Лекция тақырыбы: Білім берудегі инклюзивті үрдісті басқару



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата03.05.2023
өлшемі430,94 Kb.
#89463
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Ф-ӘД-001/046 
мәліметтер оларда қажет түсінікті үнемі тудыра бермейді. Бұл балалар 
бірінші топтағы оқушыларға қарағанда баяу меңгереді, дегенмен қандай да 
бір бағаны қоюдың негізгі критерилерін білуі тиіс. 
Үшінші типологиялық топқа түрлі көмекке мұқтаж, бағдарламалық 
материалды қиналып меңгеретін оқушылар жатады. Бұл оқушыларға 
жаңадан беріліп отырған материалды жеткіліксіз ұғыну тән. Олар негізгіні 
анықтауда, бөлімдердің қисынды байланысын белгілеуде, екінші дәрежедегі 
ойды бөлуде қиналады. Жаппай сабақтарда оларға материалды түсінуде 
қиналып, қосымша түсіндіруді қажет етеді. Олар төмен дербестікпен 
ерекшеленеді. Пәндік-практикалық қызметтің ұйымдастырылуы, көрнекі 
құралдардың қолданылуы оларда толыққанды білімдердің қалыптасуына 
кепілдік бере алмайды. Байланыстарды, себепті- салдар тәуелділіктерді олар 
ұғынбайды. Олар жеке фактілерді, тапсырмаларды орындауға қойылатын 
талаптарды, берілетін ұсыныстарды есте сақтайды, бірақ есте сақтау тиесілі 
ұғынусыз өтетіндіктен, балалар ойлы және шынайы әрекеттердің 
кезектестігін бұзып, зерделеніп отырған фактілердің елеулі және елеусіз 
белгілерін шатастырады. Үшінші типологиялық топтағы оқушылар сөйлемді 
саптап, байланысқан сөзді меңгеруде үлкен қиыншылық көреді. 
Төртінші типологиялық топқа оқу материалын үлкен қиыншылықпен 
меңгеретін оқушылар жатады. Оларға тек жаппай оқыту түрі жеткіліксіз. 
Олар жаттығулардың үлкен санын орындауды, оқытудың қосымша әдістерін 
енгізуді, жұмыстарды орындау барысында ұдайы қадағалауды және көмек 
сөзді қажетсінеді. Дербестіктің әлдебір үлесімен қорытынды жасау, өткен 
тәжірибесін қолдану оларға қолжетімсіз. Тікелей көмек сөзімен берілген 
көмекті бір оқушылар дұрыс қолданады, ал біреулері бұл шарттармен қатеге 
жол береді. Бұл оқушылар өзінің жұмыстағы қателерін көрмейді, ол үшін 
оларға осы қателерді нақты көрсетіп, оларды түзетуге түсініктеме беру 
қажет. Әрбір келесі тапсырманы олар жаңа нәрсе ретінде қабылдайды. Білім 
механикалық түрде меңгеріліп, тез ұмытылады. Әдетте төртінші 
типологиялық топтағы балалар үшін әр оқу пәні бойынша оқудың жеке 
бағдарламасы түзіледі. Үшінші және төртінші топтардың оқушыларына 
қандай да бір бағаның қойылу себебін мұқият түсіндіру қажет [22]. 
Баға және бағалау – мұғалімдер үшін шексіз талқылауға дайын 
тақырып, себебі мектептегі баға бұл тек оқушы еңбегінің нәтижесі ғана емес, 
онда педагогтың жеке қасиеттері, көңіл-күйі, мінезі, оның оқушыға қарым-
қатынасы, мұғалімнің жұмыс істеу мәнері жинақталған. Оқушы еңбегін 
бағалаусыз ешқандай меңгеру процесі жүзеге асырыла алмайды. Бағалау 
оқушыларға, олардың пәнге, мұғалімге, мектепке және жалпы айналадағы 
әлемге деген қарым-қатынасына үлкен әсерін тигізеді. 
Педагогикалық диагностика – оқыту процесінің жағдайын және оның 
нәтижелерін зерделеу, соның негізінде оқыту мен бағалау процестерінің 
сапасын арттыру мақсатында оларға түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін 
ерекше әрекет түрі. Диагностикалауға бақылау, тексеру, бағалау, мәліметтер 
жинақтау, оларды зерделеу жатады; оларға қол жеткізу әдістері арқылы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет