Конференциясының материалдары


АРНАЙЫ ПӘНДЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН  ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет23/60
Дата09.03.2017
өлшемі9,39 Mb.
#8612
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60

АРНАЙЫ ПӘНДЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН  ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІ 

Балхаева Гаухар Науайқызы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, 

Жаңаөзен политехникалық колледжі 

ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар 

даярлауда  жаңа  міндеттер    қойып  отыр.  Осыған  орай,  бүгінгі  әлеуметтік  білім  беру 

кеңістігіне  сай  бейімдеп  білім  алу,  жалпы  ғаламдық  танымды,  ойлауды  дамыту,  өзінше 

ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттің 

өзінің  іс-әрекетінің  субъектісі  болуына  мүмкіндік  туғызу  -  көкейкесті  мәселе.  Өйткені,  тек 

жоғары  білімді  маман  ғана  қоғам  мен  экономиканың,  әлеуметтік  және  мәдени  өркендеудің  

көшбасшысы бола алады.  



163 

Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 

2012  жылғы  27 

қаңтардағы  «Әлеуметтік-экономомикалық  жаңғырту  -  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты» 

атты жолдауындағы 7 – бөлімінде: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі 

іс-шараларды  жүзеге  асырудың  маңызы  зор.  Біріншіден,  оқыту  үдерісіне  қазіргі  заманғы 

әдістемелер  мен  технологияларды  енгізу.  Екіншіден,  педагогтар  құрамының  сапасын 

арттырудың маңызы зор. Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет, ХХІ 

ғасырда  білім  беру  ісін  дамыта  білмеген  мемлекет  құрдымға  кетері  хақ.  Сондықтан  біз 

болашақта  жоғары  технологиялық  және  білікті  өнеркәсіп  мамандарының 

шоғырын 

қалыптастыруымыз 

қажет 

дегендей, 



қізіргі 

кезде 


Республикамызда 

Елбасы 


Н.Ә.Назарбаевтың  тапсыруымен  кәсіптік  және  техникалық  білім  берудің  жүйесі 

жаңғыртылып,  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.  Білім  беру  жүйесіне 

енгізілген түбегейлі өзгерістер білім берудің  мазмұнын жаңартып, жаңа көзқарас туғызады.  

Мемлекеттік  бағдарламаның  мақсаты  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  жүйесін 

модернизациялау болып табылады. Білікті мамандар даярлаудағы маңызды бағыттардың бірі 

– оқытудың жаңа білім беру жүйесін қолдану болып табылады.

Білім  жүйесін  жаңғырту  аясында,  жұмысшы  кадрлардың  зәрулігін  еңсеру  үшін 

қолданбалы  мамандықтардың  заманауи  орталықтарын  құру  үшін  оқу  орындарында  дуалды 

оқыту  жүйесін  енгізу  міндеттері  қойылды.  Дуалды  оқытуда  теория  мен  практиканың  өзара 

байланысы  принципі  жүзеге  асырылады,  мұның  өзі  болашақ  маманға  кәсіпорында  жұмыс 

істеу кезінде қажетті біліктілікке ие болуға көмектеседі. 

Инновациялық  білім  беру  үрдісітері  педагогикалық  теория  мен  практикаға  деген 

көзқарастың  жаңа  сипатта  қалыптасуын  талап  етеді.  Төмендегі  инновациялық  жаңа 

технологиялардың әдістерін сабақ үрдісінде қолданып отырамын. Мысалы: 



1.

Көз гимнастикасы. Экранда «Сандар әлемі»

Көз тарс жұмулы. 5 секундтан соң цифр аталғанда тыңдаушылар көздерін ашып цифрды 

тапқан адам қол көтереді, барлығы қол көтергеннен кейін, қол соғылғанда көз жұмылады да, 

оқытушы  -  1,2,3,4,5  –  санап,  келесі  ізделетін  цифрды  атайды.  Цифрлар  көз  гимнастикасы 

қозғалысы  бағыттарына  жетекші  болады.  Мысалы:  21-90-7-50-5-12-11-35-21-19-2-6-37-74 

т.с.с.  


2. Психологиялық сергіту сәттері.

І. Аутотренинг «Тәніңді биле!»

Ойша  орындалуға  тиісті  әрекетке  бұйрық  ретіндегі  сөз  тіркесін  айта  отырып,  дененің,

ойға  бағынуын  меңгеру.  Денені  қабырғаға  өкше,  бөксе,  жауырын,  иық,  желке,  алақан,  бел 

бөліктерімен  жабыстыра  қысып,  осы  нүктелерді  ойша  шолып  қарай  отырып  баяу:  «Менің 



164 

мойыным қабырғаға барынша толық жақындап тұр, мойын еттерім жақсы жұмыс істеуде»-3 

рет ойша қайталанады, «Менің алақаным қабырғаға барынша толық жабысып тұр, қол еттері 

жақсы  жұмыс  істеуде»-3  рет,  «Менің  бел  омыртқаларым  қабырғаға  барынша  толық 

жақындап тұр, аяқ дене еттері жақсы жұмыс істеуде»-3 рет, «Менің тізем қабырғаға барынша 

толық  жақындап  тұр,  аяқ  еттері  бар  күшімен  жұмыс  істеуде»-  3  рет  қайталанады.  Тұру 

ұзақтығы есептеліп, дәптерге жазылып, еттерді босаңсыту жаттығулары жасалады. 

3. Амтхауэрдің «КЕ» (кеңістік елестету) тестілерімен жұмыс.

Тапсырма: Берілген А, Б, В, Г. Д фигуралары бірнеше бөлікке бөлінген. Бөліктер  ретсіз 

орналастырылып (129-дан 136-ға дейін) екінші қатарға қойылған. Қай бөліктер қайсы 

фигураға тиесілі екендігін анықтаңыздар (ойлану  уақыты 2 минут).  



4. Бенджамин Блумның алты қалпақ технологиясы

Ақ қалпақ. Мәлімет. Сұрақтар. Толық объективтілік 

пен алалықсыздық. Біз қандай мәліметке иеміз? Бізге  

         тағы да  қандай мәліметтер керек?  

Қызыл қалпақ. Сезгіштік, сезімдер мен алдын ала    

сезулер.Сезімдерге дәлелдеулер беру керек емес. Осы 

тұрғыда менде  қандай  сезімдер пайда болады?  

Сары қалпақ. Позитивті ойлау қорытындыларын құру.  

Неліктен мұны  жасау керек? Артықшылықтары   

қандай? Неге мұны жасауға болады? Неге ол жұмыс  

жасайды? 



Қара қалпақ. Теріс жақтары. Неге мұны жасауға   

болмайды? Кемшіліктері неде? Бұл жерде не дұрыс емес? 



Жасыл қалпақ. Түрлі идеялар. Жаңа идеялар.

ұсыныстар. Әртүрлі шешу жолдары.  

Альтернативалары қандай? 

     Көк қалпақ.  Ойлау туралы ойлау. Шешім қабылдау. 

Біз неге қол  жеткіздік?  Әрі қарай не істеу керек?  



165 

ОҚУ –ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ  ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ  

БАСТАУЫШ СЫНЫП  ОҚУШЫЛАРЫН  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  

ЖҰМЫСТАРҒА  БАҒЫТТАУ  

Коспаева Алия Жандосовна

Атбасар ауданы, Ново-Александровка №2 

орта мектебі  бастауыш сынып мұғалімі 

«Білім теңіз, түбі де, шегі де  жоқ. 

Білім   адам баласының  ортақ қазынасы» 

Қазіргі  таңда    оқу    үрдісінің    өзегі    жаңа    технологиялар    екені  мәлім.  Кез  келген  

оқыту    технологиясы    мұғалімнен  терең    теориялық,  психологиялық  ,әдістемелік  білімді, 

үлкен  педагогикалық  шеберлікті , шәкірттердің  жан дүниесіне  терең  үңіліп, оны ұғына  

білуді  талап етеді.  

        Бүгінгі    таңда    қолданып    жүрген  педагогикалық    технологиялардың      элементтерін  

сабақта    пайдалана    отырып  ,  оқушылардың    ой  -өрісін,  тіл  байлықтарын    дамытып, 

ізденімпаздыққа,  білімді  өздігінен    меңгеруге  жағдай    жасап,  білім    мен  тәрбиені 

оқушылардың өміріне ең қажетті  біліктіліктерін  жітілдірудемін.  

       Оқушыларға сапалы  білім  берудегі  алға  қойған  мақсатым: балада өзін  жетілдіруге , 

өзін  -өзі    өзгертуге,  өзін  -өзі  түсінуге  ,  өзін  өзі    тәрбиелеуге  бағытталған  белгілі  бір  

танымдық  қабілеттерін дамыту, шығармашыл жеке тұлға  қалыптастыру. 

Осы  мақсатқа  жету  үшін  алдыма  қойған  міндеттерім: 

 



Білім сапасын арттыру , дарынды , қабілетті  балаларды анықтау, олардың дамуына  

жағдай  жасау. 

 

Психологиялық қолайлылықты  қамтамасыз ету. 



 

Денсаулығын сақтау. 



 

Әлеуметтік    кеңістікке  еркін  ене  алатын  қасиеттерге  ие  ,  оқыту    үрдісінде  рухани  



бай, шығармашылық  үйлесімді  терең  ойлайтын дарын  иесін тәрбиелеу. 

        Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып 

отыр. «Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген 

американдық ғалым Н.Хомский.  

         Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш –жігердің 

болуы.   Құзыреттілік – оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі. 

Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. 

Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай 

да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі.  Қазіргі 

кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке 

білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді 

қолдану болып саналады. Мына заманда біздің оқушылардың алдына қойылатын талаптар 

да күннен-күнге, жылдан-жылға өсуде. Заман талабы оқушылардың бойында түйінді 

құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.  

Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты 

іздеу, талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау және ақпаратты беру 

біліктері қалыптасады. Бұл құзыреттілік оқушының оқу пәндеріндегі және білім 

аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу 

дағдыларын қамтамасыз етеді.  

Коммуникатвтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасында 

сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, дәстүрді білу, топпен жұмыс жасай алу

орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және 

қолдана білу қабілеттері.  


166 

Әлеуметті-құқықтық құзырет - өз елінің азаматы ретінде өзінің және қоғам мүшелерінің 

әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет 

нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне 

жауапкершілік арту жатады.  

Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер: оқушыларды өз бетінше талдауға, 

өз қызметіне мақсат қоюға,  жоспарлауға, жинақтауға, қорытындылауға, салыстыра  

әлелдеуге, сыни тұрғыдан шешім қабылдауға,  өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі реттеуге, өзін-өзі 

түсінуге, өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге, нені меңгергенін,нені 

меңгермегенін анықтауға, өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету.  

    Құзыреттіліктің  түрлері: 

 



Оқу  -танымдық   құзыреттілігі; 

 



Тілдік  қатынас   құзыреттілігі; 

 



Коммуникативтік  құзыреттілігі; 

 



Әлеуметтік –құқықтық  құзыреттілігі; 

 



Ақпараттық- технологиялық   құзыреттілігі; 

 



Шығармашылық   құзыреттілігі. 

Мен  өз    тәжірибемде  көп  қолданылатын    «  оқу    -танымдық      құзыреттілік»  

дегеніміз –оқушы   өзінің  білімділік қабілетін  ұйымдастыра   білу; 

 



жоспарлай  білу; 

 



ізенушілік, зерттеушілік  әрекет дағдыларын     игеру; 

 



талдау,  қорытыныды  жасай  білу; 

   Оқушының    іс  –  әрекеті  :  таниды,  қызығады,  оқиды;  рухани  даму  деңгейі  қалыптаса 

бастайды;  белсенділігі    артады;  дербес    қасиеттері  өседі;  ынта,  ықыласы  артады; 

қызығушылық   жеке   тұлғаның қажеттілігімен, бейімділігімен  өзара  бірлікте  болады; 

өзін – өзі  тану  арқылы жауапкершілікті сезінеді; жаңа көзқарасын дәлелдейді. 

Бастауыш    мектеп    -  оқушы    тұлғасының,  санасының    дамуы    қуатты  жүретін, 

ерекше  құнды,  қайталанбас        кезең.          Сондықтан      үздіксіз  білім      берудің    алғашқы    

басқышы,    қиын    да      жауапты    жұмыс.      Бастауыш    мектеп      балаға    білім  беріп  ғана  

қоймай,    оны    жалпы      дамыту,    сөйлеу,    қоршаған      орта  туралы      дұрыс      көзқарас  

қалыптастыру,  ойын  дұрыс   айтуға , дәлелді  сөйлеуге  дағдыланады. Оқу  үрдісі  уақыт  

талабымен қаншама  өзгермесін,   тек   ұстаз  ғана   оның  мазмұнын   оқушы  санасына 

сіңіре   алады. Бүгінгі   қоғам талабы   бойынша  әр  оқушы  тек  қана  мұғалімнен  білім 

алып      қоймайды,  сонымен  қатар    өзі    ізденіс      үстінде    жүріп,  әртүрлі      пікірталасқа  

қатысып  ,    өз    ой  –  пікірлерін    толық    жеткізіп,  тәжірибеде      қолдана    білулері      керек.  

Қазіргі  таңда  балалар дарындылығын  арттыру  үшін  мектеп  өмірінде көптеген нәтижелі  

жұмыстар ұйымдастырылуда.   Оқушы   бойындағы  қабілет,  дарынын бала жастан  ұштау 

– мектеп мен  ұстаз алдында  тұрған  басты  міндеттердің  бірі.

         Осы  орайда   мен  өз  тәжірибеме  сүйене отырып , «оқу  – танымдық құзыреттілікті  

дамыту  арқылы    бастауыш    сынып    оқушыларын    шығармашылық      жұмыстарға  

бағыттау»    атты    өзекті        мәселе      бойынша      жұмыс    жасаудамын.  Шығармашылық 

жұмыстың  бастамасы  - өз бетіндік  жұмыс. 

         Өз бетіндік  жұмыстың  бала  дамуындағы  рөлін  жете көре білген және ол  жөнінде  

еңбек    жазған      қазақ    зиялыларынынң  бірі  –  ағартушы    ғалым    Ахмет  Байтұрсынов  

«Қазақша  оқу  жайынан» атты  еңбегінде   

« Бала  білімді  тәжірибе  арқылы алуы  керек.  Мұғалімнің  қызметі  -  балаға орындалатын  

жұмыстың  түрін  шағындап  беру  және  қойылған  мақсатқа   жету  үшін  бағыт – бағдар 

беріп  отыруы    керек»  ,  деген.    Бұдан    біз    Ахмет  Байтұрсыновтың  20-30    жылдардың  

өзінде – ақ  кейінгі  жылдары  Ресей ғалымдары В.Давыдов, Л. Занковтың  дамыта  оқыту  

теориясына    негіз   болған      өз   бетіндік   танымдық    әрекеттің      рөлін    біліп,  оның   бала  

дамуындағы  маңызын  өз  кезегінде қозғағанын байқаймыз. 

Өз  бетіндік  жұмыс  түрлеріне  3  жұмыс  түрін  жатқыза  аламыз:  


167 

1.

Логикалық  дамытушы



ойындармен  берілген 

тапсырмалар 

(құрастырмалы    

ойындар, ребус, сөзжұмбақтар, анаграммалар  ) 

2.

Берілген  тапсырманы  түрлендіру  бағытындағы  жұмыс  түрлері  (  кері  есеп  құру,



мәтіннің  мамұнын  өзгерту  т.б.) 

3.

Өз    ойынан    еркін    тақырып    құрастыруға



берілген    әдеби    шығармашылық  

бағыттағы  жұмыстар (өлең  құрастыру, әңгіме, шығарма жазу, т.б.) 

         Оқу – танымдық   құзыреттілікті   дамыту  арқылы мен  өз  тәжіри-бемде  қолданған 

әдіс -  тәсілдердің  бірнешеуіне    тоқталып  кетейін :  

         Әдебиеттк    оқу    (3  –сынып)    «Ата  –бабам  тарихы  -    менің    тарихым»    тарауы   

аяқталғанда : әр  оқушы   10 тестен  құрайды,  қатар  отырған  оқушы  оны  орындап ,  бірін 

– бірі тексеріп  бағалайды;

әр    қатар  күнделікті      тақырып    бойынша        сабақ    соңында      «Қызық    сұрақ»,    «Қиын  

сұрақ»    айдары    бойынша      5  сұрақ    дайындайды,  қалған    екі  топ    оған    жауап  беріп   

жарысады. 

         Мұндай  сұрақты  ойлап және   оларға  жауап  беру  үшін  бала  мәтіннің  

  әрбір    сөзіне      мән    беріп    ,  түсініп    оқиды    және    ізденеді      мәтін    мазмұнын    толық  , 

жүйелі әңгімелеуге дағдыланады. 

        Әдебиеттік  оқу      ,    дүниетану  сабақтарында  әр    топбасшы          өз    қатарындағы    бір  

оқушыға   өтілген  тақырып бойынша  қосымша материалдар  жинақтап  келуге  тапсырма 

береді.        Ол    оқушы    келесі    сабақта    қосымша    деректермен      басқа    оқушыларды   

хабардар етеді.    Қалғандары   түртіп   алу  әдісі  бойынша  дәптерлеріне  қысқаша  жазып  

алады. 


          Дүниетану  (3 –сынып)  «Өсімдіктер мен жануарлардың  көптүрлілігі»  бөлімі  өткен  

кезінде      оқушылар      оқулықтан    тыс    энциклопедиядан    іздену  арқылы  көптеген   

материалдар    жинақтап,    альбом    жасады.  Альбомда    әлемдегі      ең    кішкентай      құс  – 

колибридің    түрлері,    Түйқұстың    жұмыртқасының    ұзындығы      25-30    см,  ал    колибри 

түйеқұстың  көзінің өлшемімен  бірдей  екендігі , қазақтар үкіні  неге  домбыраға,  бесікке  

тағу  себебі -  өйткені   үкінің  қанатында  құранның  жазуы  бар  екендігі, балықтардың  су  

астындағы  тіршілігі,  қарлығаштың ұясына  бір  күнде  200  рет ұшып  барып келетіндігі,  

көктемде    бірінші    ұшып    келетін    құс  -    қараторғай,  аққудың      тек    жұптасып  өмір  

сүретіндігін  т.б. мәліметтер   жинақтап  ой бөлісті  және  тест  құрау  кезінде  пайдаланды. 

Қазақ  тілі,  әдебиеттік  оқу   сабақтарында  топпен  жарысу, топпен  әңгіме құрау, 

ребус  құрау, сөзжұмбақ  құрастыру, эссе  жазу, бірін- бірі  тексеру, бірін- бірі   бағалау, 

өзін- өзі  тексеру, бағалау  әдістерін  пайдаланамын. Олар  оқушылардың ой алмастыруын, 

ой  түйістіруін  қамтамасыз етеді . Әр оқушы  өз  шығармашылығын  көрсете алады. өлеңді  

жатқа ,  мәнерлеп айтып  жарысу, оқу  жылдамдығы  бойынша  жарысу, сабақ  соңында 

қай  қатар   көп  сөз   оқыды,  кім  сөз   саны   бойынша  1-2-3орынды  иеленді  деп  жарыс  

ұйымдастырып,  оқушылардың  сабаққа  деген и  ынтасын  арттыруға  болады. 

         Қазақ  тілі  сабағында бекіту кезінде сатылай  кешенді   таңдау  күнделікті  дағдыға  

айналған.    Мысалы,  қарлығаш    сөзін    талдау  (дыбыстық  талдау  талдау    жаса,    сөз  

құрамына  талда,  буынға  бөл,  тасымалда, көпше  түрінде  жаз,  тәуелдеп  жаз,  сөйлем  

құрастыру,сөз  таптарына  талда,  сөйлем  мүшелеріне  талда, эссе, бесжолды өлең  жазу) 

         Қазақ    тілі  ,    әдебиеттік    оқу      сабақтарында      қате  жазатын    балаға      қасындағы 

оқушының  жазуын тексеруге,   жазу каллиграфиясы  нашар  оқушыға  өз  қатарындағы  

жазуы    ең      әдемі      оқушыны    анықтауға    тапсырма    беремін.    Бұл    тапсырма    арқылы  

оқушының  біріншіден,  өткен  сабақ  бойынша білімін  тексеруге, екіншіден өз  бетімен  

жұмыс  жасауына, үшіншіден, күнделікті қайталаудың   арқасында  есте сақтауға  жағдай  

жасалады.    Күнделікті    математикалық,  арифметикалық,  диктанттар    алып    отырамын.   

Оларды    әр    күні    әртүрлі  етіп    алуға    болады.    Мысалы,  көптаңбалы      сандар    жазу, 

көбейту,  бөлу,  ұзындық    бірліктері,  масса  бірліктері,    уақыт    бірліктері  т.б.  Сонымен   

қатар,  сурет    бойынша    есеп    құрастыру,  кері    есеп  құрастыру,  логикалық    тапсырмалар  

орындау    т.б.  Барлық    сабақта    оқушының    өз  бетімен    жұмыс    жасап  ,  белсенділік 



168 

көрсетуіне  жағдай    жасалады.    Оқушының    тақырып    бойынша  жұмыс    жасауға 

көмектесетін  оқу-   әдісінің    бірі-     INSERT.    Ол бойынша оқушыға  оқу, тақырыппен  

танысу  барысында  Б- білемін,  Б- білмеймін, «+» мен  үшін  жаңа  ақпарат, «?» – мені таң  

қалдырады  белгілерін  қойып отырып оқу тапсырылады.  INSERT -  оқығанын  түсінуге , 

өз  ойын  басшылыққа  алуға , ойын білдіруге  үйрететін ұтымды құрал. 



        Күнделікті  іс- тәжірибемнен   байқағаным,  оқытудың  ең  басты  әдісі  -танымдық –

ізденімпаздық  оқу  әрекеті. Оқу  әрекеті  барысында  мұғалім  оқушылардың  өздеріне  оқу  

мақсатын  анықтауға   басшылық жасайды. Ол  өзі  жаңалық  ашатын  ғалымға  айналады. 

Осы арқылы  оқушыны шығармашылық жұмыстарға бағыттауға  болады.  

          Осы  жұмыстарды  орындау  барысында    төмендегідей  нәтижелерге  қол жеткіздім: 

 



сабақ түбегейлі  оқушыға  бағытталып,  ұжымда    қарым -  қатынас орнады; 

 



оқушылардың  үлгерімі жоғарылады; 

 



өз беттерінше әртүрлі  шешімдер  қабылдайды, жауапкершіліктері артты; 

 



ойларын жүйелеуге , ашық айтуға  үйренді; 

 



шығарма, бес жол өлеңдер, эссе жазып, сипаттай  алатын  болды

 



өзін- өзі тексеріп, бағалай  алады. 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы-2008

2. Егемен Қазақстан. 26.12.2003ж. №332-333 Қазақстан Республикасының 2015 жылға

дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. 

3. Б.А.Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру

жағдайында дамыту: теория және тәжірибе» Алматы-2005 

4. К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі»

(ғылыми-практикалық конференция материалдары) Алматы-2008 

5.С.Бахишева «12 жылдық білім беру және оқушы тұлғасы» Білім кілті(№1,2006)

6. «Қазақстан мектебі» журналдары № 3,7 56-58б 2010 жыл

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНЫҢ САПАСЫН ЖОҒАРЫЛАТУ МАҚСАТЫНДА 

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

Ильясова Данагүл Нұртайқызы

қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы, 

қазақ тілі мен әдебиеті  мамандығы 

бойынша педагогика ғылымдарының магистранты 

Көкшетау қаласы,         

Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі 

 Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім 

алуына,  іскер  әрі  талантты,  шығармашылығы  мол,  еркін  дамуына  жол  ашатын 

педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін  тигізер пайдасы аса мол. 

Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру  –  жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалану 

арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу 

– тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен  сапасын  жоғарлатуды  көздейді.

Ақпараттық      құралдармен    жұмыс    жасау    дағдысы:    маңызды    ақпараттарды  анықтау,  

талдау.  Оны  тәжірибеде  қолдану   қазіргі  заманда  кез  келген  орта  үшін    қажет.  Бұл  

дағдылықтың    негізі    мектепте    қалануы    тиіс.    Сондықтан,    қай    пәнді    болмасын,    оқыту 

үрдісінде  жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдаланудың  тиімділігі  мол.  



169 

Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  заңында:  «Білім  беру  жүйесінің  басты 

міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»- деп 

көрсетілген.  Солардың  бірі  білім  беруді  ақпараттандыру  барысында  дидактикалық  және 

оқыту  құралы  болып  компьютер  саналады.  Сондықтан  кез  келген  білім  беру  саласында 

мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады.  

Қазіргі  кезеңде   компьютер  білім  берудің  барлық  саласында   ақпаратты  жедел  

және   әр  білімгердің  қажетіне  қарай   тиімді  жеткізуде    басты  құрал  болып  отыр.  Осы  

ретте    Қазақстан    Республикасында      мемлекеттік    тілді      компьютерлік    бағдарламалар  

арқылы  үйрету  ісі   жоғары  деңгейде  қолға  алынып,   осы  бағытта  талай  бастамалар  

сәтті    жүзеге    асып    жатқаны  баршамызға    аян.    Дегенменде,    қазақ    тілін    деңгейлік 

тапсырмалар    арқылы      меңгертуге      де      сұраныс    осы    салада      әлі  де    болса    сапалы 

компьютерлік   бағдарламалардың   қажеттілігін  алға   тартып  отыр. 

Мемлекеттік    тілді    оқыту    әдістемесінде    компьютерлерді      оқу    құралы    ретінде  

қолдану    мәселесі  әдіскерлердің   назарынан  тыс    қалған   емес.    Өйткені    бұл  –  уақыт    өзі   

талап  етіп  отырған    өзекті    мәселелердің  бірі.  Оқыту  үрдісіндегі мұғалімнің  міндеті- 

әрбір оқушының   іскерлік белсенділігі мен  шығармашылық  белсенділігі үшін жағдаяттар 

туғызу.  Бұл    міндетті    жүзеге  асыруға    компьютерлік    бағдарлама    мен    интернетті  

пайдалану,  сондай-ақ    оқыту    мен      жобалау    әдісінің    бірігуі    сияқты    қазіргі    кездегі 

құралдар  септігін  молынан  тигізеді.  [1] 

Мектептерде  қазақ  тілін  оқытудағы  басты  мақсат  – өз  беттерімен  білім   алуға  

дағдылы  тұлға  тәрбиесі. 

Қазқ тілі пәні мұғалімдері   қосымша  сабақтарда  да  фонетиканы қайталауда,  жазба  

жұмыстарын,    ауызекі    сөйлеу    дағдыларын    қалыптастыруда    компьютерді    пайдаланып  

жүр.  Тақырыптардың    әртүрлілігі,  қызықты    бағдарламалар    оқушының    пәнге    деген   

қызығушылығын оятады. Әр  оқушы өз  қалауынша  жұмыс істей  алады.  Мәселен,  ол  қате  

жіберген    жерінде    тоқтап,    оны    түзеуіне    мүмкіндігі    бар.    Әдемі      суреттемелер,    ойын 

кезеңдері,  мультипликациялар балалардың есте сақтау қабілеттерін арттырып, оларды сабақ 

барысында жұмыс істеу белсенділік ынталарын шыңдайды.  

Жаңа  ақпараттық  технология   қазақ  тілі  пәнін   оқытудың  мазмұнын, әдісін  және 

ұйымдастыру 

түрлерін 

сапалы 

 

өзгертуіне 



мүмкіндік 

береді.


Оқу    үрдісін    ізгілендіру,    жекелеу,    қарқындату      оқытудың    сапасын    арттырады.    Оны  

тиімді  қолданудың   негіздері  қарастырылады: 

1. Оқыту    үрдісі    сапасы    мен  тиімділігін,    танымдық  іс-әрекет  белсенділігін    көтеру,

пәнаралық    байланыстарды    тереңдету,  қажет    ақпаратты    іздеу      тиімділігі    мен    көлемін  

кеңейту. 

2. Қоғам    жағдайында

жабдықталған  өмірге  өзіндік    дайындықтар  жүргізу,    яғни,  

әртүрлі    ойлау    қабілетінің    түрлерін,    байланыс    жолдары    қабілеттілігін    қалыптастыру, 

компьютерлік    графика,    электронды    кестелер,    мәтіндік    ақпараттық  технологияны  

пайдалану   арқылы  эстетикалық  тәрбие беру, ақпартты  өңдеуді  жүзеге  асыра  білу. 

Ақпараттық  технологияның  дамуына  сәйкес  электронды  оқыту  деп  аталатын 

оқытудың  жаңа  технологиясы  қалыптасып  нығая  түсуде.  Сондықтан  педагогика  ғылымы 

алдында  электронды  оқытудың  жүйе  құраушы  факторлары  мен  негізгі    педагогикалық 

ұсынымдарын анықтау және айқындауға байланысты бірқатар міндеттер қойылды. [2] Қазақ  

тілін        оқытуда    «Электронды    оқулықтарды»  пайдалану      оқушылардың    танымдық-

белсенділігін    арттырып    қана    қоймай,    ойлау    жүйесін    қалыптастыруға,  

шығармашылықпен  еңбек  етуіне    жағдай  туғызады. 

Қазіргі    ақпараттандыру      қоғамында    бұл    оқулықтарды    пайдаланбай  алға    жылжу  

мүмкін емес.  Әр  сабаққа  арналған   бейне  көрініс сол  электронды  оқулық  әр  тақырыпқа  

байланысты тиімді,   мұғалім  көп  ізденбей  дайын  мәтіндік  тапсырмаларды    пайдалануға  

толық  мүмкіншіліктер  бар . [3] 

Сондықтан    да      электрондық  оқулық    құрылысы    сапалы    деңгейде    болуы    тиіс.  

Электронды  оқулық  материалының  мазмұнынан   үйренуші  дәрістің  үзіндісін  қайталауға   


170 

мүмкіншілігі  бар. Сонымен  қатар  оқушының   уақытын   үнемдейді,  оқу   материалдарын 

іздеп  отырмай,  өтілген  материалды  еске   түсіруге   де  ықпал  етеді.   

Қазақ    тілін      оқытуда    электрондық    оқулықтарды    қолдану      барысында   

оқушылардың        сабаққа    деген    қызығушылығы    күрт    артқандығы    байқалады.    Әр  

тақырыптағы  теориялық  білімді,  мәліметті  тауып  алып,  оқып  үйренуге  болады. 

Шығармашылық    тапсырмалар    мен    білімді    меңгертуге    арналған    тест  

сұрақтарымен қамтамасыз  етілген.  

Электрондық  оқулықпен жұмыс  жасай  отырып,  кез  келген  тапсырманы  аяғына   

дейін  орындау  мүмкіндігіне  ие  болады. Себебі,  оған  қажетті  көмек  көрсетіп  отырады.  

Егер    тиімді    оқытатын    жүйелер    пайдаланылса,    оған    тапсырманың    шешімі    де 

түсіндіріледі.    Оқушылар    белсенді    түрде      оқу    үрдісіне      тартылады.      Дәстүрлі    оқыту 

жүйесінің  жетіспейтін  жағы – барлық  оқушылардың  оқу   үрдісін  белсенділік   танытуын  

қамтамасыз  етпеуі.  

Қазіргі  таңда  айтар  болсақ,  көрнекілік  әдісі  мен  техникалық  құралдарды  қолдану 

әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.  

Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын (оқытудың компьютерлік технологиясын) 

жүзеге  асыру  оқушының  шығармашылық  потенциалын  дамытуға  мүмкіңдік  береді,  өз  бетімен 

танымдық және эксперименттік-зерттеушілік қызметін меңгереді, оқушылардың өз бетімен оқу 

қызметінің мәдениеті қалыптасады. 

Компьютерлік  оқыту  технологиясы – бұл  компьютер  арқылы   жүзеге  асырылатын  

ақпаратты   дайындау   және   оны  білімгерге  беру  үрдісі.  Себебі   есептеуіш техниканың   

қарқынды 

дамуы    мен 

жаңа    ақпараттың 

бағдарламалық 

құралдардың 

жасауы   

негізінде   компьютерлердің   қолдану  саласы   кеңейеді.  Білім  беру  мақсатына   қарай   

компьютерлік оқыту    технологиясы    оқу  үрдісін    қазіргі  заман  талабына   сай  жаңа  

сапалы    бағытта      кешенді    түрде      өзгертеді.      Білім    беруде    компьютерлік    желіні,  

мультимедиялық    құралдарды    тиімді    пайдалану,  әлемдік    ақпараттық-технологиялық 

кеңістіктен      өз    орнымызды  табу    сияқты          маңызды    міндеттер  мамандардың      жаңа  

бағдарламаларды  жасап,   оны  көпшілікке  ұсыну  жұмыстарын    жүргізуге   жетелеуде.   

Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. 

Сонымен  орта  мектепте  қазақ  тілін  компьютер  арқылы  оқытуды  енгізудің  мынандай  негізгі 

бағыттарын: 

 оқыту;


 мұғалім мен оқушы бірлескен қызметін ұйымдастыру;

 білім беру;

 таным қызметін қалыптастыру;

 оқу  әрекетінің  мәдениетін  қалыптастырудың  мақсатты  құралы  екенін  атап  көрсетуге

болады.

Компьютермен оқытудың техникалық құралдары мынадай мәселелерді қамтиды: 



1.

Оқушыларға  оқылатын  құбылыстар  мен  объектілер  туралы  толық  және  дәл

ақпаратты бере отырып, оқу сапасын арттырады; 

2.

Оқытудың  көркемділігін  арттырады,  яғни  оқушыларға  қиын  да  күрделі



материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді; 

3.

Оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін



арттырады; 

4.

Оқушылардың  ғылыми  дүниетанымдық  көзқарастарын  қалыптастыра  отырып,



олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады; 

5.

Мұғалімдерді  техникалық  жұмыстан босата отырып, үнемденген  уақытта олардың



шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды; 

6.

Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді; [4]



Тіл білімінің фонетика саласын оқытуда ақпараттық технологиялардың    алатын орны

ерекше. Әсіресе, оқушыларға орфографиялық және орфоэпиялық заңдылықтарды меңгертуде 

мультимедиа  қосымшалы  компьютерді  таңдаған  дұрыс.  Бұл:  а)  оқушыларды  бөгде  шудан 


171 

оңашалау  арқылы  олардың  есту  мүшесінің  сезгіштігін  арттырады;  ә)  жеке  өзі  ғана  жұмыс 

істегендіктен  дыбыстық  мәліметті  анық  естуге  жағдай  жасалады;  б)  оқушының  зейіні 

берілген  тапсырмаға  жұмылдырылады.  Бұған  қоса  ұтымды  жері-ерекше  дыбыстырдың 

естілуімен  қатар  дисплей  экранынан  әріптік  таңбасы  да,  яғни,  жазылуы  да  көрсетіледі. 

Мұнда дыбыстың, сөздің айтылуы мен жазылуын қатар меңгертуде маңызы зор.   

  Әдеби тіліміздегі  сөздердің дұрыс айтылу нормасы мен дұрыс жазылу нормасының 

бір-бірімен ұқсастығы да, сонымен қатар әрқайсысының өзіндік айырмашылығы да болады. 

Тілдік  дыбыстарды  үйрету  барысында  жазылған  әріп  пен  жазбаша  сөзден  гөрі,  айтылған 

дыбыс  пен  ауызша  сөз  әлдеқайда  тез  есте  қалады  және  ойда  ұзақ  сақталады.  Оқушылар 

дыбыстардың  дұрыс  айтылуын  білсе,  айтылған  ойды  дұрыс  қабылдай  алады.  Сонда  ғана 

адамдар арасында тіл қарым-қатынас құралы ретінде жұмсалады. [5] 

Қазақ  тіліндегі  дыбыстардың  айтылуы  мен  жазылуын  үйрету  мұғалімнің  шеберлігін 

ғана  емес,  бірнеше  тәсілді  қатар  меңгерген  әуесқойлығын  да  қажет  етеді.  Өйткені  сабақта 

оқушы тек дыбыстардың айтылуымен шектелмеу қажет Ұстаз дыбыстардың ерекшеліктерін 

сөз  ішінде,  буын  құрамында,  сөйлем  арасында  меңгерте  отырып,  жалпы  тілдік  қатынастың 

қағидаларын естен шығармайды және тілді үйретудің жинақтық әдісін пайдаланады.  

Осылайша ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынадай нәтижелерге қол 

жеткізеді: 

-

 



оқу материалын терең түсінуге; 

-

 



оқу мотивациясының артуына; 

-

 



алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына; 

-

 



білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына т.б. 

Қазақстанның  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  қалыптасуы  орта  білім  беру  жүйесінің 

дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі 

мәдени дамуына ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп. 

Сонау    XX  ғасыр  басында    Жүсіпбек    Аймауытов:  «Сабақ    беру  –  үйреншікті    жай  

ғана  емес,  ол  жаңадан  жаңаны  табатын  өнер»,- деген  екен. Сондықтан  қазіргі  таңдағы  

педагогикалық    инновация  –  педагогикалық  жүйедегі    жаңашылдықты,    қазіргі    қолданып  

жүрген  пән  ерекшеліктеріне  қарай  қолдана  білуде  үлкен  белестерге  жетудің  бірден-бір  

жолы. 

Қорыта  келгенде,  болашақ  ұрпақ  үшін  білім  беру  мен    тәрбиелеудегі   тиімді  



ізденістер  қатарына  жататын  технологиялардың  бірі – ақпараттық технология.   

Сондықтан    ақпараттық  коммуникпциялық технологияларды  өз  сабақтарында  тиімді 

қолдану  әр  ұстаздың    міндеті  екені  сөзсіз.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет