Коммерциялық емес



бет2/19
Дата04.02.2023
өлшемі407,47 Kb.
#65115
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
e 2

Кіріспе


Дәрістер жинағы материалдарды тұрақтандыру және автоматты басқару жүйелерін инженерлік жобалау тапсырмаларында басқару теорияларын қолдану үшін жазылған.
Дәрісте басқару теорияларының негіздері туралы қысқаша айтылған. Автоматты реттеудің әртүрлі жүйелерін зерттеудің математикалық аппараты сипатталған, үлгілік (типтік) динамикалық буындары, құрылымдық сұлбалары мен оларды жеңілдету тәсілдері, тұйықталмаған және тұйықталған жүйелерінің уақыттық және жиіліктік сипаттамалары қарастырылған, сондай- ақ реттеу сапасы кӛрсеткіштерімен берілген сызықты басқару жүйелерін талдау және синтездеудің негізгі әдістері қарастырылған. Сызықтық цифрлық жүйелерді талдау және синтездеуге ерекше назар бӛлінген, ӛндірістік контроллер негізінде жүйені талдаудың қазіргі таңдағы әдістері қарастырылған.
Конспект тек қана 5В071600 – Аспап жасау мамандығы студенттеріне ғана емес, АЭжБУ-дің барлық электртехникалық мамандықтарының басқару
теорияларын ӛз бетімен оқып, ЕГЖ тапсырмаларында, курстық және дипломдық жобаларды жазу барысында қолдану үшін жазылған.


  1. Дәріс №1. Басқарудың негізгі түсініктері мен қағидалары


Мақсаты: басқарудың заңдары мен қағидаларын, құрылымдық сұлбаның тұрғызылуын, басқару жүйелерін модельдеу мен жіктеу әдістерін, негізгі терминдер мен анықтамаларды оқып, түсіну.




    1. Негізгі терминдер мен анықтамалар


Автоматты басқару теориясында арнайы математикалық аппарат пен әдістер негізінде, автоматты басқару жүйелерінің сапасына байланысты қойылған талаптарға сай талдау және синтездеу қарастырылады. Сол себепті негізгі терминдер мен анықтамалармен танысу керекпіз.


Автоматты басқару жүйесі (АБЖ) басқару сигналдарын есептеу реттеуші немесе бағдарламалық контроллермен жүзеге асырылатын, реттелетін ӛлшемдерді басқару үшін керек техникалық құралдардың жиынтығы.
Басқару объектісі (БО) – жүргізілетін физикалық процестер - арнайы техникалық құралдар кӛмегімен басқарылатын (реттелетін) орнату.
Реттелетін ӛлшем– мәні арнайы техникалық құралдардың кӛмегімен басқарылатын технӛлогиялық параметр.
Әсер ету – басқару объектісінде технӛлогиялық процесс ағының ӛзгертетін сыртқы факторлар. Ұйытқушы және басқарушы әсер ету түрлері бар.
Ұйытқушы әсер ету кездейсоқ сипатты болып келеді. Мысалы, қоршаған орта температурасы, қысым, ауа жылдамдығы, электр желілеріндегі кернеу тербелісі ӛзгерісі.
Басқару объектісіне басқарушы әсер ету ұйытқушы әсер етуге ӛтемақы алу үшін АБЖ-да техникалық құрылғымен ұйымдастырылады.
Сигнал ретінде басқару объектісіне келіп түсетін энергия мен заттар, ұйытқушы және басқарушы әсер етулер, сондай-ақ реттеуші ӛлшемдер қарастырылады. Басқару объектісінің сигналдары бағыты бойынша ажыратылады кіріс х және шығыс у болып ажыратылады (1.1 сурет).
Ұйытқушы және басқарушы әсер етулер басқару объектісіне кіріс сигналдары болып табылады; ал реттеуші, физикалық түрде объектінің шекарасынан шықпасада, шығыс сигналдарын қабылдайды. (мысалға, ыдыстағы сұйықтық кӛлемі, электрқозғағыштың орамындағы кернеу)
Сұлбаларда (1.1 сурет) АБЖ функционалдық элементтері тіктӛртбұрыш түрінде , ал сигналдар – меңзерлермен белгіленген.


    1. сурет - АБЖ функционалдық элементі

Сигналдарды анықтайтын, физикалық процестердің параметрлері ӛздерінде ақпарат сақтайды.


Құрылымдық сұлба дегеніміз технӛлогиялық процесс элементтерінің және олардың арасындағы байланыстардың символдық бейнесі. Ол жүйедегі үрдістердің реттілігін, тізбегін кӛрсетеді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет