Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші ілгері деңгей, 11 бет.
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші ілгері деңгей 86 бет.
3. "Ағылшын тілі мектепте" Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, № 4 2013, 52 бет.
3. "Ағылшын тілі мектепте" Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, № 2 2013, 35 бет. .
4. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші ілгері деңгей, 10 бет.
5. Жолдау (Елбасының халыққа 2005 жыл, 18 ақпандағы Жолдауы).
6. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процессАлматы“Ғылым”2002 жыл.
1-лекция
Тақырыбы: Психодиагностика мазмұнының көрінісі
Жоспары:
1.Психодиагностикаға кіріспе
2.Психодиагностиканың ғылыми-теориялық негізі
Лекция мәтіні:
8.Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
Жоспар:
1.Дене тәрбиесінің маңызы
2.Балалардың дене тәрбиесімен таныс болуы
3.Дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі түрлері
1.Дене тәрбиесі - жеке тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамытуға, оның денсаулығын нығайтуға, еңбек ету мен әскери қызметті атқаруға даярлауға бағытталған қоғам мен жалпы мәдениетінің бір бөлігі.
Дене тәрбиесінің ең басты қызметі — адамдардың дене мәдениетін жоғары сатыға көтеру үшін барлық осыған тікелей қатысты құрылады. Дене тәрбиесінің басты талаптары:
1.дене тәрбиесі негізі мен әдісі сауықтыру жағдайында тек заңды негізге сүйену керек.
2.дене жүктемелері оқушылардың мүмкіншіліктеріне байланысты берілуі керек.
З.дәрігерлік педагогикалық бақылау мұғалімнің кез-келген оқу-тәрбие жұмысында болуы міндетті.
4.Санитарлық-гигиеналық қалыпты, күнді, ауа мен суды пайдалану-барлығы әрбір дене жаттығулары кезінде қолданылуы кажет.
Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, спорт ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Дене тәрбиесінің маңызы:
• оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
• оқушылардың денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
• спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
• негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.
2. Жас ұрпақты жан-жақты дамыған,ой-өрісі биік,тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап,дұрыс жолға қойып жүргізсе,соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені болашақ азаматтың денсаулығы мықты, мүсін-тұлғасы дұрыс қалыптасқан,жігерлі де,қайратты болып өсуіне, көпшілік дағдыларын бойына терең сіңіруіне нақ осы мектепке дейінгі кезеңде тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады. Қазақтың кемеңгер ақыны, ұлтының бақыты үшін өз бойындағы бар дарыны мен білгенін аямай, дене тәрбиесіне зор көңіл бөлген Мағжан Жұмабаев: Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы. Қап берік болса, ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы.Құралы мықты болса иесі де мықты. Сау жан-сау денеде ғана болады» — деген. Сондықтан да балалар ағзасының қызметін жетілдіру,денсаулығын жақсарту,жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты етіп өсіру-міне, осының барлығын ғылыми негізде тәрбиенің басқа түрлерімен ұштастыра жүргізу балабақшалардың негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндеттерінің бірі. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуі, мен жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады,қозғалыс қызметінің қалыптасуы, сондай-ақ дене қасиеттерінің бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |