Еңбек шарттары –іс-әрекеттің әлеуметтік, психологиялық және санитарлық-гигиеналық сипаттамалары.
Іс-әрекеттің ішкі сипаттамасы- үдерістер мен нақты әрекеттің реттеліп бару тетіктерінің, құрылымы мен мазмұнының, сондай-ақ оны іске асырудың әрекет-қимыл шараларының баянын белгілейді. Белсенділік –адамның қоршаған ортамен өзара ықпалдасты қатынас формаларының бірігімі. Белсенділік формаларының бәрі де бірдей негізгі деңгей түрінде қарастырылады.
Жоғары деңгейдетұлғаның мінез-құлық, әрекет-қылық, әлеуметтік себеп-салдарлы белсенділігі көрініс береді, ал төменгі деңгейде – тек өкілінің мекенді жүйешелерінің белсенділігі орын алады.
Іс-әрекет типтері: еңбек, оқу және ойын. Еңбектік іс-әрекет – адам қажеттерін қамсыздандыру мен әрқилы құндылықтар жасау мақсатында табиғат, заттасқан және рухани өмір дүниелерін белсенді өзгеріске келтіру үдерісі. Еңбектік іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан зерттеу аймағы – бұл адамның еңбектік белсенділігін және оның тұлғалық қасиеттерін реттеуші психикалық процестер, жағдаяттар, қалыптар. Тұлға қасиеттері еңбек әрекетінің ерекшелігін анықтайды және оның барысында өзгеріп барады.
Ойын – адамдар әрекеті мен өзара қатынастарының тектік әдістері бекіген іс-әрекеттің ерекшеленген түрі; бала ойын барысында адамзат жинақтаған қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің ақыл-ес (когнитивті), тұлғалық және адамгершілікті дамуын қамтамасыз етеді. Бала үшін рольдік ойындар өте маңызды. Ойнай жүріп, сәби ересектер роліне еніп, заттарды өз мәніне сәйкестендіре қолданады. Әлеуметтік талаптарды рольдік ойындар арқылы меңгеруден бала тұлғасының әлеуметтенуі жеделдеседі, сеп-түрткілік және қажеттілік аймағы жетіле түседі.
Оқу іс-әрекеті –мақсаты адамның білім, ептілік және дағдыларды игеруге бағытталған ерекше үдеріс түрі. Оқу әрекеттері ұйымдасқан формада арнайы білім мекемелерінде іске асып барады. Сонымен бірге оқу-үйрену әрекеттері ұйымдастырылмаған күйде, басқа әрекет түрлерімен қабаттаса, оның қосымша нәтижесі ретінде атқарылуы мүмкін. Оқу іс-әрекетінің ерекшелігі – ол тікелей тек өкілінің психологиялық дамуының құралы ретінде қызмет етеді.
Қалаған іс-әрекет түрі сияқты оқу іс-әрекеті де құрылымдық деңгейге ие бола тұрып, жекеленген бірліктерден құралады (әрекет, операция, шарт-жағдайлар, қажеттер, сеп-түрткілер, міндеттер). Оқу іс-әрекеті бірліктерінің өзара қатынасқа түсіп, орайласуы оның даралықты сипатын береді.
Аталған іс-әрекет түрлері әлеуметтік-тарихи даму барысында бірін-бірі ауыстырып отырады. Осыдан әр кезеңде тұлғаның жас деңгейі мен даму ерекшеліктеріне байланысты жетекші іс-әрекет түрі алға тартылады.