Лекция 1 Тіл білімі туралы жалпы түсінік. Тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі орны, басқа ғылым салаларымен байланысы



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата08.12.2022
өлшемі1,22 Mb.
#55940
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
ТБК Лекциялар

ата-лар-ымыз-да. 
Үшіншіден, жалғамалы тілдерде морфемалар арасы анық көрінеді
морфемалар арасында дыбыстық өзгерістер айтарлықтай білінбейді, бұл 
қасиет көбіне флективті тілдерге тән. Морфемалардың осылай еркін қосылуы 
– агглютинация, жалғамалылық деп аталады. 
Жұрнақтардың тағы бір ерекшелігіне тоқталайық. Олар негіз сөзге әр 
жақтан ене алады. Әйткенмен, әр тіл өзіндік бір ғана жолын қолданады. 
Сондықтан түркі тілдерінде жұрнақ түбірден соң келсе, ал банту тілдерде 
түбірдің алдында тұрады.
Тағы бір атап өтетін өзіне тән қасиеті жоғарыда атап өткендермен 
байланысты. Грамматикалық мағынаны білдіруде белгілі бір жұрнақ 
(фонетикалық нұсқаларымен) қолданылады, сондықтан да жалғамалы 
тілдерде септеу мен жіктеудің алуан түрлілігі деген болмайды. Мысалға 
қырғыз және орыс тілдеріндегі көптік мағынадағы сөздерді алайық. Қырғыз 
тілінде көптік мағынаны білдіретін бір ғана аффикс - -лар өзінің 
фонетикалық нұсқаларымен пайдаланылады. Ал орыс тілінде атау септік те 
(книги, острава, стулья) косвенный септік те (стульев, площадей, книгам) 
көптік мағынаны білдіре береді. 
Төртіншіден бұл тілдерде негіз сөз жұрнақсыз да, жеке сөз ретінде де 
қолданыла береді, себебі сөз көбінде негіз сөзге (жұрнақ жалғанатын) сәйкес 
келеді. Мысалы: ат, ат-тар. 
Морфологиялық типтің үшінші типі – флективті тілдер. Флективті 
тілдерге славян, балтық және т.б. тілдер жатады. Өз белгілері бойынша
біріншіден, жалғамалы тілдерге қарама-қайшы. 
Екіншіден, жалғамалы тілдерге қарағанда флективті тілдердің 
морфемаларының тәуелсіздігі анағұрлым аз және көбінде белгілі бір 
өзгерістерге ұшырап жатады. 
Бұл өзгерістер тек фонетикалық процесстермен ғана емес, сонымен 
қатар тарихи алмасу да болып табылады және олар ішкі флексия ретінде де 
көріне алады. 
Грамматикалық мағынаны білдіретін ішкі флексия немесе алмасу 
избегать – избежать, ходить – хаживать, foot – feet (аяқ – аяқтар) деген 
сөздерде қолданылады. 
Екіншіден, агглютинативті тілдерге қарағанда флективті тілдер 
бірнеше грамматикалық мағыналармен сәйкес келеді. Мысалы, сестрами 
сөзіндегі -ами аффиксінде екі грамматикалық мағына бар: көптік мағына мен 
барыс септік жалғауын жалғап тұр, ал түбір сөздің соңындағы – ның да 
грамматикалық мағыналары үшеу – род, число және септік жалғау. 


Флективті тілдердің тағы бір ерекшелігі – бір грамматикалық мағына 
әр түрлі жұрнақ арқылы көріне береді: табыс септігіндегі мына сөздер – 
книгШ, площадей, столов және т.б., сондықтан да флективті тілдерде жіктеу 
мен септеудің бірнеше түрлері анықталған. 
Үшіншіден, сөздегі морфемалар арасындағы байланыстың тығыз 
болғандығы сонша, кейде ара жігін ажырату қиынға соғады. Мысалы, 
мужицкий (мужик-ский) сөзіндегі морфемаларға бөлінеді, екі жолы 
көрсетілген мужиц+кий немесе мужи+цкий. Мұндай морфемалар фузия деп 
аталады. Бұл терминді Э.Сепир енгізіп, флективті тілдерді фузиялы деп 
атауды ұсынған. 
Төртіншіден, жалғамалы тілдерге қарағанда флективті тілдерде 
жұрнақтар бір тіл көлемінде түбір алдында да, түбірден кейін де келе береді. 
Мәселен, орыс тіліндегі ПЕРЕЧИТЫВАЮ сөзі мен қырғыз тіліндегі 
АТАЛАРЫМЫЗДА сөзін салыстырып көріңіздер. 
Флективті тілдер аналитикалық және синтетикалық болып бөліне 
алады. Бұлай бөліну грамматикалық мағыналарды білдіру тәсіліне 
негізделген. Егер грамматикалық мағына бір сөздің формасы арқылы берілсе 
(напишу), демек онда ол синтетикалық тәсіл. Егер де грамматикалық мағына 
көмекші сөздер арқылы берілсе, онда олар аналитикалық тәсіл болып 
табылады: буду писать немесе сейчас два часа – часа два
Флективті-синтетикалық тілдерге ежелгі үнді-еуропа тілдері мен 
қазіргі үнді-еуропа тілдерінің бір бөлігі – славян тілдері (болгар тілін 
қоспағанда) кіреді. Роман тілдері (француз, итальян, және т.б.), ағылшын, 
болгар тілдері – аналитикалық тілдерге жатады.
Жалғамалы тілдердегі аналитикалық және синтетикалық тәсілдер 
бірқатар қиындықтарға тап болады, себебі кейбір жалғамалы тілдерде 
берілген элементті жеке бір сөз я морфема екендігін нақты анықтау өте қиын. 
Аморфты тілдердің барлығы грамматикалық мағыналарды білдіру 
тәсіліне қарай аналитикалық тәсілге жатады. 
Аморфты, агглютинативті және флективті тілдермен қоса, тағы бір 
төртінші тіл – полисинтетикалық (инкорпоративті). Бұл тіл тпін ең алғаш 
болып әйгілі ғалым Вильгельм фон Гумбольдт сипаттаған. 
Полисинтетикалық тілдердегі әрекет пен әрекет нысаны, әрекет пен 
әрекет жағдайы арасындағы қатынастар – сөйлем мүшелері – бастауыш, 
баяндауыш, пысықтауыш арқылы емес, морфемалар арқылы беріледі. 
Мысалы, Я пришел, чтобы отдать ей это полисинтетикалық тілдерде бір 
ғана iniabludam (i-n-i-a-b-l-u-d-a-m) сөзімен беріледі. Мұндағы d – етістікті 
түбір, і - өткен шақ мағынасындағы префикс, n – І жақ, жекеше түрі, ал 
екінші i – «бұл» сөзі, a – «оған»; l – жатыс септік жалғауы, u – сөздің 
бағыттаушыдан екендігін аңғартады, am - әрекеттің мақсатын анықтайды. 
Полисинтетикалық тілдерде сөздер мен сөйлемдерден өзге жеке-дара 
сөздер де бар. Морфемалары жалғамалы принциппен бірігеді, осы арқылы 
агглютинативті тілдерге жақындай түседі. Дегенмен полисинтетикалық 
тілдерде дауыстылар мен дауыссыздардың алмасуы (ішкі форма) жақсы 
дамыған, сондықтан бұл жағынан флективті тілдерге жақын. 


Жоғарыда көрсетілген морфологиялық типтер, бір жағынан идеалды 
типтер болып табылады. Мысалы, флективті орыс тілінен жалғамалы 
тілдердің белгілері байқалады. Салыстырыңыз: отскочить, мұндағы т+с ц 
әріпіне айналмайды, ал детский сөзінде ц-ға айналады. Синтетикалық тәсіл 
мен аналитикалық тәсілдердің бірге жүретіндігіне тағы бір мысал келтіріп 
өтсек. Біз білетіндей орыс тілі – синтетикалық тілдерге жатады, бірақ бұл 
тілде аналитикалық тәсілді көрсететін мысалдар да жеткілікті: в городе, о 
городе. Белгілі бір тілдерді белгілі бір тип түріне жатқызу, белгілі бір 
белгілерге негізделеді. Көп тілдерді аралық типтерге жатқызуға болады. 
Осылайша семит тілдерінің статусын анықтауда, Ф.Ф. Фортунатов, оларды 
жалғамалы-флективті типке жатқызады. 
Классификация синтаксистік белгілерге негізделе алады. Бұл жағдайда 
барлық тілдер эргативті немесе номинативті болып бөлінеді. Тілдің бұл 
типтері жайлы Ю.С. Маслованың «Введение в языкознание» кітабынан 
таныса аласыздар. 
Біз тек классификацияның бір ғана түріне тоқталдық, ал мұндай 
классификациялар саны жетерліктей. Типологиялық классификациялардың 
түрлі принциптерге жүгінуі және бір классификацияға жинау фактілері 
бірқатар лингвистердің (мәселен, А. Мейе) типологиялық классификациядан 
бас тартуға дейін әкелді. Дегенмен осы әр түрліліктің өзі классификация 
негізіне бір ғана құрылымдық белгі орнатуға мүмкіндік бермейді. 
Типологиялық классификация тілдердің құрылымдық ұқсастықтарына 
негізделген. Классификация фонетикалық, лексикалық, синтаксистік және 
морфологиялық құрылымдарға жүгіне алады. Тілдердің морфологиялық 
типтерінің төрт түрі бөлінеді: аморфты (изолированные, түбір тіл), 
агглютинативті, флективті, полисинтетикалық (инкорпоротивті). Осы 
типтерге флективті тілдердің синтетикалық және аналитикалық болып 
бөлінуі де қосылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет