ЛИТЕРАТУРА
1.Послание Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева народу Казахстана
«Стратегия «Казахстан – 2050» - новый политический курс состоявшегося государства»,
Астана, 2014.
2.Воронцов
А.Б.
Материалы
для
слушателей
курсов
по
образовательной
системе Д.Б.Эльконина – В.В.Давыдова (начальные классы). – М.,2000
3.Куклина С.С. Коллективная учебная деятельность в группе на этапе совершенствования
навыков иноязычного обучения // Иностранные языки в школе. - 2000. - № 1. - С.59-61.
4. Носова И.В. Особенности работы в малых группах. – ''Начальная школа плюс до и
после'',№6 – 2004 г.
231
ЖОҒАРҒЫ СЫНЫПТАРДА ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТАНЫМДАРЫ
Сариева М.Х,.Дауылбаева Р. С.,
«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ «Инновациялық
технологиялар мен жаратылыстану-ғылыми
(гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі»
кафедрасының аға оқытушылары.
Мерганова А.,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистранты
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы аясында
оқушыларға тілдік танымдарды қалыптастырып, тыңдалым, айтылым, оқылым және
жазылым дағдыларын дамыту қажет. Осыған орай оңтүстік өңірдегі білімнің қара шаңырағы
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде филология
факультетінің студенттерімен төмендегідей эксперимент жүргізілді. Ол эксперименттің
мәні - бүкіл топтың жұмылып, бір оқиға желісіне құрылған шығарма жазу. Мұндағы мақсат:
оқу үдерісіне басы бүтін берілген студенттерді шығармашылық процеске түсіріп рухани
жағынан бір сілкінтіп алу еді. Қазақтың біртуар ұлы Бауыржан Момышұлының «Көп тұрса
су сасиды, ойламаса ми сасиды » деген нақылы негіздеме болғандай. Оған дәлел – идея
жемісі болған қолымыздағы кітап. Бір топ студенттер бір сюжетке құрылған, бір кітапқа жүк
боларлық дүние тудыруды кез-келген оқу орнында бола беретін әдеттегі құбылыс емес. Ең
бастысы, әрбір студенттің шығармашылық жұмысқа дендеп енуі дер едік. Өйткені, қазір һәм
болашақта педагог мамандарға қойылар міндет, артылар жүк зіл батпан болмақ. Өйткені,
болашақ педагог мамандарға қойылар басты талап- шығармашылық қалыппен жұмыс жасай
алуы. Ойлай білетін маман - болашақ қоғам тірегі. Шығармашылық дағдысы қалыптасқан
студент ғылыми жұмысқа да икемді болмақ. Бұл кітаптың да көздегені осындай жақсы, зәру
қасиеттерді студенттер бойына сіңіру еді. Ол ойдың іске асқанына біз толық көзіміз жетті.
Ол кітапқа тіл мамандығы бойынша 3-курс студенттерінің бір оқиға желісіне
жазылған әңгімелер жинағы енген. Оқиға Түлкібастық Дидар деген жігіт Алматыда ҚазҰУ-
де оқиды. Соңғы курсқа келгенде, уағдаласып жүрген қызымен үйленетін болып, сөз
байласып еліне келеді. Қызға белгіленген күні: «Сен Тараз қаласына келе бергін, мен сені
сол жерден алып кетемін» дейді. Уәделі күні қыз Тараз қаласындағы теміржол вокзалына
келіп, Дидарды күтеді. Бірақ жігіт келмейді. Қыз жігіттің алдамайтынына сеніп, Тараздан
Түлкібасқа келсе, жігіттің жаназасын шығарып жатыр екен. Қалыңдық естуінше бір күн
бұрын Дидар Түлкібас станциясынан қарындасын пойызға шығарып салғаннан кейін белгісіз
себептерден қайтыс болыпты. Қалыңдықтың аяғы ауыр екен. Қалыңдық тағдырдың ауыр
сынына төтеп беріп, тұрмысқа шықпай ішіндегі баланы аман-есен босанып, бағып-қағып
өсіреді. Баланың есімін де Дидар қояды. Сол Дидар қазіргі таңда республикамыздағы бір
облыста лауазым иесі.
Осы оқиғаны материал ретінде пайданалып, қазақ қызының қайсарлығы, махаббатқа
адалдығын көрсету жөніндегі әңгімеге жоба жасалынды. Бұл жоба негізінен ғылым, білім,
тәрбиені оқу үрдісінде ұштастыру мақсатында, эксперимент тәжірибе ретінде алғаш қолға
алынып жатыр. Студенттен прозаға қалам тартып, өздерінің әдебиеттану пәндерінен алған
теориялық білімдерін практика жүзінде пайдаланды. Олар әңгіме жазу барысында өздері
әдебиеттанудың терминдерін теориялық тұрғыдан біліп қана қоймай, оларды іс-жүзінде
жүзеге асырды. Прозаға қалам тарту барысында тақырып емес, идеяның бірінші болатынын
түсінді. Студенттердің әрбірі оқиғаға өз тұсынан келіп образ жасауды, табиғатты (пейзаж)
суреттеп, диалог құрып, кейіпкерлердің ішкі сезім монологтары мен іс үстінде характерін
ашып көрсетті.
Әрине, жас толқыннан стилі қалыптасқан жазушылардың жазған шығармаларын
талап етуге болмайды. Сонда да болса студенттердің жазған әңгімелерін оқи отырып,
болашағынан үміт күттіретін жастардың барлығына және бұл әңгімелер жинағының жастар
232
тәрбиесінде білімінің жоғарылағанын, рухани өскенін ашық байқауға болады. Енді дәл осы
эксперимент жалғасын жалпы орта мектептеріндегі жоғары сыныптарының оқушыларымен
жүргізілмек. Бұл әрі жоғарыда айтылған тілдік танымдарды қалыптастыру мен мамандыққа
баулып, өмір жолын дұрыс таңдай білуге көмектеседі.
Болашақта оқу бағдарламасындағы тіл бойынша пәндерге зертханалық сабақтарды
қосу немесе ғылымға баулу пәндерін енгізу керек. Бұл бүгінгі күннің кезек күттірмес
сұраныс талабы.
БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА
БАҒАЛАУ ҮДЕРІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жубаева Жангуль Онаевна,
«Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ
«Мұғалімдердің педагогикалық-психологиялық кәсіби дамуын жетілдіру»
кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м.
Нуганова Алия Гизатовна,
«Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша
ПҚБАИ «Мектепке дейінгі тәрбие бастауыш білімді дамыту»
кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м.
«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан
халқына Жолдауында ұлт көшбасшысы Н.А.Назарбаев білім беру саласының басты
міндеттерін айқын белгілеп, барлық дамыған елдердегідей сапалы бірегей білім беру жүйесін
қалыптастыру керектігін баса айтқан болатын. Ұлттық білім берудің барлық буынының
сапасын жақсарту мақсатында орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді
Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек, - деп көрсеткен
болатын. Білім беру жүйесін жаңарту мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясымен бірлесіп мемлекеттік жалпыға
міндетті бастауыш білім беру стандартын» дайындады. Жаңартылған бастауыш білім
мазмұның енгізу бастауыш білім берудің жаңа стандарты, бастауыш мектепке арналған
типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларымен қатар оқытуды критериалды бағалауды
жүргізуге басшылық етуімен ерекшеленеді.
Жалпы жұмыс үш бағытта жүргізіледі:
1)
мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды оқыту;
2)
озық педагогикалық тәжірибемен танысу;
3)
орта білім берудің мазмұнын жаңарту.
Мектептегі білім беру мазмұнын жаңартудағы мұғалімнің атқаратын маңызды рөлін
ескере отырып, педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша ауқымды жұмыстар
атқарылуда. Бастауыш білім берудің мазмұнын жаңарту шеңберінде:
·
Тілдерді оқыту ;
·
критериалды бағалауды енгізу;
·
жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер;
Берілген 6 пән бойынша сабақтардың мазмұны оқу пәндері бойынша оқушылардың
білімдерін, және дағдыларын кеңейту және тереңдетуге бағытталды. Ата-ана мен оқушымен
жұмыс тиянақталып, әсіресе, кері байланыс арқылы мұғалім оқушыларды дамуға жетелеп,
ішкі уәжіне ықпал етуге қол жеткізуге болатыны жан-жақты талқыланған
Қазіргі таңда мұғалімге қойылатын талаптар мен оның дәстүрлі оқыту стилінен
сындарлы оқыту теориясына негізделген оқыту тәсілдеріне көшуде «Егер саған бір балық
берсе, сен бір күн тоқ жүресің, егер саған екі балық берсе, екі күн тоқ жүресің, ал егер сені
балық аулауға үйретсе, сен өмір бойы тоқ боласың» деген халық даналығымен ұштасып,
233
мұғалімдер қауымы оқушыларға өміріне азық болатындай және алған білімдерін өмірде
қолдана алатындай білім беру көзделген. Осы негізде құрылған критериалды бағалаудың
өзектілігіне тоқталсақ, критериалды бағалау сабақ беру, бағалау және оқытудың өзара
байланыс принциптері негізінде дайындалған. Оның негізгі принциптеріне төмендегілер
жатады:
•
Бағалау білім жүйесінің міндеттеріне негізделген. Бағалау өзіндік мақсат болып
саналмайды. Бұл жалпы білім беруді жетілдірудің механизмі болуымен қатар, әр
оқушының оқу жетістігін жақсартудағы тиімді практика түрі болып табылады. Білім беру
жүйесі міндеттері бағалауды және оны өткізудің жолдарын анықтайды.
•
Бағалау үдерісі әділ, нақты, сенімді және айқын болып табылады. Бұл бағалау
барысында қолданылатын ақпараттардың сенімділігі мен айқындығын қамтамасыз етіп,
тапсырмалар мен оларға сәйкес критерийлердің оқушылардың оқу жетістіктеріне
жеткендігін бағалайтынын анықтайды.
•
Бағалау білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі болып табылады, бағдарлама
мақсаттары мен күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты болып келеді. Ол
мақсаттардың айқындығын қамтамасыз ете отыра, бағалау түрлерінің (қалыптастырушы
және жиынтық) және бағалау рәсімінің оқу бағдарламасына сәйкестігін анықтайды.
-
Бағалау қолжетімді, анық және ашық түрде болады. Ол қажетті ақпаратты уақытында
беріп отыруға мүмкіндік тудырады, оқушылардың өзін-өзі реттеу тәртібін дамытып,
үдеріске қатысушылардың жауапкершілігін арттырады.
•
Бағалау үздіксіз өткізіледі және оқушының оқу жетістіктерін анықтауға, жеке даму
траекториясын жасауға мүмкіндіктер тудырады.
•
Бағалау мектептің, мектеп ұжымының және оқушылардың даму бағытын айқындау
жолындағы басты фактор болып табылады. Осы үдеріске қатысушылардың өз міндеттерін
атқарудағы құзіреттілігін арттыруға мүмкіндік тудырады.
Оқу жылы көлемінде оқытудағы үлгерім мен ілгерілеу туралы мағлұматтар жинақтау
бағалаудың екі түрі арқылы іске асырылады. Олар: қалыптастырушы және жиынтық
бағалау болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау барлық тоқсанда күнделікті сабақ беру барысында
жүйелі жүргізіледі және сабақтың бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Қалыптастырушы
бағалау үнемі жүргіліп отырады, балл мен баға қойылмайды, мұғалім мен оқушының
арасындағы кері байланыс әрекеті арқылы оқыту үдерісін уақытында түзетіп отыруға, оның
өлшемін анықтауға, сабақты ары қарай жоспарлауға ықпал етеді.
Бағалау түрлері
Қалыптастырушы бағалау
Жиынтық бағалау
Бөлім/ортақ тақырып
бойынша жиынтық
бағалау
Тоқсандық жиынтық
бағалау
Білім беру деңгейі бойынша
жиынтық бағалау
234
Жиынтық бағалау мұғалімдер мен оқушыларға белгілі бір оқу кезеңін аяқтағанда (әр
бөлім немесе ортақ тақырып бойынша, тоқсан соңында, триместр немесе оқу жылының
соңында) оқушыға балл және баға қою арқылы оқу нәтижесінің ілгерілеуі туралы ақпарат
беру үшін өткізіледі.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша өткізіледі.
Дегенмен, бағалау жолдары оның мазмұны мен түріне сай әртүрлі болады. Жиынтық
бағалауды өткізу жолдарының толық нұсқалары әр пән және сыныптарда жиынтық
бағалауды
өткізуге
арналған
әдістемелік
нұсқаулықтарда берілген. Мұғалімдер
қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін оқушыларға кері байланыс беріп,
ата-аналарға оқыту үдерісі туралы ақпарат беру үшін қолданады. Бағалаудың балық түрлері
оқу
бағдарламасының
мазмұнына
негізделіп
жасалған.
Оқушылардың
оқу
бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жету дәрежелерін анықтау үшін Б. Блумның оқу
мақсаттары таксономиясына сәйкес бағалау критерийлері ойлау дағдыларының деңгейлері
бойынша реттеліп құрастырылады.
Бағалау критерийлерін құрастыруда мұғалім ойлау дағдылары деңгейлерін
көрсететін қосымша таблицада берілген етістіктерді қолдана алады.
Бағалау критерийлерін құрастыруда қолданылатын етістіктер.
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Білу және
түсіну
Білімді
қолдану
Анализ
Синтез
Бағалау
анықтайды
сәйкестендіре
ді
талдайды
біріктіреді
түсіндір
еді
атайды
таңдайды
зерттейді
дәлелдейді
талқыла
йды
жазады
шешеді
тексереді
салыстырады
дәлелдей
ді
қайталайды
қолданады
сәйкестендір
еді
құрастырады
болжайд
ы
көрсетеді
құрастырады
бөліп
көрсетеді
мақұлдайды
шешім
қабылдайды
хабарлайды
қолданады
саралайды
қорытындыл
айды
ұсынады
Мысалы,
Математика пәні, 2 - сынып
Оқу мақсаты: «100-ге жуық сандардың графикалық моделін құру және жазу » Оқу
мақсатына сәйкес бағалау критерийлері:
•
«100-ге жуық
сандардың графикалық моделін
жа за ды»
→ Ойлау
дағдыларының деңгейі: «Білу және түсіну».
•
«100-ге жуық сандардың графикалық моделін құрастыра ды» → Ойлау
дағдыларының деңгейі: «Білімді қолдану».
Бағалау үдерісін тиімді түрде өткізу үшін мұғалімге:
оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін нақты құрастыру;
тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сай құрастыру және дескрипторларын
анықтау;
оқушыларға тиімді кері байланыс беру ұсынылады.
Бағалау критерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны ғана бағалайды және
Блум таксономиясыда берілген алты ойлау дағдыларының деңгейлерін - білу мен түсіну,
қолдану, анализ, синтез және бағалауды көрсетеді. Мұғалімнің бағалау критерийлерін оқу
мақсаттарына сәйкестендіріп, нақтылап дайындауы маңызды.
Одан кейін мұғалім бағалау критерийлерін сәйкестендіріп, оқушылардың жеке
ерекшеліктерін, оқу мазмұнын ескеріп, тапсырма және оның дескрипторларын
құрастырады. Дескрипторлар тапсырманы орындаудағы оқушы қадамын нақтылайды,
нәтижеге жету жолын анықтайды, сондықтан олардың түсінікті болуы қажет.
235
Мысалы, 5-сыныптағы Қазақ тілі пәніндегі «Мәтіннің мазмұнын ретімен әңгімелеу»
мақсатына сәйкес қалыптастырушы бағалауды өткізгенде мұғалім келесі тапсырманы бере
алады: Мәтіндегі оқиға желісінің ретін сақтай отырып, суреттерді дұрыс орналастырыңыз.
Дайын мәтін суреттерін қағазға желімдеп, әңгімелеп беріңіз.
Бұл тапсырмаға сәйкес дескрипторлар төменде берілген:
Оқушы:
•
суреттерді әңгіме желісіне сәйкес ретімен орналастырады;
•
мәтіннің негізгі мазмұнынын әңгімелей алады.
Тапсырма дескрипторлары анық және қолжетімді болып, оқушыға тапсырманы
орындау барысында нені көрсете білуі қажет екендігі туралы толық мәлімет бере
алатындай болып; мұғалімге оқушының оқу мақсатына жеткендігі/жетпегендігі төңірегінде
тиімді кері байланыс бере алатындай мүмкіндіктер береді.
Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар бірнеше сыныптардың бір
параллеліне арналған тест спецификациясына және балл қою кестесіне сәйкес
құрастырылады. Жиынтық бағалау жұмысының түрлері бірнешеу болады: тест
тапсырмалары, сынақтар, бақылау жұмыстары, диктант түрлері, мазмұндама, эссе және т.б.
Тест спецификациясы жиынтық бағалаудың негізгі мазмұнын көрсетеді және тапсырма
құрастырудың негізі болып табылады.
Сондай-ақ, бағалау модерациясын дұрыс жүргізі және бағалау механизмін блі де әр
ұстаздан талап етілуі қажет. Критериалды бағалау оқушы бойындағы үрейленуді басады
және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-
әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді. Қалыптастырушы
бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту
мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және
сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару
үшін қажет. Мұндай бағалау кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан
критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастыру
жағынын ең тиімді болып саналады деп тұжырым жасағымыз келеді.
СМАРТ- ОҚУЛЫҚ ҚҰРУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІ
Смагулова Маржан Бертаевна,
««Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда
облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру
институтының аға оқытушысы
Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам біртіндеп Смарт-қоғамға (Smart Society) қадам
басып келеді. Яғни бұл техникалық құралдарды, сервистерді және Интернетті пайдалану
арқылы субьектілердің бір-біріне әсер ету жағдайында сапалы өзгерістерге әкелетін
қоғамның жаңа сапалы әдісі деп айтуға болады. Ол өз кезегінде жаңа өмір үшін әлеуметтік-
экономикалық және т.б жаңа әсерлер алуға мүмкіндік береді.
Смарт технологияны пайдаланып, оқыту әдістерін жаңарту қазірде өзекті
мәселелердің бірі болып саналады. Яғни бұл дегеніміз заманауи ақпараттық және ұйымдық
жүйелер арқылы адамның интеллектуалдық, жоғары технологиялық мүмкіндіктері жайлы
орта құру. Оларды қолдануда әрбір жеке тұлға өзіне қажетті ақпаратты алатындай
ұйымдастыру керек. Смарт білім беру дегеніміз үлкен көлемдегі әр түрлі білім
ресурстарының (аудио, видео, графика) тыңдаушыға қажетінше оңай әрі жылдам, ыңғайлы
236
түрде берілуі болып табылады. Сонымен қатар оңай басқарылатын және әрдайым сыртқы
білім ресурстарымен толығып отыратын болуы тиіс.
Бұл технология барлық білім беру үдерістерін және осы үдерісте қолданылатын
барлық әдістер мен технологияларды түгелдей жаңаруын жүзеге асырады және де ақылды
тақта, ақылды экран, кез келген жерден интернетке қосылу сияқты жаңа технологиялардың
туындауына себеп болады. Осы пайда болған жаңа технологиялар контентті жасақтап,
жүйелеп пайдаланушыға жеткізеді. Соның арқасында білім беруді жүзеге асыру тек сыныпта
ғана емес, кез келген жерде: үйде немесе мұражайда, кафе сияқты қоғамдық жерлерде де
мүмкін болады. Яғни білім беру үдерісінің кез келген қатысушысы (оқушы немесе мұғалім)
интернет желісі арқылы ортақ контентті белсенді пайдалана алады. Бұл өз кезегінде білім
беру үдерісінің уақытқа немесе орынға (сынып, аудитория) тәуелділігін жояды.
Смарт -бұл интернеттің көмегімен жүзеге асатын, бұрын соңды байланыспаған екі не
одан көп элементтердің интеграциясын сипаттайтын объектінің қасиеті. Мысалы: Smart-TV,
Smart-Home, Smart-Phone. Смарт технология білім саласында мемлекеттік қызметте және т.б.
салаларда еңбек мобильділігінің кеңеюіне әкеледі. Осыған байланысты күннен-күнге Смарт-
қоғамға көшу деген ой жаттықты болып келеді. Смарт-қоғамның негізін қалаушы тек оқу
орындарын ғана емес, сонымен қатар жалпы стандарт негізінде Интернет желісінде оқыту
қызметін біріге орындайтын профессорлық-оқытушылық құрамдарды бір арнаға біріктіретін
Смарт-оқыту болып табылады.
Бүгінгі таңда сандық технологиялар белсенді түрде біздің күнделікті өмірге еніп кетті.
Олар өте қарқынды дамып келеді және олардың даму жолын бақылау, ең бастысы оларды
меңгеру алдымызға қойылған ең маңызды мәселе болып отыр. Бүгінгі күні смарт-сабақпен
сыныптан тыс (үйде, кітапханада) жұмыс жасау мүмкіндігіне қатысты, сонымен қатар
қашықтықтан оқыту жүйесінде смарт-оқыту ортасын құруға қатысты мәселелер өзекті болып
келеді. Осы мүмкіндіктерді іске асыру оқушыға қашықта болса да сабаққа өз бетінше
дайындалуға, есептер шығаруға, оқытушымен байланыс құрып жеке дербес компьютерінде
өзінің жеке мультимедиялық ортасын құруға мүмкіндік береді.
Смарт оқушының қызығушылығы мен темпераментін ескеретін оқытудағы
көпфункционалды құрал болып табылады. Сыртқы бақылаудан бөлек ол оқытуда
жылдамдығымен, қарапайымдылығымен, мұғалім мен оқушының минималды қарым-
қатынастығымен сипатталады. Көп балалар оқу материалын басқаларға қарағанда жақсы
меңгереді. Смарт-балалар өте белсенді, интеллектуалды, қорытындыны тез шығарады.
Смарт-оқытудың 5 нақты сипатын ерекшелеуге болады: әлеуметтік бағыттылығы,
мобильділігі, қолжетімділігі, технологиялылығы және анықтылығы.
Смарт-оқытудың ерекшеліктері:
-
Қолжетімді;
-
Жылдам;
-
Интеграцияланған;
-
Интерактивті;
-
Оңай бапталатындығы;
-
Мобильді. [7]
Осы оқытудың бір бөлігі 80% сыртқы ақпараттық көздерден тұратын смарт-сабақтар
және оқу құралдары болып табылады.
Интерактивті смарт-оқулықтың концептуалды негізі- жеңіл әрі тез жобалауға
болатын, әр оқушыға сәйкестеп баптауға болатын және оқу қызметінің ерекшеліктеріне,
деңгейіне сәйкес әртүрлі ғылыми білім көздерінің, ақпараттық-оқу материалдарының,
мультимедиялық ресурстардың (аудио, графика, видео) көптеп болуы болып табылады.
Смарт-оқулық –бұл түйін сөздері және қосымша қолжетімді электронды
материалдары бар, сонымен қатар оқушының өз қолымен дәптерге түсірген қажетті оқыту
ресурстарына сілтеме ақпараты бар қолдан жасалған жоба-сызба (конспект-шаблон-
әдістемелік нұсқаулық). Мұғалім оқу материалын (смарт-оқулықты құру) ұсынудың әр түрлі
мүмкіндігін пайдалана отырып, материалды түрлендіріп сипаттай да алады: оқу
237
материалының объектілерінің орнын ауыстыруға (конспект шаблонындағы бағандарды),
оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түстермен жұмыс істеуге және т.б.
Смарт-оқулықты құрудың мақсаты- мұғалімнің заманауи технологияны үнемі үздіксіз
қолданыста ұстауы, сонымен қатар оқушылардың білім сапасын арттыру, әрбір оқушының
өзін-өзі дамытуға және табысты дамуына қажетті жағдайын жасау [2,3].
Смарт-оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты -білім және жаңа технологияны
пайдаланудың тәжірибелік дағдысын беру. Мультимедиямен, шығармашылықпен
байланысқан сандық және интерактивті технологиялар жаңа білім технологияларын
толығырақ ашатын жаңа педагогикалық құрал болып табылады. Осы технологиялардың
дамуының үстем үрдісі оқушылардың жаңа мүмкіндіктер арқылы өзіндік жұмыстарының
көлемінің ұлғаюы және сонымен қатар сыныпта мұғалімнің қызметінің шығармашылық
компонентінің өсуі болып табылады. Осы үрдістің дамуының арқасында мұғалімнің
қызметінде біртіндеп қозғалыс болады, яғни ауызша білімді беруден оқушылармен талқылау
әдісіне ауыса бастайды және көптеген әдеттегі сыныптық сабақтан сыныптан тыс іс-
шараларға ауысады. [6]. Осындай сандық, соның ішінде әлеуметтік желі технологияларын
пайдаланып, смарт-оқулық құра отырып, сабақты сапалы әрі тиімді жаңа технологияға
негіздеп өтуге болады.
І кезең. Сыныпта оқулықты (электронды оқулықты, интернетті, ютуб, әлеуметтік
желілерді пайдалануға болады) немесе мұғалімнің дайындаған материалын құжат-камера
(документ-камера) арқылы көрсете отырып, алғашқы ұғымдармен танысу. Кіріспені меңгеру.
(Құжат-камера-құжаттағы (мөлдір емес және мөлдір денелердегі) бейнелерді, тіпті
үшөлшемді денелерді де экраннан үлкейтіп көрсетуге арналған құрылғы).
2-кезең. Материалды терең меңгеру үшін топпен талдауға көшу және нақты мақсатқа
жету үшін қысқаша түсінік (конспект) жазу (смарт-оқулық құру). Қашықтан оқыту арқылы
талдауды әлеуметтік желілердің көмегімен (электронды пошта, фейсбук, твиттер, вацап, т.б)
жүргізуге болады.
3-кезең. Интерактивті тестілеу құралдарының көмегімен нәтижесін алу.
Мақсатқа сабақтың басында көңіл аудару керек. Мұғалім ешқандай конспект,
презентация, т.б дайындамайды, тек оқушының білім қажеттілігі мен қызығушылығын
оятатын, тұрақты таным қажеттілігін қалыптастыратын, білім мен дағдыларды меңгеруге
баулитын мақсатқа жету жоспар-сызбасы ғана болады.
Сабақты жоспарлау кезінде ең бастысы жаңа тақырыпты енжар қабылдайтын емес,
оқушылардың жоғары белсенділігін оятатын ұйымдастыру түрін таба білу керек.
Егер игеру кезеңінде оқу материалы дұрыс таңдалынса, демек ол талдау кезеңінде
үлкен қызығушылықпен тереңірек меңгеріледі. Олай болса меңгеру кезіндегі тексерудің өзі
тексеру емес, өзіндік жұмыстың белгілі бір кезеңі болып табылады. Интерактивті тестілеу
жүйесінің арқасында оқу материалын қаншалықты меңгергендіктерінің диаграммалық
пайыздық қатысы шығады. Электрондық журнал болған жағдайда әрбір оқушыға қатысты
сабақтың форматы өзгереді, яғни сыныпқа, оның ерекшелігіне, қабілетіне және т.б қарай
динамикалық түрде болуы мүмкін.
Оқушылардың құрамына қарай материалды меңгертудің кезеңдері өзгеруі де мүмкін.
Яғни, алдымен талдау, содан кейін алғашқы ұғыммен танысу болуы да мүмкін. Материалды
игеруді диалог түрінде де, яғни бірінші және екінші кезеңдерді біріктіре өткізуге болады.
Осының арқасында смарт-оқулық қарқынды құрылады (үлгі-конспект-әдістемелік құрал).
Осындай білім беру жүйесінің көмегімен күрделі зертханалық және тәжірибелік
жұмыстардың да интерактивті түрде өтуі қамтамасыз етіледі. Жұмыстарды орындау
барысында оқушылар өздерінің көзқарастары бойынша тәжірибелердің алғашқы
параметрлерін өзгерте алады, бақылай алады, сәйкесті қорытындысын шығара алады [4].
Дербес смарт-оқулықты пайдалану кезінде жұмысты орындау кезеңдерінде және
берілгендерді өзгерту (қосымша материалдар қолданылады: жұмыс парақтары, толтыру
кестелері, сызбалар және т.б) кезеңдерінде уақыт біршама қысқарады. Осындай оқыту
кезінде өзін өзі бағалау жоғары және орта дайындық деңгейін көрсетеді, себебі оқыту
238
процесі үлкен жайлылықта өткізіледі. Осы білім картасы түріндегі электрондық
ресурстармен оқыту оқиғасының сызбасы оқыту тиімділігінің жетістігіне алып келеді және
мынадай қасиеттерге ие болады: икемділік- ресурстарды жылдам өңдеу мүмкіндігімен
қамтамасыз ету; оқытудың жеке сызбасының болуы, яғни оқу элементтерінің топтамасынан
әрқайсысына арналған жеке бағдарлама құру мүмкіндігі; оқыту элементтерінің басқа ашық
ақпараттық ресурстармен кіріктірілгендігі; контенттің жариялылығы; курстың оқыту
элементтерінің интерактивтілігі; мультимедиялық технологияларды максимум қолдану;
оқытушы мен оқушының арасындағы кері байланыс; тиімді коммуникациямен,
оқушылардың бір-бірімен және оқытушымен жобалық технологияға негізделген
ынтымақтастығын қамтамасыз ететін оқыту элементтерінің бар болуы; әлеуметтік
желілердің заманауи сервистерінің комегімен коммуникациямен қамтамасыз ету (5)
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда педагогикалық бағдарламалық
құралдардың маңызды ерекшелігі - жайлы психологиялық жұмыс тәртібімен қамтамасыз ету,
оқу материалын тиімді темппен жүргізу, оқыту жүйесінде достық қарым-қатынас, оқу
материалын меңгертудің түрлі деңгейіне бағытталғандығы және т.б болып табылады.
Сондықтан смарт-оқулықты құру үшін оқытушыға материалды өзекті етсе, оны сапасына
қарай бағалау критерийлеріне сәйкес ұсынса, қажетті оқыту элементтерін қосса және әрбір
оқушының жеке оқу сызбасын сызса, оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың жеке
критерийлерін ойластырса және оларда ХХІ ғасыр дағдысының қалыптасуын қамтамасыз
етсе жеткілікті.
Ұсынып отырған жұмысқа оқушының тікелей қатысуы пәннің кез келген тақырыбын
оңай әрі жылдам қабылдауын мүмкін етеді. Өйткені үнемі жұмыс алаңында тұратын көрнекі
материал оңай есте сақталады. Бұл оқушы мен оқытушының арасындағы кері байланысты
орнатуға мүмкіндік береді. Ал дұрыс емес не толық емес материалдың өзі толық
қабылданбайтыны, демек толық есте қалмайтыны да белгілі.
Сабақты мультимедияның, компьютердің көмегімен өту пәнді меңгеруде оқушының
танымдық
қызығушылығын,
оқу
процесінің
сапасын
арттырады.
Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар білім кеңістігінің бірлігін сақтауға, оқушының танымдық
қызығушылығын күшейтуге, жалпы алғанда қашықтықтан оқыту жүйесіне ықпал етеді.
Сонымен смарт-оқулық –бұл дайын конспект не материал емес, ол оқушының жұмыс
дәптерінде өз қолымен динамикалық түрде өзгертіп отыратын (электронды немесе қағаз
түріндегі) жаңа дүние.
Қазіргі заманда ақпараттық қоғамда адамның өзіндік ойлауы, әрекетке шығармашылық
тұрғыдан қарап, ыңғайлы жол таба білуі маңызды болып табылады. Соның нәтижесінде
интеллектуалды экономика қалыптасып, технологияның қарқынды дамуына мүмкіндік туып
отыр. Орта білім беруде оқушылардың өздігінен дербес білім алуына басымдық берілсе,
біліктілік арттыру жүйесінде қашықтықтан оқыту, корпоративті оқыту кеңінен қанат жайды.
Олай болса ендігі міндет — сол алған білімнің адамға қызмет етуіне мүмкіндік беретін
смарт оқыту ортасын дамыту болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |