Лекция Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары



бет8/58
Дата19.04.2023
өлшемі399,51 Kb.
#84633
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58
Вулкандық күл – жанартаудан атылып шыққан лаваның ең кіші мөлшері 0,1-2 мм бөлшектері.
Вулкандық туфтар – тығыздалынған, байланыстырғыш зат пен цементтелген вулкандық күл, пемза, бұлардың құрылымы кеуекті. Бұлардың бірі – трасстар, мысалы, Карадаг трасы.


2. Шөгінді тау жыныстар пайда болуына қарай 3 топқа бөлінеді – механикалық, химиялық, оргоногендік.


Механикалық – тау жыныстар магманың және шөгінді тау жыныстарының бұзылуынан, үгілуінен, сынуынан пайда болады. Мсыалы, дала шпаты (ортоклаз) сумен ауадағы көмірқышқылдың әсерінен бұзылып, басқа минералға айналады. K2O*Al2O3*6SiO2+2H2O+CO2=K2CO3+4SiO2+Al2O3*SiO2*2H2O.
Бос жыныстар құм, балта тас, балшық.
Құм - әртүрлі минералдардан құралған түйірлерінің мөлшері 5 мм-ге дейін жыныс. Құрылыс ертінділерінде, бетондарда т.б қолданылады.
Малта тас - формасы жымыр, түйірлерінің мөлшері ірі (5-150 мм) жыныс. Ауыр бетондардың ірі толтырғыштары ретінде пайдаланады.
Балшықтың - құрамында мөлшері 0,01 мм кем бөлшектер 50% жоғары болады, бұл бөлшектердің көбінің ірілігі 0,008 мм кем. Бөлшектердің ірілігі төмендеген сайын балшық иленгіш келеді. Балшықтың құрамында өте көп минералдар кездеседі, олардың ең бастылары – каолинит, гидрослюдалар және монтморрилонит.
Химиялық – шөгінді тау жыныстары көлдер тартылып, су кепкеннен кейінгі қалған заттардан пайда болған жыныстар. Оған жататындар – карбонатты және сульфатты жыныстар.
Карбонатты -жыныстардың ішінде көп тарағаны ізбестас және доломит. Кальцит пен доломит минералдарының сандық (проценттік) қатынасына байланысты бұл жыныстар таза ізбестастан бірте-бірте таза доломитке ауысады. Доломиттелінген ізбестастардың беріктілігі жоғары болады. Доломиттер керамика өндірісінде бұйымдарды кеуекті ету үшін, шыны өндірісінде шикізаттардың бірі ретінде, шойын өндірісінде флюс ретінде қолданады.
Сульфатты – жыныстар гипс және ангидрит. Бұлар табиғи суларда сульфатты қосылыстар ерітінділерінің концентрациясы жоғарылауы әсерінен шөккен жыныстар. Гипс пен ангидрит сусыздану және сулану салдарынан бір-біріне ауысады. Олар гипсті байланыстырғыш заттар, портландцемент т.б. материалдарды өндіру үшін пайдаланады.
Оргоногендік - қосылыстардан түзілген шөгінділердің көп тараған түрлеріне карбонатты жыныс – ұлу тас және кремниді жыныстар – диотомиттер, трепильдер, опокалар жатады. Бұл жыныстар жеңіл, көбінесе ақ түсті. Мысалы, ұлу тастардың орташа тығыздығы – 800-1800 кг/м3, диотомиттердікі 425-1250 кг/м3.
Диотомиттер мен трепилдер аморфты кремнеземге (опал минералдарына) бай, әлсіз немесе тіпті де цементтендірілмеген бос я топырақ тәрізді массалар, түстері ақ, сары, сұр, қызғылт. Олар балдырдың (су өсімдіктерінің) құрамында 75-тен 95%-ке дейін аморфты кремнезем бар қабаттарынан құралған, орташа тығыздығы көбінесе 350-950 кг/м3 аралығында, жылу өткізгіштігі 0,17-0,23 Вт (м0). Диотомиттер, трепилдер уақыт өткен сайын, қабаттардың қысымынан тығыздығы артып, суда қиын еритін, толығынан аморфты кремнеземнен тұратын опокаға айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет