Оқубағдарламасы – оқупәніненберілетінбілім мен игерілетіндағдылардыңмазмұны мен көлемінжәнеоқужылындағыорнынбелгілейтінқұжат.[1] Оқубағдарламасыныңтүсінікхатындаоқупәніноқытудыңмақсаты, бағдарламаныңқұрылымы, оқуматериалыныңжүйесі, оқытудыңәдістері мен ұйымдастыруформаларыныңерекшеліктерікөрсетіледі, сыныптағыжәнесыныптантысоқытужұмыстарыныңбасқапәндерменбайланыстылығыанықталады. Оқубағдарламасымынақағидаларнегізіндежасалады: жасұрпақтарүшінбағдарламамазмұныныңтәрбиелікмәніболуы, оқытумазмұныныңғылымитұрғыдакелуі, оқуматериалыныңоқушылардыңжасерекшеліктерінежәнебілімдәрежесінесайжасалуы, оқылатынобъективтідүниеқұбылыстары мен оқупәндерініңарасындағытабиғижалғастықтыбейнелейтінөзарабайланысескеріледі.
1-лекция
Тақырыбы: Психодиагностика мазмұнының көрінісі
Жоспары:
1.Психодиагностикаға кіріспе
2.Психодиагностиканың ғылыми-теориялық негізі
Лекция мәтіні:
12.Баланың бұлшықеттерінің жетілуіне жағдай жасау
1.Баланың денсаулығын нығайтуға және дамуына қолайлы жағдай жасау
Кез келген мектепке дейінгі мекеменің басты міндеттерінің бірі-балалардың денсаулығын нығайтып, өмірін қорғау болып табылады. Қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көп көңіл бөліп, ұрпағымыздың денсаулығы мен амандығын тілеген.
Денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты.
Бала 2-3 жастан бастап балабақшаға барады. Балалар бақшада күн ұзақ болып, көптеген уақытын осы «екінші үйінде » өткізеді. Тәрбие мен білім алады, өседі-өнеді, денсаулығын нығайтады.
Білім ұйымдарында аурулардың алдын алу ,денсаулықты нығайту, дене тәрбиесін жетілдіру, тәрбиеленушілердің салауатты өмір салтына жағдай жасау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізіледі.
Жас ұрпақты жан – жақты дамыған, ой - өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені болашақ азаматтың денсаулығы мықты, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып өсуіне, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіруіне нақ осы мектепке дейінгі кезеңде тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады. Қазақтың кемеңгер ақыны, ұлтының бақыты үшін өз бойындағы бар дарыны мен білгенін аямай, дене тәрбиесіне зор көңіл бөлген Мағжан Жұмабаев: «Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса иесі де мықты. Сау жан – сау денеде ғана болады» - деген. Сондықтан да бүлдіршіндер ағзасының қызметін жетілдіру, денсаулығын жақсарту, жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты етіп өсіру, міне, осының барлығын ғылыми негізде тәрбиенің басқа түрлерімен ұштастыра жүргізу – балабақшалардың негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндетінің бірі.
Балалардың денсаулығын қалыптастыратын қолайлы және қолайсыз факторлар болады. Атап айтқанда:
Қолайлы факторлар:
а) ең жақсы қимыл-қозғалыс тәртібі;
б) шынығу;
в) дұрыс, баланстытамақтану;
г) рационалды күн тәртібі;
д) қоршаған орта әсерінің гигиеналық нормаларға сәйкес болуы;
е) гигиеналық дағдылар және дұрыс тұрмыс-қалыпта өмір сүру.
Қолайсыз факторлар ("қауыптілік" факторлары):
а) қимыл-қозғалыс қажеттілігінің жеткіліксіздігі, немесе шамадан тыс жоғары болуы;
б) оқу-тәрбие процесстерінің және күн тәртібінің бұзылуы;
в) ойын, оқу және еңбек іс-әрекеттеріне қойылатын гигиеналық талаптардың орындалмауы;
г) тамақтануды ұйымдастырудағы кемшіліктер;
д) гигиеналық дағдылардың болмауы, зиянды әдеттермен айналысу;
е) жанұядағы және балалар ұжымдарындағы қолайсыз психологиялық климат.
Денсаулық- табиғаттың берген құнды байлығы,оны бастапқы күйде сақтау ол адамның жеке салауатты өмір сүруіне байланысты екенін есте сақтай отырып, шынықтыру жұмыстары жергілікті жердің климаттық жағдайларына сай жүргізілуі керек.
Шыныққан бала аз ауырады, тәбеті мен ұйқысы жақсы,бітімі үйлесімді,әрі сымбатты келеді және ауа-райының кез келген жағдайында жеткілікті дәрежеде серуендей алады.
Шынықтыру шаралары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.Үзу немесе тоқтату салдарынан организмді шынықтыру барысында қалыптасқан бейімделу реакциялары жойылады.Сондықтан да,шынықтырудың жүйелілігі,яғни шынықтыру әрекеттері күнделікті кез келген мезгілде жүргізілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |