5. Шыныдан жасалатын бұйымдар Табақты шынының қасиеттерін тиімді пайдалану үшін және құрылысты индустриализациялау мақсатымен, жарық түсетін терезе ойықтарын шынылау үшін шынылы пакеттерді пайдаланады. Шыны пакет дегеніміз – екі немесе үш табақ шынысын бір-біріне бекіткенде арасында оқшауланған ауа кірмейтін кеңістік қалатын элементтер. Шыныны пісіру немесе желімдеу арқылы қосады. Шыны пакеттер сыртқы температурада 400С кезінде де аязға тонбайды, терлемейді және шынының ішкі жағын сүртуді қажет етпейді. Жалғыз қабатты шыны пакеттің жылу өткізгіштігі – 2,8-3,0 Вт/мК/. Кәдімгі екі қабатты шынылаумен салыстырғанда, шыны пакеттің дыбыс ұстау қабілеті жоғары. Шыны пакеттерді жай пішінді терезе қабатарына қояды. Мұның өзі ғимараттарды шынылауды оңайлатады.
Электр қыздырмалы шыныны кәдімгі шыныға мөлдір ток өткізетін қабыршық жағу арқылы алады. Электрмен қызатын және кәдімгі шыныларды желімдеу арқылы электрмен қызатын панельдерді дайындайды. Оларды жылу тәртібі тұрақты болатын ғимараттардың терезелерін шынылау үшін пайдаланады (аурухана, емхана).
Шыны құбырлар. Жоғарғы химиялық шыдамдылығы, беттерінң тегістігі және мөлдірлігінің арқасында шыны құбырлар металл құбырлармен тайталаса алады, ал кейбір жағдайда (химия және тамақ өнеркәсібінде) оларды пайдаланудың артықшылығы бар. Кесіндісінің өлшемі бірдей болған уақытта шыны құбырының өткізу қасиеті болат құбырмен салыстырғанда 65% көп.
Шыны құбырларының кемістігіне оның морттығы мен температураға шыдамдылығының төмендігін жатқызады. Шыны құбырларды ауасыз және қысыммен тұрған (0,7 МПа-ға дейінгі) торабтарда пайдаланады.
Шыны блоктар. Егер салынатын қоршауға мөлдірсіз және жарық өткізуден басқа жылу мен дыбыс доғарылау талаптары қойылатын болса, онда ішкі қуыс шыны блоктарды пайдалануға болады (ХІІ.3-сурет). Блоктарды кәдімгі шыны массасынан жарты блоктарды қалыптайтын және пісіріп бір-бірімен жалғайтын автомат арқылы алады. Блоктың ішкі беттерінің кедір-бұдырлы болуы, оған сәуле шашатын қасиет береді. Шыны блоктардың сәуле өткізу 50-60%. Өлшемдері 200х200-ден 400х400 мм-ге дейін, қалыңдығы 100 мм-ге дейінгі. Жылу өткізгіштік коэффициенті 0,46 Вт//мК ол дегеніміз кірпішпен салыстырғанда 2 есе төмен. Кәдімгі блоктардан басқа түсті, екі камералы (блоктың жылу өткізгіштігін төмендететін) қалқама, бағыттаманы жарықтандыратындай нәтиже беретін, жарық бағыттайтын арнайлы кедір-бұдырланған.
Шыны блоктардың жарық ойықтарын, жарық ұстамайтын жамылғы мен үй төбелерін жасау үшін пайдаланады. Шыны блоктардан жасалған қабырғалар мен қалқамалар, шыны бетонды өзін-өзі көтеретін конструкциялар.
Шыны профилит дегеніміз көлдеңінен қысу, ысу әдісімен дайындалатын ұзын өлшемді (5-7м дейінгі) пішінді шыны. Шыны профилитті қорап немесе швеллер кесінді түрінде шығарылады. Аталған бұйымдарды да шыны блоктар сияқты өндіріс ғимараттарында, көрме залдарында, спорт сарайларында жарық өткізетін қалқамаларда (ХІІ.4-сурет) қолданады.