Ф-ӘД-001/046 нәтижелерді қарастырады, дидактикалық процестің үрдісі мен динамикасын
анықтайды.
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері
бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың технологиялық
жүйесін әзірлеумен әртүрлі ұйымдар мен ғылыми зертханалар айналысады.
Берілген санаттағы оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың
психологиялық-педагогикалық
негізін
дамыту
мысалы,
Түзету
педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мектепте
арнайы білім беру зертханасында әзірленген қазіргі таңда еліміздің арнайы
мектептерінің тәжірибесіне енгізіліп жатқан оқу пәні аясында оқу процесін
жобалау технологиясы болып табылады .
Ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту процесінде бірдей оқу
нәтижесін алу мүмкіндігі жоқтығына байланысты, мақсаттар оқу
материалдарын меңгеру деңгейіне қарай тұжырымдалып отырады. Бұл оқу
процесінде оқушыға жеке және саралап оқыту тәсілін қолдануға мұмкіндік
береді.
Оқу мақсаттарының келесі категориясы, өтілетін материалдың ішкі
мазмұнын ұғынуға, терминдер, ережелер мен символдарды қолдана алуға
бағытталған «түсіну» деңгейі болып табылады.
«Қолдану» - оқу материалын меңгеруге бағытталған қадам
болғандықтан, жаңа ұғымдардың, ережелер мен қағидалардың дұрыс
қолданылуын көздейді.
Әр сабақта оқыту мен бағалаудың толық кешенді әрекетін қарастыратын
болғандықтан, бұл қадамдар білім беруде ерекше қажеттіліктері бар
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға критериалды бағалау жүйесін
кезеңдермен қолдануға мүмкіндік береді.
Мұғалім дайындаған (күтілетін нәтиже түрінде) оқу пәнінің
бағдарламалық мазмұны мен соған сәйкес мақсаттары оқу процесі
жобасының бірінші құжаты болып табылады.
Оқу мақсаттары анықталғаннан кейін оқыту курсының логикалық
құрылымы пайда болады, атап айтқанда, оқу пәнінің жетекші мазмұндық
желісі бөлінеді, оқушыларға оқыту реті анықталады. Оқу курсының
логикалық құрылымы күнтізбелік жоспарда беріледі. Білім беруде ерекше
қажеттілігі бар және ақыл-ойының дамуында бұзылыстары бар балалар үшін
оқу материалдарын игеру қарқыны әртүрлі болуына байланысты, әр
тақырыпты өтуге нақты қанша уақыт бөлінуі қажет екенін тек сол
балалармен жұмыс жасайтын мұғалім ғана анықтай алады. Қажеттілік
туындаған жағдайда, мұғалім күнтізбелік жоспарға оны жүзеге асыру
барысында өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады. Күнтізбелік
жоспардың ішінде оған енгізілген өзгерістер мен негіздемесін көрсетіп
жазып отыратын бағандары бар. Күнтізбелік жоспар жобаның екінші құжаты
болып табылады. Оқыту курсының деңгейінде жобалау осымен аяқталады.
Әрі қарай жобалау тақырып деңгейіне ауысады. Деңгейлеп алынған
мақсаттарға сәйкес, күнтізбелік жоспардағы әр тақырыпқа қатысты оқыту
процесінің стратегиясы мен тактикасы анықталады. Жобаның үшінші