Лекция Тақырыбы: Баланы мектепке дайындау әдістемесінің негіздері Жоспары


Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі



бет15/27
Дата11.12.2022
өлшемі0,79 Mb.
#56506
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Байланысты:
лекция

4.Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі.Тәрбие практикасы балаларға қойылатын талап бірлігі мен педагогикалық қамқорлықтың ең жоғарғы мақсаты мен мәні бағдарлама іс-шаралар, түрі мен әдіске қол жеткізу емес, баланың, жасөспірімнің, жас жігіттің өзі болуы керек. Олардың даралығын, өзіндік мінез-құлықтарын, өз бойындағы қасиеттерді сезінуінбиік рухани қажеттіліктерге дейін дамыту керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет

1-лекция
Тақырыбы: Психодиагностика мазмұнының көрінісі
Жоспары:
1.Психодиагностикаға кіріспе
2.Психодиагностиканың ғылыми-теориялық негізі


Лекция мәтіні: 

7.Мұғалімнің балалармен қарым-қатынасы
Жоспары:
1.Мұғалім-мектептегі басты тұлға
2.Мұғалімнің атқаратын қызметтері
3.Мұғалімнің өз оқушыларының ата-анасымен тығыз байланысты
Бүгінгі уақыт, қоғам мектептегі басты тұлға мұғалімге жаңаша талап қойып отыр. Қазіргі уақыттағы мұғалімнің біліктілік деңгейі де, ішкі жан дүниесі де жетілген, жан-жақты болуы керек, өйткені қазіргі күні ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Біз алдарымыздағы отырған оқушыларды рухани жан-дүниесі бай, білімді, тәрбиелі, жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптастыруымыз керек. Бізден кейінгі ұрпақты біліммен сусындату, өз алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда қолдана білетіндей дәрежеге жеткізуіміз керек.
Осы жерде орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқыту технологисы туралы айтқым келеді. Бұл оқытудағы күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгеруімен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптастыруын қамтиды. Әрине, осындай тұлғаны қалыптастыру мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктейді.
Сындарлы оқытудың идеяларын іске асыру жолында ең алдымен ұстаз өз дүниетанымына өзгеріс енгізіп, содан кейін барып оқушылардың дүниетанымына өзгеріс енгізумен айналысуы керек. Қазіргі уақытта білім берумен оқытудың әдістері мұғалімдердің тәжірибесімен өзара тығыз байланыста. Егер де дайын білім беретін "дәстүрлі" стильмен оқытатын мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңаша идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек .
ХХІ ғасыр білекке емес- білімге, күшке емес-епке тоқтаған заман. Себебі бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі- білім беруді түбегейлі өзгерту. Бүгінгі заманда барлық мектептер үшін ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны "ХХІ ғасырда нені оқыту керек?" және "Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?".
Осы орайда "Білім беру жүйесін жаңғарту жолында біз келесідей шараларды атқаруымыз керек: білім беру үдерісіне занануи технологиялар мен әдістерді енгізу қажет",- деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік деңгейде жетілдіруге ықпал жасауда. Осыған байланысты Қазақстанда қазіргі қызмет етіп жүрген мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесі түбірімен қайта қарастырылды. Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің 3 айлық курстары арқылы біз өз білім деңгейімізді көтеріп жатырмыз.
Мұғалім-қоғамдағы тіршіліктің қайнар көзі, бастауы. М. Жұмабаевтың "Алты алаштың баласы бас қосса, ең қадірлі орын мұғалімдікі" деген ұлағатты сөзінің бір мағынасы да осы болса керек. Ұстаз- мемлекеттің берік болашағы мен жарқын келешегінің кепілі.
Ғасыр ауысты. Мыңжылдық алмасты. Заман өзгерумен адам да өзгереді. Білім ордасы жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар ұстазға да артылар жүк те жеңіл емес. Заман талабына сай озық технологиялардың арқасында жан-жақты сапалы білім беру- әрбір ұстаздың міндеті.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы ретінде әйгілі әлемдік ноу-хау сұранысқа ие инновациялық технология. Мұғалімдер үшін оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы өз оқу бағдарламасын түрлендіріп, белсендіруге қажет.
Қазіргі уақыттағы педагогі әрбір сабақтан кейін "Өз сабағымда неге жеттім? немесе жете алмадым" , "Не ойдағыдай өтті? немесе өтпеді?", "Неліктен сабақтың бұл қадамы орындалған жоқ?" деген сұрақтарды үнемі қойып, ізденуі, басқа сөзбен айтқанда, біз үнемі өз жұмысымызға рефлексия жасауымыз керек.
Рефлексия сөзінің мәнің ашатын болсақ- (латын сөзінен "reflexio- өткенге жүгіну") - субъектінің назарын өзіне, атап айтқанда, оларды қайта ойлап, қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы.
Философияда рефлексия былай деп түсіндіріледі:
1. Сананың және ойлаудың өзіне жүгіне алу қабілеті.
2. Жаңа білім алу мақсатында білімді талдау.
3. Сана мен жанның күйін өзіндік бақылау.
Педагогикада рефлексия сабақтың бір кезеңі ретінде қарастырылады. Өз кезде сабақ барысында алынған білім мен сын тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады .
Мұғалімнің өзіндік дамуыңда ол "Неліктен осындай жағдай орын алды? немесе алмады?", "Кемшіліктерімді қалай жетістікке айналдырамын?", "Келешекте іс-тәжірибемді қалай жақсартамын?" деген сұрақтарды үнемі қоя отырып, кәсіби рефлексия жүргізе білуі керек. Рефлексия деңгейінен тез арада шығып біз дами бастайтынымыз сөзсіз. Біз өз кәсіптік деңгейіміз туралы ойлануымыз керек, себебі жаңа уақыт жаңа талап қойып отыр. Бұрыңғы "дәстүрлі" сабақ өз күшін жоюда, оқушылар өздеріне керекті мәліметтерді, информацияларды интернет жүйесінен алу дәрежесіне жетті.
Бәрі де ойлай алады, бәрі ойдан басталады. Қазіргі жаңа формация педагогің- "рефлексивті практик" деп атауға болады деп есептеймін, яғни ондай педагог- өзінің оқыту және оқу тәжірибесін дамыту, өзгерту және жетілдіру әдістерін мұқият және үнемі ойластырып жүретін педагог. Жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін сабақтарымызда қолдана отырып, олардың тиімділігін айқындап, біз оларды меңгереміз және жаңа технологияларды меңгеру біздің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсер тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруымызға көмектеседі.
Әрбір сабақта әртүрлі жаңа технологияларды, әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, біз өз-өзімізді дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға үйренеміз. Әрине, жұмысымызда қиыншылдықтар да кездеседі, дегенмен оларды өту барысында біз тәжірибе жинақтаймыз, жаттығамыз, мақсатқа жетуге ұмтыламыз.
Алдыма қойған мақсатқа жетуде мен оқу-тәрбие жұмысындағы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ақыл-ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан олардың дара ерекшеліктерін біліп, санасып отырамын. Бұл-әрбір ұстаздың парызы.
Мұғалім өзіндік дамуына кәсіби рефлексия жасай отыра, жаңа әдіс-тәсілдерді жетік меңгеруге қалыптасады, сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Өз жұмысымызда рефлексия жасап, біз заман талабына сай дағдыланамыз, үйренеміз, біз өз әрекетіміз арқылы ғана дамимыз. Біз, мұғалімдер өздеріміздің біліміміз бен кәсіби дайындықтарымызға сәйкес, өздеріміздің жұмысымыз туралы толғаныста болуымыз керек. Рефлексивті ойды шешуге жататын мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттардың зерттеулеріне бастама жасап және іске асыруымыз керек. Осылайша оқытуға ерекше ықпал етіледі.
Бұл жерде индустриялық және технологиялық зерттеуші Дональд Шонның "Рефлексивті практик: кәсіпқойлар іс-әрекетте қалайша ойланады?" (1983) деген кітабының ықпалы күшті болды. Мұғалімде сабақ үдерісінде "іс-әрекеттегі" толғаныс болуы тиіс, оны кейде "іс барысындағы толғаныс" деп те сипаттайды. Бұл біздің тәжірибемізге көзқарасты, біз пайдаланатын эмоциялар мен теорияларды қамтиды, соның салдарынан өзгеріп жатқан жағдайда сай әрекет етуге көмектесетін жаңа сезімдер туындайды. Бұл үдерістен кейін "іс-әрекеттен кейінгі толғаныс" жүреді, яғни басқаша айтқанда, біз өз сабағымызға талдау жасаймыз, ойланамыз, сонымен қатар біз өзіміздің іс- әрекетіміз бен тәжірибемізге қатысты бірқатар ойлар мен мәселелерді анықтаймыз.
Мұғалімнің өзіндік дамуыңда тек қана сабақ көлемінде қалып қоймай саясат, тарих, елтану, денсаулық, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық және әлемдік спорт түрлерінен хабардар болуы тиісті. Осылайша жоғарыда айтылған нәрселерді өзіміздің сабақтарымызда қоса білсек біздің сабақ берудегі құзреттілігіміз бұзылмас қамалдай болып қалыптасады
Біз әрқашанда өзіміздің жұмысымызға кәсіби рефлексия жасап, өз-өзімізді бағалаймыз. Уақытқа сай жаңа формация педагогі әрбір сабаққа үлкен дайындықпен, жаңаша әдіс-тәсілдермен, түрлі тапсырмалармен келуі керек деп есептеймін. Болашақ ұрпақтың дамуы біздің белсенділігімізге, білім деңгейімізге, шығармашылық іс-әрекетімізге байланысты.
Мұғалім-психологиялық даярлықты, педагогикалық сапасы, қоғамдық белсенділікті, өз мамандығына деген сүйіспеншілікті, жан-жақты алдыңғы қатардағы адам . Қазіргі замаңғы мұғалім бұрынғыдай дайын білім бермейді, оқушыларға өз бетімен ізденуге нұсқау ғана береді. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние-жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.
Кейінгі кездерде ұстаз беделіне деген көзқарастың өзгеріп кеткеніне себептер іздеу қиын емес. Бұлар мыналар:
• -“ұстаз болу үшін, ұстаз болып туу керек” деген қағидаға жүгінсек, бұл мамандықты кездейсоқ адамның игеруі;
• жоғары оқу орындарында шалағай білім алып, мектепке оралғанда
• беретін сабағын өзі де толық түсіне алмай, оның үстіне оқушыға жеткізе алмауы;
• мектеп қабырғасы ұстаздардың шыңдалу объектісі екенін түсіне
• алмайтын, ізденудің жолын білмейтін, сөйтіп шәкіртті өзінен алшақтатып, жұтаң қалып оқшауланатын ұстаздардың табылуы;
• төл басылымдарға жазылу, одан оқып үйреніп, оқу- тәрбие жұмысына
• пайдаланылатын ұстаздардың азаюы, яғни рухани азғындау;
• мұғалім беделін көтеретін шешуші тұлға- ағартушы, әдіскер,
• адамтанушы, адамгершілігі жоғары мектеп басшыларының азаюы;
• қоғамдық орын, қалың жұртшылық пен мектеп арасындағы
• байланыстың үзілуі;
• төл оқулықтарды оқыту мақсатындағы жаңа педагогикалық
• технологияларды ұстаздардың меңгере алмауы. Бір жақтылықтың, бірсарындылықтың белең алуы;
• ұстаз өз іс-тәжірибесін әріптестерімен бөліспеуі, баспасөз бетіне
• жариялауға енжарлық танытуы;
• ұстаздың әлеуметтік жағдайының көп мамандық иелерімен
• салыстырғанда төмендігі;
• ұстаздың атқарған еңбегін бағалау әр кезде тиісті бағасын беріп
• отырудың өз дәрежесінде болмауы және т.б.
В. А Сухомлинский оқушылардың ата-алаларымен жұмыс істеудің мадызына ерекше назар аударып “Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріпіру арқасында мұғалімдер балаларғаүлкен адамдық бақытты беруі мүмкін”, – дейді. Олай болса, отбасы мектепден бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикадық әрекетте мектетің жалпы міндетгерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие просысынің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары олардың өзара қарым-қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясынкөптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзкарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектегі басқару ісі біртіндеп демократиялыықбағытты ұстануда. Яғнипедатогикалық әрекетгегі үшбұрыш — оқушы – ата-анаға қатысты жағдай да жаңа демократиалық қарым-қатынасқа ие болуда. Олай болса, осы қарым-қатынасты реттеп отыратын әкімшішк-басқару жүйе де ендігі жерде келмеске кетті.
Бүгінде мектепің ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар жиналысы, ата-аналар легториясы мен университтетіері, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет