Лекция Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары


Сиенит – Физика-механикалық қасиеттер бойынша граниттерге жақын. Олардың құрамында кварц аз, түсі күңгірттеу. Диориттер –



бет7/58
Дата19.04.2023
өлшемі399,51 Kb.
#84633
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58
СиенитФизика-механикалық қасиеттер бойынша граниттерге жақын. Олардың құрамында кварц аз, түсі күңгірттеу.
Диориттер – құрамының 75%-і дала шпаттар, беріктігі жоғары, тұтқырлығы үлкен жол бетіне төселетін материал ретінде қолданылады.
Габбро – негізінде дала шпаттары және темірлі-магнилі селикаттардан құралған, күңгірт түсті, беріктігі жоғары, жолға төсеу және жарықшақ тастар өндіру үшін пайдаланады.
Төгінді – тау жыныстары жер бетіне қоюланған магмадан пайда болған. Жер кристалдар пайда болуына үлгірмеген, сондықтан төгінді тау жыныстардың құрамында көбінесе шыны жартылай болады, кейбір жерлерде кристалл кездеседі.
Оларға жататындар: базальт, диабаз, порфирлер.
Порфирлер – кварцты порфир-граниттің аналогы және кварцсыз (дала шпатты) парфир – сениттің аналогы. Бұлардың қасиеттері тереңдік жыныстардыкыне жақын. Бірақ та негізгі құрылымының әр жерінде дала шпаттарының ірі түйірлері орналасуынан олардың үйкеліске кедергісі төмен, желге мүжілуі оңайырақ.
Диабаз – габброның аналогы оның түсі күңгірт-сұр не жасыл қара, сығуға беріктілігі жоғары (300-400 МПа), тұтқырлығы үлкен, ол үйкеліске шыдамды кеспе тасты жолға төселеді, одан өндірілген жарықшақ тастар негізінде жасалынған бетондардың аязға төзімділігі және беріктігі жоғары болады.
Базальт - өте көп тараған жыныс, бұл да габброның аналогы, оның түсі күңгірт, құрылымы шыны тәрізді я жасырын кристалды, оның орташа тығыздығы (2,9-3,3 т/м3) шыны тығыздығына жақын, сығуға беріктігі 500 МПа-дейін. Қаттылығы және морттылығы үлкен болғандықтан оны мұқият өңдеу қиын.
Вулкандық – тау жыныстары вулкан атқылап лақтырған лавадан пайда болады. Бұндай жағдайда магма өте тез суыйды, вулканнан шыққан газдар лаваның аумағын көтереді.
Вулкандық тау жыныстар шыны тәрізді, өте жеңіл кеуекті.
Оларға жататындар – пемза, туф, вулкандық күлі.
Пемза - Лава ауада тез суынуынан және одан газдардың қарқынды шығуынан пайда болған, кеуектілігі көлемінің 80%-не дейін жетеді, шыны құрылымды, жеңіл материал. Оның саңылаулары ірі, жабық, сондықтан су сіңіргіштігі кеуектілігінен аз, аязға төзімді, жылу өткізгіштігі төмен, түсі ақ немесе сұр, орташа тығыздығы 0,3-0,9 т/м3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет