Бірінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері: әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге.
Екінші топ. Қоғамдық мінез – құлық тәжірибесін қалыптастыру және іс – әрекетті ұйымдастыру әдістері: педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, жаттықтыру, тәрбиелеуші ситуация.
Үшінші топ. Іс- әрекетін және мінез – құлықты ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау.
Төртінші топ. Бақылау, өзін-өзі бақылау және тәрбиеде өзін – өзі баға беру әдістер: педагогикалық бақылау, әңгіме, сұрау (анкета, ауызша, т.б.). қоғамдық пайдалы іс – әрекеттерінің нәтижелерін талдау, балалар ұйымдарының тапсырмаларын орындау.
Тәрбие әдістерінің бұл жіктеуінде ІІІ, ІV топтар ғана қарастырылады. Өйткені І, ІІ топтар дағы тәрбие әдістері Санкт – Петербург ғалымдары жасаған жіктеудегі І, ІІ топтарда баяндалады.
Айрықша қолданылатын ІІІ топтағы әдістер жарыс, мадақтау, жазалау деп тұжырымдайды В. А. Сластенин, Т. Е. Конникова т.б.
3. Тәрбие принциптері
Принцип дегеніміз- адамның нақты іс-әреткетінде өзі басшылыққаалатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді.
Бүгінгі күннің талабаына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесініңіргетасын қалайтын негізіг қағидалар мыналар:
1.Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында басқада игі қасиеттері қалыптасқан адамдарды тәрбиелеу.
2.Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу.Балалар мен жастарды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу. Ата-ана мен бала, тәрбиеші мен тәрбеленуші, үлкен мен кіші арасындағы қарым-қатынасты өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыққа, бір-біріменсый-құрметпен қарауға негіздеу.
3.Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілген құрметтің бірлігі.
Жаңашыл ұстаз Құмаш Нұрғалиев «Мұғалім мен оқушы арасында үзілмейтін алтын желі болуы тиіс. Ол баланың ұстазына деген сенімі, мұғалінің баланы сүюі» деген болатын.Тәрбиеленушіні құрметтеу және оған талаптар қоб дегеніміз-балаға зейін қоя қарау, оның күшті және нашар жақтарын білу және оның өсіп жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |