Басқарудың мақсаттары мен қағидалары
Басқарудың міндеті – алға қойған мақсатқа жету үшін тиісті командалар кӛмегімен басқару объектісінде ӛтіп жатқан процестерді ӛзгерту.
Басқарудың қағидалары:
ашық басқару қағидасы;
ӛтемақы қағидасы –ауытқу бойынша басқару;
кері байланыс қағидасы.
Осылайша, АБЖ - басқарушы айнымалылардың талап етілетін х(t) және нақты у (t) мәндер арасындағы рұқсат етілген шекте келіспеушілікті ε(t) сақтау үшін оларды ОС қағидасында салыстыратын және алынатын басқару сигналдарын қолданатын жүйе.
Кіріс сигналы x(t) – (детермирленген сигнал) басқарудың барлық аралықтарындағы белгілі функция болатын жүйені - бағдарламалық басқару жүйесі деп атаймыз.
Берілген кіріс сигналы х(t) =const болатын жүйені – тұрақтылық жүйесі деп атаймыз.
Берілген кіріс сигналы х(t) – кездейсоқ функция болатын жүйені – бақылаушы жүйе деп атаймыз.
Тек бір шығыс ӛлшемі басқаратын жүйені –бір ӛлшемді деп атаймыз.
Бірӛлшемді жүйелер бағдарламалық жүйелердің, тұрақтаушы және бақылаушы жүйелер бола алады.
Сонымен қатар тәжірибеде:
сапаны кӛрсеткіштің экстремумын іздеушімен жүйелер;
тиімді басқару жүйелері;
бейімделген жүйелер пайдаланылады.
АБЖ математикалық модельдері
АБЖ есептеу мен жобалаудың бастапқы кезеңдерінде функционалдық сұлбаны талдау негізінде оларды сапалы сипаттаумен, яғни формалды емес сипаттаумен шектеледі. Формалды емес сипаттау дегеніміз АБЖ жайлы, оның жұмысының алгоритмін құру үшін, яғни оның формалды (математикалық) сипаттамасын дайындауға негіз болатын функционалдық сұлбаны құру үшін
жеткілікті ақпараттар жиынтығы. АБЖ-ның формалды емес сипаттама кемшіліктері, ол сандық сипаттамаларына сүйенбейді, сол себепті керекті дәлдік алынбайды. АБЖ математикалық үлгісі ретінде оқылып жатқан жүйе жайлы абстрактылы кӛріністің сандық форматталуын айтамыз.
Математикалық үлгі –дифференциалдық, интегралдық, айырымдық, алгебралық теңдеулердің формалды сипаттамалары, сонымен қатар теңсіздіктер, жиын және т.б.
У және Х – АБЖ-ның кіріс және шығыс сигналдарының жиыны деп қарастырайық. Егер у є У әрбір элементіне тиісті анықталған х є Х элементі қойылса, онда А жүйелік операторы берілген дейміз. Ол арқылы АБЖ кірісі мен шығысы арасында байланыс беріледі.
y A x . (1.1)
(1.1) операторлық теңдеуін АБЖ математикалық теңдеуі деп қарастыруға болады, себебі ол оның х(t) кіріс және у(t) шығыс сигналдары арасындағы сандық байланысын орнатады. Жүйе операторын беру – оның кіріс сигналынан шығыс сигналын табу ережесін беру деген сӛз.
Кӛп жағдайларда операторлық теңдеулер жүйелері дифференциалдық теңдеулер класына немесе оларға барабар интегралдық теңдеулер класына тиесілі. Дифференциалдық теңдеулер жүйесін алу үшін жалпы алғанда, әдетте, жекелеген элементтерді сипаттайды, яғни жүйеге кіретін әрбір элемент (салыстыру элементі, реттеуші, күшейткіш, жетек, т.б) үшін жеке дифференциалдық теңдеулер құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |