Клиникалық практика күнделігі Клиникалық практика атауы «Пациенттің қауіпсіздігіне клиникалық мейіргерлік күтім»



бет3/15
Дата23.10.2023
өлшемі94,82 Kb.
#120794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
5







27.11.21

Халі ауыр әйелдердің ер адамның мүшесін жуу
Әйелдің жыныс мүшесін жуу
1.Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіремін, оның келісімін аламын.
2.Науқас әйелді кермемен оңашалаймын.
3.Науқас әйелдің жамбасының астына клеенканы, жаялықты төсеп, оның сегізкөзінің астындағы клеенканың үстіне зәр қабылдағышты қоямын.
4.Науқасқа шалқасынан жатуға көмектесемін, аяқтары тізесінен бүгіліп, азғана жан-жаққа ажыратылған болуы керек.
5.Ішінде жылы суы (антисептикалық ерітіндісі) бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын дайындаймын.
6.Қолды гигиеналық деңгейде жуамын. Халаттың үстіне клеенкалы алжапқышты және қолға қолғаптарды киемін.
7.Науқас әйелдің оң жағында тұрып, құмыраның немесе Эсмарх крушкасының ұштығын сол қолға ұстап, ал оң қолға дәке салфеткасы қыстырылған корнцангті ұстап, антисептикалық ерітіндіні немесе жылы суды сыртқы жыныс мүшелеріне құямын, ал салфеткамен жоғарыдан төмен қарай (қасағадан аналь тесігіне қарай) қимыл жасап, сүртіемін. Сыртқы жыныс мүшелерін келесідегідей ізбе-ізділікпен жуамын: қасаға аймағы, үлкен жыныс еріндері, кішкене жыныс еріндері, бұтаралығы және аналь тесігі аймағы, әрбір жоғарыдан төмен түскен қимылдардан кейін сүрткілерді ауыстырып отырамын.
8.Құрғақ сүрткімен жыныс мүшелерін және бұтаралықтың терісін тура жоғарыдағыдай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртемін.
9.Базданудың алдын-алу үшін сүрткіге салынған вазелин майын немесе басқа заттарды шат іркестеріне және аналь тесігі аймағына жағамын.
10.Қолданылған сүрткілерді, корнцангты ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа саламын.
11.Судноны және клеенканы жинап алып, қолғаптарды шешіп, зарарсыздандырамын. Науқасты көрпемен жауып қоямын.
12.Кермені жинап аламын.
13.Қолғапты шешемін. Қолды жуып, кептіремін.
Ер адамның жыныс мүшесін жуу
1.Науқаспен тілектестік, құпия сақтайтын сенімділік қарым-қатынасты орнатамын.
2.Қолды гигиеналық деңгейде тазартамын. Қолғапты киемін.
3.Халі ауыр науқастың сегіз көзі астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеп, судноны қоямын.
4.Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін сұрап, аяқтарын аздап екі жаққа ажыратамын.
5.Науқастың оң жағынан тұрамын.
6.Сүрткіні жылы суда ылғалдатып, оны сығамын.
7.Бір қолмен жыныс мүшесін ұстап, оның артық терісін жыныс мүшесінің басынан жылжытамын.
8.Жыныс мүшесінің басын зәр шығару каналынан бастап, қасаға аймағына қарай бағытта айналмалы қозғалыспен сүрткілерді ауыстыра отырып, құрғатамын.
9.Жыныс мүшесінің артық терісін табиғи қалпына қайтарамын.
10.Жыныс мүшесінің қалған бөліктерін, ұманың терісін, аналь тесігін мұқият тазалап, шайқап және кептіремін.
11.Судноны, клеенканы, жаялықты, қолғаптарды кейін зарарсыздандыру үшін жинаймын. Сүрткілерді және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге саламын.
12.Төсек-орнын реттеп, жазып, науқасты жабамын.
13.Кермені жинаймын.
Дәрет сауытын(судноны)беру
1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін аламын.
2.Дәрет сауытын жылы сумен шайып, оның ішінде аздап су қалдырамын.
3.Науқасты айналасындағы адамдардан кермемен оңашалап, беліне дейін көрпесін алып немесе қайырып тастап, жамбастың астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеймін.
4.Қолды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киемін.
5.Науқасқа аздап бір жақ қырына бұрылуына көмектесіп, аяқтарын аздап тізесінен бүгіп және сандарын екі жаққа алшақтатамын.
6.Сол қолды бір бүйірден сегіз көздің астына енгізіп жіберіп, науқасқа жамбасын көтеруге көмектесемін.
7.Оң қолмен дәрет ыдысын науқастың бөксесінің астына қарай жақындатып, оны арқасына қарай бұрып, оның бұтаралығы дәрет сауыты тесігінің тура үстінде болуы қажет, сол кезде жаялықты беліне қарай жылжытамын.
8.Науқасты көрпесімен немесе ақжаймасымен жауып, оны жалғыз қалдырамын.
9.Науқас дәретке шығып болғаннан соң, науқасты аздап қана бір қырына бұрып, дәрет сауытын оң қолмен ұстап тұрып, оны науқастың астынан шығарып аламын.
10.Аналь тесігі аймағын әжетхана қағазымен сүртемін. Қағазды дәрет сауытына саламын.
11.Дәрет сауытын, клеенканы, жаялықты, кермені жинап аламын. Егер қажет болса, ақжаймасын ауыстырамын.
12.Науқасқа ыңғайлы жатуға көмектесіп, көрпесімен жабамын.
13.Дәрет сауытын жаялықпен немесе клеенкамен жауып, дәрет бөлмесіне алып кетемін.
14.Дәрет сауытының ішіндегісін унитазға төгіп, оны ыстық сумен шайқаймын.
15.Дәрет сауытын ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа толық батырып саламын. Қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге саламын.
Қолды жуып, кептіремін.
Гастростома арқылы тамақтандыру
1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін аламын.
2. Науқасты алда болатын тамақтандыруға дайындаймын.
3. 35-450 С дейін жылытылған жартылай сұйық тамақты даярлаймын.
4. Науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беремін.
5. Қолымды гигиеналық деңгейде тазартамын, қолғапты киемін.
6. Кіретін тесікті жабатын салфетканы және қысқышты резеңке түтіктен аламын.
7. Резеңке түтікке шыны құйғыны жалғастырамын.
8. Құйғыны сәл қырына науқасқа қарай еңкейте отыра, жоғары көтеремін.
9. Даярланған тамақты аз порциямен асқазанға құйғы арқылы енгіземін.
10. Шайды ішкізіп болған соң құйғыны және резеңке түтікті жуамын.
11. Құйғыны алып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа саламын.
12. Резеңке түтіктін шетіне залалсыздандырылған сүрткіні саламын, қысқышпен қысамын.
13. Гастростомаға күтімді жүргіземін (гастростоманы күту стандартын қараймын).
14. Қолымды жуып, кептіремін.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет