Кіріспе зерттеудің қысқaшa сипaттaмaсы


Күтімді қажет етпейтін қарттар



бет11/36
Дата07.12.2022
өлшемі307,95 Kb.
#55700
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Байланысты:
ДИПЛОМ ПОЛНЫЙ (2)

Күтімді қажет етпейтін қарттар – тұрмыс жағдайында өздігінен қызметтерді орындай алатын, ешкімнің көмегін қажет етпейтін қарттар. Бұл тікелей психологиялық және физиологиялық тұрғыда қарастырылады. Бұған мемлекеттен алынатын әлеуметтік қолдау мен көмек жатқызылмайды.
Күтімді қажет ететін қарттар – олардың жасына байланысты табиғи заңдылықта, қарттардың өздерінің өмір сүру жағдайларын орындай алмайтын және қимыл-қозғалысты өздігімен жасай алмайтын қарттар. Мұндай қарттарға дене қозғалысынан тез шаршап қалатын, өздігінен әлеуметтік-тұрмыс жағдайларын жүзеге асыра алмайтын қарттарды жатқызуға болады.
Ерекше күтімді қажет ететін қарттар – туа бітті немесе жүре пайда болған мүгедектігі бар қарттар, оған физиологиялық және психологиялық ауытқушылықтары бар қарттар жатқызылады. Оларға мемлекет және әлеуметтік қызметкер тарапынан ерекше қолдау мен көмек қажет. Мұндай қарттар көбінесе үйде қызмет көрсету әлеуметтік қызмет түрін пайдаланады. Сондай-ақ, олар үшін мемлекет тарапынан арнайы орындар әзірленген, мысалы, қарттар үйіндегі ерекше күтімді қажет ететін қарттарды қарайтын арнайы бөлім, арнайы пансионаттар және т.б. [33].
Әлеуметтік геронтология елдегі демографиялық жылжу заңдылықтарын, қартаюдағы халықтың әлеуметтік-экономикалық салдарын, өмір сүру ұзақтығының салыстырмалы түрде төмен болу себептерін және зейнеткерлікке дейінгі және «зейнеткерлік жастағы адамдар» проблемаларын, олардың ол мәселелерді шешуге дайын емес екендігі және тез арада шешуді қажет ететіндігі сынды мәселелер шешімі болып саналады. Биология, экология және әлеуметтану үшбұрышты құрайды, оның аясында сау және науқас адамның өмірі, оның қартайғаны, ұзақ өмір сүруі және өлімі зерттеледі. Бірақ геронтология мен гериатрия проблемасы ғылыми және практикалық маңыздылығын жоғалтады, егер адамның ашық жүйе екендігі ескерілмесе. Алайда, бірінші орында АҚШ, Жапония, Англия, Канада сияқты елдерде және Батыс Еуропа елдерінде ғылыми және практикалық жұмыстарға арнайы даярлықпен тәуелсіз ғылыми пәнді - әлеуметтік геронтологияны анықтауға және жобалауға ықпал еткен халықтың қартаюының экономикалық проблемалары тұрды.
Қарттардың әлеуметтік жағдайы, өмір белсенділігі мен экономикалық және әлеуметтік-психологиялық жағдайынан бөлек қарттардың өмір сапасы да маңызды рөлге ие. Оларлың қоғамдағы мәртебесі мен рөлі тікелей өмір сапаларына тәуелді десе де болады. Себебі, қарттардың ұзақ өмір сүруі мен өмір сүру деңгейі, мемлекеттің ахуалын көрсетеді.
Сонымен, О.В. Краснова, А.Г. Лидере қарт адамдардың өмір сапасының құрамдас бөлшектеріне келесілерді жатқызады: қарт адамдардың индивидуалды сипаттамалары: функционалды қабілеттері, физикалық және ақыл-ой денсаулығы, байланыстылық, этникалық топтың құрамында болуы, тапқа тиістілігі, гендерлік сипаттамасы; физикалық қоршаған орта факторлары: жақсы демалысқа әсер етушінің, бәрі, тұрғын үй стандарты, айналысын бақылау, жайлылық деңгейі мен қауіпсіздігі, тәртіптің болуы; әлеуметтік қоршаға орта факторлары: әлеуметік және шығармашылық белсенділік деңгейі, отбасы мен әлеуметтік желі, ұйымдармен байланыс; әлеуметтік-экономикалық факторлар: табыс, тамақтану, өмір сүру стандарты, әлеуметтік-экономикалық статус; тұлғалық дербестік факторлары: таңдау жасау қабілетімен мүмкіндік, күнделікті тұрмысты бақылау; субъективті қанағаттанушылық: қарт адамның өзінің бағалауы бойынша өмір сапасы; тұлғалық факторлар; психологиялық әл-ауқаттылық, адамгершілік, өмірлік қанағаттанушылық, бақыт [36].
Нақты адамның «субъективтілік әл-ауқаттылығы» адам өмірінің жеке жақтарын бағалауы арқылы қалыптсады, олар субъективті әл-ауқаттылық сезіміне ұштасады. Л.В. Куликов субъективтілік әл-ауқаттылықты өзара байланыстан және өзара шарттылықтан жинақталатын құрамдас бөлшектердің интегралды пайда болуы ретінде қарастырған: әлеуметтік әл-ауқаттылық – қоғам құрамында болатын индивидтің тұлғааралық байланысқа және өзгеде өзінің әлеуметтік статусы мен қоғамның әл-ахуалына қанағаттанушылығы; рухани әл-ауқаттылық – рухани мәдени байлыққа қол жеткізу мүмкіндігі, өз өмірінің мәнін сезіну мен алаңдауы (Құдайға, өзіне немесе тағдырға деген сенімі), дінге сену еркіндігі; физикалық (денелік) әл-ауқаттылық – жақсы физикалық хал-жайы, дене шымырлылы, амандық-саулық сезімі және т.б. материалдық әл-ауқаттылық – өз өмірінің материалдық игіліктеріне қанағаттанушылық, молшылық ауқаттылық тұрақтылығы, өзіндік толықтай қамсыздандырылғандық; психологиялық әл-ауқаттылық (жан жайлылығы) – психикалық процестердің реттелгендігі, тұлға жарасымы, тұтастық сезімі, ішкі тепе-теңдік [37].
Әлеуметтік геронтология және оның әдістері мен амалдарын қорытындылай келе, мынадай тұжырымға келуге болады:
Қарттардың өмір сүру жағдайында кез- келген қоғамда мынадай негізгі, өзекті мәселелер бар: отбасы мен қоғам арасынан қамқорлық көрсету және психикалық, физикалық, эмоциялық жағдайын жақсарту және алдын алу мен қалпына келтіру, аурудың алдын алу мақсатында медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік және құқықтық қолдау көрсету, қамқорлық ұйымдарының дұрыс қызмет көрсетуін, адами құндылықтары мен басты бостандықтары жөнінде қызмет ететін әлеуметтік мекемелердің жұмыстары, оның ішіндегі адамдардың мұқтаждықтары, көзқарастары мен өмір сүру сапасы тұрғысынан туындайтын мәселелер.
Екінші жағынан алатын болсақ, азық- түлікпен қамтамасыз ету, баспана және киім, алғашқы медициналық қызмет көрсету, пайда табатын жұмыспен айналысу, өзгермелі жағдайға сәйкес өмір сүру қауіпсіздігі, көбірек үй жағдайында болу, өз қозғалыстары мен бірлестіктерін құру мен оған белсенді араласу мәселесінде көптеген мәселелер туындап отырады.
Үшінші мәселе тұсынан алатын болсақ, өз мүміндіктерін жан- жақты жүзеге асыру, яғни білім, мәдениет, рухани өмір мен демалыс саласындағы қоғамдық құндылықтарға қолжетімді болу мәселесінде.
Төртіншіден алатын болсақ, басқалар тарапынан қанау, физикалық немес психикалық зорлыққа ұшыратпау, қауіпсіз өмір сүру, жас ерекшелігіне, жынысы, нәсілдік немесе этикалық ерекшеліктеріне, мүгедектік немесе басқа да жағдайларға байланысты әділдікке құқығы болуы немесе болмауы негізге алынады. Әлемде қарт адамдарды ауыртпалық есебінде емес, жағымды фактор ретінде қарастырады. Қарт адамдар белсенді , шығармашылық және пайдалы рөл атқарып, өздері туралы қамқорлықты сезінсе, болашақта жас ұрпақтар өздерін не күтіп тұрғанын білетін болады. Сол себепті, қартттардың қоғамдық өмірде белсенділік танытуы маңызды факторлардың бірі болып табылады [38]. Қарттардың барлығының осындай өздерін жас тұрғыда сезініп, болашаққа өркендеу сатысын ойлайтындар кемде - кем болып келеді. Қарт адамдардың көпшілігі өздерінің жас мөлшері 60 жастан асқан соң, өздерін қоғамға аса қажетсіз сезініп, психикалық шаршауға ұшыратып, жұмыс жасау қарқынын төмендетіп, көңіл- күйін біршама түрақтандыра алмай, өздерін келеңсіз ауруларға шалдықтырып алатындар көп жолықтырамыз және ұшырастырамыз. Қарттар өз жастарында көпшілік бөлігінде жұбайынан айырлып немесе екеуі екі жаққа кетіп, бір- бірінен ажыраған тұста, өздерін қатты дәрменсіз және жабырқаулы қалыпта сезінеді екен. Мұндай жағдайда белгілі мамандар көмек көрсету дұрыс болып табылады. Бірақ, мұндай қиын мәселесін жеңілдету мақсатында қарттар өздері тікелей маманнан көмек сұрап, ізденбесе, ол адамның жаны мен тәні ауырып жатқандығын ешкім білмейді және ешкім сезбейді. Қарттарымыз көп тұста отбасындағы жағымсыз жағдайларға тап болатын тұстары өмірде жиі көрініс табады. Өзі асырап, өзі өсіріп, жетілдірген балалары, үйлі- жайлы болғанда, қартайған әкесі немесе шешесіне қарамай, олардың жүрегін жаралап, шеттетушілікке ұшыратып жататындар болады. Осындай отбасылардың қысымына шыдай алмағандықтан қарттар, өз бастарының қамы үшін қарттар үйін сығалап немесе басқа паналайтын орын таппаған жағдайда көп ауыртпашылықтан түскен ойдан, белгілі бір сәттік жағдайдан өмірден кетіп жатады [39].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет