Лекция Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары


Лекция3 Табиғи тау материалдар және құрылыс



бет6/58
Дата19.04.2023
өлшемі399,51 Kb.
#84633
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Лекция3
Табиғи тау материалдар және құрылыс
материалдарын өндіруге арналған тау жыныстарынан алынатын шикізаттық материалдар.

Құрылыс материалдары өнеркәсібі көпсалалы. Ол керамикалық өнеркәсіптен, шыны өнеркәсібінен, цемент өнеркәсібінен, т.б. құрылыс материалдары жалпы өнеркәсібінің салаларынан тұрады. Осы салаларының бірі «Руда емес материалдар өнеркәсібі» деп аталынады. Бұл өнеркәсібі бойынша руда емес тастар таудан шығарылғаннан соң, олардан жеңіл желпі механикалық өңдеусіз-ақ физика-механикалық қасиетін сақтай отырып, тұрпайы өңделмеген шойтастар (бут), жарықшақ тастар және жасанды құмдар, тұрпайы өңделген жолға төсейтін кеспе тастар, тегістеліп өңделген қабырғалық блоктар, тыстамалық плиталар өндіріледі. Тау жыныстары шығу тегіне байланысты үш топқа бөлінеді:



  1. Магмалық

  2. Шөгінді

  3. Метаморфты

1. Магмалық тау жыныстары үш топқа бөлінеді – тереңдік, төгінді және вулкандық.
Тереңдік – тау жыныстары жердің астында магманың суып, қатаюдан пайда болады. Ондай жағдайда магма бірқалыпты жай суыйды және қатады.
Осыған байланысты тау жыныстары өте салмақты, өте тығыз және тығыз бірігіп кеткен ірі және майда кристалдай болады.
Олар тығыз, өте берікті және аязға төзімді, су сіңірмейді, жақсы жылу өткізеді. Тереңдік тау жыныстарға гранит, сиенит диорит, габбро т.б. жатады.
Гранит – латынның «гранум» - түйіршік деген сөзінен шыққан. Түйіршіктің түрлері (ірі, орташа, ұсақ, майда). Магмалық қышқыл жыныстар (SiO2 мөлшері 65% жоғары) тобына жатады. Құрамында кварц көп (25-30%). Құрамының негізі натрийлі – калийлі дала шпаттары болғандықтан олардың түсі көбінесе сұр, көгілдір сұр, күңгірт қызыл келеді кристалдары түйірлі, орташа тығыздығы – 2,6-2,7 т/м3, беріктігі жоғары (сығуға беріктігі - 120 – 250 МПа). Созуға беріктігі – басқа да материалдардікі сияқты, аз – сығуға беріктігінің – 1/30 – 1/40 бөлшегіндей. Граниттерді массивтен бөліп шығару әсерінен денесінде пайда болатын жұқа, шаш тәрізді жіңішке жарықтар олардың, сығуға беріктігіне айтарлықтай зиян тиігізбесе де, созуға беріктігін өте төмендетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет