Курстың мақсаты



бет18/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70
Байланысты:
ob4vToOUGJ78KD5vbwAkF92paZ2tUkcxOW9ZclUt

2. Іс-әрекет түрлері


Іс-әрекет – бұл саналы түзілген мақсаттың орындалуына бағытталып, қоғамдық мәнді құндылықтар немесе әлеуметтік тәжірибені игеруге байланысты субъекттің болмысқа деген белсенді қатынасының формасы.
Іс-әрекет барысында адам болмысы және оның психикасы көрініс береді, қалыптасады және дамиды.
Іс-әрекет – екі негізгі белгіге ие өте ерекшеленген қатынас формасы:

  1. Іс-әрекет – бұл қандай да нәтижені қолға түсіруге көзделген өнімді қатынас түрі. Бірақ мұндай іс-әрекеттің өнімі тек заттасқан күйде ғана (тұрмыс қажеттері, құнды жәдігерлер және т.б.) болып қалмай, адамның әлеуметтік тәжірибесі формалары да (білім, ептілік, дағды және т.б.) болуы мүмкін. Осыдан іс-әрекет үш негізгі түрде көрінеді, іске асып барады. Олар – еңбек, ойын және оқу.

  2. Іс-әрекет – болашақ нәтиженің идеалды бейнесі ретінде саналы танылған мақсатпен реттелуші қатынас түрі. Іс-әрекеттің мазмұнын, құрылымын және қозғалысын айқындаушы басты өлшем – бұл мақсат. Осынысымен де іс-әрекет адамның басқа белсенділік формаларынан ажыралады.

Іс-әрекетті анықтаушы жоғарыда аталған екі ерекше белгі оның негізгі жалпы психологиялық қасиеттерін нықтылауға мүмкіндік береді. Мұндай қасиеттерді атасақ, олар: белсенділік, өнімділік (нәтижелілік), танылу мүмкіндігі, әлеуметтік шарттылығы, іс-әрекеттің заттасқандығы (субъект әрекетінің міндетті түрде өзінен тыс нысанға бағытталуы), іс-әрекеттің икемшілдігі (жағдай өзгерісіне орай ауысуы, қайта құрылуы), жүйелілігі.
Іс-әрекеттің сырттай сипаттамасы еңбек (ойын, оқу), «субъект», «нысаны»(объекті), «зат», «іс-әрекет жағдайлары және жабдықтары» түсініктері негізінде беріледі.
Еңбек заттары – субъекттің өз іс-әрекетінде практикалық не ой жүзінде ықпалды өзара қатысқа түсетін мүліктер, үдерістер, құбылыстар жиынтығы.
Еңбек құрал-саймандары – еңбек заттарының ерекшеліктерін тану және оларға ықпал жасауда адам мүмкіндіктерінің жоғарылауына себепші жабдықтар жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет