Конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет36/60
Дата09.03.2017
өлшемі9,39 Mb.
#8612
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60

Вibliography 

1. Б.С. Волков. Психология подростка. -М.: 2009

2. Philip Rice. Psychology of adolescence. -L.: 2010

3. Kun Noemi. Games in Teaching English as a Foreign Language. Macmillan. 2010

4. Cross, David. A Practical Handbook of Language Teaching. Great Britain.: Duteous Limited,

Trowbridge, Wiltshire.1991. 



252 

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ  ПӘНДЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУКЦИОНАЛДЫҚ 

САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ 

Куатова Г. К

химия пәнінің мұғалімі және оқу ісінің меңгерушісі     

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы 

  №1 Егіндікөл орта мектебі 

       Қазір  дүниежүзілік  білім  беру  жүйесіндегідей  Қазақстан  мектептері  алдында  да  жаңа 

көзқарастарды анықтау, зерттеулер арқылы қол жеткізген жаңа бағыттарды қабылдау, ойлау 

жүйесіндегі  әдістерді  пысықтап  қайта  қарау  тұр.  Сондай-ақ,  білім  жүйесіндегі  өзекті 

мәселеелердің бірі – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту болып отыр. [1] 

      Елбасы  бастамасымен  өмірге  келген  «Функционалдық  сауаттылық  бойынша  Ұлттық 

жоспардың»  маңызы  ерекше.  Функционалдық  сауаттылық    дегеніміз  –  адамдардың 

әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық  қызметтерге  белсене  араласуы,  яғни  бүгінгі  

жаһандану    дәуіріндегі  заман  ағымына,  жасына  қарамай  ілесіп  отыруы,  адамның 

мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы мақсат жалпы білім 

беретін мектептерде қазақстан республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан 

дамыған азаматын қалыптастыру, оның  әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.  

Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: 

- белсенділік 

- шығармашылық тұрғыда ойлау 

- шешім қабылдау алу 

- өз кәсібін дұрыс таңдай алу 

- өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. 

      Бұл  функционалдық  дағдылар  мектеп  қабырғасында  қалыптасады.  Функционалдық 

сауаттылықты  дамытудың  жалпы  бағдары  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді 

дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  Мемлекеттік  бағдарламасында  «Қазақстан 

Республикасында  ел  басшылығының  адами  капиталды  дамытудың  қажеттілігі  мен 

маңыздылығын  түсініп,  білім  беру  жүйесін    реформалауды  бастауға  және  жүргізуге  жан-

жақты  қолдау  көрсетуінің    нәтижесінде  білім  беруді  қарқынды  дамыту  және  жаңғырту 

мүмкін  болып  отыр»  -  делінген.    Бұл  Қазақстанның  білім  беру  жүйесінің  өтпелі  кезеңі 

аяқталып,  дамыған  елдер  моделіне  сәйкес  келетіндігін  және  ТМД  елдерінің  арасынан 

мемлекетіміз  көшбасшылық  орынға  шығып,  2020  жылға  дейін  жоғары  білім  сапасы  мен  

халықаралық  деңгейде  нәтиже  беретінін  айқындайды.  Сондай-ақ  оқушылардың 

функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жж арналған, Ұлттық  іс-қимыл 

жоспарын  іске  асыру  PISA  халықаралық    зерттеулері  аясында  өткізілетін    оқушылардың 

ғылыми- жаратылыстану фукционалдық сауаттылығын дамыту әдістері қарастырылуда. 

    Ұлттық  жоспардың  мақсаты  –  Қазақстанда  білім  сапасын  жетілдірудегі,  оқушылардың 

функционалдық сауаттылығын дамыту  жөніндегі  атқарылатын іс-шаралардың жүйелігі мен 

тұтастығын  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Ғылыми  танымның  маңыздылығы, 

жаратылыстану бойынша жетістікте өзін-өзі бағалау  ғылымға ықылас пен қызығушылығын 

дамыту  болып  табылады,  Аталған  4  бөлікті  қамтыған  жағдайда  ғана  оқушылар  жоғары 

деңгейдегі  көрсеткіштерге  ие  болатыны  сөзсіз.  Функционалдық    сауаттылықты 

қалыптастыратын оқыту мазмұны төмендегідей мамандықтарға жоғары сынып оқушыларын 

бейімдеуге  икемделеді:  химия,  химиялық  технология  және  өндіріс,  тұрмыстық  химия, 

экологиялық  химия,  медицина  және  фармакология  негіздері,  табиғи    ресурстарды  қорғау, 

нанотенология бағыттары бойынша бейіналды және дайындау.               Оқушының PISA 

зерттеулерінің  әдісімен  тест  тапсырмаларын  орындаіудағы  функционалдық  сауаттылығы 

оның  берілген  тапсымаларын  орындаудағы  берілген  сызбаларды    салыстыруы,  өзінің 

ойындағы  түсінік,  болжам,  пікірлерін  жүйелі  жеткізе  білуі  мен  логикалық  ойлана  отырып, 

сыни көзқарас қалыптастыруына жетеледі. [2] 



253 

Жаратылыстану пәндері  бойынша PISA тесттер мына бағыттарды қарастырады: Денсаулық 

«Пайдалы вибрациялар», «Сүт», «Антибиотиктер», «Денешынықтыру жаттығулары», «Мәри 

Монтегю». 

Табиғи  ресурстар  «  Жер  бетіндегі  ауа  температурасы»,  «Күн  батареялары»,  «Сүттегі 

бактериялар». 

Қоршаған орта «Пингвиндер аралы», «Жасыл саябақ», «Түрік климаттар». 

«Қауіпті апат түрлері»,  «Жер бетіндегі ауа температурасы», «Жер бетіндегі табиғи апаттар», 

«Орман өрттер». 

Жаратылыстану  мен  технология    байланысы    «Қасық»,  «Пластик  ғасыры»,  «Қауіпсіздік 

жастықтары»,  «Ашық  алаңда  тағамды  дайындау»,  «Динозаврлардың  жойылуы».

Жаратылыстану бағытындағы PISA зерттеулерінің Қазақстан Республикасының жалпы білім 

беретін  орта  мектебінің  8-9  сыныбында  оқушыларымыздың  дайындық  деңгейлері  әлемдік 

жетістіктерге  сәйкес  келетін,  6  деңгейлі  құрылымын  айқындайтын  оқушының  білім,  білік, 

дағдырылары  ерекшеліктеріне  сәйкестендіріп  тест  тапсырмаларын  құрастыру  және  шешу 

жолдарын ұсыну басты идеяларын бірі екенін атап өткен жөн.  

Егер оқушылардың белгілі бір тапсырмаларды ой елегінен өткізуге ықпал ететін, осы жағдай 

проблемаларын  зерттеуге  және  одан  шығу  жолдарын  көрсететін  жаңа  мәтіндермен 

тапсырмалар  құрастырылса,  онда  жаратылыстану  пәндері  бойынша  ғылыми  концепцияны 

түсіну,  білу,  жеке  шешім  қабылдай  алу,  қоғамның  мәдени  экономикалық  дамуына  әсер  ете 

білетін белсенді тұлға қалыптасады. 

Қандай  дарынды  бала болмасын,  оның  барлығы  өз  бетімен  ғылыми жұмыс  жазуға,  зерттеу 

ізденіске  бара  алмайды.  Ол  үшін  ұстаздың  ақыл-кеңесі  ауадай  қажет.  Қазіргі  кезде  мектеп  

оқушылары  кітапты  оқуға  қызығушылығы  аз  екенін  және  интернет,телефонмен  отырғанды 

ұнататыны 

көпшілікке 

мәлім 

және 


заман 

талабы.


Осыған орай, Егіндікөл ауданындағы №1 орта мектебінің математика  және жаратылыстану 

пәндер  мұғалімдері    өз  іс-  тәжірибелерінде  PISA  тапсырмаларын  орындатуды  дағдыға 

айналдыра  бастады.  Осы  іс-  тәжірибелерін  өзара  бөлісу  мақсатында,    осы  жылдың  қаңтар 

айының    20  күні  облыстық  онлайн-  семинар  өткізілді.  Осы  өткізілген  семинардың  үлгісі  

төменде келтірілген.  

Семинар  тақырыбы:    жаратылыстану  пәндері  бойынша  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын дамыту.  

Мақсаты:  жалпы  білім  беретін  мектептерде  зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан 

дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру.  

Функционалдық  сауаттылық  тұлғаны  әлеуметтік  ортамен  еркін  қарым-қатынас  жасай  алу 

қабілеті мен дағдысы. 

Түсініктеме:  

Тұлғаның сыртқы факторлармен  қатынас  жасай  алу қабілеті 

Білім, білік, дағдының жиынтығы 

Сыртқы ортаға бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің  көрсеткіші  

Параметрлері:  белсенділік,  шығармашылық,  шешім  қабылдай  алу,  өз  кәсібін  дұрыс  таңдай 

алу, бейімделу. Осы семинарда болған пәндерден тапсырмалар үзіндісі төменде келтірілген. 

География: 

№1 тапсырма  

Ауаның  негізгі    салмағы  жер    бетінің  төменгі  таяу  қабатына  түседі.  Атмосфераның  бүкіл  

салмағының  жартысы  5  км  биіктікке  дейінгі  қалыңдығына  тура  келеді,  сондықтан  ауаның 

қысымы биіктік бойынша өзгереді. 

Асқар ата-анасымен Астана қаласына ұшақпен  баруды жөн көрді. Ұшақ әуежайдан 

көтерілерде стюардесса жер бетіндегі атмосфералық қысым 750 мм хабарлады.  Ұшақ 5000 м 

биіктікке көтерілгенде Асқар  ұшақ сыртындағы атмосфералық қысым енді қанша болды 

екен деп ойлады. 

Асқарға көмектесіңіз, ұшақ сыртындағы қысымды анықтаңыз және қорытынды шағарыңыз. 



254 

Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз. Жер 

бетіндегі ауа қысымы 750 мм, 5000 м биіктіктегі ұшақ сыртындағы ауа қысымын анықтау 

арқылы келесі қорытындалардың қайсысын дұрыс деуге юолады ? Иә немесе Жоқ 

250 мм, биіктік артқан сайын қысым төмендейді. Иә/Жоқ 

250 мм, биіктік артқан сайын қысым өзгермейді. Иә/Жоқ 

250 мм, биіктік артқан сайын қысым артады. Иә/Жоқ 

Жауабы: 250 мм, биіктік артқан сайын қысым төмендейді. 



Физика  

№1 тапсырма  

Жүгіруге, әлде жүруме ? Сіз қалай ойлайсыз-жүгіру мен жүрудің қандай айырмашылығы бар 

? Осы сұраққа жауап бермес бұрын, есіңізге түсіріңіз, жүгіру жүруден де баяу болуы мүмкін 

және бір орында тұрып жүгіру деген де болады.  



№2тапсырма 

Тарақтағы искралар. Құрғақ шашты кезейін тарақпен тарғанда тарақ пен шаш арасында 

электрлік искралар пайда болады. Қалай ойлайсыңдар, осы искралардың қуаты қандай ? 

Химия: 

 №1-тапсырма «Емші мысық» 

Балалар  сіздер бала кезден білесіздер үй жануарлар ит пен мысық бір-біріне үйір. Олар 

ылғида ойнап, қуысып жүреді. Иттің тістелеп, желкесінен лақтырып ойнап жүргенін  

көрдіңіз бе? Әрине, қыр соңынан қалмай тістелеп лақтырғыштап жатады.  

Сұрақ: Ит мысықты  неге тістелейді? Неге өш? 

№2-тапсырма «Құмырсқаның  илеуі» 

Мамырда жай орманда  құмырсқалар илеу салатынын білеміз. Тіпті, құмырсқалар ауладағы  

топырағы құнарлы жайқалып, жайнаған бақ ағаштарының арасында, ондағы үйінді 

төбешіктерге де илеу салады. Үй тауықтар мен құстардың құмырсқа илеуіне шомылып, 

бауырын төсеп аунап жатқанын көрдіңіз бе? 

Сұрақ: Құмырсқа илеуіне құстар неге шомылады? 

Сұрақ: Құстар құмырсқа илеуіне шомылғанда дертіне шипа болған қандай зат деп 

ойлайсыз? [3] 

№ 

Құстар дертіне шипа болған қандай зат? 



иә немеесе жоқ 

нафталин 



ие/жоқ 

хлорамин 



ие/жоқ 

сірке қышқылы 



ие/жоқ 

құмырсқа қышқылы 



ие/жоқ 

 Математика 

 №1 тапсырма

Ауыспалы мағына.  Қай кезде біз 2 санына қарап, «он» деп айтамыз? 



№2 тапсырма 

Жүктің салмағы . Адам орындықтан секіреді.Оның қолында таразы, ыдысында 10 кг салмағы 

бар жүк жатыр. Құлап келе жатқанда таразының тілі қай бөлікте тұрады? 

№3 тапсырма 

Қайсысы жылдам? Егер шарды, тегіс кубты және цилиндрді бір мезгілде еңкект егістіктен 

төмен қарай сырғанатып жіберген болсақ, қайсысы бұрын жерде болады? 

Ауыспалы мағына.  Қай кезде біз 2 санына қарап, «он» деп айтамыз? 



№4 тапсырма 

Жүктің салмағы . Адам орындықтан секіреді.Оның қолында таразы, ыдысында10 кг салмағы 

бар жүк жатыр. Құлап келе жатқанда таразының тілі қай бөлікте тұрады? 

№5 тапсырма 

30 тоқаш пісіру үшін 8,4 кг ұн жұмсалады. Ал 45 тоқаш алу үшін қанша ұн жұмсалады?



№6 тапсырма 

Кредитті уақытында төлемегені үшін күн сайын 0,5 % пеня салынады. 10000 тенгеге 500 

тенге пеня салынды. Неше күнге төлемі кешікті? [4] 


255 

          Міне, осындай тапсырмалар оқушылардың функционалдық  сауаттылығын дамытуға 

үлкен септігін тигізеді деп ойлаймыз. 

      Осындай функционалдық сауатты жастардың – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси 

және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни, бүгінгі жаһандану дәуіріндегі 

заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына қарамай, үнемі 

білімін жетілдіріп отыруы үлкен қуантарлық жәйт. 

     Құрметті ұстаздар қауымы, «Ел болашағы – білімді жастардың қолында» ал жастарды 

білімді етіп тәрбиелеу – біздің қолымызда екенін жадымыздан шығармайық! 

Әдебиеттер 

1.Елбасы  Н.Назарбаев «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты

бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 27 қаңтардағы 

2.Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары ҚР-да білім беруді дамытудың

2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 

3. «Химия мектепте»  журналы  қараша- желтоқсан 2015ж

4. «Жаратылыстану пәндері бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын

дамыту» атты облыстық онлайн  - семинар материалдары. 



«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ  

Аяған Нұржан Алдоңғарұлы

Тарих пәні мұғалімі 

Ақмола облысы Степногорск қаласы 

С. Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі 

 «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні  бар. Мәңгілік 

Ел  ұлттық  идеясының  негізгі  мәні  –  мәңгілік  мақсат-мұраттарымыз  бен  мәдени-рухани 

құндылықтарымызға  негізделген,  мемлекет  құрушы  қазақ  халқы  мен  өзге  де  ұлттардың 

идеяларын  бір  арнаға  тоғыстыратын  идеология  арқылы  қалыптастырылатын  қазақтың 

ұлттық мемлекеті. 

Қазақ  хандығының  шаңырақ  көтеруімен  ұлттық  идея  мемлекет  пен  оны  құраушы 

этносты, тарих сабақтастығын үзбестен, дараландыратын факторға айналды. Кейінде ол идея 

талантты  ұл-қыздарын  әлемдік  ақыл-ойдың  асқар  шыңына  алып  шығуға  септесті.  Қазақ 

хандығы  тұсында  ұлттық  идеяның  өзегiн  мемлекеттiктi  нығайту,  этникалық  территорияны 

қалыптастыру  болса,  одан  кейінгі  кезеңде  Ресей,  Қытай,  Жоңғар,  Орта  Азиялық 

мемлекеттермен оңтайлы қарым-қатынас орнатып, елдігімізді сақтап қалу болды. 

Бүгінгі  таңда  тәуелсіздігімізбен  бірге  халқымыз  мәңгілік  мұраттарына  қол  жеткізді. 

Елбасымыз  өз  сөзінде  «...Біз  үшін  болашағымызға  бағдар  ететін,  ұлтты  ұйыстырып,  ұлы 

мақсаттарға  жетелейтін  идея  бар.  Ол  –  «Мәңгілік  Ел»  идеясы.  Ендігі  ұрпақ  –  Мәңгілік 

қазақтың перзенті. Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – «Мәңгілік ел» - деп, қоғамда «Қазақ елінің 

ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген жиі  талқыға түсіп жүрген сауалға жауап берді. 

Сондықтан  бүгінгі  ұрпақ  үшін  ұлттық  идея  айқын,  ендігі  міндет  болашағымызға  бағдар 

ететін  –  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  қалыптастыру  жолында  қызмет  ету. 

«Мәңгілік  Ел»  болып 

жасай  беру,  оны  қорғау,  Қазақстан  мемлекеті  оның  тарихын  жүйелей,  саралай  отырып 

«көздің  қарашығындай»  сақтау  –  әрбір  азаматтың  ұлттық  тарихқа  деген  сүйіспеншілігі, 

үлкен қайсар шешімі екенін терең білу ортақ парызымыз. Мәңгілік Ел  – тәуелсіздіктің өмір 

бойы жасай беретін философиясы. Әр қағидаларды терең меңгере отырып Отанымыздың көк 

байрағын  желбірете  беру  үшін  күреске  ұмтылу,  әр  жастың  өз  жүрегінің  тілегі,  арманы 

болмақ. 

 

Қазақстанның  тұтас  ұлтты  ұйыстырушы  «Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясын  қазақстандық 



патриотизм  мен  азаматтық  жауапкершілік,  құрмет  көрсету,  ынтымақтастық,  еңбек  пен 

256 

шығармашылық,  ашықтық,  өмір  бойы  білім  алу  тәрізді  құндылықтар  арқылы  жүзеге  асыру 

қамтамасыз етіледі.  

Қазақстандықтардың  алдында  тұрған  аса  маңызды  міндет  −  «Mәңгілік  Ел» 

жалпыұлттық  идеясын  жүзеге  асыру.  Оны  жүзеге  асырудың  іргетасы  мектепте  қалануы 

тиіс.  Бұл  идеяны  жүзеге  асыру  үшін  мектептерде  мақсатты  түрде  тәрбие  жұмыстарын 

жүргізу, сонымен қатар оқыту процесінің тәрбиелік мәнін күшейту міндеттелген. 

«Мәңгілік Ел» жалпы халықтық идеясын жүзеге асыру жағдайында өскелең ұрпақтың 

патриотизмін  және  тағаттылығын  тәрбиелеу,  рухани-адамгершілігін  қалыптастыру 

мақсатында  «Жалпы  білім  беретін  оқу  орындарында  2015-2016  оқу  жылының  басталуы 

туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы 

№  364  бұйрығына  сәйкес  2015  жылғы  1  қыркүйекте  Білім  күніне  арналған  республикалық 

бейбітшілік  және  келісім  сабағын  өткізу  ұсынылды.  Мақсат  -  қоғамда  қазақстандық 

патриотизм  идеясын  дамыту,  Тәуелсіздік  алғаннан  бергі  Қазақстанның  жетістіктерін 

насихаттау, басты құндылықтарды – тәуелсіздік, бейбітшілік пен келісімді нығайту.  

«Мәңгілік  Ел»  идеясында  белгіленген  құндылықтар  жалпы  оқу-тәрбие  жұмысының 

негізі,  мектепте  оқытылатын  пәндердің  арқауы  болуы  тиіс.  Сондықтан  ұстаздарымыз 

күнделікті кез келген пәнді  оқыту барысында  әрбір  сабақта  «Мәңгілік Ел» құндылықтарын 

оқушылардың  бойына  сіңіруді  естен  шығармағаны  жөн.  Бұл  балалар  мен  оқушы  жастарды 

тәрбиелеу  жүйесін  дамыту  Қазақстан  идеологиясының  негізгі  ережелеріне,  білім  беру 

саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  принциптеріне,  мемлекеттік  жастар  саясатына  сәйкес 

жүзеге асырылады.  

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Нұрлы  жол»  болашаққа 

бастар  жол»  атты  2014  жылғы  11  қарашадағы  Жолдауын  іске  асыру  және  Қазақстан 

Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұлттық тарихты дамытудағы және 

тарихи  сананы  жаңғыртудағы  рөлін  айқындау,  сонымен  қатар  Елбасының  2014  жылғы  15 

желтоқсандағы  «Тәуелсіздік  толғауы»  атты  сөйлеген  сөзін  зерделеу  мен  талдау  арқылы 

Қазақстан  халқының  өз  тағдыры  мен  өз  болашағын  өздері  құру  мүмкіндігін  анықтауда 

таңдаған  тарихи  күшінің  дұрыс  және  көрегендік  екенін  көрсетіп  отыр.  Өзінің  «Тәуелсіздік 

толғауы»  еңбегінде  әрбір  жас  буынның  жүрегіне  Отанға  деген  сүйіспеншілік  дарытқан 

жағдайда еліміз өркендейтінін атап көрсетті. Жастарымыз ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ 

болашағы сияқты ұлы құндылықтарға бейім болып өсуі тиіс. Мемлекет қоғамды біріктірудің 

келешектегі  құрылысы  мен  этномәдени  және  әлеуметтік-саяси  процестерді  тиімді  басқару 

мүмкіндігін  анық  айқындап,  2015  жыл  тарихта  Қазақ  хандығының  550  жылдығы  мен  Ұлы 

Отан  соғысында  фашизмді  жеңудің  70  жылдығын  тойлап  өткендігі  баршаға  аян.  Қазақ 

хандығы  құрылуының  550  жылдығы  мен  Ұлы  Отан  соғысында  фашизмді  жеңудің  70 

жылдығы  халқымыздың  тәуелсіз,  Мәңгілік  Елге  шарықтай  ұмтылуының  және  шынайы 

патриотизмінің  айқын  әрі  дәлелді  көрінісі  болды.  Қазақ  хандығы  құрылғанының  550 

жылдығына және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған материалдар негізінде оқушыларды 

патриоттыққа тәрбиелеудің рөлі өте жоғары. 

Осыған  орай,  «Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  үлгілік  оқу  бағдарламаларын, 

оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік  материалдарын  жетілдіру  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Білім  және  ғылым  министрінің  2015  жылғы  26  қаңтардағы  №32  бұйрығын  орындау 

мақсатында  5-11  сыныптарға  арналған  «Қазақстан  тарихы»  пәнінен  типтік  оқу 

бағдарламасына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізілді.  Қазақ  тарихын  оқыту  барысында 

«Қазақ  хандығының  550  жылдығы»,  «Ұлы  Отан  соғысы  қаһармандарының  естеліктеріндегі 

отты  жылдар  жаңғырығы»,  «Ата  заң  –  болашақ  кепілі»,  «Ұлт  бірлігі  және  ұрпақтар 

сабақтастығы»  тақырыптарына ерекше назар аудару тапсырмасына сәйкес осы материалдар 

негізінде өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің өзектілігін көрсетіп отыр. 

Қорыта  келе,  Көне  тарихтан  бастау  алған  ұлттық  идеямыз  қазірде  тарихи 

сабақтастықты  бастан  кешіріп,  тәуелсіз  мемлекетіміздің  рухани  тұрғыдан  тұрақты  даму 

ресурсына айналып отыр. 



257 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА 

БАҚЫЛАУ, САРАПТАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ӘДІСТЕРІМЕН ӘЛІПБИДІ ҮЙРЕТУ 

Акназарова Фариза Ерназаркызы

Ақмола облысы, Степногорск қаласы 

Ақсу кентінің №2 орта мектебі 

бастауыш сынып мұғалімі 

Мықты  іргетасын  құйып  алмай  тұрып  биік  үйдің  кірпіші  өріліп,  қабырғасы 

қаланбайды.  Мектеп  есігін  ашқан  балақай  ең  алдымен  алдына  Әліппені  алып,  Әліпбиді 

үйренуден бастайды. Сол үшін бүлдіршіндерге Әліпбиді түрлендіру және жетілдіру арқылы 

сауат ашуларын биік деңгейге көтеруді ойластырдым. Халқымызда сауаты жоқ адамды «қара 

танымайды»  дейді,  бұл  тек  сияның  түсіне  емес,  әріптің  қалқиып,  қарауытып  тұрған 

тұлғасына  да  байланысты  болу  керек.  Тағы  да  «әліпті  таяқ  деп  білмейді»  деген  теңеу 

айтылады, бұл ертеде араб әліпбиімен оқыған кездерде шыққанымен қазіргі әліпби де таяққа 

басқа  да  түрлі  нәрселерге,  денелерге,  белгілерге  ұқсайды.  Осыған  байланысты  Әліпби 

ұғымға жеңіл болу үшін оны түрлендіріп, белгілер мен символдарды қолданып жасау және 

көбейтілген  парақтарды  балаларға  үлестіріп,  білімге  қосымша  қайнар  көз  етіп  алу  пікірі 

пайда  болды.  Енді  әріптерді  үйретудегі  өзім  қолданған  кейбір  әдістер  және  Әліпби 

түрлерінің кейбір үлгілерін келтіре кетсем деймін. 

Дайындық  сыныбы  балаларына  ең  бірінші  дыбыс  пен  әріпті  ажырата  білу  аса 

маңызды.  Оқушылар  дыбыс  туралы  мәлімет  ала  отырып,  А-дыбыс,  А-дыбыс  деп  ауызша 

қайталай  айтып,  ақырын  дәптерлеріне  А  әрібін  жазбаша  түсіреді.  Бес-алты  жасар 

балғындарға  А  деп  ауызбен  айтып тұрғаның  дыбыс  еді,  енді  мұны  дәптерге  жазғаның  әріп 

болады деп дыбыс пен әріптің айырмашылығы мен бірлігін көрсету, баланың мұны ұғынуы, 

тағы  да  біле  түсуге,  үйрене  беруге  ұмтылдырады.  Бұл  жерде  халқымыздың  «бала  ойынмен 

өседі», «бала-құлақпен естігенді көзбен көріп, қолмен ұстауы керек» деген сөздерінің дұрыс 

айтылған даналық екеніне толық көз жеткіздім. Балаларға А әрібін үйретуде сауат ашу және 

жазу әліппе-дәптерін негізге ала отырып дыбыстық жүйені меңгеруде селт еткізер сөз, тұтас 

дауысты  дыбыстардан  құралған  атаулар  және  олардың  күнделікті  естіп  жүрген  етене  ұғым 

болуы  әріпті  дұрыс  айта  білуге,  ойында  сақтап  ұмытпауына  септігін  тигізеді. 

Астана, Алтай, Алматы, Ақтау, Алатау, Атырау, Арқа, Ақкөл, Арасан Алакөл секілді 

атының  өзі  айқайлап  тұрған  атаулар  әріпті  танып-білуде,  дыбыс  жүйесін  игеруде  ұяң, 

тартыншақ,  бұйығы  балаларға  қозғау  салып,  көмекші  болатынын  көрсетті.  Педагогикада 

пәнаралық  байланыс  деген  сабаққа  қойылатын  талап  бар.  Соған  сәйкес  мұны  бастауыш 

сыныптардан бастап қолдану жақсы нәтиже береді, себебі төменгі сынып оқулықтары оңай 

әрі 

қарапайым 



болғандықтан 

осы 


әдісті 

қолдануға 

қолайлы. 

       Сауат  ашуда,  әріп  үйрену  үстінде  пәнді  қарапайым  математикалық  түсініктерді 

қалыптастырумен салыстырып, әріптерді сан орнына қойып өтуге де болады. Егер А+Т деп 

есеп түрінде беріліп, кейін А+Т=АТ болды, енді А+Т=АТ+А=АТА деп дәстүрлі сабаққа сәл 

өзгеріс  жасап  өту  баланың  ой-өрісін  кеңейтуге  азды-көпті  үлес  қосады.  Енді,  А  әрібін 

мысалға  алып  жатқан  соң  таным  мен  түсінікті  ұлғайтуға  жәрдемі  тиетін  жайттердің  тағы 

біріне  тоқталайық.  Әріпті  үйрену  барысында  А  әрібінің  жанына  күннің  суретін 

салдым


.  Оқушылардың  назарын  тақтаға  аударып;  балалар  біз  үшін  күндей  ыстық, 

күндей  шуақты,  күндей  мейірімін  аямай  төгетін  адам  кім  деп  сұрадым.  Барлығы  бір  сәт 

ойланып қалып, соң Ана, Ана деп шулады. Әрине, бала үшін ана күнмен тең жан, оқушылар 

тақтаға қарап отырып, іле-шала апай күн дегенде А әрібі келмейді ғой, Ана сөзі А әрібінен 

басталады деп әріпті танумен бірге оның дыбыстық жүйесіне де мән бере бастады.  


258 

Анограмма-анограмматика 

Атан

Асан


      Алаң

Анар 


тана

сана     

ала

     арна 



ата

аса       

ал

нар 


ана

ас        

аң

ара 


ат       

ана


ар 

Осылайша әріптен сөз құрап, сөзден сөз туындатып, талқылай, талдай білуге баулу 

бүлдіршіндерді қисынды (логика) ойлау жүйесін қалыптастыруға қолғабыс береді. 

Әліпбидегі әріптерге метограмма дайындап, сабақта қолдану да бала танымына 

түрткі салады. 

Метограмма 

«А» мен «Т» ны қоссаң,  

Түлікпін, тұлпармын түздегі. 

«Т» соңына «А» қоссаң, 

Ақылшы  ақсақал  үйдегі.-деп  А  әрібінен  алғаш  рет  метограмма  қолданғанда  балалар 

тосырқап  қалғанымен,  кейін  жауабын  тауып,  басқаларын  да  қызыға  шешетін  дәрежеге 

көтерілді.  Жалпы  әріп  үйреткенде  қабілет  қарымына  ыңғай-бейіміне  қараған  тиімді.  Бұл 

әсіресе қолына көп қалам ұстамаған, төселмеген бүлдіршіндерге қолайлық әкеледі. Балалар 

дәптерге  қаламмен  жазбас  бұрын  (санамақ  таяқшаларын,  шырпының  талшықтарын) 

пайдаланып  әріпті  ағаш  таяқшалармен  құрастырып,  көзіне  көрсету, 

қолына  ұстату  кейін  дәптерге  әріпті  батыл  әрі  анағұрлым  түзу  салуға 

пайдасын тигізеді екен. Мысалы, А әрібінде екі ұзынша, тұрқы бірдей 

таяқша  мен  бір  қысқа  таяқша  арқылы  I  I    әріпті  құрастырамын. 

Алдымен; екі адамға бір белбеу, бойлары бірдей екі адамның бастарын 

түйістіріп  қосамыз,  аяқтарын  алшақ  ұстаймыз,  сонсоң  белдерін 

белбеумен байлаймыз деп түсінік беремін. Басқа әріптерді жазу алдында осылайша алдымен 

таяқшалар  арқылы  қолмен  өздері  құрастырып  көріп  алу  бүлдіршіндерді  психологиялық 

кедергілерді жоюға, сергек тартуға, сенімін нығайтуға әсер етіп, әріпті дұрыс жаза бастайды. 

Тура,  түзу,  түсінікті  барлық  талапқа  жауап  беретіндей  етіп  жаза  білуге  үйрету  бастауыш 

сыныптар  ұстаздарының  алдында  тұрған  өзекті  мәселенің  бірі.  Мектеп  табалдырығын 

аттағанда  жете  мән  бермеу,  бала  енжарлығы  мен  епсіздігі,  ұстаз  бен  ата-ананың  бақылауы 

мен қадағалауы ойдағыдай болмауы көптеген оқушыларда қалай болса солай, қисық-қыңыр, 

түсінуге  қиын  қолтаңба  қалыптастырады.  Бастауыш  сыныптардан  бастау  алған  нашар 

қолжазба  кейін  жоғары  сыныптарда  әбден  болары  болып,  бояуы  сіңіп,  түзетуге  келмей 

жатады.  Оқушылардың  әліппе-дәптерлерінде,  жазу  үлгілерінде,  күнделікті  пайдалану 

дәптерлерінде  барлығы  сызып  көрсетілген,  тіпті  үзік  (пунктир)  сызықтармен,  нүктелермен 

беріліп  қосып,  тұтастыруға  дайындалып,  барлық  жағдай  жасалып  қойылған.  Бірақ,  бәрібір 

балалардың  жазуы  нашар  болып  шығып  жатады.  мүмкін  «даяр  асқа  тік  қасық»  болу 

балаларды немқұрайды қарауға, салақ жаза салуға, өз бетімен ізденіп жазуын түзетуге ырық 

бермейтін  шығар.  Сол  үшін  балаларды  тақтаға  қисық  әріптер  жазып,  оны  біртіндеп  түзей 

беруге  жаттықтырдым.  Бұл  үшін  көздің  көру  қабілетін  тексеретін  медициналық  әріп-кесте 

сияқты  етіп  кесте  түздім;  (Жоғарыда  көрсетілген  қисық  және  түзу  әріптер  кестешесі). 

 Мұны  мектепке  дейінгі  дайындық  сынып  оқушылары  бірінші  әріптің  баспа  (кітаби)  түрін 

үйренгенде  қолдандым.  Сонда  балалар  қисық  жазып  келіп,  біртіндеп  түзетуге  тырысты. 

Соңында  жазу  кемшілігін  өзі  түзететін  болды.  Мектепке  дейінгі  дайындық  сыныптарының 

міндеті бүлдіршіндерге Әліпби мен төрт амал туралы негізгі қарапайым түсініктерді үйрету. 

Балаларды бастауыштың бірінші  сыныбына үлкен дайындықпен әкелу. Осынау бір параққа 

сиятын  Әліпби  мен  математикалық  кәдімгі  он  саусақта  ойнатуға  болатын  төрт  амалда 


259 

болашақтағы  бүкіл  білім  мен  ғылымның  іргетасы  жатыр  деуге  болады.  Сондықтан  балалар 

үшін күрделі  дүние болып саналатын әліпбилерді  ойлауға оңай, түсінікке жеңіл  етіп жасай 

бастадым.  Әрбір  тақырыпқа,  әріптерге  және  бір  топ  әріптерге  арналған  әліпбилер  бірнеше 

ондаған санға жетіп оларға «Әліпби әлемі» деп атау бердім. Әліпбилерде ұлттық дәстүр мен 

заманауи дәрістерді қоса қамтуға тырыстым. 

Әліпбилер ішінде ұлттық  ерекшеліктер ескеріліп және сабақ барысында олар жайлы 

жан-жақты түсініктер беріліп келді. Олардың арасында; үш тәтті, үш арсыз, төрт түлік, «ер 

қаруы, бес қару, жеті қазына, Әліпби-ертегі кейіпкерлері, Әліпби-сөзжұмбақ, Әліпби-сурет, 

жұмбақ,  жаңылтпаш,  санамақ,  ұлттық  ойындар;  асық,  бестас,  тоғызқұмалақ,  көкпар  мен 

бәйге  бар  еді.  Сонымен  бірге;  әріптер  эстафетасы,  Әліпби-шатыраш  (шахмат),  Әліпби-

домино,  Әліпби-дойбы,  Әліпби-ағаш,  Әліпби-жыл  онекі  ай  деген  танымдық  әрі  тәлім-

тағылымдық 

тәсілдерді 

әліпбиді 

түрлендіре 

отырып, 

игеруге 


пайдаландым. 

Енді  солардың  бірнешеуін  айта  кетсем  «ер  қаруы  бес  қару»  бөлімінде  балаларға 

батырлардың  бес  қаруы  туралы  түсінік  беріліп,  суреттері  әліпбимен  бірге  тақтаға  ілінді. 

Сонда  балалар  О  әрібін  енді  бірі  Ө  әрібін  де  қалқанға,  С  әрібін  қылышқа  кейбірі  Е  және З 

әрібін  садаққа,  І  әрібін  найзаға  тағы  бірі  құрыққа  ұқсатты.  Әліпби-сөзжұмбақта  әріптер 

жазылмай, орнына сол әріптен басталатын суреттер қойылды. Мысалы Ө әрібінің орнындағы 

өзен,  өгіз,  өрік  суреттерінен  көгілдір  өзенді,  мүйізі  шаңырақтай  өгізді,  уылжыған  өрікті 

танып  сол  арқылы  Ө  әрібі  екенін  тапты.  Әліпби-домино  ойын-сабағында  балалар  алдымен 

домино ойынымен танысты. Кейін қалың ақ қағаздан жасалған төртбұрышты А, Ә, Б, тағы 

басқа  барлық  әріптерді  Әліпбиге  қарап  отырып  ретімен  тізіп  шықты,  қатар  қойып  сөз 

құрады.  Енді  баланы  өз  бетімен  ізденуге,  тапқырлық  пен  байқағыштыққа  баулитын,  ойлау 

қабілетін дамытуға итермелейтін әліпбилер әлемінің кейбір үлгілеріне көз жіберсек. 

Әліпби алаңы                                                      Әліпби мен әріптер 

Мұнда балалар таза қағаз бетіндегі

Бұл жерде оқушылар Әліпбидегі 

алаңшаларды Әліпбиге қарап отырып

әріптердің төртбұрышты қиындыларын 

әріптерді ретімен өздері жазып толтырады.        А, Ә, Б т. б. әріптерді орындарына 

жабыстырады. 

Әліпбидегі ұқсастық пен үндестік 

А 

Б 

Г 



Е 

И 

К 



Н 

О 

У 



П 

Л 

С 



Ш 

Ъ 

Ы 



Ә 

В 

Ғ 



Э 

Й 

Х 



Ң 

Ө 

Ұ 



Ф 

Р 

З 



Ч 

Ь 

І 



Ё 

Қ 

Ү 



Ц 

Щ 

Мұнда балалар әріптерді дыбыстық және жазба жүйесіндегі 



сәйкестегі бар әріптердің әліпбиін жасайды. Бұл олардың әліпбиді, 

әріптерді танып, айырып білуіне азды-көпті ықпалын тигізеді.  

Әліпбиге кит кигізу 

Қазіргі  өзімізде  шығарылған  дәптерлердің  тысында  әліпбилер 

осылай жазылып жүр. Әрине, қазақ әліпбиінің негізінде кириллица 

алфавиті  жатқаны  белгілі.  Кириллица  әліпбиін  бірнеше  мемлекет 

ғана  қолданады,  соның  бірі  Қазақстан,  бұл  әліпби  бізге  кеңес 

кезінен  қалған  мұралардың  бірі.  Егер  әліпбиді  айырып,  бөлуге 

болатын  болса  А-ана,  Б-бала,  Е-ел,  Ж-жұрт,  О-Отан  деген  сөздер 

айтылатын  қазақ  әліпбиінде  неге  болмайды,  тек  ғана  жоғарыда 



260 

көрсетілген 9 әріпті емес, әліпбидегі әріптерді түгелге жуық қолданамыз емес пе? Бір ғана А 

әрібін алсақ, мұнан екі мың жыл бұрын бүкіл Еуразия құрылығында жеке-дара билік құрған 

Ғұн империясының негізгі тайпалары болған Арғын, Алшындарды қайда қоямыз, жарты мың 

жылдан астам уақыттан бері Алаш сөзі айтылып келуде, біз үшін ең ардақты ата, ана, аға, апа 

сөздері де а әрібінен басталады. Бірақ, қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі өте-мөте, білінетін 9 

әріп  туралы  балаларға  түсіндіре  отырып,  осы  әліпбиді  қолданумен  бірге  әліпбидің  қолдан 

жасалған  екінші  нұсқасын  жасадым.  Мұнда  жоғарыда  айтылған  9  әріпті  орындарында 

қалдырып,  қазақ  тілінде  сирек  кездесетін  күрделі;  Ё,  Ц,  Ч,  Щ,  Ь,  Ъ,  Э,  Ю,  Я  әріптер  деп 

балалардың  назарын  аударып  отырдым.  Әліпбидегі  өзгеше  әріптер  9  болған  соң  мұны 

Әліпбиге кит кигізу деп атадым. Сонымен бірге мыңдаған жылдар бойы үзілмей келе жатқан 

дәстүріміз;  тоғыз,  тоғыздан  бәйге  тігу,  кит  кигізу  туралы  да  ұғындырдым.  Жалпы 

оқулықтағы  әліпбиді  негізге  алып  оқытып,  басқа  әліпбилерді  қосымша  білім  беру  ретінде 

ұстадым. Тағы бір айта кетер мәселе бастауыш сыныптардағы әріптер мен дыбыстар жайлы 

анықтамалар, түсініктер оқулықтарда шашыраңқы, әр жерде берілген. Бұл балаларға оларды 

тауып алуға, танып білуге қиындық туғызады, бірін тауып үйреніп жатса бір қиырда жатқан 

екіншісіне ұштастыра алмай ұмыта береді. 

Бұл  әліпбилер  мен  әріптерді  жүйелеуді  және  дыбыстар  жүйесін  жинақтауды  талап 

етті. Сондықтан әріптердің дыбыстық жүйесін топтап, барлығын бір жерден табылатын етуге 

әрекет  жасадым.  Бұл  жүйені  жасауда  мен  Д.  И.  Менделеевтің  өзіміз  білетін  химиялық 

элементтер  таблицасына  сүйендім.  Д.  И.  Мендеелев  таблицаны  түзгендегі  мақсаты  туралы 

былай  деген  екен.  «Жайылып,  шашырап  жатқан,  жалғыз-жарым  тұрған  дүниелер  өте  көп 

екенін  мойындау  керек.  Менің  табиғи  жаратылыстық  жүйемнің  мақсаты  осынау  жеке-дара 

оқшаулықты бір жерге, ортақ идеяға біріктіру, байланыстыру болып табылады» 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет