Курстың мақсаты



бет5/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
3. Психика және сана
Психика – бұл адамның қоршаған ортамен белсенді өзара қарым-қатынас әрекеттеріне негіз болушы болмыстың саналық (идеалды) өрнек жүйесіндегі субъектив ақпардың (сигналдың) әлеуметтікпен шарттасқан бейнесі. Психика адам мінез-құлығы және іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беріп, реттеу қызметін атқарады.
Адам психикасы өз тіршілігіне арқау болған қоғамдық әдіс-тәсілдер негізінде туындаған ерекше құбылыс – сана формасына енеді. Дегенмен, сана психиканың барша мән-мағынасын қамти алмайды. Онымен қатар адамда табиғаттан берілген тума құрылымдар (тума-бейсана іс-әрекеттері аймағы), сондай-ақ өмір барысында қабылданып, автоматтасқан дағдылар (астар сана аймағы) бар.
Психиканың негізгі көріністері: саналық (психикалық) бейнелер қалыптасуына байланысты психикалық үдерістер және іс-әрекетті психикалық тұрғыдан реттеп барушы үдерістер.
Адам психикасының ерекшелігі ретінде сана бидоминанта тетіктері арқылы іске асып отырады. Бидоминанта дегеніміз тұлғаның көп түрлі «мендік» болмыстары (нақты «мен», қияли «мен», өткендегі «мен», болашақтағы «мен», отбасындағы «мен», ресми «мен» және т.б.) арасындағы «ой ортақтасу» қабілеті, оның өзімен өзі қатынасқа келуі. Осы тұлға бойындағы диалог әлеуметтік өлшемдермен жанама күйге енеді. Адамның ішкі «Мені» - интериозацияланған «¤зге», яғни өмір барысында тұлға бойына сіңген әлеуметтік бастау.
Болмыс құбылыстары адамның тәжірибе, қажеттеріне тәуелді оның санасында өзіндік қалау- таңдауға сәйкестендіріле бейнеленеді.
Ой, ойлауға қарағанда сана мәні кеңірек. Ол психикалық іс-әрекеттердің барша формаларын қамтыған сыртқы дүниенің біртұтас, бірігімді бейнесі. Оның құрамы әлемдік бейнелердің сезімдік формаларынан (түйсік, қабылдау, елес), рационалдық танымнан (дүниенің жалпылама – теориялық бейнесі), сонымен бірге психикалық өзіндік реттеулердің көңіл-күй, еріктік аймақтарынан тұрады.
Сана - болмыстың категориялық - құндылықты бейнесі және жалпы адамзаттық тәжірибені меңгерудің арқасында адамның өз әрекет-қылығын өзіндік реттеу білімдерінен құралған психика дамуындағы ең жоғары саты, деңгей.
Сана қызметі адамның қоршаған ортамен қатынас жасаудағы белсенділігі мен әрекетшеңдігі нәтижесінде қалыптасқан өзара сыбайлас байланысты психикалық бейнелердің үздіксіз ағымы күйінде орындалып барады. Осыдан сана біршама үдерістік (процессуальные) және мазмұндық ерекшеліктерге ие.
Сана үдерістік тұрғыдан адамның өз тіршілігіне қажет қоршаған ортамен байланыстар түзудегі белсенді қозғалғыштығымен (динамика), заттық бағдарлылығымен және бейнелеудегі қателіктерден сақтаушы өзіндік бағалау (саморефлексия) қабілетімен сипатталады.
Жеке тұлғаның төңірегіндегілермен ықпалдасты ара қатынастарының берік тұрақтанған әдіс-тәсілдері түбегейлі бекіп, оның астар санасы мен жоғары санасын қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет