Лекция Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары



бет21/58
Дата19.04.2023
өлшемі399,51 Kb.
#84633
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58
4. Қаптамалы (бүркемелі) шыны.
Қәзіргі уақытта құрылыста ғимараттардың қасбеттері мен ішін әрлеуге шыны кеңінен қолданылады. Шыныны өңдеу материалдарына тән жоғарғы әсемдік (жарық түсі мен жылтырауық қырлары), атмосфераның әсеріне жоғары төзімділік көрсетіп, ұзақ уақыт қасиеттерін жоймай қызмет істеуіне себебін тигізеді. Төменде сипатталған арнаулы өңдеу шыныларынан басқа қәзіргі архитектурада әрлеу материалдарының функциясын, үстінде жұқа қабыршықты қабаты бар немесе көрмелі және де тағы басқа шынылар атқарады.
Стемалит – бір жағынан күңгірт керамикалық бояумен жабылған, қалыңдығы 6-9 мм табақты шыны. Стемалит қоғамдық үйлердің қабырғаларын қаптау үшін кеңінен қолданылады (мысалға, Москвадағы экономикалық жәрдем елдерінің ғимаратын, аэрофлоттың қонақ үйі, т.б.). Түрлі түсті плиталар марблит (француздың marbre – мәрмер) дегеніміз қалыңдығы 12 мм түсті күңгірт, беті қыры жылтыратып тегістелген, ал кері жағы кедір-бұдыр табақты шыны. Шынының тақтайшасы түрлі-түсті болуы мүмкін. Шыны жалғыз түсті болып қана емес, сонымен қатар мәрмәрге ұқсас, қоғамдық үйлердің ішін және қасбетін қаптамалау үшін де, терезенің табақша тақтайын, стол мен дүкен тақтайшаларын жасауда қолданылады.
Шыны эмальданған плиталарды қалыңдығы 3-5мм етіп табақты терезе шыныларынан қалыңдықтарынан жасайды. Керекті өлшемдерге (150х150, 150х75мм) кесілген шыны беттері, ұнтақталған шынылы эмальдардың сумен араласқан қойыртпағымен жабылады. Кепкеннен соң пешке жіберіледі, онда эмаль балқып, шынының үстіңгі қабатымен бірге күйеді. Плиталардың кері жағы, эмальды күйдіргенде, сонымен бірге күйген балқыған құммен жабылады. Әйнекейленген керамикалық плиталардағы сияқты эмальданған плиталарды да сол мақсатқа пайдаланады.
Шынылы өрнектің екі түрі болады. Кілемді өрнек – күңгірт түсті шыныдан жасалынған майда квадратты плиталар (20х20 және 25х25мм) біртүсті немесе ала-құла өрнекті және боялған өрнекті сурет жұмыстарында пайдаланатын әрқалыпты мөлдірсіз түсті шыны бөлшектері.
Кілемді өрнекті плитаның өлшеміне сай келетін кедір-бұдыры бар таспаға жаншып ысу арқылы алады. Сонан соң таспаны плиталарға бөліп сындырады да, бет жағымен қағазға желімдейді. Кілемді өрнекті шыныларды керамикалық кілемдес плиталар сияқты майдаланады. Соңғысын, түсті күңгірт шыны массасын құю немесе престеу арқылы, қалыңдығы 10 мм ірі плиталар алады. Қалыпталған плиталарды әр түрлі формадағы майда бөлшектерге сындырады да, одан алуан құрау суреттемелер мен өрнекті бейнелер жасалады.
Айнаны жылтыратып тегістелген қалыңдығы 4-10 мм шыныдан дайындайды. Шыны бетіне лак немесе шыны эмальмен қапталған, алюминий немесе күмістің жұқа қабатын жағады. Айналар сауда және көпшілік жиналатын ғимараттардың ішін бүркемелеп, жарықтануын күшейтіп және үйдің көріну көлемін өсіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет