерін тепе-теңдік ылғалдылық қисықтарын пайдаланып анықтайды.
Фабрикада макарон өнімдерін қойма зиянкестерінен сақтау үшін әрқашан дезинфекция, дезинфекция және дератизация жүргізіп тұрады, яғни микробтарды, құрт-құмырсқаларды, жәндіктер мен тышқандарды жойып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет