Лекция Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары



бет9/58
Дата19.04.2023
өлшемі399,51 Kb.
#84633
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58
Байланысты:
Лекция курылыс материалдары-3

3. Метаморфтық тау жыныстары – ішінде құрылыста қолданылатындары мәрмәрлер, кварциттер, кристалды тақта тастар және гнейстер. Бұлардың алғашқы үшеуі шөгінді тау жыныстарының – сәйкесінше әктастардың, құмтастардың және сазды тақтатастардың жоғары температуралар мен үлкен қысымдардың әсерінен балқымай қайта кристалдануынан, яғни өзгеруінен пайда болады.

Гнейстер – магмалық тау жыныстары – гранит пен сиениттердің үлкен қысым мен температура салдарынан қайта кристалдануынан түзілген. Гнейстерге де тақта тастардыкы сияқты құрылым тән.

Мәрмәрлер – оптикалық аспапсыз ақ көзге көрінетін кальцит кристалдарынан құралған метаморфизм ізбесттастардың қайта кристалдануынан пайда болған жыныстар. Олардың түстері қоспалар түріне және мөлшеріне байланысты ақ, қызғылт, сары, қызыл, қара,денесінде жолақтар, өрнектер жиі кездеседі. Мәрмәрлер берік болғанымен (сығуға беріктік шегі 100-300 МПа) жұқа тақталарға оңай кесіледі, тығыз, кеуектіліг аз болғандықтан жақсы тегістелінеді, жылтырлатылады. Олар құм және уақ шағыл тас күйінде түрлі-түсті қабырға сылақтарын және өңдегіш сәндік бетондар дайындау үшін де пайдаланылады.

Кварциттер – мен мәрмәрлардың беріктігі үлкен тығыздығы орташа, су сіңіргіштігі аз, құрылым түйірлі кристалды, желге мүжілмейді десе де болады. Кварциттердің беріктігі мәрмәрлардыкынен жоғарырақ (сығуға беріктік шегі 100-450 МПа) құрамында 95-99% кремнезен болады, отқа 1710-1770 градусқа дейін және қышқылға төзімділігі өте үлкен, қаттылығы жоғары болғандықтан, нашар өңделеді. Кварциттер көпір фермалары тірелетін тастар, жолдарға төселетін бут (шойтас), жарықшақ тас, брусчаткалар (қырланған кеспе тастар), түскен күш әсерінен 1500-1650 градусқа дейін қыздырса да илікпейтін отқа төзімді динас атты материал және қышқылға төзімді материалдар ретінде қолданылады.

Кристалды тақта тастар қабат-қабат құрылымды, күңгірт сұр, қалыңдығы 2-8 мм ұзақ уақыт бұзылмайтын табиғи шифр (жабындық) ретінде Украинада, Кавказда т.б. жерлерде қолданылатын материал, балшықтан әлде қайда қатты, суланса босамайды (жібімейді), пластикалық қамыр түзбейді, тығыздығы 2,7 – 2,8 т/м3, кеуектілігі 0,3-3%, сығуға беріктік шегі 50-240 МПа. Метаморфтық тау жыныстарын құрайтын негізгі минералдарға магмалық және шөгінді тау жыныстарының көп тараған минералды-кварц, дала шпаттары, амфиболдар, слюдалар, кальцит, доломит және осылардың метаморфизм әсерінен қайта кристалданған түрлері жатады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет