Курстың мақсаты



бет6/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Мазмұндық тұрғыдан адам санасы әлеуметтік – тарихи ықпалға тәуелді. Даму (антропогенез) үдерісінде қалыптаса отырып, сананың барша құрылымдары әлеуметтік –мәдени сипат алады.
Жеке адам санасы және оның құрылымдары кіші балалық шақтан сыртқы әлеуметтік жанамаланған іс-әрекеттер құрамын өз бойына сіңіре меншіктеумен (интериоризация) қалыптасып барады.
2 дәріс. Қазіргі психология ғылымы және оның құрылысы мен зерттеу әдістері.
1. Психология ғылымының құрылысы
2. Психологияның негізгі зерттеу әдістері


1. Психология ғылымының құрылысы
Осы заман психологиясы – басқа ғылымдармен тығыз байланысқан қарқынды даму жолына түскен адамзат білімдерінің елеулі аймағы. Сондықтан да, дамудағы құбылыс ретінде психология үздіксіз өзгерісте болады: жаңа ізденіс бағыттары, проблемалар туындап отырады, жаңа жобалар іске асып жатады, нәтижеде психологияның соны салалары ғылым қорына ене береді. Психология салаларының бәріне ортақ құбылыс – бұл пән біртектілігінің сақталуы: психология білімдерінің бәрі де психика деректерін, заңдылықтары мен тетіктерін жағдайға байланысты, іс-әрекет барысында, даму деңгейлеріне орайластырып, зерттеп отырады.
Психологияның негізі - жалпы психология. Бұл саланың атқаратын қызметі: психиканың жоғары жалпыланған заңдарын, заңдылықтары мен тетіктерін зерттейді. Аса маңызды психологиялық пәндердің бірі психология тарихы. Бұл пән өз назарын психологиялық білімдердің қалыптасуы мен дамуына байланысты тарихи үдерістердің мән-мағынасына аударып, оларға түсіндірме береді.
Көп түрлі психология салаларының өз алдына бөлінуінің негіздемелері де сан қилы. Әдетте, олардың жіктелуі мен топтасуына арқау болар жағдайлар келесідей:

  1. нақты іс-әрекет (еңбек психологиясы, медициналық, педагогикалық психология, өнер, спорт және т.б. психологиясы);

  2. даму (жануарлар психологиясы, салыстырмалы психология, даму психологиясы, балалар психологиясы және т.б.);



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет