Лекция тақырыбы: Білім берудегі инклюзивті үрдісті басқару



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата03.05.2023
өлшемі430,94 Kb.
#89463
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Л 15 ИББ

Ф-ӘД-001/046 
құжаты- оқу тақырыптарының технологиялық карталарына түсірілетін 
оқытудың нақты әдістемелік жүйесі анықталады, оқу және оқыту қызметі 
жіктеледі . 
Технологиялық карталарда оқушыларды оқыту процесіндегі деңгейлік 
мақсаттардан тұратын жұмыс этаптарының барлық ерекшеліктерін 
(мазмұндық және әдістемелік) көрсетуге болатын мүмкіндік бар. Оқыту 
процесінде педагог оқушыны оқу материалын танып-білуден бастап
түсінуге, әрі қарай білімін қолдануға дейін сатылап жетелейді. Жоғарыда 
аталған оқу материалдарын меңгеру этаптарын ерекше білім беруде 
қажеттілігі бар барлық оқушылар бірдей өтуге қабілетті емес. Кейбір 
оқушылар танып білу деңгейінде қалады, біреулері түсіну деңгейіне өтсе
біразы пәндік білімдерін ұқсас жағдайларға қолдана алады. Деңгейлеп мақсат 
қою мұғалімге оқушылардың танымдық процесін басқаруға және ағымдағы 
әрекетті бағалау арқылы бақылап отыруға мүмкіндік береді, бұл сыныптағы 
әрбір оқушыға жеке көңіл бөлуге жағдай туғызады. 
Бұл жағдайда зерде бұзылыстары бар оқушыларға әрбір оқу пәнін 
оқытуды ұйымдастыруға қойылатын арнайы талаптар мен ерекше 
қағидаларды жүзеге асыру қажеттілігі есепке алынады. Мысалы, алдында 
өткенді үздіксіз қайталау, сөйлеу тілі мен коммуникативті дағдыларды 
дамыту бойынша жұмыс, жаңа күрделі оқу материалын игеруге дайындық 
жұмысы («алдын ала шолу»), пәнішілік және пәнаралық байланыстарды 
орнату, тәжірибелік әрекет және басқалары. Құрал-жабдықтар, оқу-
дидактикалық құралдар тізімі алдын ала анықталады. Сондай-ақ, мғалім 
сынып оқушылары құрамы мен оқу материалы көлемін ескере отырып, әрбір 
тақырыпты оқуға қажетті сағаттар санын өз бетінше анықтауы керек. Ерекше 
білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту үдерісі оқушылардың 
типологиялық және жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, оқытудың 
тиісті вариативтік әдіс-тәсілдерін қолдана отырып жүзеге асырылады. Оқу 
материалдарын таңдау, сондай-ақ түрлі типологиялық топтардың 
оқушыларымен оларды оқу жолдарын, әдістері мен тәсілдерін таңдап алу 
балалрдың білім, білік және қалыптасқан дағдылар меңгеру туралы 
мәліметтер негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Ол үшін мұғалім өз оқушыларын 
үнемі зерттеп білуі және педагогикалық диагностика арқылы олардың оқу 
жетістіктері динамикасын қадағалап отыруы керек. 
Мақсат тұжырымдамасында тіркелген оқудың жоспарлы нәтижелері 
оқу жетістіктерінің деңгейлері бойынша сараланады. Оларға сәйкес әр оқу 
тақырыбы үшін бақылау өлшемдері әзірленеді. Өлшемдер ретінде зерделеу 
объектілерін танып білу, сипаттау, түсіндіру және түрлендіру бойынша 
пәндік белгі, сөзді, ой әрекеттері мен операциялары танылады. Оқу 
материалын танып білу және өңдеу, оны таныс және бейтаныс жағдайда 
меңгеру және қолдану оушылардың оқу міндеттерін орындау барысындағы 
танымдық дербестігінің дәрежесімен де сипатталады. Бұл факт басқалары 
секілді, бағалаудың бір критерийі болып табылып, білімділік нәтиже ретінде 
қадағаланып, тіркеледі. Әр тақырып үшін әзірленген қадағалаушы-
диагностикалық материал күтілетін нәтижелердің деңгейлері бойынша әр оқу 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет