Құл-Мұхаммед М., төраға



жүктеу 2.48 Mb.

бет15/15
Дата22.12.2016
өлшемі2.48 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

«Сәтбек  батыр»  жыры  халық  жадында  сақталған  тари-

хи  жырлардың  шындыққа  жақыны.  Мұндай  қорытынды  жа-

сауға  жырдың  өзге  эпикалық  туындылардан  бірқатар  елеулі 

өзгешеліктері  негіз  болады.  Эпикалық  жырларда,  әдетте,  бас 

кейіпкерді  дәріптеу,  оны  өзгелерден  қай  жағынан  болса  да 

артық,  яғни  мінсіз  етіп  бейнелеу  мақсаты  басты  нысанаға  ай-

налады.  Эпостың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  осынау  дәстүрі 

«Сәтбек  батыр»  жырында  бұзылған.  Оған  бас  кейіпкердің 

бірқатар  әлсіздіктері  жасырылмай  баяндалуы—айғақты  дә-

лел.  Ермак  бастаған  жауыздардың  жасаған  қанды  сойқанын 

көріп-білген Сәтбектің жаны шығардай болып үрейленуі, тіпті 

алғашқы сәтте қырғыннан аман қалған жалғыз жақыны бо лып 

табылатын қызы Бәтішті тастай қашуға оқталуы, тек кейінірек 

қана  өзін-өзі  әзер  тоқтатуы,  өзге  қаһармандық  жырлардағы-

дай, жауымен ашық айқасқа түспей, олардың қапысын тауып, 

байқаусызда  бір-бірлеп  өлтіруі,  Ермактың  жалғыз  қолына  әлі 

келмей,  дәрменсіз  күйге  түскен  сәтте  қызын  көмекке  шақы-

рып, оған итті босатуды тапсыруы, сөйтіп барып, жанын аман 

сақтап қалуы да—айтылған пікірге толық дәлел.

«Сәтбек  батыр»  жырында  халық  эпосының  өзге  нұсқала-

рын да  кездесетін  поэтикалық  қоспалар:  бас  кейіпкерді  әсі-

релей  бейнелеу,  оқиғаларды  халық  мұратына  сәйкестендіре 

әрлей  баяндау,  суреттеу  және  тағы  да  басқа  мінсіздендіру 

тәсілдері, көркемдік қиялдың нәтижелері, тағы сол сияқтылар 

байқалмауы  шығарманы  алғаш  тудырушы  да,  оны  сақтаушы-

лар  да  халық  тарихында  орын  алған  елеулі  оқиғаны  келер 

ұрпаққа ешқандай қоспасыз, болған қалпында жеткізуді мақсат 

етіп қойған деген ойға жетелейді. Соның нәтижесінде шығар ма 

көркемдік  жағынан  ойсырағанымен,  танымдық-мағлұмат тық 

жағынан ұтқан.

Томға ұсынылған жырдың мәтіні Ақылбек Сабалұлы 1909, 

1911  жылдары  Қазан  қаласында  жариялаған  кітаптардың 

негізінде дайындалды.  


372

372


373

ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР

ОРАҚТы  БАТыР

«Орақты  батыр»  жырын  орындаушы—Қалқа  Жапсарбаев, 

жинаушысы—Қапез Елікбаев. Туынды толық аяқталған, ӘӨИ-

дің Қолжазба қорында сақтаулы (237-бума, 3-дәптерде, қазіргі 

әріппен  жазылған).  Жыр  «Орақты  батыр»  деген  атпен  жеке 

кітап болып (Талдықорған, 1995) басылды, алғы сөзін жазған—

зерттеуші О.Исмайылов. 

Жырда  баяндалатын  оқиғалардың  болған  уақытын  Қалқа 

Жапсарбаев:  «он  төртінші  ғасырда»  деп  көрсетеді.  Дегенмен 

бұл жырға жалпы фольклор туындыларында, оның ішінде эпос 

үлгілерінде  жиі  байқалатын  көпқабаттылық  (полистадиаль-

ность) құбылысы тән екенін айту қажет. 

Бір ескеретін жайт—жырда Орақтының жалмауызды өлті-

ру ге қолданған тәсілі хикаялардағы батырлардың жезтыр нақ-

ты  жою  үшін  пайдаланған  амалына  ұқсайды.  Егер  хикаялар-

да  батыр  жезтырнақты  алдаусырату  үшін  бөренені  ұйықтап 

жатқан  адамға  ұқсатып  бүркеп  қойса,  Орақты  батыр  Андабай 

ұстаға  тапсырма  беріп,  ағаштан  екі  қызбен,  екі  жігіттің,  бір 

бәйбішенің мүсінін жасатады. ұста бұл мүсіндерді тірі адамнан  

ешқандай  айырмасы  жоқ  түрде  безендіріп,  киіндіріп,  оларды 

үйдің ішіне отырғызып қояды. Соларды жеу үшін келген жал-

мауызды Орақты атып өлтіреді. 

Адамның  жезтырнақпен  кездесуі  туралы  сюжет  өте  ескі 

болса да, оны көркем фольклорда пайдалану—белгілі әдіс. Хи-

каяларды  айтпағанның  өзінде,  мәселен,  «Өтеген  батыр»  жы-

рында бұл сюжет өте әдемі баяндалған.

Ал  енді  жырдың  тарихқа  қатысын  сөз  ететін  болсақ, 

мұнда  тарихтан    біршама  алшақтық  бар  екенін  байқаймыз. 

Жыршының айтуынша, «Орақты батыр» оқиғасы ХVІ ғасырда 

болған, демек, Орақты батырдың өзі де сол шақта өмір сүрген 

болып саналады. Жырдағы шындық—Жалайыр руының Сыр-

дарияны,  Шу  бойын  мекендегені.  Бұл  туралы  М.Тынышбаев: 

«Жалайыр  ордасы  Темірдің  өрлеуінің  бас  кезінде  оған  қолдау 

көрсетті,  бірақ  1370  жылы  ол  оның  қарсыластары—Дулаттар 

жаққа  өтті,  сол  үшін  оларды  Темір  талқандады  және  ыдырат-

ты... Біздің Жалайырларымыздың негізгі бөлігін Шуманақтар 

құрайды,  оларға  1370  жылы  Сырманақтардың  босқындары 



374

ТАРИХИ  ЖыРлАР

374

375


келіп  қосылды»,—деп  жазады  (Тынышбаев  М.  История  ка-

захского народа. – Алматы, 1998. – С.71).

Ал  жырдың  бас  кейіпкері  Орақты  батыр  жырда  Ескелді, 

Балпық  билерден  жас  болып  бейнеленеді.  Алайда  зерттеуші 

О.Исмаиловтың айтуынша, Орақты ХV ғасырда туған сияқты: 

«Демограф ғалымдардың есебі бойынша, әр ғасырда үш ұрпақ 

өмір сүреді. Демек, он жеті ұрпақ алты ғасырға аздап толмай тын 

мөлшерге  келеді.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  қазіргі  1998  жыл-

дан  алты  жүзге  шамалы  ғана  толмайтын  578  жылды  алып  та-

стайтын  болсақ,  1420  жыл  шығады.  Шамамен  алғанда,  бұл—

Әлшағырұлы Орақты батырдың туған мерзімі. Демек, Орақты 

батырдың  бұдан  алты  ғасыр  бұрынырақ  өмірге  келгендігі 

шындыққа  саяды»  (Әлем  тарихындағы  Жалайырлар.  –  Алма-

ты, 1999. – 323-б.).  Мұндай ойды жыршы да айтады:

Орақты жайын айтайын:

Тұрлықожа баласы.

Орақтың тапқан қонысы—

Қаратал, Көксу жағасы.

Өткеніне олардың

Бес-алты ғасыр шамасы.

Жырда  Орақтының  ақылшы  ағалары  ретінде  бейнеленетін 

Ескелді  мен  Балпық—Жалайыр  руының  ХVІІІ  ғасырдағы 

қазақ-жоңғары  соғысының  қаһармандары  әрі  көсемдері.  Ал 

жыр  кейіпкерлерінің  бірі—Андабай  ұста  да  сол  екі  бидің  за-

мандасы. Демек, бұл туындыда Жалайыр руының қазақ жерін 

мекендеген дәуірінің әртүрлі уақыттарында орын алған қоныс-

қа  орналасу,  атамекенді  басқыншылардан  қорғау  оқиғалары 

фольклордағы тарихи тұтастану мен эпикалық жинақтау тәсі-

лі арқылы топтастырылып, Орақтының, Ескелдінің және Бал-

пықтың саяси күрестерімен байланыстырыла баяндалған. 

Жырға  ел  аузында  сақталып  келген  аңыз  әңгіме  негіз 

болғанын жыршының өзі туынды соңындағы:

Осылай деп айтатын

Халқымыздың білгені.

Ел аузында айтылып,

Ертегі болып жүргені,—

деген жолдар арқылы сездірген.


374

374


375

ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР

Деректерге  қарағанда,  Қалқа  ақын  жырға  арқау  болған 

оқиғалар туралы әңгімелерді кезінде өзінің ұстазы Жолба рыс-

ұлы Бақтыбайдан естіген сияқты.

Классикалық  қаһармандық  эпос  үлгілерінде  бас  кейіпкер -

дің қарсыластары қалмақ, қызылбас, ындыс, т.с.с. тарихи жау-

лар  болып  табылатыны  белгілі.  Ал  тарихи  жырлардың  бірқа-

та рында  кейіпкерлердің  әртүрлі  құбыжықтармен  арпа лысуы 

да  бейнеленген.  Мәселен,  «Бердіқожа  батыр»,  «Өтеген  батыр» 

жырларында бас кейіпкерлердің қарсыластары адам ғана бол-

май,  айдаһар,  жезтырнақ  секілді  мифологиялық  кейіпкер  бо-

лып келеді.

Осындай үрдіс «Орақты батыр» жырынан да байқауға бола-

ды. Оған жоғарыда тоқталған Орақтының жалмауыздарды өл-

тіруі айғақ болады. Сонымен қатар жырда Орақтының айдаһар-

ды және Қожа Ахмет Яссауидың қарғысына ұшырап, адамнан 

құбыжыққа айналған, бас жағы адам, бөксе жағы ит кейпіндегі 

Ақкөбік  және  Қаракөбік  атты  жалмауыздарды  өлтіргені  де 

суреттеледі.  Бұның  сыры—сыртқы  шапқыншылықтардың 

салдарынан  ел  тәуелсіздігі  ең  бір  көкейкесті  мәселе  болып 

тұрған  уақытта,  ел  қорғаған  батырлардың  ерліктері  тура-

лы  жырлар  халықтың  рухани  сұранысқа  ие  болғандығында. 

Ал  бертініректе,  бейбітшілік  орнаған  заманда  көпшілік  эпос 

үлгілерін  тек  ғибраттық,  танымдық  қажетін  ғана  өтеу  үшін 

емес, көңіл көтеру үшін де тыңдайтын кезде жыршылар да осы-

ны ескеріп, өздері орындайтын туындыларға сейілдік мақсатта 

қиял-ғажайып оқиғаларды қосуға бейім тұратыны байқалады.

Қазақ  эпосы  үлгілерінен  жиі  байқалатын  құбылыстардың 

бірі—қазақ халқы және онымен туысқандық немесе тату көр-

шілік  қарым-қатынаста  болған  халықтардың  арасында  бол-

ған  ірілі-ұсақты  жанжалдарды  қалмақтармен  болған  әс ке ри 

қақтығыс  етіп  көрсету.  «Орақты  батыр»  жырында  да  бас  қа-

һарманның  Дүнген  деген  қалмақтың  ханы  мен  оның  қалың 

әскерін жалғыз өзі тойтарып, ойсырата жеңгені бейнеленеді.

Томға енген мәтін М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 

институтының Қолжазба қорындағы  (237-бума) түпнұсқаның 

негізінде дайындалды.



376

377


МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ ЖӘНЕ ДІНИ 

ЕСІМДЕР


Аппақ  қожа    (лақап  аты—«Һидаятулла»)—ХVІІ  ғасырда 

Шығыс  Түркістанда  өмір  сүрген  қожа,  ишандардың  ірі  өкіл-

дерінің бірі. Аса күрделі тарихи тұлға. Ата-бабалары «қылыш 

қожалар»  әулетінен  тарайды.  Өз  әкесі  Мұхаммед  Юсуф  деген 

адам—Орта  Азияда  өмір  сүріп,  ислам  әлемінде  «Ағзам»  деген 

дәрежеге жеткен ғұлама Махтұм Ағзамның ұрпағы. Мұхаммед 

Юсуфтің өзі де оқымысты, сопылық жолын ұстаған адам.

Аппақ қожа 1626 жылы Шығыс Түркістанның Құмыл деген 

жерінде  дүниеге  келіп,  1694  жылы  68  жасында  Қашқария да 

дүниеден өтеді. Ол 1630-40 жылдары әкесінен сопылықты үй-

реніп, Қашқарияда жұрт таныған сопылық дәрежесіне жете ді. 

1644 жылы әкесі өлгеннен кейін оның орнын иелеп, өзін «Пір» 

деп жариялайды. 1635 жылдан 1677 жылға дейін 42 жыл өмірін 

Құмыл, Тұрпан, Қарашаһар, Күшар, Ақсу, Қашқар, Жаркент, 

Үштұрпан, Яңасар, Сыртқол, Бадахшан (Ауғанстан), Кашмир, 

Касан, Ферғана, Іле, Ражидан (Жамму) сияқты жерлерде мазар-

ларды аралап, имандық, сопылық жолында жүріп, уағыз айтып 

көптеген мұсылмандарды сопылыққа тартып, мүрит топтаумен 

(жинау) өткізген. Мазарларға зиярат етіп жүріп олардың ішінен 

бірнешеуін  таңдап  алып,  қалпына  келтіріп  жөндетеді.  Мыса-

лы, Қашқарда «Хан қожа ордасы», Жаркентте «Алтындарым» 

(Алтын  мазары),  Тұрпанда  «Асхабул-Каһаб»,  Күшарда  «Мау-

лана  Аршидин  Уалиолла»,  Ақсуда  «Құрмыш  ата»  сияқты  ма-

зарларды қайта қалпына келтіріп, бұл орындарды сопылықты 

уағыздайтын орталықтарға айналдырған.

Аппақ қожа заманында сопылық ағым осылайша таралып, 

дамып барып, ақырында өз ішінен «Ақ таулық», «Қара таулық» 


376

377


ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР

деген  бір-біріне  қарама  қарсы  екі  топқа  бөлініп  кетеді.  Аппақ 

қожа жағындағы қожа-сопылар «ақтаулықтар», Әбейдолла қо-

жа жағындағы сопылар «қаратаулықтар» болады. «Ақтаулық-

тар»  бастарына  ақ  тақия,  «қаратаулықтар»  бастарына  қара 

тақия кию арқылы өзгешеленген. Бұл түсті тақиялар олардың 

топтарының  белгісі  болып  есептелген.  Осы  белгілер  арқылы 

оңтүстік Тянь-Шань өңіріндегі ұйғырлар, мәселен, Қашқардан 

бастап Тұрпанға дейінгі жердегілері «ақтаулықтар», Жаркент-

тен Қотанға дейінгі жерлердегілер «қаратаулықтар» болып екі 

жаққа бөлінген.

Мұның  аяғы  қарулы  қақтығыстарға  дейін  апарып,  қан  тө-

гілген. Осы діни қақтығыстар өз аясынан шығып, сол заман ның 

әлеуметтік, саяси өміріне әсер етіп, билік жолындағы тақталас 

күресіне  ұласқан.  Осы  күресте  өз  ықпалының  күшін  мығым 

екенін  сезінген  Аппақ  қожа  жоңғар  ақсүйектерінің  көмегіне 

сүйене  отырып,  1678  жылы  165  жылға  созылған  (1514-1679) 

Жаркент  хандығының  соңғы  ханы  Смайыл  ханды  тақ  тан 

құлатып, оның орнына өзі хан болады. 

Аппақ қожа хан тағына отырған соң, өзі ұстанған сопылық 

ағымды мемлекеттің діні әрі заңы ретінде қолданған. Айнала-

сына  300  мыңдай  мүрит  топтап,  осылар  арқылы  сопылық  жо-

лын  күллі  ұйғыр  халқының  арасына  және  Орта  Азия  мұсыл-

ман да ры арасына таратып, орындауды уағыздаған.

Аппақ қожаға 1694 жылы өзінің туыстары у беріп өлтіре ді. 

Ол хан тағында 16 жыл отырды.  



Әліайдар  Әзірет Әлидің есімі. Оспаннан кейін билік басы-

на  келген  төртінші  әділетті  халифа.    Хазірет  Әли—Мұхаммед 

пайғамбардың немере інісі әрі оның Фатима атты қызын алған 

күйеу  баласы.  Мұсылман  елдерінің  ауыз  әдебиетінде  Әли—

орасан,  алып  күш  иесі.  Жаулары  Әлидің  айғайынан-ақ  өліп, 

талып  қалатын  болыпты-мыс.  Фольклорлық  туындыларда 

оның  зұлпықар,  қамқам,  самсам  деген  үш  қылышы  болғаны 

айтылады.  Әлидің  есімі  көптеген  шығыс  шығармаларында, 

оның ішінде діни дастандарда жиі ұшырасады. Әдетте, Хазірет 

Әли  сол  дастандардың  басты  кейіпкері,  жеңілмейтін  батыр, 

халықтың  қамқоршысы,  мұсылмандардың  қорғаны,  бетке 

ұстар  қаһарманы  ретінде  көрінеді.  Дастандарда  Әли  өткен  за-

мандарда атақты Рүстемнің өзі жеңе алмаған жауларды жең ген 

деп дәріптелген.



378

ТАРИХИ  ЖыРлАР

378

379


Хазірет  Әлидің  атына  «Шаһимардан»,  «Қайдар»,  «Арыс-

лан»,  «Шері»,  «Мұртаза»  сияқты  бірнеше  балама  есімдер 

тіркесіп  отырады.  Әлидің  астындағы  аты  Дүлдүл  де  ауыз 

әдебиеті  үлгілерінде  кең  тараған  ұшқыр,  жүйрік,  ақылды 

тұлпардың нышанына айналған.

Әли  ұрпақтары  мен  оның  жақтаушылары  кейін  шииттік 

ағымның  көсемдеріне  айналды.  Олардың  ұрпақтары  қазіргі 

Иран,  Ирак  және  Орта  Азияның  кейбір  аймақтарында  өмір 

сүреді.

Балпық  Дербісәліұлы  (1705-1780)  —  би,  батыр.  Әкесі  мол 

дәулетімен атағы шыққан бай, анасының есімі—Ақбалық. Сөз 

бастаған  шешен,  қол  бастаған  батыр  ретінде  Балпықтың  аты 

Ескелді бимен қатар айтылған, екеуін халық «егіз би» деп атаған. 

Балпық  жоңғар  шапқыншылығы  кезінде  өзінің  аға  достары 

Ескелді,  Қабан  жыраумен  бірге  Іле  мен  Қаратал  арасындағы 

жалайыр,  оған  көршілес  найман,  суан,  ысты  руларының 

біраз  бөлігін  шабуыл  өтінен  дер  кезінде  әкетіп,  қырылып  ке-

туден  сақтады.  Хантау  мен  Қаратаудан  әрі  асып,  Сыр  бойын-

да  тұрақтаған  соң,  бірқатар  жорықтарды  басынан  кешірді. 

Аңырқай шайқасына, Аягөз бойындағы Таскескен мен бүгінгі 

Текелі  қаласы  маңындағы  соғыстарға  қатысқан.  Әділ  сұлтан 

ара  ағайындығымен  жалайыр  мен  жаныс  руларын  табыстыр-

ған.  Балпықтың  ұлы  Тіленші  де  беделді  би  болған.  Әкелі-

балалы  билердің  еліне  сіңірген  қызметі  туралы  Ш.Уәлиханов 

жазған,  Сүйінбай,  Жамбыл,  Бақтыбай,  Сара  Тастамбекқызы 

т.б. ақындар жыр еткен. Зираты Үштөбе қаласының түбінде.       

Бәйдібек Қарашаұлы (шамамен VI-VII ғасырлар тоғы сында 

өмір  сүрген)—қазақ  халқын  құраған  тайпалардың  аумақтық 

және  этникалық  тұтастығын  қалыптастыру  жолында  көп  ең-

бек сіңірген тарихи тұлға. Шежіре бойынша, ұлы жүздің Үйсін 

бірлестігі  құрамындағы  албан,  суан,  дулат,  са ры үйсін,  шапы-

рашты,  ысты,  ошақты  тайпаларының  түп  атасы.  Бәйдібек-

тің  есімі  жазба  деректерге  аз  кездескенімен,  халық  жадында 

жақсы  сақталған.  Ол  дәулеті  шалқыған  байлығымен,  ұлысты 

басқарған  парасаттылығымен  белгілі.  Жетісуды,  Арыс  өзені-

нің  алабын,  Ташкент  пен  Қаратау  өлкелерін  жайлаған  елді 

басқарған.  Мұхаммед  Хайдар  Дулат  (1499-1551)  «Тарих-и  Ра-

шиди»  атты  тарихнамасында  өзінің  он  екінші  атасы  Майқы 

би (XII-XIII ғасырлар) Шыңғыс ханның орда биі болып, дүйім 



378

378


379

ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР

елді басқарғанын жазған. Ал осы елге бірінші болып билік жүр-

гіз ген арғы бабасы Бәйдібек екенін, одан бері қарай «...бұл ел 

атадан атаға, ғасырдан ғасырға, баладан балаға мирас болып», 

елдің  билігі  өзінің  аталарына  өткеніне  байланысты  дәлелдер 

келтірген. Бірақ Бәйдібек бидің әкесі Қараша (шамамен 530-604) 

жайлы Қытай жылнамасында жазылып, билік жүргіз ген жыл-

дары  нақты  көрсетілген.  Осы  деректер  Бәйдібектің  VI-VII  ға-

сырларда өмір сүргенін дәлелдейді. Халық жадындағы көп де-

ректер  Бәйдібектің  жеке  өміріне  байланысты.  Оның  үш  әйелі 

болған.  Бірінші  әйелі  Сары  бәйбіше  Байтоқты  атты  ұл  туып, 

одан Түргеш (Сарыүйсін) дүниеге келеді. Екінші әйелі Зеріптен 

туған  Жалмамбеттен  Шапырашты,  Ошақты,  ысты  өрбиді. 

Үшінші  әйелі  әулие  Домалақ  ана  деген  атпен  белгілі  Нұрила-

дан  Тілеуберді  (ел  арасында  Жарықшақ  немесе  Жарықбас), 

одан Албан, Суан, Дулат тараған. Бәйдібек бидің осы немере ле-

рі 7-ғасырдан мемлекет басқарып, ел билеп, қазіргі өздері аттас 

тайпаларды  қалыптастырды.  Басқыншылармен  бір  шайқаста 

Бәйдібектің  Сары  бәйбішесінен  туған  алты  ұлы  қаза  тапқан. 

Шығыс  Қаратаудағы  Қошқарата  өзенінің  бойында  «Алты  Са-

рыбейіті»  деген  киелі  жер  қалған.  Бәйдібек  сүйегі  Балабөген 

өзенінің жағасында жерленген. 1998 жылы Бәйдібектің Қара-

хан  дәуірі  үлгісіндегі  бұрынғы  кесенесінің  орнына  Бәйдібек 

және  Қасиетті  бес  ана  тарихи  ескерткіш  кешені  жаңадан  са-

лынды.  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  бұрынғы  Алғабас  ау-

данына Бәйдібек есімі берілді.

Домалақ ана (Нұрила) (шамамен VI-VII ғ.ғ.)  тарихи тұлға, 

халықтық  шежіреде  ұлы  жүз  бірлестігіндегі  кейбір  рулардың 

түп  анасы,  абызы  ретінде  баяндалады.  Аңыздарда  Домалақ 

ана—түркістандық  Мақтым  Ағзам  қожаның  немересі.  Әкесі-

нің  есімі—Әли  Сылан,  анасының  есімі—Нұрбике.  Бәйдібек 

биге  тұрмысқа  шығып,  ақылдылығымен,  даналығымен,  таза-

лығымен  елге  аты  шығады.  Тағы  бір  аңыз  бойынша,  түп  тегі 

түрікпен  Қара  Хайдар  Домалақ  ананың  даналығына  тәнті  бо-

лып, «Диһнат мама» (парс.—Әулие ана) деп атапты-мыс. Уақыт 

өте  келе  тілдің  дыбыстау  заңдылығына  орай,  өзгерістерге 

ұшырап,  «Домалақ  анаға»  айналған.  Домалақ  ана  ел  арасын-

дағы  ушыққан  дау,  асқынған  араздықтың  бейбіт  шешімін  та-

буға да өз үлесін қосып отырған. Ел билеген азаматтардың өзі 

кейбір  келелі  мәселелерді  шешерде  Домалақ  анамен  кеңесіп 



380

ТАРИХИ  ЖыРлАР

380

381


отырған.  Домалақ  анадан  тараған  ұрпақтарының  бәрі  де  бі-

ліммен, ақылымен көзге түсіп, ел билеген.    



Ермак Тимофеевич (т.ж. белгісіз—1585)—қазақ-орыс ата-

маны,  Көшімнің  Сібір  хандығын  күйреткен  Сібір  жорығын 

басқарушы. Кім екені, ата тегі, фамилиясы белгісіз. Строганов-

тар  Обь  пен  Ертіс  бойындағы  өз  иеліктерін  Сібір  хандығынан 

қорғау үшін 1577 жылы Ермак отрядын шақырған.

Ермак  1579  жылдың  маусым  айында  (1581  жылы  бо-

луы  да  мүмкін)  1650  адаммен  жорыққа  аттанып,  Сібір  хан-

дығының  орта  шеніне  жетеді.  Тобылдың  жағасында  Көшім 

әскерін  талқандап,  1582  жылы  Сібір  хандығының  орталығы 

Қашлықты  басып  алды.  Сібір  хандығы  құлағанмен,  бірақ 

Көшімнің қолында зор әскери күш сақталып қалды. Ермак от-

ряды  Тура,  Тавда,  Тобыл,  Ертіс  алқабындағы  ханты,  мансы, 

татар,  башқұрттарды  Россияға  қаратты.  1585  жылдың  тамы-

зына қараған түнде Ермак 150 жасақшысымен Ертістің Вагай-

мен  қосылар  жерінде  Көшімнің  тұтқиылдан  соққан  шабуы-

лына  ұшырады.  Отряды  талқандалып,  қашпақ  болған  Ермак 

Ертіс өзеніне кетіп өлді.

Ескелді  би  Жылгелдіұлы  (1692  ж.ш.–1780)—би,  шешен, 

қолбасшы,  Төле  бидің  ұланбике  атты  қызынан  туған  жиен 

немересі.  Жалайыр  тайпасының  Сиыршы  руынан  шыққан. 

Ескелді  би  «Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл  сұлама»  жылда-

ры  Тұрлымбет  Бекенұлы,  Жайнақ,  Тәттібай  мерген,  Малта-

бар,  Құлжан  сияқты  батырларды  өз  маңына  жинап,  жоңғар 

шапқыншылығына  қарсы  қанды  шайқастарда  қаһармандық 

көрсетті.  Кейін  Ескелді  би  бастаған  жалайыр  қолы  Аңырақай 

шайқасына,  Аягөз,  Таскескен  мен  қазіргі  Текелі  қаласынан 

әрідегі Жолбарыс сайы, Балдырғанды, Қызқұлаған деген жер-

лерде  өткен  шайқастарға  қатысып,  қазақ  жерін  жаудан  азат 

етуге  елеулі  үлес  қосты.  Халық  арасында  «Ескелді  би  айтты» 

деген  ұлағатты  сөздер  кең  таралып,  ол  жөнінде  Қабан  жы-

рау,  Бақтыбай  Жолбарысұлы,  Сара  Тастамбекқызы  т.б.  жыр 

толғаған.    

Есім  хан.  Еңсегей  бойлы  ер  Есім  (т.  ж.  б.–1645)—Қазақ 

Ордасының  ханы  (1598-1645),  Шығай  сұлтанның  ұлы.  Қа-

зақ  хандығының  астанасы  Түркістан  қаласында  тұрып,  би-

лік  жүргізген.  Сұлтан  кезінде-ақ  ағасы  Тәуекел  ханмен  бірге 

Түркістаннан  Самарқандқа  дейінгі  жерді  Қазақ  хандығы  құ-


380

380


381

ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР

рамына  қосқан.  20  мың  әскерімен  өзі  Самарқандта  қалып, 

ағасы  Тәуекел  80  мыңдай  әскермен  Бұхараға  аттанды.  Бірақ 

жеңіске  жете  алмады.  1598  жылы  Тәуекел  қайтыс  болған 

соң,  хан  тағына  отырды.  1599  жылы  Бұхар  хандығымен 

шарт  жасасып,  Ташкент  қаласы  мен  оның  айналасын  Қазақ 

хандығына  қосып  алды.  Осыдан  бастап  Ташкент  екі  ғасыр 

бойы  Қазақ  хандығы  билігінде  болды.  ХVІІ  ғасырдың  басын-

да  Тәшкентті  билеуші  Тұрсын  мен  Есім  хандар  арасында 

билік  үшін  күрес  шиеленісе  түсті.  Тұрсыннан  жеңілген  Есім 

хан  Шығыс  Түркістан  билеушісі  Абд  әр-Рахымның  ордасына 

кетеді. (Кейбір зерттеулерде Есім хан Шығыс Түркістанға Абд 

әр-Рахым ханның тілегі бойынша барған деп көрсетіледі). Абд 

әр-Рахым ханның қызы Падшаһ аруға үйленеді. Абд әр-Рахым 

Есім  ханның  ағасы  (кейбір  деректерде  інісі)  Күшік  сұлтан-

ның  қызын  алады.  Бұл  кезде  Шығыс  Түркістан  хандығы ның 

ішкі саяси жағдайы шиеленісіп, өзара талас-тартыстар күшей-

ген еді. Есім хан Абд әр-Рахым ханмен біріге отырып, Шығыс 

Түркістандағы  көптеген  қалаларды  қайтадан  хан  билігіне 

бағындырады.  Сөйтіп,  Шығыс  Түркістан  хандығының  Абд 

әр-Рахым  хан  төңірегіне  топтасуына  жәрдемдеседі.  Осы  тұста 

билікке  таласқан  өз  ағаларынан  қуғын  көріп,  қашып  жүрген 

Әбілғазы  Баһадүр  Есім  ханды  паналап,  оның  қолында  үш  ай-

дай  тұрады.  Шығыс  Түркістан  хандығына  арқа  сүйеген  Есім 

хан 1628 жылы Тұрсынды өлтіріп, Қазақ хандығының билігін 

қайтадан  толық  өз  қолына  алып,  бір  орталыққа  бағынған  ірі 

мемлекет құрды. Есім хан ойрат қалмақтарымен күресте ерлік 

пен  батылдықтың  өнегесін  көрсетіп,  «Еңсегей  бойлы  ер  Есім» 

атанды. Есім ханның қалмақтар мен Тұрсынға қарсы күресінде 

Қарасай,  Алатау,  Жалаңтөс,  Жарылқамыс,  Сүлеймен,  Маян-

бай, Жиембет т.б. батырлар ерлігімен көзге түсті. Жиембеттің 

«Уа, Еңсегей бойлы Ер Есім» деп басталатын жыры осы кезеңге 

туған.  Қалмақтарға  қарсы  күресте  Есім  хан  Батыс  Қазақстан 

жеріндегі  ноғайлармен  арадағы  қарым-қатынасты  күшейтті, 

қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды. Есім ханға ар-

нап  қырғыз  жеріндегі  Кеңсай  шатқалында  ескерткіш  салын-

са,  ол  Тәшкентте  қырғыз  Көкім  биге  күмбез  орнатқан.  Есім 

хан билігі тұсында Қазақ хандығының әскери қуаты күшейіп, 

300-400  мыңға  дейін  атты  әскер  топтастыра  алған.  Ал  бұл 

кезде  көршілес  үлкен  мемлекеттер  Иран  50-60  мың,  Ресей 


382

ТАРИХИ  ЖыРлАР

382

383


70—80  мың,  Қытай  100  мыңдай  ғана  атты  әскер  шығарған. 

Есім  хан  Жетісу  жеріндегі  Қазақ  хандығының  ықпалын 

күшейту мақсатында Шығыс Түркістанмен саяси байланысын 

жақсартты. Ел билеудегі жол-жобалар мен әдет-ғұрыптар тура-

лы ережелер жинағы—«Есім ханның ескі жолы» қазақ елінде 

ХVІІ—ХІХ  ғасырлар  ортасына  дейін  сақталып,  қызмет  етті. 

Ресей деректерінде Есім ханның тұсында қазақ халқы ара сын-

да ғы  жеті  атаға  дейін  некеге  тұрмау  тәртібі  заңдастырылғаны 

ту ра лы  айтылады.  Ол  қазақ  халқының  ата  салтының  сақта-

луы на ерекше мән беріп, Қазақ Ордасының бірлігін нығай тып, 

шека ра сын кеңейтуге үлкен үлес қосты. Есім хан Түркістанда 

жерленіп, қабірінің басына кесене орнатылған.



Жамшит—ежелгі  Иранның  есімі  аңызға  айналған  пат-

шасы.  Аңыз  бойынша,  700  жыл  билік  еткен  Жәмшит  шарап 

іш кен  ыдысынан  немесе  сиқырлы  шам  арқылы  бүкіл  дүние 

тіршілі  гін көріп отыратын болған.



Майқы  би    (Байқы,  Байки,  Байқу  т.–ө.  ж.  б.)—ежелгі  қа-

зақ  қоғамында  аңызға  айналған  тарихи  тұлға,  атақты  би,  ше-

шен.  Әділ  билігімен,  шешендік  сөз  өнерімен  түркі  халықтары 

арасында  кең  тараған.  Шежірелерде  Майқы  би  деген  атпен 

өмір сүрген бірнеше тұлға кездеседі. Кейбір зерттеушілер оны 

б.з.б.  Үйсін  мемлекетінің  билеушілерінің  бірі  деп  есептейді. 

Ол Майқы би Мәнұлы деген атпен б.з.б. 178-89 ж. өмір сүрген 

және  аңыз  бойынша  би  атанған  тұңғыш  адам.  Шежірелерде 

кездесетін  екінші  Майқы  би  Төбейұлы  (шамамен  1105-1225) 

Шыңғысханның  замандасы  әрі  оны  хан  көтерген  12  бидің 

ішінде болған. Парсы тарихшысы Рашид әд-Диннің «Жамиғ ат-

тауарих»  атты  шығармасында  (қошындық  Байку  деген  атпен) 

Майқы бидің Шыңғысханның ел басқару ісіне көмектесетін оң 

қолы,  ақылшысы,  бас  биі  болғаны,  ХІІІ  ғасырда  Жошы  хан-

ның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің оң қанатын 

басқарғаны  айтылды.  Осы  дерек  моңғол  жылнамасы  «Алтын 

тобчида»  да  бар.  Кейбір  халық  аңыздарында  Майқы  би  Ор-

манбет  би  өліп,  он  сан  ноғайлы  ел  бүлінгенде  қазақ  ұлысын 

құрған және қазақтың үш жүзіне таңба үлестіріп берген абыз-

би болғандығы айтылады. Жалпы, Майқы би есімі қазақтардың 

шығу  тегі  жөніндегі  көптеген  аңыздарда  жиі  кездеседі  жә не 

Дешті Қыпшақта түркі қауымдарының негізін құрушы ре тін де 

ұдайы айтылады. Шежіре деректері бойынша, Ақарыстан (ұлы 


382

382


383

ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР

жүздің арғы атасы) ұзынсақал ыбырайым, одан Кейкі би, одан 

Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Кейбір 

шежірешілер  Майқы  биді  барша  үйсіннің  бабасы  етіп,  ұлы 

жүздің шежіресін содан таратады. Халықтың әдет-ғұрып, сал-

тын, жол-жоралғысын заңға айналдырып, қоғамдық қару етуде 

Майқы бидің алатын орны ерекше. Халық арасында кең тара-

ған «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы—Майқы би» деген мақал 

бар. Майқы би түркі халықтары әлі бөлінбей тұрған кезде өмір 

сүрген әрі әділдігімен, шешендігімен аты көп айтылғандық тан 

жалпытүркілік қайраткер дәрежесіне көтерілген. 



Орақты (XV ғасырда өмір сүрген)—қол бастаған батыр. Ке-

рей және Жәнібек хандарының тұстасы. 1465 жылы шаңырақ 

көтерген  Қазақ  хандығының  нығаюына  үлкен  үлес  қосқан. 

Ойрат  басқыншыларына  қарсы  шайқаста  ерлік  көрсеткен. 

Тегі  Жалайыр  руынан  шыққан.  Халық  ақыны  Қ.Жапсарбаев 

«Орақты  батыр»  атты  дастан  (1962),  жазушы  О.Исмаилов  по-

весть жазды. Батыр жерленген шоқы бұрыннан «Орақты төбе» 

деп аталады.



Төле би Әлібекұлы (1663-1756)—дәстүрлі қазақ қоғамы  ның 

қайраткері, атақты шешен, ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» 

заңын  шығарушылардың  бірі.  Төле  би—Дулат  тайпасының 

Жаныс руынан. Тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін 

бай  да,  би  де  шықпаған,  олар  «қарашоғыр»  атанған  қара  ша-

руа болған. Төле би—оқыған, сауатты, жастайынан халқы ның 

ақындық-шешендік  өнерінен  тәлім  алған  адам.  Ол  15-20  жа-

сында  билікке  араласып,  әділдігімен,  шешендігімен  елге  та-

нылды. Ол кезде қазақ пен жоңғар хандықтары ұдайы жаула-

суда еді. Тәуке ханнан кейін Төле би ұлы жүзді билеп, жоңғар 

басқыншыларына уақытша тәуелді болып, соның белгісі ретінде 

алым-салық  төлеп  тұрған.  Төле  би  Орта  жүздің  биі  Қазыбек 

Келдібекұлымен,  Кіші  жүздің  биі  Әйтеке  Бәйбекұлымен  бірге 

әз-Тәукенің  басты  кеңесшісі  болды.  Тәукенің  Түркістан  қала-

сын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағынды-

ру ға,  сөйтіп,  бірегей  қазақ  хандығын  нығайтуға,  жоңғар-

ойрат  шапқыншыларына  қарсы  бауырлас  қазақ,  қарақалпақ, 

қырғыз және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құ ру-

ға бағытталған шараларын жүзеге асыруға қатысады. Ол Ресей 

мен ұлы жүз арасындағы қарым-қатынастарды қалып тас  ты  ру-

ға  және  оны  нығайтуға  көп  еңбек  сіңірді.  Төле  би  1749  жы лы 


384

ТАРИХИ  ЖыРлАР

Орынбор  губернаторы  И.И.Неплюевке  жиені  Айтбай  бастаған 

елшілік жіберді. Неплюев Төле биге жолдаған жауап хатында 

(1749 ж. 26 қыркүйек) оның Ресейге қосылу ниетін қолдап, екі 

елдің арасындағы сауда-саттық байланыстарын дамытуға күш 

салуын өтінген. Ол Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек батырлармен 

бірыңғай  халық  майданын  құрып,  азаттық  күресін  басқарып, 

қазақ  жерін  жоңғар  басқыншыларынан  азат  етуге  басшылық 

етті.  Ел  аузында  Төле  би  туралы  көптеген  тарихи  аңыздар 

сақталған.  Оның  атымен  байланысты  толып  жатқан  нақыл, 

мәтел  сөздер,  билік  кесімдер  халық  арасында  кең  тараған. 

Төле бидің денесі өзі 12 жыл бойы билеген Ташкент қаласына, 

Бабырдың нағашы атасы Жүніс ханның жанына қойып, үлкен 

ескерткіш орнатылған. Оңтүстік Қазақстан облысында Төле би 

есімі берілген аудан бар. 



384

СӨЗДІК


*

Адиса  (хадиса)  /а/—оқиға,  кездейсоқ  болатын  құбы лыс-

тар


Азада /а/—бос, еркін

Аркан /п/—тіреу, діңгек

Аси (ғасый)—күнәкар

Асы жапы (ғаси жапи) /а/—күнәкар, қатыгез

Атас парас (Аташпараст) /п/—отқа табыну  

Аумат—бағы жану, жолы болу

Әдиса /а/—кездейсоқ туылған оқиға

Әдия (хадия) /а/—сый, сыйлық

Әзіз, ғазиз /а/—құдіретті, қымбатты, даңқты, ұлы

Әрдам /п/—әр қилы, жан-жаққа, әр жаққа, сан саққа

Әрдәм қиял—қиялдану, ойға кету, әртүрлі ойларға шому

Бадалы /а/—бодауы,қайырымы, орнын толтыру, баспа-бас 

айырбастау



Бадарына—төңірегіне, маңайына

Баж /п/—салық, аламан-салық

Бажын—төлем алу

Базыға—кейбіреуіне

Байтақ /п/—пайтақ, орталық, астана

Бандіңкен—ұстаудан

Бант (Банд) /п/—байланыс, дәнекер

Башарат /а/—адам, адамзат

Башырат /а/—хош хабар

Бәдалі—беделі, абыройы

*

 Басқа тілдерден енген сөздердің бірнеше мағынасы болуы мүмкін, сондықтан 



мәтін мазмұнына байланысты беріп тұрған мағынасын ғана сөз етеміз

25-0273


386

ТАРИХИ  ЖыРлАР

386

387


Бәшәрт—жәрдем, жақсылық жасау

Бей абсир—абыройсыз, әбүйірсіз 

Бей сарамжал /п/—бейғам, қамсыз

Бузрук—үлкен, ұлы адамдар

Бұқтырма—стратегиялық жер 

Бір пасаң—бір шақырым 

Гүләні—өз заманында онда қару-жарақтың даңқы шыққан

Ғазат /а/—қасиетті

Ғазат—соғыс, қасиетті соғыс

Ғар /п/—үңгір

Ғибадат /а/—табыну, бас ұру, құлшылық ету

Дарамат, дарамад /п/—пайда, табыс, кіріс

Дас беру—төтеп беру 

Дауамат /а/—жалғасы, үздіксіз, дайым

Диқат /а/—көңіл аулау, назар салу, көңіл бөлу

Дүрри гауһар—дүр гауһар, гауһар шашты

Діқат—көңіл бөлу, абайлау, назар салу 

Жаби (жафи)—қатыгез, мейірімсіз

Жаллат /а/—жендет, баскесер

Жам /п/—ыдыс, тостаған (шарбат ішетін)

Жамал /а/—көрік, дидар, келбет, сұлулық

Жамғарып—жинау, басқару мағынасында

Жамдады—жинақтады, орнына келтірді

Жамдарың—бәрің, барлығың

Жамына—есіне, жадына

Жанабыңа—құрметіңе деген мағынада

Жанат көлем—сәуле берем 

Жасад /а/—өлі дене, сүйек, мәйіт

Жәседің /а/—мәйіт, өлік

Жеті ықылым /п/—жеті қат әлем

Жомшы—Сартоқты

Жорғауында—маңайында,төңірегінде 

Жүсі деп—пәле деген мағнада

Зайыр—тегінде, әсілінде, түбінде

Зақымет—зақым, зиян

Зарпы—зары

Заһар—у, улы зат

Зина /а/—нәсіпқұмарлық, жыныстық қатынас

Зина қып—нәпсіқұмарлыққа салыну

386

386


387

ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР



Зілінде—негізінен, түбінде

Има /а/—ишара, тұспал, ым, ымдау

Испаһанлы  қылыш—Исфахан  Ирандағы  қаланың  аты. 

Өз  заманында  ол  қалада  жасалған  қару-жарақтардың  даңқы 

шыққан.  «Испаһанлы  қылыш»  Исфаханда  жасалған  болат 

қылыш деген сөз.



Кадран /п/—құрметті, сыйлы

Карам—қасиетті

Кауір—кәпір, дінсіз мағынасында

Келме  айтып—кәлима  айтып,  иман  келтіру  деген  ма ғы-

нада 


Керік—зарапа (жираф)

Көксіме—көкірегім деген мағынада

Күсәмет—араздық

Қабағат—шұғыл, зәру, өте тығыз, істер

Қабақат—қабағат, шұғыл

Қайыл (хайыл)—мойындау, көну

Қайыл боп /а/—мойындау, тану, мойын ұсыну

Қалендер—бағынып, бағынышты, кезбе, деруіш, қайыршы

Қараж (хараж)—шығу, сыртқа шығу 

Қарап, хараб /а/—білдіру, қирату, бұзу

Қилан—төлеуші

Қопал—епсіз, ебедейсіз

Қорымал—қормал, ие болу, тірек болу

Қошан—қосын, жасақ

Құрбасы, құрбашы—мансап аты, топ басы, қолбасы мағы-

насында


Құрсан боп (хурсанд) /п/—көңілді, қуанышты

Құрсандықпен, хұрсанд—ризалық сезіммен

Құшнаш—бақсы-балгер, емші

Қыраж, хираж /а/—сырты, сыртқы

Лат /а. п./—исламға дейін Қағбада тұрған буттақ аты; та-

қыр, кедей, аш-жалаңаш



Лат-Манат—қалмақтардың табынатын иесі, құдайы

Мабада —алда-жалда, егерде, кей кезде  

Малайк /а/—періштелер

Маламат /а/—айыптау, кінәлау, сөгу, мін тағу, ұрысу

Манжур—халықтың аты (манжурлар)

Манзур—мақұл болу, мақұлдау

388

ТАРИХИ  ЖыРлАР

388

389


Мустажаб  /а/—мұсылмандық  шарттың  бір  түрі;  қабыл-

дан ған, бекітілген деген мағынада



Мустынсап дұға—дуагөй, әулие

Мұдам—ой, арман, мақсат

Мұстажан дұға—дұғагөй, әулие 

Мүкамбал, мукаммал /а/—кемелденген, жетілген, үлкен

Мүкаммалын—жиһаздар, мүліктер

Мінәсар, миасар /а/—қолы жету

Нағыра /а/—айғайлау, бақыру, өкіріп жылау

Най үміт—үмітсіз, күдер үзу

Найыб /а/—орынбасар, екінші адам

Наланы—қайғыны, зарды

Нам /п/—аты, аталуы, есімі

Нама /п/—хат, арнау, шығарма

Насыраны жойт—ислам дініне сенбейтін қауым

Наһан /п/—дәу, үлкен, ірі ,алып

Наһлнсіген—күпсінген

Нәмі—аты

Өтен—отан мағынасында

Пада /п/—табын, мал (ірі қара) табыны

Пайлады—байқады, сезді, білді, аңғарды

Пайтахт /п/—астана, орталық

Пал қылып—ойлау, бал ашу, қиялдану

Памдат, бамдат—ақшам намазы

Панайында—панасында, паналау мағынасында

Парсаң /п/—қашықтық өлшемі, шақырым

Пасейер—соңында, аяғында

Пәнт, панд /п/—ақыл, кеңес, өсиет, уағыз

Пәс етем—төмендетем

Пәйті /п/—орайы, ыңғайы

Пешене—маңдай

Пешенеден—маңдайдан

Рауа /п/—арманына жету, қажеті орындалу

Рауаж /а/—дамыды, өсті, таралу, өсу, кеңею

Рауға—қолайлы

Рәббім /а/—жаратушы ием

Реңдер—жақсылар, ұлы адамдар деген мағынада

Сағымнан пайда болған—ескі уақыттан қалған халық аңы-

зында  Шыңғыс  хан  сағымнан  тумай,  күннің  нұрынан  жарал-



388

388


389

ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР

ды. Қария сөздің айтуынша, Аланқуа ерсіз күнмен шағылы сып 

одан Шыңғыс туады. 



Садда /п/—қарапайым, аңқау, жабық, бөгет, тоспа, қа быр ға

Сам—самиттер

Сана /а/—жыл

Сарамжалап—айырып, талдап 

Саргерделер—сардарлар, әскер басы

Сарпай—шапан жауып, тон кигізу

Сәп—назар аудару

Сүбісадық (субухсадық) /а/—таң, таң шапағы, рауан

Сүдігер—жыртылған жер

Сүйір халқы—Сирия халқы

Табым бар—көңіл күйі жақсы деген мағынада

Тағын—тағы да

Тақсымы /а/—бөлісі, үлесі

Тас үй—қыш үй

Тасыманда—тастақ жерде

Тәсір қылды—әсер берді, әсер етті

Тәсіс қып /а/—құру, жасау

Тұғыл—тұқыл, түбір

Тұтасы—жағасы

Тылсымат /а/—тылсым, сыр, құпия

Тіллә /п/—ділда, алтын ақша, алтын

Уажіб /а/—міндет

Үзірі  (хұзыр)—құзыр,  құзырында  болу,  алдында  болу, 

қабылдауында болу



Үстіні /п/—тіреу, діңгек

Хам /п/—шикі, піспеген

Хараб қып /а/—ойрандау, жою, бүлдіру

Харам—арам, тыйым салынған 

Шамғарып  /а/—екі  сөзден  құралған.  Шам—Дамаск,  ға-

рып—батыс 



Шәнінен—атақ-абыройы

Ширындік—әдеппен жұмсақтықпен 

Шоры—күң мағынасында

Шумалдай /а/—құмырсқадай, құмырсқа сияқты 

Шымал, шимал /а/—солтүстік

390

391


ЖЕР-СУ АТАУлАРы

Ақсу—Оңтүстік  Қазақстан  облысының  Төле  би,  Сайрам 

аудандары  жерімен  ағып  өтетін  өзен.  Сырдария  өзенінің  ала-

бындағы  Арыс  өзенінің  сол  жақ  саласы.  Талас  Алатауы ның 

солтүстік беткейіндегі Мұздықтан бастау алады. Жоғарғы ағы-

сында  аңғары  тар  шатқалды,  тік  жарлы,  бұралаң  келеді.  Не-

гізінен  мұздықтар  мен  қар  суымен  толығады.  Суы  бау-бақ ша, 

егістік суаруға пайдаланылады. Өзеннің жоғарғы ағысы бойын-

да Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан. Алабында ежелгі Сай-

рам (Исфиджаб) қаласының орны бар.

Алтай—Оңтүстік Батыс Сібір, Монғолия, Қазақстан аума-

ғындағы тау жүйелері. Оның оңтүстік және орталық бөлігінде 

орналасқан Сарымсақты, Табын-боғда, Қатын және Шу Альпісі 

оңтүстік пен солтүстікке қарай созылып жатыр. Мәңгілік қар 

жамылып жатқан шыңдарының кейбірі (Болула шыңы) 4550  м 

биіктікте  орналасқан.  Алтай  тауларынан  Обь,  Ертіс,  Қобда 

өзендерінің салалары бастау алады.

Ауғанстан—Орта Азия жазығы мен Үндістанның ұлы өзен-

дері аралығындағы созылып жатқан мұсылман мемлекеті. 



Әулиеата—ежелгі Тараздың орнына ХVІІІ ғасырда салын-

ған  қала.  1864  жылға  дейін  қоқандықтар  қоластында  болды. 

1938  жылы  Жамбыл  есімі  беріліп,  1997  жылы  көне  атауын 

қайта иеленді.



Бабата—орта  ғасырлардан  сақталған  қала  жұрты.  Оңтүс-

тік Қазақстан облысы Созақ ауданы Бабата ауылының маңын-

да.  Бабата—Түркістан  мен  Сайрамнан  кейінгі  орында  әулие 

бабтар дың  Қыпшақ  даласына  ислам  дінін  таратуында  үлкен 

орталық бол  ған кенттердің бірі. Кентті діни орталыққа айнал-

дырған адам—ысқақ баб. Ол кісіні халық «Баб ата» деп, кентті 



390

391


ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР

де соның есімі мен атап кеткен. Бабата кенті ғылыми әдебиетте 

көптен  белгілі,  орта  ғасырлардағы  жазбаларда  жиі  кездесіп 

оты рады.  Ғылыми  әде биеттерде  Баб  ата  Х  ғасырдағы  жазба 

деректерде  кездесетін  Баладж  қаласының  орны  деген  пікір  де 

бар.  Қазан  төңкерісіне  дейін  осы  маңдағы  қыстақта  Баб  Ата 

медресесі жұмыс істеген. Медресе ғимараты күні бүгінге дейін 

сақталған. Баб Ата күмбезі де осында.



Балдыбірек—Тянь-Шаньның  Қаратау  сілемі.  Бадам-Сай-

рам  өңі ріндегі  Ақсу-Жабағылы  қорығындағы  кішкене  өзен-

дердің бірі.

Бел—Алатау  мен  Қазықұрт  тауларының  ұштасқан  тұ сын-

дағы үстірттің аты. Келес өзені Алатаудан бастау алып, осы Бел 

жазығы арқылы өтеді.

Бұхара—Амудария мен Сырдария өзендерінің аралығында 

ежелгі  Түркі  халықтарының  өзбек  тармағы  құрған  хандық. 

Ол  1920  жылға  дейін  жеке  өмір  сүріп,  1924  жылы  террито-

риясы  Өз бекстан,  Түрікменстан,  Үндістан  Республикасы ның 

құрамына  енген.  Бұхараның  бір  бөлігі  Пянди  өзені  бассей нін-

дегі (Амуда рия ның басқа ағысы) таулы өңірімен, екінші жағы 

Қашқадария,  Зарап шан  мен  Амударияның  төменгі  ағысында 

(Қызылқұм, ұртау шул т.б.) құмды даламен ұштасып, шестесіп 

жатады. Негізгі тұрғын  да ры өзбек, тәжік, түрікмен және қазақ 

халықтарынан құралған. 



Еділ  (Волга  )—Ресей  мемлекетіндегі,  жалпы  Еуропадағы 

ең  ірі  өзен.  Тверь  облысының  жерінен  бастау  алып,  Каспий 

теңізіне  келіп  құяды.  Жалпы  ұзындығы  3587  шақырым  бол-

са, Еділ бассейініне қосылатын өзендер мен көлдердің ауқымы 

78558 шақырымды құрайды. 

Жайық—Оралдың оңтүстігін, яғни Батыс Қазақстан облы-

сын басып өтіп, Атырау арқылы Каспий теңізіне құятын арна-

лы өзен. Башқұрт Республикасы, Ресейдің Челябі, Орынбор об-

лыстарын да қамтиды. Бастауын Орал тауынан алады.



Жаркент—Алматы  облысы,  Панфилов  ауданның  әкімші-

лік  орталығы.  Алматы  қаласының  оңтүстік  шығысына  қарай 

300  шақырымдай қашықтықта орналасқан бұл қаланың тари-

хы әлемге көне замандардан бері танылған.  



Келес—Сырдария  алабындағы  өзен.  Қазығұрт,  Сарыағаш 

ау дандары  арқылы  ағып  өтеді.  Қаржантаудың  батыс  беткейі 

мен Қазығұрт тауынан бастау алып, Шардара бөгеніне құяды. 


392

ТАРИХИ  ЖыРлАР

392

393


Тарихшылардың  дәлелдеуінше,  Келес  даласы  б.з.  бұрынғы 

Сақ  тайпаларының  ата  қонысы.  Түркі-монғол  тілдерінде  «ке-

сірткелі», «Кесірткелі өзен» мәніндегі атау. 

Қазығұрт  тауы—Талас  Алатауының  оңтүстік-батыс  сіле-

міндегі  аласа  келген  жота.  Шымкент  қаласынан  оңтүстік ке 

қарай 35 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Ежелгі аңыз-

да дүниені топан су басқанда, Нұқ пайғамбар кемесі Арабия ның 

Жуда  тауында,  Х  ғасырдағы  аңызда  Арарат  тауына  тоқ  та ған 

делінеді.  Қазақ  (түркі)  аңызы  бойынша,  топан  су  қап та ған-

да  Нұқ  пайғамбар  («Топан  су»  мифінің  көне  нұсқасында  Нұқ 

пайғамбардың  есімінің  орнында  «йвшқар-ата»  («Жыла ған-

ата», «Жылауық ата» деген кісі есімі де қолданыла ды) кеме сі 

Қазығұрт  тауының  шыңында  тұрып  қалған.  Сөйтіп,  топан  су 

қайтқан  соң,  адамзаттың  жаңа  ұрпағының  тіршілігі  сыртқы 

бітімі  кемеге  ұқсас  Қазығұрт  тауынан  басталған.  Кейін  ислам 

дінінің таралуына байланысты Нұқ пайғамбар туралы аңыз бен 

ұштасып, ежелгі мифтің жаңа нұсқасы пайда болған.



Қарадария—Қазақстанның оңтүстігіндегі өзен аты. Түрік-

иран тілдерінде «Қара өзен» мәніндегі атау.



Қаратал—Алматы  облысының  Ескелді,  Көксу,  Қаратал 

аудандары жерімен ағып өтетін өзен. Балқаш-Алакөл алқабын-

да ғы  суының  молдығы  және  арнасының  үлкендігі  жағынан 

Іле ден  кейінгі  орында.  Қаратал  Жетісу  (Жоңғар)  Алатауын-

дағы мұздықтардан басталып, Балқаш көліне құяды. 

Қарамұрт—Сайрам ауданындағы ауыл, ауылдық округ ор-

та лығы. Ақсу ауданынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 шақы   рым 

жерде, Қызылсу мен Ақсу өзендері аралығында орналасқан.

Қасқасу—Оңтүстік  Қазақстандағы  кішігірім  өзен.  Мұндай 

өзен атаулары Қазақстан территориясында көптеп кездеседі.



Мәнжүр—шығыс  Азиядағы  Қытай  елінің  бір  бөлігі.  Сол-

түстігімен  шығысында  Ресеймен  (Амуссури  өзендері  бойы-

мен),  Жапониямен  (Кореямен),  батыс  жағында  Монғолиямен, 

оңтүстігі Сары теңізбен шектесіп жатыр. 



Мырзашөл—Сырдарияның  жоғарғы  ағысының  сол  жа ғын 

алып жатқан құмды шөл. Солтүстік жағы  Оңтүстік Қазақ стан 

облысының жеріне кіреді. 

Омск  (қазақша—Омбы)—Орталық  Сібір  өлкесіндегі  Омь 

өзенінің  Ертіске  құйылатын  тұсында  орналасқан  Ресейдің 



392

392


393

ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР

Омбы облысының орталығы. Омбы облысы Қазақстан солтүс  ті-

гі нің көп жерімен шектеседі. 



Сайрам  (Исфиджаб,  Испиджаб)—Оңтүстік  Қазақстанның 

орта  ғасырдағы  ірі  қалаларының  бірі.  Жұрты  қазіргі  Сай-

рам  кентінің  оңтүстік-батысында,  Шымкент  қаласынан  12 

шақырым жерде. Сайрам туралы алғашқы дерек Махмұт Қаш-

қаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде кездеседі. Онда 

«Сайрам—Исфиджаб деп аталатын ақ қаланың аты» де лін-

ген. Демек, Сайрам—Исфиджабтың кейінгі атауы. ХV-ХVІІІ 

ғасырларда ірі сауда, қолөнер және діни орталық болған. 



Сайрамсу—Арыс  алқабындағы  өзен.  Төле  би,  Сайрам  ау-

дандары жерімен ағады. 



Созақ—Созақ  ауданындағы  ауыл,  ауылдық  округ  орталы-

ғы. Аудан орталығы Шолаққорған ауылынан солтүстік-батыс-

қа қарай 70 шақырым жерде орналасқан. Созақ ауданының ор-

нында Орта ғасырларда Созақ (Хузак) көне қамал-қала болған. 

«Хан-Мазары»  дейтін  жерде  Әбілқайыр,  Жәнібек  хандардың 

сүйектері жатыр.



Сырдария—Орталық  Азия  мен  Қазақстанның  ірі  өзен-

дері нің  бірі.  Ертедегі  грек  жазбаларында  Laxartes,  орта ға-

сырлық  араб  еңбектерінде  Сейхун  деп  аталған.  Басын  На-

рын  мен  Қарада рия  өзендерінің  қосылған  жері  Орталық 

Тянь-Шань  сі лем дері нен  алып,  Арал  теңізіне  құяды.  Жал-

пы  ұзындығы  2219  шақы рым.  Сыр  бойында  ежелден  халық 

тығыз қоныстанған. Бойында Шардара (Оңтүстік Қазақстан), 

Қазалы, Қызылорда (Қызыл орда облысы) т.б. қалалары бар.



Талас—Қырғыз  Алатауынан  бастау  алып,  Талас  жазығы 

арқылы  Мойынқұм  құмдарына  сіңетін,  V  ғасырдан  белгілі 

өзен.  Оның  бойынан  шаһар  салынып,  қала  VІ  ғасырдан  кейін 

Тараз деген атпен мәшһүр болған. Бұл аттас Талас өзені Алматы 

облысының Райымбек ауданында да бар.

Тоғыс—Төле  би  ауданындағы  ауыл,  Қазығұрт  ауылдық 

округ  орталығы.  Аудан  орталығы—ленгер  қаласынан  солтүс-

тік-батысқа қарай шақырым жерде орналасқан.

Томск—Ресейдің  батыс  Сібір  өлкесіндегі  ірі  қалаларының 

бірі.  Кеме  қатынасы  мен  Томск  Темір  жолы  жақсы  жолға  қо-

йыл ған Тайга бекетінен 80 шақырым қашықтықта орна лас  қан. 

Батыс Сібірдегі ірі өндіріс, сауда орталығы болып саналады. 



394

ТАРИХИ  ЖыРлАР



Шолаққорған—ортағасырлық  қала.  Созақ  ауданы  Шолақ-

қорған кентінің солтүстік-шығыс жағында орналасқан. 



Іле  өзені—Қазақстандағы  санаулы  мемлекетаралық  өзен-

дер дің бірі. Алматы облысының Райымбек ауданындағы лаба-

сы  тауынан  бастау  алып,  Қытай  Халық  Республикасының  Іле 

қазақ автономиясының аумағында толығып, Панфилов, ұйғыр 

аудандарының жері арқылы Балқаш көліне құяды.


394

РУ  АТАУлАРы



Албан—Бәйдібектің  Домалақ  ана  (Нұрила)  есімді  кіші 

әйелінен  туған  Жарықшақтың  тұңғыш  ұлынан  тараған  тай-

па.  Ата  мекені—оңтүстік-шығыс  Жетісу.  Кейбір  ұрпақтары 

Қазығұрт тауының (Оңтүстік Қазақстан) бөктерін мекендейді.



Дулат—Бәйдібектің кіші әйелі Домалақ енеден туған бала-

сы Жарықшақтан тараған тайпа. 



Суан—Жарықшақтың  осы  атты  ортаншы  баласынан  өрбі-

ген тайпа.



Жайылмыс—Дулаттың Жаныс руынан тарайтын аты. 

Жаныс—Дулаттың  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісуда  кең 

тараған тармағы. 



396

397


ТОМҒА ЕНГЕН ЖыРлАРДы ЖыРлАУШы, 

АйТУШы ҺӘМ ЖИНАУШылАР ТУРАлы 

МӘлІМЕТ

Байболов  Қазанқап  (1891,  Оңтүстік  Қазақстан  облысы, 

Төле би ауд. ұзынбұлақ ауылы—1945, сонда)—халық ақыны. 

Балалық  шағында  Бекасыл  мектеп-медресесінде  оқып,  Сай-

рам,  Шымкент  медресесінде  білімін  жетілдірген.  Аққұм 

ауылындағы  мектепте  ұстаздық  етеді.  Жасынан  халық  ауыз 

әдебиеті үлгілерін бойына сіңіріп өседі. Әуелі жыршылық жо-

лына  түсіп,  суырып  салма  ақындық  өнеріне  жетілу  үстінде 

қисса-дастандарды  жатқа  айтып  жүріп,  өзі  де  жанынан  өлең 

шығарып  машықтанады.  1934  жылы  Қазақстан  Жазушылар 

одағының  тұңғыш  съезіне  халық  ақыны  ретіне  қатысып,  осы 

жылдан бастап баспа сөзде өлеңдері жиі жарияланады. «Толғау 

өлеңдері» (1939), «Халық қаһары» (1949), «Халық ақындары» 

(1965), «Пернедегі термелер» (1968) сияқты жинақтарды өлең, 

толғаулары жарияланып, халық арасында танымал ақынға ай-

налады. Қазақстан—қазақ халқының өткен замандағы бас тан 

кешкен тарихи оқиғаларын эпикалық жанрда жырлау арқылы 

халықтың  тарихи  жадын  жаңғыртуға  үлес  қосқан  дарынды 

ақын. Оның ел ішінде кеңінен таралған «Төле бидің тарихы», 

«Еңсегей  бойлы  ер  Есім»,  «Өкірік  Найман  туралы»  тарихи 

қисса-дастандары  XVII-XVIII  ғасырларда  қазақ  елінде  болып 

өткен  тарихи  оқиғалар  желісін  терең  де  көркем  суреттейді. 

Бұл  туындыларда  айтулы  хандар  мен  билер,  айбынды  батыр-

лар  туралы  соны  деректер  мен  мағлұматтар  мол  қамтылған. 

«Сайыпжамал  сұлу»,  «Шеризат—Күлшат»  сияқты  жырлары 

ғашықтық  тақырыпқа  арналған.  Ақын—ел  ішінде  айтылып 

жүрген  халық  ауыз  әдебиетінің  үлгілерін  жинастырумен  де 

айналысқан.  1943  жылы  Алматыда  өткен  ақындар  айтысын-

да қызылордалық саңлық ақын Нартаймен сайысқа түсті. Осы 



396

397


ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР

айтысы 1966 жылы жарық көрген «Айтыс» кітабының үшінші 

томында басылды. 

Жапсарбаев  Қалқа  (1886,  Алматы  облысы,  Көксу  ауданы, 

Мұқыр ауылы—26.1.1975, сонда)—халық ақыны, композитор. 

Жас  кезінен  жыр-дастандарды  жатқа  айтып,  өзі  де  өлең  шы-

ғарған.  Өзінің  замандастары  К.Әзірбаев,  И.Жылқыайдаров, 

Ү.Кә рібаев,  Е.Қандеков,  Қ.Терібаев  сынды  ақындармен  айтыс-

қа түскен. «Орақты батыр», «Қарлығаш пен дәуіттің досты ғы», 

«Дана  қыз»,  «Тұрлымбет  туралы  аңыз»,  «Партизан  Шәй мер-

ден»  т.б.  дастандарын  шығарып  жырлады.  «Қалқаның  әні», 

«Қалқаман желдірмесі», «Жайқоңыр»әндері мен «Мұсабек Сең-

гір баев» атты поэма жазған. Бес өлеңдер жинағының авторы.



Сабалұлы  Ақылбек  (Ақылбек  бин  Сабал  Тұрабаев)  (1880, 

бұрынғы  Семей  облысы,  Абыралы  ауданы,  Ақбота  болысы—

1919,  Семей  облысы,  Бесқарағай  ауданы,  Бестерек  мекені)—

ақын,  жыршы,  халық  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  жинаушы. 

Шығыс әдебиетінің атақты қисса-дастандарын қайта жырлап, 

уақиғалы  дастандар  жазған.  1902,  1911),  «Бозжігіт»  (1910, 

1911), «Марғұба», «Ибраһим», «Хикмет Нығмет» (1911), «Қы-

рық  уәзір»  (1911,  1920),  «Алтын  балық»  (1912),  «Самұрық» 

(1915) т.б. дастандар жеке кітап болып жарық көрді.  

Тайманов  Орынбай  (1884-1946)—Қазақстанның  оңтүстік 

өңіріне  танымал  ақын,  жыршы.  Бозбала  шағынан  ел  аралап, 

өлең-жыр  айтып,  айтыстарға  түскен.  Оның  қызылордалық 

Әлібек  Бәйкеновпен  өткен  жыр  жарысы,  өзге  де  өлең,  толғау-

термелері  оқырмандар  тарапынан  жоғары  бағаланып,  ХХ  ға-

сырдың  30-жылдары  мерзімді  баспасөз  беттерінде,  ұжымдық 

жинақтарда  жарияланды  (Айтыс  (1-т.  1966;  Пернедегі  терме-

лер, 1965 ) жарияланды. 



ШАРТТы   ҚыСҚАРТУлАР

ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана

Ш—шифр


дәп—дәптер

/а/—араб


/о/—орыс

/п/—парсы

/т/—түрік

/тат/—татар

/к.т/—көне түркі


ПАйДАлАНылҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Қолжазбалар мен 1917 жылға дейін араб әрпінде 

жарық көрген кітаптар

1.  Сәтбек батыр.—Қазан, 1909.

2.  Сәтбек  батыр.—ОҒК-ның  қолжазба  қорында  сақтаулы: 

Ш.353. 1-дәп., араб әрпінде. Жырлаушысы Ақылбек Сабалұлы

жинаушысы Әуелбек Қоңыратбаев.

3.  Сәтбек  батыр.—ӘӨИ-дің  қолжазба  қорында  сақтаулы: 

Ш.881/1, араб әрпінде.

4.  Еңсегей  бойлы  ер  Есім.—ОҒК-ның  Қолжазба  қорында 

сақтаулы:  Ш.513,  араб  әрпінде.  Жырлаушысы—Байболов  Қа-

занғап.

Зерттеулер мен энциклопедиялар, 

фольклорлық жинақтар, сөздіктер

1.  Азибаева  Б.  У.  Казахский  дастанный  эпос.—Алматы, 

1998.

2.  Ақылбек  Сабалұлының  қиссалары  (Түсінігін  жазып, 



баспаға дайындаған Ж.Қамалқызы).—Түркістан: Мирас, 1998.

3.  Беляев Е. А. Арабы, Ислам и Арабский халифат в раннее 

средневековье.—Москва, 1966. 

4.  Гордон С. Ханаанская мифология // Мифология древнего 

мира.—Москва: Наука, 1977. 

5.  Қасқабасов С. А. Миф пен әпсананың тарихилығы // Қа-

зақ фольклорының тарихилығы.—Алматы: Ғылым, 1993. 

6.  Қоңқашбаев Г. К. Словарь казахских географических наз-

ваний.—Алматы: Наука, 1963.


400

ТАРИХИ  ЖыРлАР

7.  Құран Кәрім: қазақша мағына және түсінігі. Аудар ған—

Халифа Алтай.—Мәдине, 1991.

8.  А.  Әбдірахманов.  Қазақстанның  жер-су  аттары.—Ал ма-

ты: Ғылым, 1959.

9.  Қойшыбаев.  Қазақстанның  жер-су  аттары  сөздігі.—

Алматы: Мектеп, 1985.

10.  Еңсегей бойлы ер Есім.—Алматы: Жалын, 2005. 

11.  Жетісу энциклопедиясы.—Алматы: Арыс, 2004.

12.  Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы.—Алматы: Қазақ 

энциклопедиясы, 2006.

13.  Ислам.  Энциклопедия.  Бас  ред.  Р.  Н.  Нұрғалиев.—Ал-

маты: ҚЭ, 1995.

14.  Ислам. Краткий справочник.—Москва, 1983.

15.  Арабско-русский словарь.—Москва, 1968.

16.  Древнетюркский словарь.—ленинград: Наука, 1969.

17.  Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі.  1-10-том.—Алматы: 

Ғылым, 1974-1986.

18.  Персидско-русский словарь. І-ІІ т.—Москва, 1970.


400

РЕЗЮМЕ


Институт  литературы  и  искусства  им.  М.О.Ауэзова  Минис-

терства  образования  и  науки  РК  продолжает  работу  по  подго-

товке и изданию очередных томов стотомного Свода казахского 

фольклора «Бабалар сөзі», издаваемого в рамках Государствен-

ной программы «Мәдени мұра» («Культурное наследие»).

Пятьдесят шестой том открывает серию исторических песен. 

Всего  будет  подготовлено  и  издано  пять  томов  произведений 

исторического характера.

Исторические  песни  казахского  народа  возникли  в  период 

борьбы с джунгарским нашествием как отклик на события об-

щественной и военной истории. Первый крупный тематический 

цикл исторических песен рисует события ХV века—периода воз-

никновения Казахского ханства. В исторической песне «Батыр 

Жәнібектің өлеңі» («Стих батыра Жанибека») главным героем 

выступает Жанибек, один из основателей Казахского ханства и 

династии казахских ханов.  Исторические песни «Еңсегей бой-

лы ер Есім» («Большой Есим-герой »), «Есім хан»  посвящены 

деяниям Есим-хана. 

В ряде исторических песен «Сәтбек батыр», «Мырза Сәт бек 

батыр» приведены эпизоды противостояния казахского батыра 

Сатбека против тирана-завоевателя Ермака в ХVІ веке. В мно -

го численных  исторических  песнях  изображена  борьба  ка зах-

ского  народа  против  джунгарских  завоевателей  в  ХVІІІ  веке, 

где  главными  героями  выступают  известный  хан  Абылай, 

знаменитые  бий  Толе,  Казыбек,  прославленные  батыры-пол-

ководцы  эпохи  правления  Абылай-хана  Богенбай,  Кабанбай, 

Жанибек, Олжабай и др. 

26-0273


402

ТАРИХИ  ЖыРлАР

Последний  значительный  цикл  исторических  песен—о  на-

ционально-освободительном  движении  казахского  народа 

про  тив  царской  России,  Кокандского  и  Хивинского  ханств 

под  предводительством  Кенесары-хана,  внука  Абылай  хана, 

Жанкожы-батыра, Есет-батыра и др.

Ранние  исторические  песни  о  событиях  ХV-ХVІІ  вв.  по 

стилю  и  масштабности  эпического  повествования  близки 

героическому  эпосу,  исторические  песни  же  о  борьбе  казах-

ского  народа  против  джунгарского  нашествия  в  ХVІІІ  в.  и 

против  колониального  ига  в  ХІХ  в.  сближаются  с  народно-

лирическими песнями.

Предлагаемый  вниманию  читателей  56  том  свода  «Бабалар 

сөзі»  включает  в  себя  исторические  песни  «Батыр  Жәнібектің 

өлеңі», «Еңсегей бойлы ер Есім», «Есім хан», «Олжаш батыр», 

«Сәтбек батыр», «Мырза Сәтбек батыр», «Орақты батыр». 

Историческая  песня  «Сатбек  батыр»  была  известна  еще 

в  начале  ХХ  века.  Вариант  песни,  исполненный  Акылбеком 

Сабалулы, был издан отдельной книгой в 1911 году. В настоящий  

том  включен  этот  вариант  произведения,  который  отличается 

своей  оригинальной  словесно-языковой  структурой  и  арсена-

лом художественных средств.

Том  подготовлен  в  соответствии  с  принципами  издания 

серии  «Бабалар  сөзі»,  снабжен  вступительной  статьей  ака-

де мика  НАН  РК,  доктора  филологических  нак,  профессора 

С.А.Каскабасова, посвященной историческим песням, а также 

научными приложениями, которые включают в себя: сведения 

о  публикуемых  текстах  и  их  вариантах;  краткий  историко-

фольклористический  и  текстологический  анализ  текстов

данные об исторических и религиозных деятелях, имена кото-

рых встречаются в текстах; словарь древнетюркских, арабских 

и персидских слов, терминов и понятий, а также географичес-

ких  названий;  данные  о  племенах  и  родах,  встречающихся  в 

исторических  песнях;  сведения  о  сказителях,  собирателях  и 

публикаторах; список использованный литературы; резюме на 

русском и английском языках. 

Все  тексты,  включенные  в  данный  том,  публикуются  впер-

вые и подготовлены адекватно рукописным оригиналам. 

Объем тома—25,5 п.л.



402

SummAry


m.O.  Auezov  Institute  of  Literature  and  Arts,  ministry  of 

Education,  republic  of  Kazakhstan  is  continuing  activities  on 

preparation  and  publishing  of  the  volumes  of  hundred  volume 

series «Babalar sozy» in the frame of the State program «mаdeni 

mura» («Cultural heritage»). 

56 volume opens the series of historical songs. In total five vo-

lumes of historical works will be prepared and published.   

Historical songs of Kazakh people appeared during the period 

of  fighting  with  Djungar  invaders  as  a  reaction  to  the  events  of 

social  and  military  history.  First  big  thematic  cycle  of  historical 

songs describes the events of  XV century — the period of forma-

 describes the events of  XV century — the period of forma-

describes the events of  XV century — the period of forma-

 the events of  XV century — the period of forma-

the events of  XV century — the period of forma-

 events of  XV century — the period of forma-

events of  XV century — the period of forma-

 of  XV century — the period of forma-

of  XV century — the period of forma-

tion  of  Kazakh  khanate.  In  historical  song  «Batyr  Zhanibektin 

oleni» («Batyr Zhanibek’s poems») the main hero is Zhanibek, one 

of the founders of Kazakh khanate and dynasty of Kazakh khans. 

Historical songs «Ensegei boili er Esim» («Big Esim hero»), «Esim 

Khan» are devoted to the feats of Esim Khan—the khan of middle 

Zhuz. 

Number  of  historical  songs  «Satbek  batyr»,  «myrza  Satbek 



batyr» describe episodes of struggle of Kazakh batyr Satbek against 

thyran-invader Ermak in XVI century.  many historical songs des-

cribe  the  struggle  of  Kazakh  people  against  Djungar  invaders  in 

XVIII  century  where  the  main  heroes  are the well known khan 

Abylai, biy Tole, Kazybek, famous batyrs-commanders of the epoch 

when the rulers were Abylai-khan, Bogenbai, Kabanbai, Zhanibek, 

Olzhabai and others.

The recent significant cycle of historical songs includes nation-

al-liberation movement of Kazakh people against Tsar russia, Ko-

kand and Khiva khanates under the leadership of Kenesari-khan, 



404

ТАРИХИ  ЖыРлАР

grandson  of  Abylai  khan,  Zhankozha-batyr,  Eset-batyr  and 

others.


Earlier historical songs about the events of XV-XVIII centuries 

are  close  to    heroic  epos  in  regard  of  their  style  and  scale  of  epic 

narration, whereas historical songs about the struggle of Kazakh 

people  against  Djungar  invasion  that  took  place  in  XIX  century 

and against colonial suppression in XIX century are close to folk-

lore-lyrical songs.

The proposed 56 d volume of the collection «Babalar sozi» in-

cludes historical songs  «Batyr Zhanibektin oleni», «Ensegei boili 

er Esim», «Esim khan», «Olzhash batyr», «Satbek batyr»,  «Orakti 

batyr». 


Historical song  «Satbek batyr» was well known already in the 

beginning of XX century. Version of the song performed by Akyl-

bek Sabaluly was published as a separate book in 1911. 

The volume is prepared according to the principles of «Babalar 

sozi» series , including  introductory article devoted to historical 

songs  written  by  S.A.Kaskabasov,  member  of  the  NAS  of 

Kazakhstan, Doctor of Philology as well as scientific supplements 

which  include  the  following:  data  on  published  texts  and  their 

versions;  brief  historic—folklore  and  textologic  analysis  of  the 

texts;  data  on  historical  and  religious  figures  whose  names  are 

mentioned  in  the  texts;  vocabulary  of  the  old  Turkic,  Arabic 

and  Persian  words,  terms,  notions  and  geographic  names;  data 

on  narrators  of  folk  tales,  collectors  and    publishers;  list  of  used 

literature; summary in russian and English.

All  texts  included  into  this  volume  are  published  for  the  first 

time and weer prepared adequately to the manuscript originals.

Volume —25,5 p.p.


404

МАЗМұНы


Құрастырушылардан  ........................................................... 5

Тарихи жырлар хақында  ...................................................... 8



Мәтiндер

Батыр Жәнібектің өлеңі  ................................................... 39

Еңсегей бойлы ер Есім  .....................................................118

Есім хан  .........................................................................290

Олжаш батыр  ..................................................................300

Сәтбек батыр  ..................................................................316

Орақты батыр  .................................................................323

Ғылыми қосымшалар 

Томға енген мәтiндерге түсiнiктеме  ....................................361

Мәтiндерде кездесетiн тарихи және дiни есiмдер  ..................376

Сөздiк  .............................................................................385

Жер-су атаулары  ..............................................................390

Ру атаулары  ....................................................................395

Томға енген жырларды жырлаушы, айтушы

һәм жинаушылар туралы мәлiмет  ......................................396

Шартты қысқартулар  .......................................................398

Пайдаланылған әдебиеттер  ................................................399

Резюме  ...........................................................................401

Summary  .........................................................................403



Научное издание

БАБАлАР СӨЗІ

56 том

ИСТОРИЧЕСКИЕ  ЭПОСы



(на казахском языке)

Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства 

им. М.О. Ауэзова

Министерства образования и науки Республики Казахстан

Шығаруға жауапты: Р.Қ. Тұрлынова

Редакторы: Ұ.С. Тілегенова

Техникалық редакторы: Г. Бектібаева

Компьютерге терген: Г. Құрманғали

Компьютерде беттеген: М.О. Ноғайбаева


Дизайнын әзірлеген «Бауыр» баспасы

ИБ № 2435

Теруге 02.10.09 жіберілді. Басуға 30.11.09 қол қойылды. Пішіні 60х90

1

/



16

.

Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс.



Шартты баспа табағы 25,5. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №0273.

«Фолиант» баспасы

010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13

«Фолиант» баспаханасында басылды



010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13


1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал