Кіріспе зерттеудің қысқaшa сипaттaмaсы



бет15/36
Дата07.12.2022
өлшемі307,95 Kb.
#55700
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
Байланысты:
ДИПЛОМ ПОЛНЫЙ (2)

Канада да қарттармен әлеуметтік жұмыстың бірнеше стратегиялары қалыптасқан. Себебі, Канадада әрбір оныншы тұрғын 65-жастан асқан қарт адам есептелінеді. Қарттар көбінесе, күндізгі пансионат үйлерінде болады, отбасы бар қарттар күндізгі отбасылық арнайы мекемелерде тұрса, күтімді қажет ететін қарттар арнайы мамандандырылған медициналық мекемелерде тұрады. Канадада отбасы бас тартқан қарттарға отбасы арнайы алимент төлейді. Өзнің зейнетақысынан бөлек, балалары алимент төлеп отырады.




4-сурет. Канададағы қарттарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі


Сурет 4. Канададағы қарттарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі

Канадалық Зейнетақы Қоры зейнеткерлік жасқа жеткен миллиондаған Канада тұрғындарына зейнетақы төлеуге арналған. Бұл қорға салымдар барлық қызметкерлер үшін міндетті болып табылады және жарналар мөлшері кірістердің өсуіне қарай ұлғаяды. Зейнетақы қорын қызметкерлер де, жеке кәсіпкерлер де төлейді. 65 жастан асқан барлық тұрғындар жұмыс істеулеріне немесе демалыстарына қарамастан, зейнетақы алады [46].


«Тыныш қарттық» қоры. Бұл қордан зейнетақы 65 жасқа толған Канада азаматтары мен Канада тұрғындарына төленеді. Зейнетақы мен мөлшері Канадада болу мерзіміне байланысты. Толық зейнетақы алу үшін Канадада ересек болғаннан кейін кем дегенде қырық жыл тұру қажет.
«Жұбайларға жәрдемақы» қоры. Бұл шамалы жәрдемақы 60 пен 64 жас аралығындағы адамдарға төленеді, ал олардың жұбайы тыныштықтағы қарттық қорынан зейнетақы мен қосымша зейнетақы алады. Бұл жәрдемақы мөлшері мен жарамдылығы ерлі-зайыптылардың жалпы кірісіне және Канадада болу ұзақтығына байланысты. Бұл жәрдемақыны жесірлер ала алады, оған табыс салығы салынбайды.
Канадада төмен әлеуметтік-экономикалық жағдайларды өзіне-өзі немесе біріне-бірі көмек беру топтары бар. Кәсіби қызметкерлер басқаратын дәстүрлі әлеуметтік қызметтен мұның ерекшелігі – егде адамдардың өз бетінше ұйым құруы. Олардың мақсаты қиын жағдайда бір-біріне түрлі дәрежеде көмек көрсету. Мұндай ұйымдар әсіресе, пансионаттарда, қонақ үйлерде, жатақханаларда бірге өмір сүріп жатқан, қарттар арасында әрекет етеді. Канадада елде зейнетақымен қамтамасыз етуді реттеуге мүмкіндік беретін бірнеше зейнетақы бағдарламасы бар. Біріншіден, бұл қарттарға арналған әмбебап бағдарлама, ол белгілі бір жасқа жеткеннен кейін барлық тұрғындарға зейнетақымен қамтамасыз етеді. Екіншіден, енгізілген жарналарға байланысты жасына байланысты жәрдемақы беретін әлеуметтік сақтандыру бағдарламалары бар. Үшіншіден, жеке зейнетақы қорлары мемлекеттік бағдарламалармен қатар жұмыс істейді.
Канадада ерлердің өмір сүру жасының ұзақтығы 80 жасты, әйелдердің өмір сүру жасының ұзақтығы 84 жасты құрайды. Статистика бойынша, өмір сүру жасының ұзақтығынан 5-ші орынды иеленеді. Бұдан, елдегі медицинаның жақсы дамуы мен қарттарды әлеуметтік қамсыздандырудың жоғары деңгейде екенін байқауға болады.
Канаданың ең үлкен жаңалығы, 2018 жылы «Қарттар үйі» мен «Жетімдер үйін» біріктіру арқылы қарттар мен жетім балалардың әлеуметтенуі мен әлеуметтік жағдайларын жақсартты. Сәйкесінше, елде қазіргі таңда жетімдер мен қарттар үйі жоқ, барлығын біріктіріп жаңа пансионат құрды [47].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет