Курстың мақсаты



бет3/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Психология нысаны: психиканың пайда болуы мен оның дамуы; психикалық іс-әрекеттің нейрофизиологиялық негіздері; психиканың ең жоғары формасы – адам санасы; сырттай болмыстың ішкі жан дүниелікке ауысу заңдылықтары; адам психикасының әлеуметтік- тарихи жағдайларға тәуелділігі; психикалық әлем бейнелерінің қалыптасуы мен сол бейнелердің адамның сырттай тұрмыстық, тәжірибелік іс-әрекеттерінде көрініп, іске асуы; биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың адамның өзін өзі реттеуіндегі бірлігі; адам психикасының құрылымы; тұлғаның танымдық, еріктік және көңіл-күй үдерістері мен жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің бейнелеу-реттеушілік мәні; адамның әлеуметтік ортадағы қылық - әрекетінің психологиялық ерекшеліктері; адамның нақты іс-әрекет түрлерінің психологиясы.
Психологияның негізгі міндеттері:

  • психикалық құбылыстарды сапалық тұрғыдан зерттеу;

  • психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен даму барысын талдау;

  • психикалық құбылыстардың физиологиялық тетіктерін зерттеу;

  • психологиялық білімдерді адам өмірі мен іс-әрекетіне жоспарды ендіруге жәрдем ету.

Психология зерттеулерінің міндеттері мен әдістері қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының тоғысынан туындайды.
Психологияның негізгі әдіснамалық принциптері: 1) заттасқан болмыстағы психикалық құбылыстардың себеп-салдарлылығын мойындау; 2) психикалық құбылыстарды танудың генетикалық бағытын ұстану және оларды даму үдерісінде зерттеу; 3) психика мен іс-әрекеттің ажыралмас бірлікте болатынын қолдау; 4) адам психикасын биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың бірлігін ескерумен зерттеп бару.
XX-ғасырдың соңына қарай психология адами ғылымдар жүйесінде өзекті пәнге айналды, ал оның қолданбалы салалары адамзат тіршілік әрекеттерінің барша тарауларындағы тиімділіктің кепілі ретінде қолданылуда.
Жетістіктерінің соншалықты ауқымды болуынан психология ғылымы бұл күнде адам жөніндегі ғылымдар жүйесінің бірінші қатарларынан орын иелеуде.
Қазіргі заманда психолгияның келесідей қолданбалы салалары: экономикалық, педагогикалық, құқықтық, әскери, ғарыштық, спорттық, өнер, басқару, менеджмент, т.б. – жедел де өнімді қарқынмен дамуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет