Курстың мақсаты


адамның әлеуметтік жағдайы



бет7/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70
адамның әлеуметтік жағдайы мен оның қоғамға қатынасы (әлеуметтік психология; тұлға психологиясы; топ психологиясы; тап, тайпа психологиясы; ұлыс, ұлт психологиясы және т.б.).

Және бір аса маңызды жағдаят – бұл іс-әрекет мақсаттары (жаңа білімдерді ашу, алу немесе олардың қолданылуы): тұғырлы және қолданбалы ғылымдар; зерттеу аймағына орай: даму, шығармашылық, тұлға және т.б. психологиясы. ¤зге ғылымдармен байланысына қарай психология келесі салаларға бөлінген: психофизиология, нейропсихология , математикалық псхология. Психологияның әртүрлі қызмет, тәжірибемен болған күрделі байланыстары ұйымдастырушылық, инженерлік, спорттық, педагогикалық психологияда байқалады.
Жануарлардың психикалық ерекшіліктерін зоопсихология зерттейді.

Балалар психологиясы өсіп, кемелденудегі адамның санасын, психикалық үдерістерін, іс-әрекеттерін, барша тұлғалық сапа-қасиеттері мен жедел даму шарттарының заң-заңдылықтарын зерттейді.


Әлеуметтік психологияның айналысатыны: адамның тұлғалық сапаларының әлеуметтік-психологиялық көріністері; оның адамдар және топтармен қарым-қатынастары; адамдардың психологиялық үйлестігі, ірі топтардағы әлеуметтік-психологиялық қатынастар заңдылықтары (адамдардың әрқилы қауымдастығына радионың, теледидардың, басылымдардың, моданың, өсек-аяңның ықпалы).
Педагогикалық психология тұлғаның оқу және тәрбие үдерісіне байланысты даму заңдылықтарын зерттейді.
Саясат психологиясы саясатқа орай қалыптасатын әрекеттердің субъектив тетіктерін, оларға ықпал жасаушы сана және астар сана, адам көңіл күйі және еркі, оның нанымдары, құндылықты бағыт-бағдарлары мен ұстанымдарын зерттеумен шұғылданады.
Адамның нақты қызметі, іс-әрекеті түрлеріне орайласқан проблемаларды зерттеуші көптеген психология салаларын бөліп атауға болады. Мысалы, еңбек психологиясыадамның еңбектену және іс-әрекетке келуінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбектену дағдыларының даму заңдылықтарын айқындаумен шұғылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет